Материалдар / "Қамба толы Алтын күз!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қамба толы Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой - өрісін, тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2020
466
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қамба толы Алтын күз”

Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген.
Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой - өрісін, тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.
Жүргізуші.
Қарсалайық бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күзде нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді ел іргесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз - ырыс береке ала келді.
Құрметті ата – аналар, балалар. Сіздерді
«Қамба толы Алтын күз»
атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Алтын күз мерекесіне балаларды қарсалайық.
Ән: «Күз тамаша»
Тақпақтар:
Ермұханбет:

Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырайды Алтын күз.
Сайрандап күліп ойнап,
Келіп кетті қыркүйек.
Жандос:
Қазан айы молшылық
Дәулет қорын қалаған
Заңғар көкке қол соғып
Құстар ұшып барады.
Азизхан:
Қыстың жақын қалғаның
Жапырақтар сезгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Әмір:
Біреу астық түсірді
Біреу астық ұ шырды
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп.
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті Алтын күз
Кемелденсін халқымыз.








Думан:
Сара ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
Ән: «Күзгі вальс »
Музыка.

Жүргізуші: Балалар бұл не?
Біреу жылап тұрған сияқты. Өйткені күн суытты, құстар жылап жатыр.
Құстар тонды, олар жылы жаққа ұшып кетеді ғой.
Жүргізуші: Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар.
Балалар: Күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар
жерге түседі. Күн суытады, ауа — райы бұзылып жаңбыр жауады.
Жүргізуші: Біз көңілімізді түсірмейік. Күз мезгілі тамаша бізге
молшылық береке әкеледі.
Жүргізуші:«Қарбыз» биі. (Нұрислам,Әмір,Досым,Азизхан,Жандос,Асқар)
Жүргізуші: Күз мезгіліне сән көрсету үлгісін қабыл алыңыздар.
Саңырауқұлақ кіреді.(Ермұрат)
Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә таныдық.
Саңырауқұлақ: Мен сендерді мейрамдарымен құттықтауға келдім.
Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін – бәрін білемін.
Шын айтамын. Мен сендердің не ойлап отырғандарыңды білемін.
Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар: Иә
Саңырауқұлақ: Бірақ жаз қайта оралмайды
Жүргізуші:
Сарғайды тоғай
Сап — сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
«Құстар» биімен қыздарды қарсалайық.
(Анель,Жансая,Қ.Амина,Сезім,Айғаным)
Әуен: Күн күркірейді.
Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не ?
Жүргізуші: Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.
Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем
Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсең ортада
«Жау жау Жаңбыр» әнін тамашалайық.(орындайтын Инабат)
Бағбаншы:
кіреді.(Досым)
Жүргізуші: Сен кімсің? Қайдан келдің?
Бағбаншы: Мен орманшы. Орманнан мен келемін .Балаларды
мейрамымен құттықтауға келдім мен .Ал сендер неге жалғызсыңдар ?
Күз ханшайымы қайда?






Саңырауқұлақ: Біз сенмен келеді деп ойладық !
Бағбаншы: Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып
қалған шығар.
Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар тосайық
Бағбаншы: Сіздерге көкөністер мен жемістерді алып келдім қазір олар
өздерін таныстырады.
Алма: Айғаным
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.
Алмұрт: Кәусар
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Қауын: Айжан
Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Барлығы оған жетпейді.
Қарбыз: Асқар
Қарбыз біздің атымыз,

Жер бетінде жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынды бәріміз.
Құлпынай: Қ.Амина
Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті шіркін – ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін – ай.
Саңырауқұлақ: Бағбаншы мен бір ойын білемін.
Ойынның аты :Жемістер мен көкөністерді ажырат.
Балалар ажырата алар ма екен байқайық.
Әуен: Жел мен жаңбырдың дауысы.
Күз бен жел кіреді:
Күз. (Көркем)
Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: (Сұлтанбек)
Ақалай- мақалай, ақалай -мақалай .Күзді ұйықтатып тастайын.
Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
Саңырауқұлақ пен Бағбаншы: Желдің артынан қуады.
Саңырауқұлақ: Жел сен неге күзді сиқырлап тастадың.






Саңырауқұлақ: Күз бізге керек оны балалар тосып отыр.
Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады. Мен барлығын
ұшырып жіберемін.
Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессің.
Жел: Жоқ мен мықтымын
Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты?
Жел: Жоқ мен әлсіз емеспін, тағыда жарысып көрейік.
Саңырауқұлақ: Сен жеңсең күзді бізге қайтарасың, біздің балалар
мерекеге күзді тосып отыр.
Саңырауқұлақ ,Бағбаншы,Жел жарысады: ( Жел женіп,Күзді оятады )
Күз оянады.
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Алтын күз деген мен болам
Қайда менің жапырақтарым
Би «Жапырақтар»
(Ермұханбет,Думан,Олжас,Жұлдызай,Айкөркем,Инабат)

Жүргізуші: Қош келдің, берекелі күн !Бүгінгі мерекеміздің қонағы
бол, балалардың өнерін тамашала.
Жүргізуші:
Күзде жаңбыр жауады ,
Ойнатпайды біздерді
Қолымызда қолшатыр мен
Ойнауға біз барамыз
«Қолшатыр»биі (Нурали – Дана, Ерали – Ғ.Әмина)

Күз: Күз мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым. Енді мен сендермен
ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: « Тез жина»
Жүргізуші:
Күзде, күзде жаңбыр жауады.
Ойнатпайды біздерді
Күзде, күзде жапырақтар
Желмен бірге ұшады.
Күз: Мен ойын ойнағым келеді, бірақ ата — аналармен.

Ойын: «Дәміне қарай ажырат»
Күз: Ал балалар мен сендерге жемістер әкелдім, рахмет өнерлеріне
енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар!!!
Жүргізуші: Балалар,ата-аналар,қонақтар біздің күз мерекесіне арналған
«Қамба толы Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеге дейін сау болыңыздар!!!







Ақтөбе қаласы
«№ 18 орта мектебі» КММ





















Мектепалды даярлық 0 «А» сыныбының
мұғалімі Умарова Гульнара Максатовна






2019 – 2020 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!