×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ
Құрметті аттестация тапсыратын ұстаздар аттестацияға арналған сұрақтар мен оның жауаптары дайын болды. Біз оны арнайы кітапша ретінде шығардық. Толығырақ: 8-(707)-358-15-26 осы номерге дәл қазір хабарласыңыз немесе ватсапқа жазыңыз.

"Қамшы - қазақтың асыл мұрасы"

Автор:Суйнбекова Жадыра Курмангазықызы
Бағыты: Мәдениеттану
Бөлімі: Ғылыми жұмыстар
Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-05-30

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

ғылыми жоба



























































































Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына енетін үй жиһазы бұйымдарының дүкендерден, көрмелерден кездестіретін, олар жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені болмаса, олардың жасау әдістерін біле бермейді.С.Қасимановтың «Қазақ халқының қолөнері» /Алматы,Қазақстан 1995жыл толықтырылып шыққан атты кітабы./ Кітапта кқолөнерінің барлық түрінен киіз басу, өрмек, кілем өнері, қайыс өнері, тас өнері, зергерлік өнеріне, сондай-ақ материалдарды өңдеу, бұйымдарды әсемдеу түрлеріне, ою-өрнектермен, олардың түстерінің мәніне тоқталып өтеді. Соңында автор қолөнердің түрлеріне байланысты кейбір атаулардың түсіндірмелі сөздігін береді.Ә.Тәжімұратовтың «Шеберләі қолы ортақ» /Алматы,Қазақстан,1997жылы/ атты кітабы. Бұл кітапта автор қолөнерінің барлық саларына қалам тартқан. Сондай-ақ әр ғасырдағы туындылармен толықтырылған. «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ»-дейді халық. Бұл кітапта сан ғасырлар сынынан өтіп шираған. Қазақ халқының табиғи дарынымен өзектес халық өнерімен, тұрмысымен бірге өсіп, бірге қайнасып келген қолөнерінің әсем үлгі- нұсқалары, өнер байлығы әсерлі әңгімеленеді.Қ.Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» /Алматы.Өнер 1987жылы/ атты ғылыми зернттеу кітабында қолөнерінің қызықты да маңызды салалары: ағаш, метал, тас өңдеу мен тері,мүйіз, сүйек шеберлігініңтуын қалыптасу мәселелері төңірегінде кеңірек баяндалған. Автор кітапты иллюстрациялық материалдармен толықтырып, этнографиялық материалдармен, архивтік және жазба әдебиеттер негізінде жазған.Зерттеу обьектісі: қамшыЗерттеу пәні: технологияЗерттеудің мақсаты: қамшы туралы толыққанды ақпарат жинау, арнайы педагог-оқытушының жетекшілігімен оқушының жобалау жүйесінде құрастырылған техникалық шығармашылығын дамыту, ұмытылып бара жатқан қамшы жасау ісін қолға алу, оның жасалу жолдарын құрастыру.-қолөнер бұйымдарын, соның ішінде қамшы жасаудың теориялық және әдіснамалық негіздері басшылыққа алынды.Зерттеудің әдістемелік маңызы: технология пәнінде қамшы жасау арқылы оқушыларға қазақ халқы қолөнері туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәнімен байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.Зерттеудің көздері: педагогика, психология, философия ғылымдарының классиктерінің еңбектерін, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттыры, оқу бағдарламалары.Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.








































  • Қамшы туралы түсінік.
Қамшы құрал болуымен қат ар қару ретінде қолданылған. Өрімші қамшының таспасын жіңішке не жуандатып, кейде өрімге талшық сымтемір салып өрген. Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесінің қалауына қарай өріліп отырған. Қамшы саптап өрімнен және бүлдіргіден тұрады. Саптың қолға ұстар жері былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектеліп өріледі. Қамшы өрудің көптеген түрі қолданылады, соның ішінде 3 таспадан 32 таспаға дейін жететін түрі кіреді. Өрімдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келеді.Қамшының қарапайым түрінің бірі- бишік. Ол қамшыға қарағанда қарапайым, өрімі сабынан үш- төрт есе, кейде оданда ұзын болуы мүмкін. Оны мал айдағанда, ат-арнба не ат шанамен жүргенде жиі пайдаланады. Өмірім алғашқы басында жуан болып, ұшына қарай жіңішкере береді. Қамшыны жасау үшін ең бірінші теріні илеп, иін қандырып, қайыс өңдеп шығаруы қажет. Әдетте оны бояуға да, боямауға да болады. Сосын қайысты тарам-тарам етіп тіледі. Өрім саны неғұрлым артқан сайын сапасы да арта түседі. Алайда, оны өру де айтарлықтац қиындайды. Өйткені, өрім саны қаншалық көбейсе, соншалық қайыс тармағын жіңішкерту қажеттігі туады.[1. 68 бет]Қамшының ең қолайлысы 12 өрімдігі болып табылады. 