Материалдар / Қаныққан көмірсутектер.Алкандар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қаныққан көмірсутектер.Алкандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқамерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2024
131
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім

9.4В Көмірсутектер.Отын

Мұғалімнің аты-жөні


Күні:


Сыныбы:9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қаныққан көмірсутектер(Алкандар немесе Парафиндер)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.4.3.7 -алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу

9.4.3.8 -еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қаныққан көмірсутектер және олардың құрылымы, химиялық қасиеттері туралы білім беру;

Алкандардың молекулалық және құрылымдық формулаларын жазуға үйрету;

Қаныққан көмірсутектердің күнделікті өмірде және өндірісте маңызын түсіндіру.



Сабақ барысы

Сабақ

кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин







1.Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

Оқушыларды амандасып, сабаққа зейінін аударады;

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Оқушыларды фигуралар арқылы 3 топқа бөлу:

Shape1 - 1 топ

Shape2 - 2 топ

Shape3 - 3 топ

2.Өткен тақырыпты қайталау (3 минут)

Миға шабуыл” әдісі

1.Органикалық қосылыстар дегеніміз не?

2.Органикалық заттардың қандай түрлері бар?

3.Органикалық қосылыс-

тар құрамына қандай элементтер кіреді?

4.Қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің айырмашылығы неде?

Мұғаліммен амандасады

Сабаққа қажетті құралдарын дайындау, тыңдау.

3 топқа бөліну







Оқушылар белсенді түрде жауап беріп, өткен материалды еске түсіреді.
















Мұғалім

От шашу” әдісі арқылы қолпаштайды, мысалы, “Жарайсыңдар!”, “Керемет жауап!” деп көтермелейді.

Түрлі түсті фигуралар

Сабақтың ортасы

35 мин




































1.Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)

Алкандардың жалпы формуласы мен құрылымын түсіндіреді:

Алкандар — тек бір байланыспен байланыс-

қан көміртек атомдары-

нан тұратын қаныққан көмірсутектер.

Олардың жалпы формуласы: CnH2n+2

Қарапайым алкандардың молекулалық және құрылымдық формула-

ларын түсіндіреді.

Алкандардың атау жүйесімен таныстырады (метан, этан, пропан, бутан, т.б.).

Физикалық қасиеттері туралы қысқаша шолу жасайды.

2. Топтық жұмыс

(15 минут)

Мұғалім үш топқа алкандардың қасиеттері мен қолданылуы туралы тапсырма береді:

1.Метанның қасиеттері мен қолданылуы.

2.Этанның қасиеттері мен қолданылуы.

3.Пропанның қасиеттері мен қолданылуы.

Әр топ постер дайындап, өз нәтижелерін сыныпқа таныстырады.

Постерге келесі ақпараттарды қосу ұсынылады:

Физикалық қасиеттері (түс, иіс, агрегаттық күйі, қайнау және балқу температуралары).

Химиялық қасиеттері (жанғыштығы, реакцияға түсу қабілеті).

Қолданылу салалары (күнделікті өмірде, өнеркәсіпте).

3. Жұптық жұмыс

(5 минут)

Мұғалім оқушыларды жұптарға бөледі. Әр жұпқа алкандарға қатысты тапсырма береді.

Тапсырма: Алкандардың қолданылуы мен олардың атаулары,қасиеттері туралы нақты ақпаратты талқылау және оны сәйкестендіру.

Әр жұпқа тапсырмалар таратылады.

4. Жеке жұмыс (5 минут)

Мұғалім әр оқушыға жеке жұмыс парақтарын таратады. Бұл парақтарда алкандардың молекула-

лық және құрылымдық формулаларын сәйкестен-

діруге арналған тапсырмалар болады.

1.Мұғалімді мұқият тыңдап, маңызды ақпараттарды дәптерлеріне жазып отырады.

2.Қажетті сұрақтар қойып, алкандардың формуласын мысал-

дармен бекітеді.

3.Мұғалімнің түсіндіру барысын-

да қосымша сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысады.














Топ мүшелері өзара рөлдерді бөліседі (біреуі жазып, екіншісі сурет салады, басқалары ақпарат іздейді).

Тақырыпты талқылап, әрбір маңызды мәліметті постерге түсіреді.

