Материалдар / ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ – ТАБЫСҚА ЖЕТУ БАСПАЛДАҒЫ

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ – ТАБЫСҚА ЖЕТУ БАСПАЛДАҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша сабақ беріп жүрген ұстаздарға арналған баяндама.Күнделікті сабақта қолданып жүрген тиімді әдістер мен қалыптастырушы бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2018
851
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КММ «Нұра ЖББОМ» Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміА.Т.Мустафина

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ – ТАБЫСҚА ЖЕТУ БАСПАЛДАҒЫ

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын адам болуы керек.  Білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігінбағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесіанықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралықстандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігінқамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін – өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Мен өз сабақтарымда бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдандым. Яғни, бағалау парақтары арқылы өзін-өзі, жұптық, топтық бағалау,мадақтап қолпаштау, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Күн,бұлт,ағаш», «Бессаусақ» әдістерін қолданып жүрмін.Әсіресе смайликтер арқылы бағалау балаларға ұнайды. Балалардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде анықтай отырып, келесі сабақтарда тапсырмаларды, сұрақтарды қалай қою керектігін болжауды үйренудемін Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыруда және әдістерді таңдау барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты назар аударамын. Мысалы, «Өрмекшінің өрмегі» әдісі допты келесі оқушыға домалату немесе лақтыру арқылы жүзеге асады,пәнге деген қызығушылығы мен сабақ үстінде белсенділігі артады. Мен бұл әдісті үй тапсырмасын талдауда немесе грамматикалық тақырыптарды қайталауда жиі қолданамын, «Планшет», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артатындығын және тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын дағды қалыптасып келе жатқанын аңғардым. Оқу үлгерімі төмен оқушыларға көбінесе «Ыстық орындық» әдісін қолданамын.Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын.. Әдебиет сабақтарында «РАФТ» стратегиясы бойынша кейіпкердің атынан хат жазу немесе кеіпкерге хат жазу, «Ыстық орындық» сұрақтарын дайындау, «Жуан, жіңішке сұрақтар» бойынша өз сұрақтарын дайындау, «Sinkuein немесе бес жолды өлең» стратегиясы бойынша кейіпкер туралы өлең құрастыру сынды әдістер оқушылардың тіл байлығын арттыруға септігін тигізеді..5 сынып оқушылары арасында шешен сөйлеуге жақын Заңғар,Әмірхан.Ойын жинақы жеткізе алатын Ақерке  мен Кенжетай бұл тапсырмаларды орындауда белсенді. Қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді.«Планшет» әдісін көбінде «Блиц-турнир» өткізгенде қолданамын. «Блиц-турнирді» қазақ тілі сабақтарында қорытынды бөлімінде жиі өткіземін.Әдебиет сабағында әңгімені қорытындылауда ұтымды тәсіл. Сұрақтар қою арқылы оқушының тақырыпты қалайша меңгергендігін анықтаймын.Әрине, тәжірибе барысында осы аталған әдіс-тәсілдермен шектеліп қалмаймын. Оқушылардың өзара бағалауы кезіндегі талдауынан да басқаларды бақылап, тақырыпты қаншалықты, түсінгенін аңғаруға болады. Жыл басында сабақтарда 5 сынып оқушыларында жалаң бағалау болса, кейінгі сабақтарда бағаға түсініктеме беру дағдылары қалыптаса бастағаны байқалды. Нақты әділ өзін-өзі бағалаған оқушы алға ұмтылуға мүмкіндік алады. Себебі әр оқушы өзін бағалай отырып, мен осы жерін білмеймін, маған осы жерін үйрену керек деген ойлар пайда болады. Тек осындай ой тудыру үшін критерийдің өзін саналы жүйелі түрде құру керек. Рефлексия кезінде: «Сандық, еттартқыш, қоқыс шелегі»  «Нені білемін, нені білдім, нені білгім келеді?», «Ресторан», «ПОПС» кестесін қолдану түсіну дәрежесін бағалауға көмектеседі.Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату, оларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру, оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату - бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін қарапайым факторлар. Қолдау, қолпаштау арқылы оқушылардың өздеріне деген сенімділігінің артқанын, сабақ барысында оқушылар өз ойларын жинақы және қазақ тілінде сауатты сөйлеуге дағдылана бастағанын байқадым.Жалпы қалыптастырушы бағалау оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ете отыра оқу үдерісіне талдау жасай отыра өзгеріс енгізуге мүмкіндік туғызады. Сөз соңында, қорыта айтарым, «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімді қосуға ат салысамын.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