6 өрім қарапайым түріне жатады. Осы күндері тобылғы сапты қамшыдан елік сирақты сапты қамшыға сұраныс байқалады. Елік сирағынан жасалған қамшы сәндікке болмас, қажетке жаратуға келе бермейді. Әрине оныда қолдануға болады. Алайда, ел ішінде елік сирағынан жасалған қамшының жолы ауыр деп есептеледі. Сирақ болсын, тобылғы болсын алдымен кептіріп алынады. Сосын барып бүлдіргісін қайыстан ойып шығады. Бүлдіргіге түрлі пішінді ою-өрнектер салынады. Бүлдіргі тесіліп, қайс жіппен таспаға тастай оралады. Ең соңында үш бөлік те бір-бірімен бекітіледі. Таспаның орта тұсына дейін оралған қайыс өзінше сән беріп тұрады. Қолдан сырғып кетпеу үшін саптың соңы тесіліп жіп өткізіледі. Ал бишіктердің сүйірленген ұшына әдейі шашақтан қамшы жерге сілкей ұрылғанда мылтық атылғандай дыбыс шығарады. Адамзат жылқыны қолға үйретіп мінісімен аттың өзін жүргізу және алдындағы малды айдау үшін қандай да бір құрал қажет болған. Алғашында атқа мінген адам қамшы ретінде әртүрлі шыбық,ағаш қолданған. Уақыт өте келе бұл құралды малдың шикі терісінің өзінен жасаған,бертінірек өрме өнері шыққанда шикі қайысты өріп, өрменің санына байланысты қамшылар үш таспа өрім. Төрт таспа,алты таспа, сегіз таспа, он екі, жиырма төрт, қырық сегіз таспа өрім болып бөлінген. [7. 65-70бет]Қамшының лексикалық және лингвомәдени бірліктері жөнінде де пікір, тұжырым, болжамдар көп. Негізінен, «қамшы» сөзі түбір мен қосымшадан тұрады. Диахрондық тұрғыда бұл сөздің түбірі – «қам». «шы» - малшы, қойшы, егінші деген тәрізді сөздерде кездесетін қосымша. Орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың тілінде, қазіргі туыстас – тува, тофалар, алтай, сары ұйғыр, хакас тағы да басқалардың тілдерінде «қам» сөзі «бақсы» деген мағынаны білдіріп, қарайым тілінде де «қамшы» сөзі «шаман» деген мағынада қолданылады. Сөйтіп, ертеде бақсыны бірде қам, бірде қамшы деп атаған тәрізді. Осыны зерделеген этнограф ғалымдар «Әуелде қамшы сөзі қазақтарда да «бақсы, шаман» мағынасында айтылып келіп, екінші бір заттың атауына көшкен» деген тұжырым жасайды. Мүмкін бұл ертеде бақсылардың қолдарына қамшы алып, жын-шайтан қуып, зікір салғанынан да шығар. Әйтеуір, бұрындары тілімізде «Қамның шыбыртқысы» - «Қамшының шыбытқысы» деген сөз болған. Жасыратыны жоқ, кейбір қаламгерлер «қамшы» сөзі «қам жасаушы» дегеннен шыққан болуы керек» дейді. .[13. 150 бет]
Олардың пайымдауынша, «Бұл құрал ежелден емдік мақсатқа қолданылған. Келе-келе «қам жасаушы» сөзі дыбыстық өзгеріске ұшырап, құрылымдық мазмұны да «қамшы» сөзіне ауысып кеткен». Қалай болғанда да, қамшының әубаста түрлі жамандық, ауру-сырқауды қуушы рөл атқарғаны ешбір талас туғызбайды. Кейбір тіл мамандарының айтуынша, қамшыдағы Өйткені, «білек + жүзік» тіркесінің ықшамдалуынан білезік атауы пайда болған ғой. Бұл қамшының бауырдақ, кекілдік тәрізді бөліктеріне де тән. Әйтеуір, қазақтың «Жылқының сұлу болар сүртектісі, қасқаяды күрек тісі. Қамшыны буырдақтан екі бүктеп, Жігіттің үйге кірер жүректісі» деп Сұлудың сыр бүлдіргі әуелде «білек+ілдіргі» түрінде айтылуы мүмкін. Содан дыбыстық жақтан ықшамдалып, танымастай болып өзгерген. толғаған жырында сұлулық пен сән-салтанат, сәулелі ойлар тұнып тұр-ау! Қамшының шығу тегі туарлы көрнекті қолөнер маманы ұста Дәркембай Шоқпарұлы мынадай жорамал келтірген. «Қамшы» сөзіндегі қам түбірі қазақ тілінде бірнеше ұғымға ие. Қам- шикі, шала, қам-қарекет ,қимыл, айла,тәсіл,амал,қам-уайым, қайғы ,қамығу, қам-қамдану даярлау. .[13. 168 бет]
Жетсуда сегіз өрім қамшыны –қырғыз өрім деп атайды. Қамшының алғаш бөліктерінің қалай аталғандығын Ш.Уалиханов жазған. Қамшының сабының өлшемі шынтақ пен жұдырық арасындай немесе 4-5 түйілген жұдырықтай не 7 тұтам, өрімнің ұзындығы бес алақанның көлеміндей, тұтаммен есептегенде өрімі сабағынан бір-екі тұтам ұзын болуы керек. Қамшының сабағына қайыс таспадан бау тағылады, оны бүлдірге деп атайды. «Бүлдіргеннен бүлдіргі алма» деген мәтелдің байыбына баратын болсақ бүлініп, қирап жатқан жерден еш қандай зат алма, тіпті бүлдіргі сияқты ұсақ зат та алушы болма, кесірі тиеді» деген ұғымды білдіреді. Алайда қамшы бөліктерінің атауларын тәптіштей зерттеген Д.Шоқпарұлы «Қамшы мынадай құрамнан тұрады: өрім, сап, алақан, бас, дүм,кежеге,тұтамдық,айдар, мойнақ, бунақ,бүркеншік, шежемей, шырмауық, шашақ, бауыр, тығырық, шығыршық,тобыршақ, түйін, тігіс т.б» Қазақты үйленуге байланысты жөн-жоралғылардың жүйесінде де қамшының өзіндік қызметі бар. Қызға құда түсуге келген жігіттің әкесі қамшысын белгі ретінде үйінің төбесіне іліп кеткен. Егер жігіт жақ кешігіп, қыз жағы айныса, қамшыны кері қайтарып, бұны «қамшы қайтару» деп атаған. Баланы бесікке саларда жүгенді ат ұстайтын ер-азамат, ер қорғайтын батырболсын деп қамшыны кебенекпен бірге жапқан және тақымыныңнан тұлпар кетпесін бәйге бермес шабандоз бол деп бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп те тілек тілеген. Қазақта «Қамшы сабы сынса-әйел өледі, Пышақ сабы сынса-күйеу өледі» деген ырым, әрі сөз тіркесі бар. Ертеректе осы белгіні қолдана отырып, ерінің немесе әйелінің қайтыс болғанын білдіреді.
