Материалдар / Қара зере қасиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қара зере қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қара зере майының емдік қасиеті мен организмге берер пайдасы туралы айтылған ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
899
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұрсұлтан қаласы

65 мектеп-гимназиясы

2 «В» сынып оқушысы

Умирбек Шахризаданың

«Қара зере қасиеті» атты ғылыми жобасына





ПІКІР

Умирбек Шахризаданың «Қара зере қасиетті» атты ғылыми жобасы тарихы тереңнен келе жатқан, Ислам дінінің дамуы кезеңінде адамдар арасында емдік қасиеті жағынан адам ағзасына пайдасы ұшан теңіз болған қара зере өсімдігінен алынатын май туралы. Жобаның мақсаты: бұл майдың шығу тарихы мен ішу дәстүріне толық тоқталып, сонымен қатар, дәстүрлі емде қолданып, денсаулыққа тигізер пайдасы туралы ашып айту. Қара зере майы ми жұмысын күшейтіп, асқазан-ішек жолдарын тазартып, шаршаңқылық пен депрессияны жойып, күні бойына адамға энергия беретіні туралы айтылған. Қара зере майы сияқты өнімнің өте кең қолданысқа ие болғаны құпия емес. Алайда, организмге әсер етуі оның мөлшеріне байланысты. Ал шектен тыс қолданғанда кейбір органдардың жұмысы нашарлайтындығы да кеңінен түсіндірілген. Май күйінде және капсула күйінде қабалдаудың айырмашылықтарын білу үшін арнайы Қара зере майын капсула күйінде шығаратын заводқа барып, ол жердің жұмысымен, капсула жасаудың қыр сырымен танысқан. Қорыта келгенде жобаның басты міндеті: қолданысқа көптеп ене бастаған Қара зере майының артықшылықтар мен кемшіліктері туралы ауқымды ақпараттар берілген.

























МАЗМҰНЫ



1. КІРІСПЕ......................................................................................................

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ..........................................................................................

2.1 Қара зеренің анатомиясы.................................................................

2.2 Қара зере туралы ғылыми жұмыстар..............................................

2.3 Қара зеренің емдік қасиеті...............................................................

2.4 Қарсы көрсетілімдер мен зияны ....................................................

3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.............................................................................

4. ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................

5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................







1. КІРІСПЕ

Қара зере майының ғасырлар бойы медицинада пайдаланылып келе жатқаны баршаға белгілі. Бірақ ХХ ғасырда еліміздің ислам мәдениетін оқып – тануға шектеулер болғандықтан, дәл осы Исламда емдік мақсатта қолданылатын қара зере майы туралы ақпараттар жоқтың қасы. Міне бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Қара зере майының шығу тарихы туралы ауқымды ақпараттар беру. Емдік –профилактикалық мақсатта дұрыс қолдану жолдарын көрсету. Көптеген ауруларға тигізер пайдасы мен артық дозаланған жағдайдағы зиянын көрсету. Адам ағзасының барлық ауруға қарсы төтеп берер қаруы – иммунитет. Ал осы иммунитетіміздің күшін жоғарылатып, оны жақсы деңгейде ұстап тұратын бірнеше жолдары бар. Спорт, дұрыс тамақтану, ұйқы және де тамаққа қоспа ретінде пайдаланатын био белсенді қоспалар. Қазіргі таңда Қара зере майы дәл осы био белсенді қоспалар рөлін атқарып тұр. Сондақтан оны күнделікті тұтыну ағзамызға үлкен көмек құралы. Жоғарыда атап өткендей денсаулық жақсы болу үшін үнемі түзеу мүмкін бола бермейтін көптеген факторлар әсер етеді. Ресми медицинаның күші жетпегенде, көмекке тексерілген дәстүрлі өнімдер келеді. Қазіргі инновациялық даму дәуірінде дәріні сұйық күйінде емес , асқазан –ішек жолдарына тікелей жету үшін капсула күйінде шығара бастады. Бұл түрі ауыз қуысында жағымсыз дәм қалдырмайды , сонысымен ішуге ыңғайлы. Желатинмен қапталып , капсула күйінде жасалу әдісінің қыр сырымен танысу үшін Нұрсұлтан қаласындағы лабораториялардың біріне барып танысып қайттық.

