Төлеуғалиева Гульфайруз Төлеуғалиқызы
І санатты тәрбиеші

Мантекова Толқын Сәлімбайқызы
ІІ санатты музыка жетекшісі

Өтеген Думан Шораұлы
дене шынықтыру нұсқаушысы
Флипчарт сабақ
Тобы: «Еркетай» ересектер тобы
Білім беру салалары (кіріктірілген): «Шығармашылық», «Таным», «Денсаулық»
Оқу қызметі: Музыка, ҚМТҚ, Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Қар патшалығы»
Мақсаты: Әнді нақышына келтіріп орындау, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату дағдыларын қалыптастыру. Әндерді тыңдап, мазмұнына қарай ажырата білу қабілеттерін дамыту. Қарапайым математикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға, өнерге баулу. Шапшаңдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Үштұғырлы компанент: қар -снег- snow, аққала -снеговик- snowman , боран –метель-bizzard
Көрнекіліктер мен қолданылатын материалдар: Интербелсенді тақта, музыкалық аспаптар.
БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар залға әдемі әуенмен кіреді. Үш тілде амандасу.
Мотивациялық – қозғаушылық:
-
Далада қар борайды ,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып –жылтыр боп жатады
-
Балалар, өлең жолдарында не туралы айтылғанын білесіңдер ме?
(Қыс туралы айтылған)
-
Дұрыс. Балалар, қыстың көркі не? (Қар)
-
Дұрыс қар. Қар деген керемет әдемі құбылыс қой. Қарға да арнап ұлы композиторлар әуен жазған екен. П.И.Чайковскийдің қарға арналған шығармасын тыңдайық.
Ұйымдастырушылық – ізденістік:
5-бет: Музыка тыңдау: «Ұлпа қарлар вальсі» П.И.Чайковский
Шығарманы балалармен сұрақ-жауап арқылы талдап өту.
6-бет:
-
Қар бізге қар патшалығынан келеді екен. Сол жаққа барғыларың келе ме? Ендеше бәріміз бүгін қар патшалығына барайық. Жылы киініп алайық.
-
Боран, жел дыбысының фонограммасы ойнайды. Балалар боранға, жауған қарға қарсы жүргендегі қимылдарды салады.

7-бет: Тақтадан Боранханымның суреті шығады.
Дауысы естіледі:
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қар патшалығына баратын жолды тек мен ғана аша аламын. Ал мен жол ашу үшін сендер ең алдымен менің тапсырмаларымды орындауларың керек. Келісесіңдер ме?
-
Балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба? Ал, қандай тапсырмалар бар екен көрейікші.
8-10 бет:
Тақтада қарлардың суреттері тұрады. Әрбір қарда тапсырмалар жазылған.
1-тапсырма: «Ән айту»
-
Ән айту үшін алдымен дауыс жаттығуын орындайық.
Дауыс жаттығуы: «До-мажор гаммасы»
Ән айту (өткен әнді қайталау): «Зырлайды шанамыз» әні: Б.Дәлденбай
11-12 бет:
ІІ тапсырма: «Музыкалық-дидактикалық ойын: Қыс әндерін тап!»
Тақтада әртүрлі қарлармен себет суреттері тұрады. Әр қарды басқан сайын ән орындалады. Балалар сол әндерді мазмұнына қарай ажыратады. Қыс туралы әндер себетке салынады, басқа әндер салынбайды.
13-бет: Тақтадан Боран ханымның дауысы шығады: «Жарайсыңдар, балалар, мен сендерді Қар патшалығына жеткізейін».
-
Балалар, бәріміз көзімізді жұмайық. Боранмен Қар патшалығына аттанайық.
(Боран дауысы естіліп тұрады.)
15-18 бет: Тақтада Қар патшалығының суреттері тұрады. Тақтаның қасында Қар патшайымы отырады. Балалармен амандасады.
Қар патшайымы: Балалар, қош келдіңдер! Менің патшалығымда тек мықтылар ғана жүре алады. Менің тапсырмаларымды орындай алмасаңдар мен сендерді қатырып тастаймын.
-
Біз, мықты, білімдіміз, барлық тапсырмаларыңызды орындай аламыз. Көрсетіңіз тапсырмаларыңызды.
19-21 бет: Тапсырма: (ҚМҰҚ оқу қызметі бойынша)
1-тапсырма: «Адасқан қарлар»
2-тапсырма: «Әр топтағы
заттарды сана, цифрды жапсыр!»
3-тапсырма: «Үйлердің нөмірін орналастыр!»

Қар патшайымы: Жарайсыңдар, балалар, енді ары қарай менің патшалығымды саяхаттауларыңа болады.
Әуен ойналып, Аққала келеді. Аққаланың көңілі жоқ болады, балалар Аққаламен ойын ойнау арқылы көңілін көтереді.
Аққала балалармен амандасады.
-
Аққала, неге көңілің жоқ?
Аққала: Менің достарым жоқ, жалғыз ішім пысты.
-
Балалар, аққалаға достарын құрап берейік онда. Келісесіңдер ме?
24- бет: Қимылды ойын: (дене шынықтыру оқу қызметі бойынша)
«Кім жылдам аққаланы құрастырады?»
(Балаларды екі топқа бөліп, интербелсенді тақтаға жүгіріп барып, аққала құрату)
-
Қар патшайымы, Аққала, біздің балалар өте білімді және өнерлі. Енді өзіңізге келген қонақтарыңыздың өнерін тамашалаңыздар! Жақында бізге Аяз ата мен Ақашақар қонаққа келген. Балалар соларға арнап әндер дайындаған, енді сол әнді өздеріңізге де орындап, аспаптармен сүйемелдеп берсін.
Ән айту, аспаппен сүйемелдеу: «Шырша жыры» әні: Б.Байсенова
-
Балалар, біз енді тоңып қалмай тұрғанда балабақшамызға қайтайық.
-
Аяғымызға шаңғы киіп сырғанап отырып барамыз.
Балалар, Қар патшайымы және Аққаламен қоштасады.
Ырғақты қимыл –қозғалыс: «Шаңғымен саяхат»
Қорытынды:
-
Сұрақ-жауап арқылы балалардың алған әсерлерін тыңдау.
-
Қорытындылау.
-
Балаларды мадақтау.
-
Қоштасу әнін орындау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қар патшалығы" оқу қызметі

шағым қалдыра аласыз