  • Қамшының бөліктері.
Қалқаның келе жатам үй жағынан, -деп әндетіп, шалқып-шалқып та алатын. Ал ол осындай сәнді де бағалы қамшысы бар сал, сері, бозбалаға бұлайша шаттану жарасымды болатын. Жалпы, қамшы өрімінің сапқа жалғасқан бөлігінің атауы – бауырлақ (бауырдақ, бауырдауық), оны көмкерген жез, мыс күміс бөлігі – мойнақ, біріктірген шегесі – бүркеншік, қамшы сабына бауырдақты ораған бұрама металл – шырмауық, ол таспалап бекітілсе – бунақ, өрімнің бауырдақ жағындағы сыртқа қараған бетінде, өрім басталар тұсындағы ирек бедерлі «сызық» тәрізді көрінетін бөлігі – таңдай, өрімнің ұшындағы ұшығы – түйіні, алақанның бауырдаққа қарама қарсы жағына жұқалап қабаттап салған кішкене бөлігі – қамшының тілі (тілшесін шегелікті жасыру үшін салады), үстіңгі жағында жіңішкелеп, шашақ тәрізді етіп тігілген, ұзындығы екі еліден бір жарым тұтамдай ұзын таспа шашағы – қамшының кекілдігі, қамшы өрімінің басталар тұсы мен сапқа бекітілетін бауырдақ аралағындағы бөлігі – алақан. Сонымен қамшы бөліктерінің атауы мынандай: 1.Өрімі. 2.Сабы. 3.Тұтамы. 4.Бүлдіргі. 5.Шежемей (шажамай). 6.Бауырлақ (бауырдақ, бауырдауық). 7.Мойнақ. 8.Бүркеншік. 9.Шырмауық. 10.Бунақ. 11.Таңдай. 12.Түйін. 13.Қамшының тілі. 14.Тілме. 15.Қамшының кекілдігі. 16.Алақан. 17.Шашағы (шашақтың түрлері: сайтан айдар шашақ – саптың орта тұсындағысы, мал айдар шашақ – өрімнің жоғарғы тұсынан шығарылғаны, қолдың шашағы – саптың терімен оралған тұтамының астыңғы тұсына салынғаны, М.С.), т.б. .[6. 65-70бет]
  • Өрім түрлері
ХҮ ғасырда өмір сүрген Доспамбет жыраудың соңында қалған асыл мұраларының ішінде қамшысы туралы ой толғаған бір жыры бар. Осы өлеңнің өзінен-ақ қасиетті қамшының өрім, сап, шырмауық (бүркеншік), бүлдіргі тәрізді бөліктерден тұратындығы байқалады. Атақты жырау негізінен, қамшысы жөнінде былайша толғанады:Өрімі – құнан білдің қайысы, Шеберлер қамшыны мықты қайыстан өреді. Оларды өрімшілер деп атайды. Бұрындары әрбір ауылда айтулы өрімшілер болатын. Бұлар қамшыны әбден иленген сиыр терісінен өретін еді. Осы өрімшілдердің теріден қамшы, божы, ноқта, шідер, тұсамыс, шыбыртқы (бишік) өргендерін бала кезімізде талай рет көріп, шеберліктерін тамашаладық та.онда байқағанымыз, олардың әлгі заттарды, әсіресе, қамшыны жәй өріп қана қоймай, оны жоғары талап- талғаммен қырлап, жұмарлап, бұрап, бедерлеп, үзбелеп, термелеп, еспелейтін. Сөйтіп, шеберлер қамшыны 3 таспадан 40 таспаға дейін өріп шығатын-ды. Және де таспа неғұрлым көбейген сайын жіңішкере беретін де ажарланып, күрделеніп кететін. Кісіге сыр ашпап ем сенен басқа, - деп жырланғанындай, қамшы әртүрлі таспада өрілгенімен, өрімшілердің ортақ өлшемі – «сегіз тұтам» болған. Ал қайсыбір өрімшілер әдетте өрімнің ұзындығын қамшы иесінің тұтамына лайықты өріп шығаратын-ды. Алайда қамшының өрімі сабынан бір жарым еседей ұзын болуға тиісті. Өрімге қойылатын талап: Ол домалақ, жұмыр, төртқырлы болады. Осы өрімдеріне байланысты қамшының «Қырғыз өрім, қырық сегіз таспа» , «Бес таспа» - «Бес қасқа» деген де түрлері бар. Тері иленіп, иі қандырылып, өзінен қайыс өңдеп шығарылғаннан кейін оны бояу, боямау әр шеңбердің өз еркінде. Бірақта олар осы қайысты тарам-тарам етіп тіледі де қамшы өруге кіріседі. Өрім саны неғұрлым көбейген сайын сапасы да артады. Тек мұны өру оңай емес, өрім саны көбейген сайын қайыс тармағын да соншалықты жіңішкерту қажет. Аталарымыздың айтуынша, қамшының ең қолайлысы 12 өрімдігі. 6 өрім қамшының қарапайым түрі болып саналады. Ал бишікті өргенде ол алғашқы басында жуан болады да, ұшына қарай жіңішкере береді. Бишіктің өрімі негізінен, сабынан үш-төрт есе, кейде одан да ұзын болады. [6. 65-70бет]1.