Бұл бірегей өнімді дайындау әрекеті, жемістері толық піскенге дейінгі күздің соңғы айларында дәндерін дайындау кезіне тура келеді. Пайдалы заттар шоғыры осы кезде өте көп болады, бұл оның құндылығын білдіреді. Майды суық сығу тәсілімен алады, бұл әсіресе маңызды , себебі қатты қыздыру кезінде оның көптеген құрамдас бөліктері жойылып кетеді.

Бүкіл әлем бойынша әртүрлі университеттерде өткізілген 200-ден астам зерттеулер қара зире майының адам ағзасына жағымды әсер ететінін дәлелдеген. Қара зире майы: иммунитетті ынталандыруымен, ауруды басатын әсерлерімен ерекшеленеді. Өнім Қиыр Шығыс, Жерорта теңізі елдерінде буын ауруларының алдын алу және емдеу кезінде кеңінен қолданылады. Май Африкада, Азияда, Кавказда, үнді медицинасында да танымал.


3

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Қара зеренің анатомиясы

Қара зере майы – ерте заманнан бері, өзінің емдік қасиеттерімен танымал. Зерттеулерге сәйкес, адамның денсаулығына үлкен пайда тигізетіндігі анықталды. Қазіргі уақытта, ол медицинада және косметологияда кеңінен қолданылады. Қара зере (лат. Nigella sativa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын, тік әрі көп бұтақтанған, биіктігі 30-60 см болатын сабақтары бар біржылдық өсімдік. Арабша – «хаббатус-сәуда», ал орысша атауы – «черный тмин». Табиғатта 20-ға жуық түрі кездесетін бұл өсімдіктің бойы 40 см-ге дейін жетеді. Негізінен сарғалдақ тұқымдас өсімдіктер тобына жатады. Қара түсті дәндері көбіне жаздың соңына таман піседі.

Он сегіз мың ғаламның қыр-сырына үңілген адамзат әлі де таңдай қағып таңданумен келеді. Соның ішінде шипалы өсімдіктер де өзінше бір әлем. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» деп аталып кеткен қара зере – ерекше емдік қасиетімен назар аудартады.

Бұтақты сабақпен тегістелген, биіктігі 20-30 см болатын жапырақтарының ұзындықтары 2-3 см қықа, тостағаншалар, төбеде орналасып қысқа аяаққа таралған. Сабағы, гүлі, жемісінен тұрады.Сабағының ұзындығы 30-80см, жалаңаш жасыл түсті. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген етті өсімдік.

Жемісі ірі созылған қорап тәрізді 3-7 фолликулден тұрады, әр бір дәнде қолданатын кқп тұқым болады. Тұқым үш қырлы. Олар пияздың тұқымына ұқсас бірақ дәмі бойынша онымен ештеңе ортақтаса алмайды. Қара зере қосжарнақтылар классына, сарғалдақ тұқымдасының, чернушка туысына жатады. Қазіргі кезде қара зеренің 20-ға жуық түрлері бар.

Қара зеренің ғылыми атауы латын тіліндегі «Nigel» - «қара» деген сөзден шыққан, яғни оның дәнектерінің түсінің қара болуына байланысты солай аталынған. Қара зере немесе Nigel la sativa қос гүлді және көптеген ақ дәндерден тұратын жеміс қабығын шығарады. Жемістің қабығы пісіп-

жетілген сәтте ол ашылады да, ішіндегі дәндері қара түске енеді. Кейбіреулер қара зерені тау зересімен шатастырып жатады. Расында ол екеуі бір-біріне еш қатысы жоқ екі түрлі өсімдіктер.

