Материалдар / Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
967
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы,

Атырау қаласы

Ф. Досымова атындағы 12 орта мектептің

биология пәні мұғалімі

Байдушова Анель Саликовна


Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі,

эритроциттер туралы білімдерін жетілдіру;

Дамытушылығы: Оқушылардың ой -өрісін білімін тиянақтау, таным қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: Ұрпақ тазалығының ұлт болашағы  екендігін ұғындыру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсетілім, сәйкестендіру тапсырмасы, биологиялық диктант

терминдермен жұмыс

Көрнекіліктер: слайд, адам қанының микропрепараты                                           

Құрал-жабдықтар: Интербелседі тақта, микроскоп

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жаттығу.

Мұғалімнің сұрағы, оқушының жауабы.

Әрбір адам? досым, сыныптасым.

Әрбір сабақ? үйрену, оқу, іздену.

Әрбір ісің? тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің? шындық, бірлік, адалдық.

2. Үй тапсырмасы

  • Тірек сызба арқылы ТҚЖ маңызын, түрлерін қайталау

  • «Бәйге» сұрақтар

  1. Адам ағзасын зерттейтін ғылым?

  2. Денедегі барлық сүйектердің жиынтығы

  3. Омыртқа жотасының бөлімдері?

  4. Адам қанша жасқа дейін өседі?   

  5. Денедегі барлық сүйектердің саны?

  6. Кеуде қуысының алдыңғы жағындағы сүйек?

  7. Құйымшақ омыртқаларының саны?  

  8. Адамдағы сүйектердің қозғалмалы байланысы?

  9. Қуану мен ренжуді білдіретін бұлшық ет?

  10. Адам қаңқасында неше грамм кальций бар?

  11. Адамда қанша қаңқа бұлшық еттері бар?

  12. Мойын омыртқасының саны?

  13. Сан арқылы өтетін бұлшықет?                        

  14. Тірек қимыл жүйесін зерттейтін ғылым және дәрігер

  15. Адамда қанша буын бар?

3. Жаңа сабақ

Слайд

Жатырда қанды емізген,

Ауызсыз қорек жегізген,

Туғызып, түзеп, өсіріп,

Өзіңді өзім дегізген

Тіршілік сүйтіп таралған.

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

Өлең жолдары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Слайд

Ағзаның ішкі ортасын– қанлимфаұлпа сұйықтығы құрайды.
Ішкі ортаның тұрақтылығы ( гомеостаз) ағза ұлпаларының тіршілігі, дұрыс қызмет атқаруы үшін өте маңызды. Гомеостазды жүйке және эндокриндік жүйелер реттейді.
Қан –дәнекер ұлпаға жатады.

Қанның қызметі
- қанайналым жүйесінде тамырлар бойымен қозғалып жүріп бірнеше қызмет атқарады.
- оттегі мен көміртегіні тасымалдайды.
- қоректік заттарды, гормондарды тасымалдайды.
- зат алмасу барысында түзілген қажетсіз өнімдерді алып кетеді.
- жасушаларды бір-бірімен байланыстырады.
- иммундық жауаптарда қызмет етеді.
- жасушалардың қышқылдық және су деңгейін қалыпты ұстайды
- қанның ұю қасиеті бар.

Ересек адамның орташа қан көлемі 5-6 л.

Қанның құрамы — плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады.

Плазма ( қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі)
Қан жасушалары

- эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері)
- лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)
- тромбоциттер (қан пластинкалары).

Қанның эритроцит жасушалары - ядросы жоқ.
Адамның эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 -де шамамен 4,5–5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (латынша «haіma» – гемоглобиннің құрамында темір бар нәруызы жоқ бөлігі, «globus» – нәруызды бөлігі) байланысты. Гемоглобин – қанның қызыл түсті пигменті.
Гемоглобин құрамында темір (гем) және нәруыздық бөліктер (глобин) кіреді. 
- қанның 1мм көлемінде 4,5-5млн эритроцит бар.
- олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді . Бұл эритроциттердің бетін 1,5 есе үлкейтеді 
және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді. 
- орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі. 
- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
Қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды.
Қаназдық (анемия) ауруының пайда болу себептері:
1. Қандағы эритроциттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің азаюынан.
2. Адамнан көп қан кеткен жағдайда.
3. Интоксикацияда.
4. В12 витаминінің жетіспеуінен де болады.

«Білгенге маржан»
Қан кеткенде киізді жағып, қыздырып жараға басса, қан лезде тоқтап, жараның аузына микроб түспейді, себебі, киіздің құрамында күкірт бар.
   

Қан топтарына анализ жасау:
• I топ «Сангвинг» -бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа
қарсы, жігерлі, табанды, әзіл-сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді. 
• II топ «Халерик» - сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау, өзін-өзіне талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады. 
• III топ «Меланхолик» - секемшіл,өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынғыш, бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез ұмытады. 
• IV топ «Флегматик» - көздеген мақсатына жетуге жан-тәнімен аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, жағымды болу мәселесінде шыдамсыз
әрі табансыз. 

Көрсетілім: «Қан тазалығы» 
1. «Қан-дәнекер ұлпа». «Қан-өмір сыйлаушы» дегенді қалай түсінесің? 
2. «Адам денсаулығы қанның құрамын зерттеу арқылы анықталады» дегенді қалай түсінесің? 
3. Қан аркылы берілетін ауруларды білесіз бе? 
4. Қазақ жеті атадан қыз алмаған, онын сыры неде? 
Жауаптары:
1. Қан болмаса тіршілік болмайды. Ол денемізге қоректік затты, оттекті тасымалдайды, керексіз заттарды сыртқа шығарады.
2. Қанды тексергенде қан жасушаларының мөлшері анықталады. Мөлшері сәйкес келсе, адам денсаулығы жақсы екені байкалады

Мысалы:эритроцит көбейсе, эритроцитоз байқалады.
3. Қан арқылы таралатын аурулар: туберкулез, кант диабеті, психикалық аурулар, гемофилия, қазіргі кезде байқалып отырған ЖИТС ауруы.
6. Қазақ халқында «жеті атадан» бері кыз алуға тиым салған, аталары туыс, қандары жақын адамдар үйленсе олардан туған ұрпақ өмірге аурушан, ақыл есі кем, кемтар болып келеді
.

Жаңа сабақты бекіту

1.Сәйкестендіру тапсырмасы

Қан

Оттекті тасымалдайды

Эритроциттер

Қан ұйымайтын ауру

Гематолог

Қанның қызыл түсті жасушалары

Гемофилия

Организмнің айнасы

Гемоглобин

Қан ауруын емдейтін дәрігер

Глобулин

Плазмадағы белок

2. Биологиялық диктант

1.Ағзаның ішкіортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа  жатады.

2. Қан дәнекер ұлпасыныңсұйықтүрі.                                                                                                               

3.Эритроциттер  сүйек кемігінде  түзіледі.

4. Қанның құрамы – плазма 55% және  45% тұрады қан жасушаларынан 

5. Ағзадағы қанның мөлшері  4,5-5 л

6. Глюкоза –жасушалар үшін негізгі қуат көзі.

Үйге тапсырма:§29 оқу

Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтаға ілу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!