Үш не төрт бұрым өрімі. Ол қайыстан өрілген, бәйге қамшыға қолайлысы. Қамшы өрімі әр түрлі құралдар арқылы өңделеді. Көп тараған түрі: өрімді екі 2. Алты өрім. Осы орайда «Әй, алты өрім бұзау тіс, көп былжырамай аттан 3. Сегіз өрім, төрт қырлы. Бұл – мал айдауға қолайлы қамшы. Осы өрімді соп, үйір, ноғай қамшыларға да қолданған. 4. Он екі өрім. Сәндікке лайықты қамшыда пайдаланылады. Сәндік қамшылар өріміне сәйкес төрт, алты, сегіз, он екі қырлы болып жасалынады. Мұндай, өрімді қырлау үшін сүйектен, мүйізден қалақша жасалады, ортасынан әртүрлі қырлы тесіктер ойылады, өрімнің түріне орай оны тиісті тесіктерден өткізіп, өрімнің қырын шығарады. 5. Қырық өрім. Оған тарамыс қолданылады. Өрімшілер арасында қайыс таспадан қырық екі өрімді де жасап шығарғандар бар. Оның кейбірі «Қырғыз өрме» деп те аталып кеткен көрінеді. Өрім технологиясы. Иленген теріні үш елі етіп кеседі, ұзындығын оның саласына қарай сыдырғыдан өткізеді, жалпақтығын, енін, қалыңдығын реттейді. Осындағы сыдырғыны үш тұтам тобылғыдан жасап алады. Сыдырғы жасау үшін тобылғының үш жағына кертпе салынады, сол арқылы өткізілетін таспаның, терінің ені, қалыңдығы мөлшерленеді, әдейілеп қондырылған өткір пышақтың жүзімен тілінеді. Негізінен, шикі теріден жасалынған қайысты таспа деп атайды. Тарамысты қырық екі өрім қылып тарқатады да, содан өрім дайындайды, ол үш тұтам болады. Өрім әбден дайын болғанда оған алақан жасайды, ол тобылғы сапты, қамшыға бауырымен өрілуге тиісті. Бауырын тобылғыға орап ұстатқан қамшының атауы – «Қазақтың ала қамшысы». Онда алақанның екі-үш түрі болады, және түзу де жыланбас етіп жасалады. [7. 102 бет]





  • Қамшының түрлері
  • Ат қамшы
  • Дыр қамшы
  • Дырау қамшы
  • Дойыр қамшы
  • Дүре қамшы
  • Ұзын қамшы
  • Шолақ қамшы
  • Сары ала қамшы
  • Білеу қамшы
  • Орама санды қамшы
  • Мүйіз сапты қамшы
  • Киелі қамшы
  • Қасиетті қамшы
  • Тобылғы санды қамшы
  • Шашақты қамшы
  • Бала қамшы
  • Құрау қамшы
  • Шыбыртқы қамшы
  • Күміс мойындық қамшы
  • Жез мойнақ қамшы
  • Сары ала қамшы
  • Ақ мойнақ қамшы
Қамшы жасалуына, қолдануына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның әрқайсысының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы бар. Біз енді соның басты –бастыларына талдап түсіндірсек:
  • Сүндет қамшы. Ата –бабамыздан ұрпақтарына мирас болып келе жатқан салт –дәстүр бойынша баланы сүндетке отырғызғанда оған туған-туыстары сыйға тартатын тобылғы сапты ,төрт тұтам қамшы.
  • Бәйге қамшы. Ат бәйгесіне шабатын шабандоздың қамшысы. Ол тобылғы сапты,ұзындығы төрт тұтам, негізінен оның ұзындығын шынтақтан шынашаққа дейінгі аралықпен де өлшей береді. Сабыны4 жуандығы шынашықтай. Бұндайды бәйгеге түсетін тшабандоз: «Шаба алмасам-маған серт, шаюа алмас- астымдағы атыма серт, шаптыра алмаса-қолымдағы қамшыма өрт!» -деп серт беретін болған.
  • Көкпар қамшы. Ұдлттық ойын көкпар тартуда қолданылдады. Оның тобылғы сабының ұзындығы үш-ақ тұтам және жуан болып жасалады. Көкпар қамшының сабына, жылан басты алақанына қолды жыртып,зақым келтірмеуі үшін ешқандай әшекей салынбайды. Бұл қамшыға бірде-бір темір зат қолданбайды. Көкпар додасына түсерде әркім: «Атыма айбат, тақымыма қуат, қамшыма-жігер бер» деп серт айтқан.
  • Дойыр қамшы. Тобылғы сабының ұзындығы бес тұтам. Сабы мен өрімі өте жуан. Оны қолға алғанда да былай серт айтылған: «Дойыр қамшым доңыздай (жуандығы) болсын, ауырлығы қорғасындай, мықтылығы емендей болсын. Білек күшіме қуат қосып,жауым әрдайым құлап жатсын, халқым жеңіске жете берсін!»
  • Неке қамшы. Жас бозбала үйленер кезде құрбы-құрдастарын жанына шақырып алып, отау құрғалы жатқанын айтады.Өзіне жігіт жолдас керек екендігін білдіреді. Құрбы-құрдастары өздерінің қамшыларын бір жерге құпия жинап қойып, әлгі досын шықырып көрсетеді. Ол өзіне ұнаған қамшыны таңдап алады да иесі жігіт жолдасы болады. Бұл құрбы-құрдастары арасында өкпе,реніш болмауы үшін жасалатын әдеп-ғұрып.