Жапырақтары майда көбіне екі-үш мәрте қауырсын тектес жарылған, саусақ тәріздес кейіпте аз, селдір кезекпен орналасқан. Жоғарғы жапырақтары гүлдердің астына орналасқан және олардың үстінде жамылғы тәріздес болып көтеріліп тұрады. Гүлдері бөлек-бөлек, қос жынысты, ақ, көгілдір немесе сары түсті жапырақшалы гүл тостағаншалы, диаметрі 4 см-ге дейін жететін ірі гүлдер болып келеді. Түкті түрлерінде гүлдері 2-4 қатармен орналасқан. Гүлі ақ және қызыл түсті, ірі жалғыз не үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы бекітілген. Күлтесі бес бөлемді ақ түсті, ұзындығы 1,5-2 см, аталығы-15. Гүл жапырақшалары тәтті шірнелерге айналған. Өсімдіктің өзі ұзын сабақты, басы көкнәр тәрізді. Ортасында жемісі – иісі мен дәмі өткір қара түсті дәндері (тұқымдары) орналасады. Жемісі қабысқан немесе қабарған ортақ қорапша түзетін бес жапырақшадан тұрады.

Бұл өсімдіктің жас дәндері пайдалы.

Өсімдіктің химиялық құрамы Қара зеренің тұқымында: Нигелон, минералдар, фосфор, темір, кальций, активті ферменттер, көмірсулар, ақуыздар, А және Е (сонын ішінде бэта токотриенол 1,22мг, гамма токоферол 2,59 мг әр қайсысында 100 г) май дәрумендер болады.

Май қышқылының құрамы:

-Линоль қышқылы – 55-56%

-Олеин қышқылы – 15-18%

-Пальмитин қышқылы – 10-12%

-Эйкозен қышқылы – 4-5%

-Стеарин қышқылы – 1-3%

-Альфа – линоль қышқылы 1% дейін.

Бақтарда сирек өсірілетіндіктен қара зерені табиғаттан табу оңайға соқпайды, сондай-ақ жабайы түрлері де өте сирек кездеседі Қара зере жеңіл, борпылдақ, орташа ылғалды, арам шөптерден ада, әкті құнарлы топырақтарда өседі. Қышқылды топырақтарда нашар жетіледі. Топырақта ылғалдың мөлшерден тыс көп немесе аз болуы өсуін қиындатады. Сортаң топырақта да өсе алады. Жас өскіндері көктемгі суыққа төзімді.. Тұқым арқылы көбейеді. Тұқымдарының түсі қара, бұжырлы, үш өткір қырлы, жұмыртқа пішіндес болып келеді. Тұқымының құрамында 0,8-1,4% эфир майы және 28-30% қою майлар болады. Жас өскіндер тұқым себілгеннен кейін екі айдан соң гүлдейді (маусым-шілде айларында). Ал тұқымы қыркүйек, қазан айларында пісіп-жетіледі Қара зере Жерорта теңізі аумағында, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Европада, Кіші және Орта Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Пакистанда, Үндістанда, Қытайда, Солтүстік Африкада, Орталық және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде және Солтүстік Америкада кең таралған.

2.2 Қара зере туралы ғылыми жұмыстар

Қара зеренің қасиетіне ғылыми дәлелдер: 1959 жылдан бастап әлемде қара зеренің емдік қасиетіне байланысты 1000-нан астам ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Олардың таңқаларлық нәтижелерә туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми мақалалар мен баяндамаларда жарияланды. Адам денсаулығының тұрақтылығын сақтайтын әсерлі компонент сол жылықара зере құрамынан анықталды. Кейбір ауруларды емдеуде қара зеренің тиімділігін клиникалық зерттеулер де дәлелдеді. Осылай қара зеренің маңыздылығы туралы осыдан 1400 жылдан астам уақыт бұрын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқаны көркем түрде дәлелденді.

Ибн Қайып Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» деген кітабына қара зеремен емделген 50 шақты аурудың тізімін енгізген. 1960 жылы профессор Дахакна жүргізген зерттеуінде қара зеренің майы артритті емдеу кезінде қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылатынын дәлелдеп шықты.

1960 жылы ғалым Махфуз бен оның әріптестері қара зере майы қолқа демікпесін емдеуде қолданып жақсы нәтижеге қол жеткізді. Тарихы

Қара зерені бірнеше ғасырдан бері миллиондаған әлем тұрғындары салауатты өмір салтын сақтау үшін емге қолданып келеді. Шығыс халықтары оны тамаққа дәмдеуіш ретінде де пайдаланады. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдіктің емдік күшін көптеген мұсылман ғалымдары, сондай-ақ Ибн Сина мен әл-Бируни (Х-ХІ) де мойындап, өз еңбектерінде атап өткен

Қара зеренің емдік қасиетінің молдығын мұсылман жұртшылығы ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздан (с.а.с.) біледі. Сол уақыттан бергі 15 ғасыр ішінде бұл шипалы өсімдік халықтық медицинада кең қолданысқа еніп кетті. Хадистердің бірінде қара зеренің бойы тұнып тұрған ем екендігі былай білдірілген:

«Қара зерені пайдаланыңдар, расында онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар» (Бұхари, Тыбб, 7; Мүслим, Сәлам, 88).

