Сабақтың
тақырыбы: «Ойын әлеміне
саяхат»
Мақсаты: Қызықты ойындар арқылы
баланы тапқырлыққа, алғырлыққа
тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілетін
дамыту. Өз күшіне деген сенімділігін арттыру. Бір – біріне деген
достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Ойын арқылы көңіл – күйлерін
көтеріп, өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру. Сұрақтарға толық
жауап беріп, ойын әлемінде ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ойнауға
тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Қонақтар мен
амандасу
Сәлемдесу рәсімі
Армысың алтын
күн
Армысың Жер
ана
Армысың көк
аспан
Армысың жан
досым
Міне менің
жүрегім
Жылуыма жылу
қос.
Кіріспе: —
Балалар бүгін біз «Ойын әлеміне саяхат»атты тәрбие жұмысын
өткіземіз.
Ұлы ойшыл Я.А.Каменский « Ойын
– айналадағы дүниені танудың тәсілі»деген екен. Ойын —
сендер үшін өте маңызды тәрбиелік
құрал.
Біз бүгінгі сабағымызда «Кім
зерек», «Көршісін тап», «Сақина тастау» ойындар ойнай отырып
осы міндеттер мен мақсаттардың мәнін
ашамыз.
Ойынға
кіріспес бұрын әр ойынның шарты түсіндіріледі.
Ойынға қатысқандарды бағалап отырамыз. Бес жұлдыз ,
төрт бұрыш, үш бұрыш, таратып сабақ аяғында жеңімпазды
анықтаймыз.
-
«Кім
зерек» математикалық
ойын.
Мақсаты: Қызықты ойындар
арқылы баланы тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Балалардың
ойлау қабілетін дамыту. Өз күшіне деген сенімділігін
арттыру. Ойнау арқылы екі амалмен
орындалатын есептерді әртүрлі тәсілдермен шығаруды
үйрену.
Шарты:
Сырымда 100 теңге бар. Ол 20 теңгеге дәптер және 50 теңгеге қалам
сатып алды. Сырымда қанша теңге
қалды?
Іс-әрекет: Бір оқушы 100тг, екінші оқушы
20тг, үшінші оқушы 50тг болып тұрады. Оқушылар әртүрлі тәсілдерге
байланысты оқушылардың орындарын ауыстыру арқылы қимылдар жасайды.
Допты лақтырған оқушы сұрақ береді қағып алған оқушы жауап
береді.
Мысалы: Бірінші тәсіл деген
сұраққа 20 бен 50 теңгенің рөліндегі оқушылар құшақтасып барып 100
ді жұлмалайды. 100-
(20+50)=100-70=30
Сергіту
сәті: Біз қандаймыз,
қандаймыз
Шұғылалы
таңдаймыз.
Күлімдеген
күндейміз
Еш уайымды
білмейміз.
-
«Көршісін тап» тілдік
ойын
Мақсаты: ойын арқылы сөздерден сөйлем
құрап үйрену. Бір – біріне деген достық
қарым – қатынасқа тәрбиелеу
Шарты: Үш
шарға . ?
! ілінеді.
Іс-әрекет: Оқушылар өздеріне берілген
сөздер арқылы сөйлемнің қай түріне жататынын анықтайды да сол
шардың қасына қатарласып тұра
қалады.
Марат пен Қанат бүгін сабаққа
тағы кешігіп қалды.
Бұлттар неге ауады? Жаңбыр
неге жауады?
Ешқашан өтірік айтушы
болма!
Сергіту сәті: Би «Қара
жорға»
-
«Сақина
тастау»
Мақсаты: Сұрақтарға толық жауап беріп,
ойын әлемінде ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ойнауға
тәрбиелеу.
Шарты: «Түн» деп бұйрық беру арқылы
балаларды «ұйықтатып», сол кезде алақандарының арасына алдын-ала
сандар жазылған сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз
«сақиналарды» салып шығамын. «Күн» дегенде, оқушылар «оянып»,
мұғалімнің сұрақтарына жауап
береді.
-
Адамға өсімдіктің пайдасы
қандай? (таза ауа береді)
-
Гүлдер мен жемістер өсімдіктің
қай жерінде орналасады?
-
Жыл мезгілдерін ата. (көктем,
жаз, күз, қыс)
-
Күзде өсімдіктерге не
жетіспейді? (жылу мен қорек)
-
Қосмекенділерге нелер жатады?
(бақа, құрбақа, саламандра)
-
Бауырымен жорғалаушылардың
денесі қандай болады? (құрғақ)
-
Қосмекенділердікі ше?
(ылғалды)
-
Балықтардың денесін не жауып
тұрады? (қабыршық)
-
Ара мен құмырсқаның дене
мүшелерінің айырмашылығы қандай? (араның қанаты
бар)
-
Уылдырық неден алынады?
(балықтан)
-
Негеш пен Эврика кімдер? (2
сынып оқушылары, жаратылыстану
пәні)
-
Аю қыста не істейді?
(ұйықтайды)
-
Қаңқа деген не? (адам денесін
ұстап тұратын сүйектердің жиынтығы)
-
Партада қалай отыру керек?
(түзу)
-
Ең кішкентай бұлшық ет қайда
болады? (құлақтың ішінде)
-
Ең күшті бұлшық ет ше?
(жақта)
-
Жеке гигиена дегеніміз не?
(жеке бастың тазалығы)
-
Тістегі тесіктер неден пайда
болады? (тамақтан соң ауызды
шаймағаннан)
-
Денені не қозғалысқа
келтіреді? (бұлшық еттер)
-
Алманы тістеуге не
көмектеседі? (күрек тістер)
-
Ауаның иісі бола ма?
(болмайды)
-
Қыста қандай киім киеміз?
(жылы)
Сергіту
сәті: Айгөлек әнін жан – жануар
дыбысына салып әуенімен айтып шығу.
Қорытындылау.
Қорыта келгенде, бастауыш
сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін
пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік
меңгерту құралы болса,
екіншіден балалардың сабаққа
деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру
болып табылады.
Абай Құнанбайұлының «Ойын
ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма» деген пікірінен бала өміріне
ойынның маңыздылығын көруге болады.