  • Соп қамшы. Өгіз айдауға арналған қамшыны осылай атайды. Тобылғы сабы төрт тұтам, өрімі ұзын, жиырма бес тұтамболады, ұшына қайыстан төрт қарыс жалқы бау тағылады, ол арбаның ұзындығы екі жарым құлаштай.
  • Үйір қамшы. Оны жылқышыларға арнап жасайды. Өрімнің аралығы үш шығыршық біріктіріп, ұзын етіп жасалады. Түйе айдайтын үйір қамшының атауы –Шыбыт қамшы.
  • Ноғай қамшы. Аралары жақын орналастырылған екі өрімнен тұрады. Салмақты болуы үшін өреміне үлкен шашақтары орналастырады.
  • Баптау қамшы. Асаауды үйрету үшін жасалады. Жылқыны үркітіп, қорқытып алмау мақсатында өрімі тобылғы сабының басынан аяғына дейін түгелдей шикі теріден өріледі. Ішіне қайыстан қатты өзек салады. Осы өзек өрімді тік тұрғызады, ол қылышқа ұқсайды. Мамадар «сол себепті оны орыстар «хлыст» деп атап кеткен»-дейді.
  • Аңшы қамшы. Сабының ұзындығы-бес тұтам, ұшында қорғасын өрілген өрімі он екі тұтам болады. Аңшы атына қонғанында қамшысына: «Алдымдағы қасқырға-айбат, ердегі қанжығама байлат!», деп тілек айтқан. Ал аңшы қасқырды атымен қуып жеткенде «Түзу тигізу- маған міндет, ұшындағы қорғасын-саған серт» дейтін. Дойыр, аңшы, барымта қамшыларды дырау қамшы депте атай береді.
  • Барымта қамшы. Тобылғы сапты, оның ұзындығыалты тұтам,жуан өрімі он тұтам, түйініде жуан,әрі ұзын. Екі аттылы қақтығысқанда қамшыларының бірінің-бірі сыртынан асыра сілтегенде оның ұшы тіпті үшінші қарсыласының тізесіне, тобылғына тиіп, аттан аударып та түсірген.
Сыйға бертін киелі дүниенің бірі- қамшы ол төрт,алты,сегіз,он,он екі және одан да көп түрде өріліп, әшкейленіп жасалады. Қанша өріммен өрілетіні белгіленгеннен кейін, қайыстан тиісті өрімнің талшықтарын арнаулы пышақпен немесе қстарамен кесіп алады. Алты өрімнің қайсын біркелкі етіп кесіп алғаннан кейін, оның қалыңдығы да біркелкі болады, жуан жерлерін тегістеп, қырларын өңдегеннен кейін өруге кіріседі. Әр өрімнің өзіндік құпиялары бар. Барлық өрімдердің негізін үш өрімнен байқауға болады. Бұл өрім өте кең қолданылады. Өрілген қамшы сабын мүмкіндігінше тобылғыны таңдаған дұрыс. Егер ол болмаса, шамшат немесе емен. Қызыл ағаштардан СТД -120М ағаш станогында жонып, арнаулы қамшы сабын дайындайды. Тобылғы асыл таудың беткейінде өсетін ағаш. Оны шеберлердің шілденің аяғы мен тамыздың басынан қарай, яғни күзге қарай жинайды. Шеберлер бұтақсыз, неғұрлым түзу жерлерін кесіп алып, толық кепкенше іліп қояды. Егер тобылғы сәл қисықтау болса, оны түзуге болып кебеді. Әбден кепкен кезде шебер оның сыртын қойдың құйрық майымен ысқылағанда, қоңыр тсті кою қызыл түскеөзгереді де, өте әдемі өң береді. Сөйтіп қамшының өрімі шебердің талғамына қарай, тобылғыға бекітіліп әшкейленеді. [8. 35 бет ]«Әзірет сұлтан» қорық мұражайының қорында сақталған бірнеше қамшы түрлері бар.олар бір кездері халқымыздыі күнделікті тұтынатын жабдығы болғаныдығы анық...
  • Тобылғы сапты қамшы
  • Мүйіз сапты қамшы
  • Ырғай сапты қамшы
  • Орама сапты қамшы
  • Сарала қамшы
  • Сылдыр қамшы
  • «Қасиетті» (киелі) қамшы
  • Жыланбауыр қамшы
  • Шыбыртқы қамшы
  • Дырау қамшы
  • Дойыр қамшы
  • Бұзаутіс қамшы
  • Жортуыл қамшы
  • Білеу қамшы
  • Бала қамшы
  • Өзекті қамшы
  • Шашақты қамшы
  • Жеңсе қамшы
  • Шолан қамшы
  • Күдіері қамшы
  • Күмістелген қамшы
  • Алтындалған қамшы
  • Ат қамшы (ат жүргіш)
Қамшыны жасалу жолы, көлемі, әшекейлеп безендірілуне қарай сара ала қамшы, әшекейлі ақ қамшы, алтынды қамшы, шашақты қамшы, ал, ең бастысы, тұтынысына қарай негізінен; қайыс қамшы; дырау қамшы деп бөлінеді. [12. 65 бет]
Сарыала қамшы – жез бен мыс араластырып дайындалған қамшы түрі. Қамшының бұл түрін көбіне ер адамдар ұстайды; Сылдырмақ пен қоңырау, жез салпыншақ, тіптен үкі, айна да тағылғанын киелі деп санаған. «Сарыала қамшыға сайтан жоламайды» деп, бақсылар ойын салғанда қолданады. Оны төрге іліп қойса үйге пәле-жала жоламайды деп сенген. Сондықтан сайтан қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы сияқты атаулар ұшырасады. Әшекейлі ақ қамшы – сабы ақ күмістен сәнделіп жасалған қамшының түрі. Оны көбіне әйелдер ұстаған. Қамшының мұндай түрлерін алтын-күміс пластинкамен бунақтау, сәндеу, асыл тастан көз орнату құйма, күміс шеге, шытыралар шауып сәндеу, сылдырмақ, шашақ қадау, өрмесіне шашақ, түйін салу сияқты жолдармен әшекейлейді. Оның босмойын ақ қамшы деген түрі болады.