Әнас ибн Мәліктің (р.а.) риуаятына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) науқастанған кезде қара зерені алып, оны сумен не балмен қосып ем ретінде қабылдаған.

Халид ибн Сағыд та өзі куә болған мына оқиғаны былай деп әңгімелейді:

«Бір сапарда Ғалиб ибн Әбжар сырқаттанып қалды. Мәдинаға жеткенде де кеселінен айыға қоймады. Жағдайын білуге келген Ибн Әбу Атиқ бізге: «Сендер оған мына қара зерені беріңдер. Алты не жеті түйірін алып ұнтақтап, мұрнының екі жағына кезек-кезек майға қосып тамызыңдар. Өз басым Айшадан (р.а.) Расулаллаһтың «Расында осы қара дән (қара зере) өлімнен басқа барлық дертке шипа» деген хадисін естігенмін» деді». (Бұхари риуаят еткен).

Соңғы жарты ғасырдан бастап қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Нәтижесі таңғаларлық. Мұны клиникалық зерттеулер де дәлелдеп отыр.

1960 жылы профессор Дахақна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген.

1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталды.

АҚШ-тағы зерттеулерде қара зеренің улы заттарға қарсы ересен емдік күші бар екендігі дәлелденді.

АҚШ-та фармокологиялық фирмалар қара зеренің негізінде жаңа емдік препараттар жасайтын арнайы зертхана құрды.

Мюнхендік иммунолог доктор Питер Шлейкер (Германия) Құрама штаттардағы медициналық мекемелермен бірлесе зерттеулер жүргізіп, соның нәтижесінде қара зеренің негізінде түрлі ауруларға ем рецептерін түзіп шықты.

1991 жылы үнді онкология институтының ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін «Ethno pharmacology» атты журналда жариялады. Онда қара зеренің қатерлі ісікке қарсы да емдік қасиеті бары да жазылған.

2.3 Қара зеренің емдік қасиеті

1979 жылы дәрігер Агарвала қара зере майы бала емізетін әйелдердің сүтін көбейтетінін зерттеп дәлелдеді. Иммунитет пен айыршықты без. Адамның денесі шамамен 1-10 миллиард генотиптік ұқсас жасушалардан тұрады. Жасушалардың бөлінуі кезінде әрбәр миллионыншы жасушаның мутацияға ұшырайтынын ескеретін болсақ, адамның денесінде шамамен денесінде шамамен 10миллиондай аномальді, ауытқушы жасушалар бар болып шығады. Иммунитеттің арқасында организм бөгде заттар мен құрылымдарды тез танып, жойып жібереді. Иммунитет ескірген жасушаларды, белоктарды, шлактарды шығарып, организмге қажетті белоктар мен жасушаларды, олардың ішінде белгілі бір топтағы қанның жасушаларын да, қайта қалпына келтіріп, екіқабат кезде бөгде денені сақтау арқылы организмнің өмірлік қызметін нығайтады. Бүгінде АҚШ пен Батыстағы мемлекеттердің ғалымдары қара зеремен СПИД-ті емдеу жолдарында зерттеуде екен. Ал дәл қазір осы май халал дүкендерде сатылып жатыр. Дей тұрғанмен, біздегі көп адам онымен қайтіп емделу керек екенін біле бермейді. Сондықтан оны кейбір ауруларға қалай қолданатынын айта кеткенді жөн көрдік.

Қара зеренің иммундік қасиеттері. Иммунитет-организмдегі белгілі бір жасушалардың басқа организмдердің жасушаларынан келген не өзінің жасушаларынан келіп, дененің басқа жасушаларымен ұқсастығын жойған бөгде заттар мен құрылымдарды тез танып, байлап, жойып жіберу қабілеті. Дені сау адамның организмі бөгде заттар мен құрылымдардан, олардың ішінде сырттан және іштен шыққан ауру тудыратындарынан да, үздіксіз түрде арылып отырады.

