Материалдар / Қалыптастырушы бағалаудың оқу сапасын арттырудағы ролі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалыптастырушы бағалаудың оқу сапасын арттырудағы ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге өз пәндері бойынша қалыптастырушы бағалауды жүргізуге ықпалы бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
421
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І деңгейлі ағылшын тілі пәні мұғалімі

мектеп тренері Умыралиева С.А

Оспанхан Әубәкіров атындағы орта мектеп

Бұлақ бастауыш мектебімен КММ

Жамбыл ауданы Алматы облысы

Қалыптастырушы бағалаудың оқу сапасын жақсартудағы рөлі

Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі- білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады. Оқу жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.. Сондықтан оқыту үдерісін басқарудың негізгі кілті бағалауда деп айтуға болады.Ал, қалыптастырушы бағалау –сапалы оқытудың негізі құралы. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі және күнделікті, әр сабақта, ауызша, жазбаша, жоба қорғау түрінде қолданылады. Бағалау барысында біз үнемі оқушыны емес оның жұмысын бағалап жатқанымызды есте ұстауымыз қажет, демек жұмысты тексеру барысында оның кемшіліктерін емес оң тұстарына көбірек мән беруіміз қажет. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану- педагог пен баланың арасындағы кері байланыстың орнауы, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Сонымен қатар, оқыту нәтижесінде оқушылардың нені білетініне және нені түсінетініне көз жеткізу үшін әр түрлі мәліметтерге терең талдау жүргізу процесі болып табылады. Қалыптастырушы бағалаудың басты мақсаты да оқыту барысында мұғалім мен оқушы жұмыстарына түзетулер енгізу . Ал бұл түзетулер бірлесе оқыту мен білім сапасын жақсарту үшін ендіріледі. Сондай –ақ , оқушыға – өзінің білімі үшін жауапты екенін сезінуге итермелейді. Мұғалімнің іс-əрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі мына кезеңдер бойынша жүзеге асады:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жəне жоспарлау;

  • қалыптастырушы бағалау əдістерін таңдау;

  • қалыптастырушы бағалау нəтижелерін талдау;

  • кері байланыс беру.

Осы кезеңдер ретімен жүзеге асқан жағдайда нәтиже былай болмақ:

Оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасы жақсарады

  • Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.

  • Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.

  • Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

  • Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.

  • Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолданады.

Өз сабақтарымда қолданылатын қалыптастырушы бағалау түрлерінің тиімділігіне тоқталсам:

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу əрекеттері нəтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың əрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нəтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру манызды болып табылады. Жұмысты əрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауынша болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейін қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нəтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз əрекетімен келісуге, өзара əрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті ) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниеcіне, басқа адамдардың ортаcында өз орны тағы басқа бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам cанасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне cыни көзқараспен қарауға үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны cенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің cыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, cебебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, cынды қабылдауға ықпал етеді.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген. Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.



Қалыптастырушы бағалаудың мына әдістері де мен үшін оң нәтижесін беруде:

М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.

Бояулар не білдіреді?









Blue

Green

Yellow

Red


I can do all the tasks

I can do some difficult tasks

I can do the tasks with support

I can’t understand and can’t do the tasks


Тест түрлері

-Мини тест (Бір дұрыс жауабы болады)

-Элективті тест (Оқушылар А,В,С,D карточкаларын көтеру арқылы)

Әрбір оқушыға «А,В,С,D» әріптері бар карточкалары таратылып беріледі де олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдіру ұсынылады. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың әр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері және деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, әлде жалғастыра беру керек па соны анықтайды.

Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.

Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қателіктер болған жағдайда мұғалімге өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады.Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп , сабақты ірі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

  • Білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;

  • Тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

  • Білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;

  • Кері əсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Егерде бала қателессе, жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және өзара бағалау парақтарын, өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады

Қорыта келе, қалыптастырушы бағалау әрекеті арқылы мұғалім пәнді

меңгерудің нақты мақсатына жете алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет ретінде, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына, білім сапасының жақсаруына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалімге оқушылардың іс-әрекеттеріне байланысты ұсыныс, түсінік тағы сол сияқты мәліметтер бере отырып, жүйелі түрде кері байланыс қамтамасыз етіледі. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер өздерінің оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады. Ол үшін мұғалім оқушылардың оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін, техникасын өзгертіп отыру қажет. Мұндай бағалау жаппай тәжірибеде мұғалімнің қалыптаструшы бағалаудың теориялық негіздерін және оны ұйымдастырудың алгоритімін меңгерген кезде ғана жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары қалыптастыру, ынталандыру, уәждеу. Олай болса қазіргі таңда қашықтан оқыту жағдайында да мұғалім тарапынан әр баланың орындаған тапсырмасын көріп,түзетулер енгізу кеңінен қолданылуда, себебі онлайн режимінде асинхронды қатынас жүзеге асырылады. Бұл тұста баланың білімді қаншалықты игергендігі диалогтық қатынаста көрініс табады, қажетті тұстарын өзгертуге мүмкіндік алады. Яғни, қалыптастырушы бағалаудың бірінші функциясы іске асып отыр.

Ал оқушыны алға жетелеу мақсатында үнемі сындарлы және тиімді пікір білдіру қажет немесе қолайлы жағдай туғызған дұрыс. Онлайн режимінде оқушыға ата-ана тарапынан қолдау, мадақтау берілсе немесе мұғалім тарапынан оң пікірлер айтылып , тапсырма орындауға уақыт берілсе, нәтижесінде қалыптастырушы бағалаудың екінші функциясының жүзеге асырылғанын байқауға болады

Кез келген адамның бойында қандай да бір іске ынта болмаса, нәтиже болмайтындығы немесе сапасыз нәтиже болатындығы анық. Осы тұрғыда тұрғыда оқушыларымызда тапсырманы орындауда немесе жаңа білімді, дағдыны игеруде ынтасын оятуымыз қажет, яғни уәжін өсіре алуымыз қажет. Педагог оқушының ішкі уәжін өсіруге мұмкіндік беретіні белгілі.Яғни, мұғалім дайын білімді бермей, керісінше оқушы ізденетіндей білім беруі қажет. Айталық, онлайн режимі кезінде бала ақпараттық құралдарды қолдана отырып, берілген тапсырманы өз бетімен іздене отырып, жұмыс жасаса , оның сабаққа деген ішкі уәжі өсе бастайды. Сондай –ақ мұғалім қатынастың түрлі бағдарламаларын қолданып өтетін болса, оқушыда ынта, ізденіс пайда болады. Бұл қалыптастырушы бағалаудың үшінші функциясының орындалуының бір мысалы деуге болады. Осылайша неғұрлым оқушыға қолдау, жігерлендіру, тиімді ұсыныс беру, әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай отырып, онлайн режимінде сабақ жүргізілсе,білім сапасында да нәтиже болатыны сөзсіз





Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық


  1. Мектептегі  шет тілі  №1.2017

  2. Психология  астана 2006



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!