Атбас алтын қамшы – сабы да өрімі де алтынмен апталып, күміспен күптеліп жасалған, сабына березе тәрізді асыл тас орнатылған, атбасын бейнеленген қамшының ерекше түрі. Алтынды қамшының бұл тәрізді түрлерін әлеуметтік мәртебесі аса жоғары ел сұраған хан, сұлтан; ел құраған билер мен бектер, сондай-ақ ел ішіндегі аса қадірлі тұлғалар ұстаған деуге болады.
Дырау қамшы (дойыр) – суық қару ретінде қолданылатын қамшының түрі. Оның дойыр, дырау, босмойын деген түрлері бар. Өрімі жуан, жұмыр, кейде төрт қырлы болып келген дойыр қамшыны өрімнің арасына қайыстан, қорғасыннан жұмырлай ширатылған өзек салып, сыртын таспамен тоқи өреді, түйініне тас, қорғасын бекітеді. Таспа саны өрімшінің шеберлігіне қарай 24-тен асып кетеді. [11. 55 бет]
  • Қамшының қасиеті
Қазақта көне кезден бүгінге дейін жеткен киелі жәдігерлер өте көп. Олардың барлығы да ата – бабалардың көшпелі өмір салтынан сыр шертіп, дала құпиясын алдымызға тосады. Жаратылыспен етене араласып, өмірінде, тұрмысында кеңінен пайдаланған халқымыздың көптеген құнды мұраларынан көз жазып қала жаздағанымыз шындық. Ерліктің, ерен күштің, қайсарлықтың белгісі болып, «Ер қаруы – бес қарудың» қызметін қапысыз атқарған қамшы бұйымының қасиеті жайлы бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейтіні тағы анық. Қамшы қазақ халқында мал айдайтын немесе атқа отырғанда тұлпардың арынын күшейтіп отыратын құал ғана емес, қанды шайқаста ердің бағын ашар, қас жаудан құтқарып алар сенімді серігі. Мал айдайтын таяқты қазақ (бишік» немесе «шыбыртқы» дейді. Қамшы болмаса, қазақ көрген адамның айғызын қандырып, ерекше күйге бөлейтін, қанын қыздыратын «қамшыгерлік» сайысы болмас еді. [10. 65бет]Ат көлікке мінгендеде қамшысы қолында, қонышында, білегінде, белінде, тақымында, ерінің алды – артында, үстінде ілулі тұрады. Кейде тіпті қарбаластықтан ауызға да көлденең тістеледі. Ал үйде отырған кезде керегенің басында, көгінде, уық қарында, сыртқы дәдеге мен белдеуде немесе ашада қыстырулы тұрады. Қарбалас кезде жабық, киіз сырмақ астында типті тізесі асытында жатады. Өмір талабына орай әркімнің қамшысы өзі қойған жерінде тұруға тиіс.Қамшы арқылы жауынан қорғана алатын не жайратып салатын адамдар қамшыгер атанады. Қамшыгер тума қабілет десек те, адам табиғатындағы тездік, ептілік, орамдылық, дәлшілдік, мерегендік, қарақтылық, сезімталдық, өткірлік, батылдық, қарулылық, қатты қолдылық, сескенбейтін серттілік сияқты ішкі қасиеттермен ұштасып жататын өнер.Жастайынын қамшыгерлікке құмарту не жастайынан қамшыгерлікке баулу, тәрбие алу, қамшыгер мамандардан үйрену, қамшшыны ұстау білу, қамшымен ұра білу, қарсыласын қай жерінен қалай ұрғанда естен танады, аттан түседі, жараланады, мұның бәрін қолымен қойғандай, қапы жібермейтіндей білу шарт. Қамшы көп сәттерде ат үстінде шайқасудың қаруы. Қамшыны біра-ақ рет ұрған, бір ұрғанда дәл тигізген және айтылған шарттарды бұлжытпай орындаған адам қамшыгер бола алады. [6. 65-70бет]Қамшыда таспа өңдеуіне қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді. Көп таспалылар мен ішіне өзек салып өргендері әдейі жуандатылады. Өрілгеннен кейін үлгісі жұмыр, төрт қырлы, алты қырлы болып шығады. Сапталмай тұрып түрнлі-түрлі ысқыдан өткізеледі. Қамшының сабынан өрімі қысқа түрлеріде бар. Ерлерге арналған, әйелдерге арналған, балалар мен ша-шауқанға арналған түрлері көп кездеседі. Жастар мен жігет ағалары ұстайтын қамшылар «алты тұтам ат қамшы, жеті тұтам жер қамшы» деп аталады. Өткірлік жағынан өлшемі сабы алты тұтам, өрімі жеті тұтам қамшы дұрысырақ саналады.Қамшының өлшемі мұнымен шектелмейді. Терінің иленуі, таспаның тілінуі, тері мен таспаның ерекше қасиеттеріне байланысты атаулары бар. Қалай өрілуі, өрім мен саптың өзара ұзын-қысқалық салыстырмалы, қамшының алақакны, алақанның ұзын-қысқалығы, қатқыл не жұмсақтығы шарт болып айтылады.

