Материалдар / Қалыптастырушы бағалау оқушылар білімінің сапалы болуы үшін ең тиімді құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалыптастырушы бағалау оқушылар білімінің сапалы болуы үшін ең тиімді құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды бағалау жүйесі оқушылардың жетістіктерін өлшеу ғана емес,сонымен қатар білім сапасын арттырудың тиімді құралы болып табылады.Бағалау жүйесі білім беру үрдісінің мақсаттары мен міндеттері сәйкес келген жағдайда ғана оның сапасын арттырудың тиімді тетігіне айналады.Осындай тетіктердің бірі оқытуды жақсарту деп те атауға болатын қалыптастырушы бағалау болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
716
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

С. Сейфуллин атындағы

5 көпсалалы мектеп-лицейінің

физика пәнінің мұғалімі

Калтенова Зияда Қалауовна


БАЯНДАМА

Тақырыбы: Қалыптастырушы бағалау оқушылар білімінің сапалы

болуы үшін ең тиімді құрал .

Оқушыларды бағалау жүйесі оқушылардың жетістіктерін өлшеу ғана емес,сонымен қатар білім сапасын арттырудың тиімді құралы болып табылады.Бағалау жүйесі білім беру үрдісінің мақсаттары мен міндеттері сәйкес келген жағдайда ғана оның сапасын арттырудың тиімді тетігіне айналады.Осындай тетіктердің бірі оқытуды жақсарту деп те атауға болатын қалыптастырушы бағалау болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім оқу үрдісінде пәнді меңгерудің мақсатын анықтай алады.Мұғалім оқушының пәнді меңгерудегі кемшіліктерін дер кезінде анықтай отырып,оны түзетуге бағыт-бағдар береді,оқушының өзіндік белсенді әрекеті арқылы білімін жоғары деңгейде түсінуге көмектеседі.Қалыптастырушы бағалауды күнделікті тәжірибеде қолданумен ерекшеленеді.Бұл дегеніміз –оқушы мен мұғалімнің сабақ сапасын жақсарту үшін оқытудың алдыңғы кезеңіне әсер ете алады деген сөз.Оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсері азайып,психологиялық жайлы орта пайда болады.Бағалаудың обьективтілігі,демократиялығы,өзін-өзі бағалау дағдылары қалыптасады.

Мұғалім дәстүрлі оқыту кезінде оқушы алдында отырып, сабақты өзі түсіндіріп, өзі бағалап,оқушы мұғалімнің айтқанын қайталап айтып беретін, оқушы өзі оқу материалын зерттеп, өзі меңгере алмайтын еді. Ал оқытудың жаңа әдісі бойынша оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады, мұғалім тек бағыт береді, оқушы басқалармен өзіндік белсенді әрекеті арқылы зерттеу жұмысын жүргізе отырып,жауаптың өзіндік нұсқасын табады, постер жасайды, презентация қорғайды, АҚТ-мен жұмысты орындайды.Қалыптастырушы бағалауды сабақта күнделікті қолдану арқылы мұғалім мен оқушы оқу мақсатына жетуде оқытудың ең алдыңғы сәтінен-ақ ықпал ете алады.

Қалыптастырушы бағалаудың компоненттері:

  • Бағалаудың бұл түрі оқушылардың пәнге деген мотивациясына және өзара сыйластығына ықпал етеді.

  • Білімді өзіндік белсенді әрекеті арқылы меңгереді.

  • Бағалау нәтижесін есепке алу арқылы оқыту үдерісіне түзету жасайды.

  • Мұғалім оқушылармен тиімді кері байланыс қалыптастырады

  • Оқушылар өз білімін өзі бағалай алады.

Өз-өзін және өзара бағалау жұмысын жүргізуде бағалау критерийлері өте маңызды.Ол қысқа да нұсқа және анық болуы қажет.

Қалыптастырушы бағалау оқушылар білімінің сапалы болуы үшін ең тиімді

құрал болып табылады. Бірлескен мақсат, оқу жетістігі, критериалды бағалау, рефлексия кезеңінде дұрыс таңдалған әдіс оқушының өзіндік мотивациясын дамытуды қалыптастырады, оқушының оқу үрдісінде өз ролін түсінуге,білім сапасын арттыруға көмегі зор. Оқушы сабақта жалғыз сезінбей, мұғалімнің қасында болып, оқу үрдісіндегі проблеманы шешуге көмегін алып, жетістікке жеткені байқалады, табысты болады. Мұғалім сабақта қалыптастырушы бағалаудың әр түрін қолдана алады. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің өзіндік мақсатына ғана емес, білім сапасын арттыру мақсатында бағалау нәтижесіне сәйкес түзету жұмысына бағытталуы қажет. Нәтижеге жетуде олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туады. Қалыптастырушы бағалаудың бірнеше әдістерін сабақтың әр кезеңінде: жаңа сабақты талдаған уақытта,тапсырманы орындаған сәтте, сондай-ақ мұғалімнің оқушының жұмыс нәтижесін жақсарту үшін кері байланыс ретінде, ақпарат беру барысында да қолданамын. Қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін әр сабақ сайын тұрақты қолданамын. Мәселен түрлі ресурстар, бейнеролик,интернет-ресурс, электронды оқулық т.б. сабақтың қызықты өтуіне ықпал жасайды. Сабақ жоспарлауда қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру кезінде оқушылар меңгеруге тиісті физикалық ұғымдар мен түсініктерді өздігінен танып білу, жұпта,топта талқылау барысында берілген ұғымдардың мағынасын терең түсініп, алған білімдерін практика жүзінде (сапалық ,сандық,графиктік есептер шығару барысында,эксперимент.зертханалық жұмыс жасау кезінде) пайдаланып,оқушылардың шығармашылық және танымдық іс-әрекет дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамытуды мақсат етемін. Әр сабақ сайын тақырыпты ашу үшін «Миға шабуыл», «Ой толғау» т.б әдістерімен оқушыларға проблемалық сұрақ, бейнекөрініс, шағын эксперимент ұсынамын да, оқушылар өз ойларын ортаға салады. Осы кезде олардың көкейінде сұрақтар туындайды. «Ойлан, топтас» әдісімен «Постер» қорғайды. Оқушылар орындайтын тапсырмаларды оқу мақсатына негіздеп құрастырамын. Оқу мақсатына жетудің бірден-бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу үрдісінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.Сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін анықтаймын. Ал бағалау критерийі сабақтың оқу мақсатына сәйкес келетіндігін басты назарда ұстау керек.

Сабақ кезінде жүйелі тапсырманы дескриптор бойынша орындауға үйренген оқушының жиынтық бағалау кезінде жақсы нәтижеге жету ықтималдылығы жоғары. «Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды жауапкершілікке, нәтижеге жеткізуге, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласының ұсынылуы, оның анық айқындылығы, бағаның әділ қойылуы, өзін бағалауға мүмкіндіктердің берілуі. Критерий оқыған бағдарламаға сай алынады. Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді. Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын арттыруда физика сабақтарында бағалау критерийіне дескриптор құру арқылы оқушы білімін арттыру тиімділігінің ерекшелігі, оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!