Иммундық жүйені күшейтеді. Бүйректегі және қуықтағы тастарды ерітеді. Көптеген вирустар мен бактерияларды жояды. Ішектегі паразиттерді шығарады. Есте сақтау қабілетін жақсартады. Артериялық қысымды төмендетеді. Тәбетті ашады. Холестеринді азайтады. Ауырсынуды жояды

Пайдасы Асқазан-ішек жолдары үшін өте пайдалы. Ол – ішек микрофлорасын қалыпқа келтіреді, диярея және метеоризмнен құтқарады. Американдық ғалымдар, қара зере майын онкоголиялық аурулар кезінде қолдануға болатындығын мәлімдеді. Оның құрамында тимохинон және тимогидрохинон бар. Бұл заттар – қатерлі ісік жасушаларын 52%-ға азайтады. Емізу кезінде майды ішіңіз, ол лактацияны жақсартады. Диабеттен зардап шегетін адамдарға көмектеседі. Өйткені, қара зере майы қандағы инсулин деңгейін нормаға келтіреді. Сонымен қатар, бұл дерттің пайда болуын болдырмайды. Оның көмегімен: экзема, дерматит, псориаз, жаралар және безеу сияқты тері ауруларын емдейді. Сондай-ақ, ауыз қуысына тигізетін пайдасы мол. Тістің ауруы, пародонтит, тіс еттерінің қабынуы және т.б. проблемалар кезінде қолдануға болады. Жүрек-тамыр жүйесіне оң әсерін тигізеді. Бұл май – капиллярларды күшейтеді, қан айналымын жақсартады және ұйыған қанның пайда болуына жол бермейдіСинонимдері: Nigella Sativa Oil, Virgin black cumin oil, black seed, чернушка, мацок, нигелла, римский кориандр, ниелле (фр., нем.) , мелансион (греч.), шониз, сиах дана(перс.) .

Қара зеренің, негізінен, дәнектері мен майы емге пайдаланылады. Мәселен, қара зере майы аллергияны, қышыма мен псориазды бәсеңдетуге, демікпеге қарсы ағзаның иммунитетін арттыруға, асқорыту қиындағанда, жоғарғы қан қысымы байқалғанда емге пайдаланылады. Түрлі витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтермен қатар, қара зере майының құрамында көмірсулар, белоктар мен майлар да бар. Өсімдік майы негізгі маймен қатар майлы қышқылдардан да түзіледі. Осы себепті аталғандардың соңғысы қанықпаған майға жатады. Зерттеуші медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В витаминдері, линолей қышқылы, олеин қышқылы, пальмитин қышқылы, эйкозен қышқылы, стеарин қышқылы, альфа-линолен қышқылы құрайды. Ол сондай-ақ нигелон семохиропинон немесе меланин секілді арнайы белсенді компоненттерге де ие.

Баспаға «ангина» ұшыраған кезде қара зере майының екі-үш тамшысын тамызғыш арқылы таңдай бездеріне тамызады. Болмаса мақтаны майға батырып, онымен таңдай бездерін сүртуге болады. Осы емді күніне үш-төрт мәрте қайталайды. Емнің ұзақтығы екі – үш күн.

Созылмалы ангинада мақтаны қара зере майына батырып, онымен таңдай бездерін сүртіп, сосын сыртқы аймағын маймен сүрту керек. Содан кейін мұрынға бір – екі тамшы май тамызады. Егер қыздырса, мұрыннан қақырық түсірсе қорықпаңыз. Ол бес – он минуттан кейін тоқтайды.

Құлақ ауруы - құлаққа бір тамшы қара зере майын тамызу керек. Ол құлақты тазалап, ауруын басады. Жарты шай қасық қара зере майын күніне бір рет ішу керек.

Көк бауырдың қабынуына қарсы - бір стакан қайнаған суға бір шай қасық укропты қосып, үш – бес минут қайнатады. Оған жеті тамшы қара зере майын қосып, бір апта ішу керек.