ІІІ бөлім. Қазақ халқы өміріндегі қасиетті қамшының орны.
3.1. Қамшының салт- дәстүр, әдеп- ғұрыпта қолданылуы
Қазақ халқының  мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше. Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті, кейде батырдың қаруы да болған. Бұлар: дыр, дырау, дойыр қамшылар. Олардың өрім өзегіне темір, ұшына қорғасын орап өрген. Сабы да жуан, қатты ағаштан жасалған. Кейде бұларды екі-үш жерден үзбелете өрген.  Мұндай қамшының күшімен жылқылар ғана емес, атан түйелер мен өгіздер жүріп кетеді екен. Көпті көрген қариялар: «Дыраумен бір тартқанда адамға шабатын бура да, көкжал қасқыр да орнынан тұра алмай қалған» - деп жатады. [9. 88 бет]Қазақтың салт-дәстүрінде қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні, ережелері болады. Мұны да білген жөн. Қамшы әрдайым оң қолға ұсталу керек. Жайшылықта қамшыны екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандық, әдепсіздік белгісі деп танылған. Сондай-ақ, жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын болған. Қамшыны сыйға тартқан кезде кісінің қолына ұстатпайды, жерге тастаудың мәні береке-құт бірге  кетпесін, ұшығы  жерде қалсын, салмақты жер ғана  көтереді дегіндігі. Қазақта қамшы ұрлау үлкен қылмыстың бірі саналады. [13. 179бет]Қамшы бұл қазақ халқына тән нәрсе. Оның бойында қасиеті де, құдіреті де, киесі мен иесі- Сесі бар. Қазағымның мәңгүрттеніп, судан тиыш, бетегеден аласа болып қалғаны да осы қамшысынан айрылғанының кесірінен. Қазақтан белінен семсері мен қанжары, шаңырағынан қылышы мен найзасы, астынан аты, қолынан қамшысы кетіп еді, Сесі де бірге жоғалды. Ат айдаса- құралы, аң ұстаса- қаруы, жабырқанса- сырласы, жауға шапса- рухы, дұшпанына- Сесі! Сондықтан да ол мұра болып, бабалардан- аталарға, аталардан- әкелерге, әкелерден- балаларға, одан да беріде мына бізге жеткен. Кейінгі ұрпаққа жеткізу біз үшін парыз. Қилы- қилы замандар ағымында қамшы қазақтың керегесінен кетіп, ұмыт бола бастады. Атам қазақ қамшының қыр- сырына бесігінен қаныққан, кие- қасиетін ана сүтімен қатар сүйегіне сіңіріп өскен. Себебі, бала бесікте жатқанда шошымасын деп бас жағына қамшы тастаған, не болмаса жастығының астына тастаған [3, 94-б]. 1. Қамшысының ұшын да бермеді. Бұл «болыспады», «жәрдемдеспеді», «қарайласпады», «жамандық, опасыздық істеді», - деген мағынаны білдіреді. 2. Басына (төбесіне) қамшы үйірді (ойнатты). Мағынасы: Қорқытты, сабауға ыңғайланды, үрейлендірді, жан алқымға алды, қауіп төндірді. 3. Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты. Яғни, айыпсыз болса, шешім оның ақтығын айғақтайды, айыпты болса, шешім оның қаралығын дәлелдейді.4. Қамшысын білемдеді. Қамшысының сабы мен өрімін қосып, екі бүктеп ұстауды бейнелейді. 5. Қамшы түтеді. «Қамшы жауып кетті», «Таяқ жауып кетті», «Соққылаған қамшы жауды» деген мағынаны білдіреді.Білесіз бе, біздің халқымызда "Қамшы ойыны" деп аталатын күрделі спорттық ойын да болған. Қолынан қамшысы түспейтін қазақтың бұл тапқырлығы сізді таңдандыра қоймас. Ал қамшыгерлік өнері туралы білетініңізге сенімсізбіз. Яғни, адамдар қамшының көмегімен өнер көрсеткен. Төрт жақтан керілген өгіз терісін қамшымен бір тартқанда тіліп түсіру, жаугершілікте, ұрыс-жанжалда жауын қамшымен сатып алу, қасқыр соғу қамшыгер абыройын арттыра түседі. Қазақ жазушыларының шығармаларында осы өнер түрі жақсы суреттеледі.  Мұнан басқа, құдалық жол-жоралғыда "қамшы қайтару" деген салт бар. Дәстүр бойынша, қыз айттыруға келген жігіт жағының басшысы (жігіттің әкесі, «жаушы» т.б) қамшысын қыз үйінің төріне іліп кеткен. Егер қыз әкесі келісімін бермесе, көп ұзамай қамшыны иесіне қайтарып жіберген. Ал  ұл баланы "атқа мінгізу" ғұрпында  бәсіре атқа ашамай ерттеп мінгізіп,  аяғын тепкішекке сұғып,  қолтырмаш ағашпен екі  қолтығынан  сүйемелдеп танған соң ақсақалдар бата  беріп, баланың қолына аттың тізгіні мен қамшы  ұстатады. Жаңа түскен келіннің бетін үкілі, қоңыраулы қамшымен ашатын кездер де болған. [2.19 бет]  Байырғы кездегі тілдік-мәдени қоғамдастықта қамшы таңбасының семантикасында этикеттік әртүрлі ақпараттардың бар екені байқалады. Мысалы, ертеректе «үйге қамшыны бүктеп алып кіру» әдептілікті байқатады деп есептеген. Қамшыны салақтатып немесе шошайтып кіруді әдептілікке баламаған, ондай адамның өзінен бұрын қамшысы үйге кіргендей жағымсыз әсер қалдырады. Бұл айтылғандар қамшымен байланысты әдептілік нормасын байқататын тілдік емес, этикеттік таңба болып саналады.   