Қысқа әрі нұсқа түсініктемелерді жазады, диаграмма немесе сурет салып, жұмысты көрнекі етеді.

Постер дайындап болған соң, топ өз жұмыстарын қорғайды.






Әр жұп карточка-

лардағы ақпаратты талқылайды.

Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындап,дұрыс жауабын мұғалімге түсіндіреді.






Әр оқушы жеке жұмыс парағымен жұмыс жасайды.

Олар алкандардың молекулалық формулалары мен атауларын сәйкестендіреді,




























Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі (1 минут):

Екі жұлдыз — өздеріне ұнаған екі нәрсе (мысалы, ақпараттың толықтығы, көрнекілігі).

Бір тілек — жақсартуды қажет ететін бір ұсыныс (мысалы, презентацияны жақсарту немесе қосымша мәлімет қосу).







Белсенділік танытқан жұптар “Қол шапалақтау” әдісімен марапатталады.

Интерактив- ті тақта
























Түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, стикерлер, А3 форматтағы қағаздар



































Жеке жұмыс парақтары, қаламдар.







Сабақтың соңы

5 мин

1.Қорытындылау

(3 минут)

Мұғалім сабақтың негізгі ұғымдарын қайталап, қорытынды сұрақтар қояды.

2.Рефлексия және кері байланыс (2 минут)

Мұғалім оқушыларға “Блоб ағашы” әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін жазуды ұсынады.



3. Үй тапсырмасы

(1 минут)

Химиялық реакциялар теңдеуін аяқтаңыз (теңдіктерді теңестіріңіз):

а) C3H8 + O2 =

б) CH4 + Cl2 (күн сәулесінің әсерінде) =

в) C2H6 + O2 =



Оқушылар

сұрақтарға жауап беріп, білімдерін қорытындылайды.



Оқушылар өз әсерлерін стикерлерге жазады.







Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазады.


Жақсы жауаптар “бес саусақ” әдісімен бағаланады.









Стикерлер





Жұптық тапсырмалар:

1-жұп: Метанның формуласы

Тапсырма: Метанның молекулалық формуласы қандай? Оның құрылымын дәптерге сызып көрсетіңіз.

Жауабы: CH4 .

2-жұп: Этанның қасиеттері

Тапсырма: Этанның молекулалық формуласын жазыңыз және оның қандай күйде болатынын анықтаңыз (газ, сұйық немесе қатты).

Жауабы: C_2H_6 , газ күйінде болады.

3-жұп: Пропанның қолданылуы

Тапсырма: Пропан тұрмыста қалай қолданылады? 2 мысал келтіріңіз.

Жауабы: Газ баллондарында және автокөлік отыны ретінде қолданылады.

4-жұп: Алкандардың жалпы формуласы

Тапсырма: Алкандардың жалпы формуласын жазыңыз және оны мысал арқылы түсіндіріңіз.

Жауабы: CnH2n+2 . Мысалы, метан ( CH4 ).

5-жұп: Бутанның изомерлері

Тапсырма: Бутанның изомерлері туралы айтып беріңіз және олардың құрылымын дәптерге сызыңыз.

Жауабы: Н-бутан және изобутан.



6-жұп: Алкандардың жану реакциясы

Тапсырма: Метанның жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.

Жауабы:

CH_4 + 2O2 =CO2 + 2H2O

7-жұп: Физикалық қасиеттері

Тапсырма: Метан, этан және пропанның агрегаттық күйлерін атаңыз.

Жауабы: Үшеуі де газ күйінде.

8-жұп: Алкандардың қолданылуы

Тапсырма: Алкандар қайда қолданылады? 2 мысал келтіріңіз.

Жауабы: Тұрмыстық газ (метан) және автогаз (пропан).

9-жұп: Қоршаған ортаға әсері

Тапсырма: Алкандардың қоршаған ортаға әсері туралы ойлаңыз. Метанның парниктік әсері бар ма?

Жауабы: Метан — күшті парниктік газ, ол климаттың өзгеруіне ықпал етеді.

10-жұп: Алкандарды алу әдістері

Тапсырма: Табиғи газдан алкандарды алу әдістерін атаңыз.

Жауабы: Табиғи газды өңдеу арқылы метан, этан және басқа алкандар алынады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!