Бұрын бабаларымыз «неше балаң бар?» деп сұрамаған - көз-тілден қорыққан. Қамшы ұстауға жасы келмеген баланы «күл шашарың бар ма?» деп сұраған, қалғанын керегедегі қамшыға қарап түсінген. Үй иесі жолаушылап кеткен үйге келген бөгде ер адам, әдетте қонуға басқа үйге барады, бірақ «қайта соғатынын» білдіріп, қамшысын тастап кетеді. Үй иесі келген соң, әлгі адамның қамшысына қарап кім екенін жорамалдайды, арнайы шақырып, келген шаруасын, бұйымтайын сұрайды. Ел арасындағы әдепке байланысты бұл салтты «қамшытастар» деп атайды.   Қамшының сабы сынды, қамшы таянды дегендер − «уайым», «қайғы» ұғымын объективтендіріп тұрған таңбалар. Сондықтан жасы үлкен адамдар: қамшы таянбас болар деп балаларға ескертіп отырады.   Байырғы кезде бақсылар сары ат мініп, сары түсті киім киініп, қолына сары ала қамшы ұстайтын болған. Ал сары ала қамшы аттың тері сіңгендіктен жын-шайтанды жолатпайды, аттың терінде ерекше қасиет бар деген түсінікті аңғартады.   Қамшыны 50 жасқа келгенде, «енді сен ел ағасы болдың» деп, киелі еліктің тұяғынан саптап қолына ұстатады. Оны «ел аға қамшысы» дейді. Билікке келген адам, қол басшы, ақ сақал, сыйлы қария, серілер сабы киелі тау текенің мүйізінен жасалынып, алтыннан, күмістен әшекей орнатылған қамшыны ұстайды.  Баланы сүндетке отырғызғанда өз атасы ат мінгізсе, нағашы атасы қамшы ұстатады. Ал нағашы атасы ат мінгізсе, өз атасы қамшы силайды екен. Сөйтіп, сүндетке отырғызылған балаға сыйлы атпен, қамшы иесі деп ат қояды екен.   Елшілердің қамшылары өте қарапайым жасалынған. Сабын тобылғыдан жасап, ешқандай әшекей, ою-өрнек орнатпаған. Дала қазағының өмірінде өшпес ізін қалдырған қамшының осындай ерекшеліктерін білу, өзгелерге насихаттау әрбір қазақ үшін маңызды міндет деп білеміз.3.2. Қамшының емдік қасиеттері «Ғасырлардан – ғасырларға жеткен бұл –Жерді дағы жон арқадан тілетін». [13. 169 бет]3.3. Қамшыға байланысты наным –сенімдер,ырымдар.Танытса, «қыздың қарғыбауына »деп бір ат тарту етеді.Қамшы той өткенше төрде ілулі тұрады.Жігіт жағда уағдада тұрмаса,қамшыны кері жолдайды және ол салтты «қамшыны қайтару» деп атайды.Солайша «қызының басын босатады» немесе билерге жүгініп,жігіт жағына айып төлетеді. [2. 22 бет]





Қамшы- ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Қамшы- мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Зерттеу барысында қамшының жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрі бар екенін, бірнеше бөліктерден тұратынын және оның әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы бар екенін білдім. Сонымен қатар қамшы өрудiң ғасырлар бойы сақталған өзіндік көптеген түрлері қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi. Қамшыны жасау үшiн ең бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет. Қамшылардың ең қолайлысы 12 өрiмдiгi болып табылады. 6 өрiм қарапайым түрiне жатады.
  • Әр қазақтың төрінде қасиетті қамшы қолөнеріміз ілулі тұрса.
  • Халық медицинасында қолданылатын қамшыны жалпы медицинада сынап көру.
  • Қамшының қасиетін өскелең ұрпаққа насихаттау жолында оқулықтарға енгізу.
  • Тері илеп, қайыстан таспа тілу,қамшы өру туралы үйірме немесе сол туралы еңбек пәндеріне енгізу







  • Әбдуалиева Ш. «Қолөнер сабағын өткізу тәжірибемен», Қазақстан мектебі журналы 1975 жыл №5 саны
  • Әбдуалиева Ш. «Халық қолөнері» Алматы 1992, (120 бет)
  • Тәжімұратов Ә. «Шебердің қолы ортақ» Алматы 1971 жыл
  • «Шаңырақ қазақша үй –тұрмыс» энциклопедиясы /Бас редактор Нұргалиев Р.Н/ Алматы Қаз.сов.энцкл. Бас редакциясы 1990 жыл.
  • Қалмақов Ә. «Сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану» Қазақстан мектебі, 1989жыл №5 саны 58бет
  • Сапожников В.В « Оқу шеберханасындағы өнімді еңбек және оның тәжірбиелік мүмкіндіктері» Қазақстан мектебі, 1981 жыл №2 65-70 бет
  • «Технология пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама» / 5-9 сыныптар./ Алматы, Рауан 1999 жыл
  • Арғынбаев Х. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы Өнер 1987жыл
  • Кенжеахметұлы С. «Жеті қазына»
  • Смайылов М. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
  • Әленұлы Ш. «Халықтық тәрбие тағылымдары»
  • Сарыбаев Ш «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі»
  • «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»









(1-сурет)
(2-сурет)

















50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.