Мұрынның бітелуі - қара зере майына малынған мақтаны 15-20 минут мұрынға қояды. Тұмау қатты тигенде мұны қайталайды.

Жөтел - күшті жөтел кезінде 3-5 тамшы қара зере майын тілдің түбіне таңертең және кешке тамызады.

Кеуде аурулары және суық тию - жарты ас қасық қара зере майын қайнап тұрған суға тамызып, буымен дем алу қажет. Қақырық түспеген жағдайда жарты шай қасық қара зере майын жарты стакан лимон шырынымен қосып ішу керек. Оған аздап бал қосып ішуге болады.

Әлсіздік - он тамшы қара зере майын апельсин шырынымен араластырып, таңертен ұйқыдан оянған мезгілде ішу керек. Мұны 10 күн бойы қайталайды.

Шаштың түсуі - шаштың түскен жеріне қара зере майын жағады. Сонымен бірге, тамақтан 15 минут бұрын, таңертен және кешке жарты шай қасық қара зере майын 1 ас қасық бал қосылған жарты стакан сумен ішу керек.

Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынандай ауруларға ем екендігі белгілі.

Қара зере майының емдік қасиеттері көптеген ауруды емдеген кезде, сондай-ақ профилактикалық препарат ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда өнім келесі жағдайларда айтарлықтай пайдалы:

Қандағы холестеринді азайтады;

Ағзаны улы заттардан тазартады;

Иммунитет жүйесін күшейтеді;

Инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;

Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;

Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;

Құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;

Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;

Ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;

Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе т.б.);

Өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады;

Несеп жолдарын тазалайды;

Ішті жүргізеді;

Ішек құрттарын жоюға көмек береді;

Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;

Сүйелді кетіреді;

Жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем;

Белсіздікке ем;

Семіздіктен арылуға көмектеседі;

Тәбетті арттырады;

Асқазанның ойық жарасын (язва) жазады.

Зере біздің дастарханымызда

Зере біздің дастарханымыздағы барлық тағамдарға ( сорпалардан бастап, салаттарға дейін) ұмытылмас тамаша дәм сыйлайды. Әсіресе, зере қосылған печенье. Дербес екі мемлекетке айналған бұрынғы Чехословакияда зере жемісі себілген тоқаштар, қазіргі күнге дейін таңғы кофені толықтыратын негізгі тағам.

Қара зере шайы

Бүгінгі күні қара зеренің дәндерінен қайнатылған арнайы шай да жасалады. Бұндай шай көбіне іш кебу, іш өту және өт шаншуы сияқты ауруларға ем. Жас босанған сүті аз әйелдерге де оның пайдасы зор.

2.4 Қарсы көрсетілімдер мен зияны

Қолданар алдында егер оны қолдануға қарсы көрсетімді ескермесек, майдың денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін екенін есте ұстаған дұрыс. Аталмыш өнімді мынадай жағдайларда қолдануға болмайды:

Жүктілік кезінде. Зеренің құрамында жатыр тонусын күшейтуі мүмкін фитогормондар бар. Оның салдарынан жүктілікті тоқтату қауіпі туындайды;

Қысым төмендеген кезде;

Ағзаларды ауыстырған кезде. Дене мүшелері ауыстырылғаннан кейін қара зеренің әсерімен ішкі ағзалар функцияларының күшеюі есебінен донорлық тіндердің қабылдамауы орын алуы мүмкін.

Ойық жара, гастрит, панкреатит асқынған кезде маймен емделудің уақытша тоқтатқан дұрыс. Ұсынылған мөлшерді асыруға болмайды, өйткені ол бас ауруына, дәреттің бұзылуына, күретамырлық қысымның төмендеуіне алып келуі мүмкін. Аталмыш белгілер пайда болған кезде препараттың мөлшерін азайтып, жалпы көңіл-күйді бақылау керек.

Қара зере – пайдалы қасиеттерін адам өзінің пайдасы үшін пайдалануды үйренген өсімдік. Табиғаттың берген осындай сыйынан бас тартуға болмайды, оған қоса, емдік дәрі-дәрмектермен салыстырғанда аталмыш табиғи өнімді дұрыс таңдап, дұрыс пайдаланса уландырмайды

3.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

Соңғы жылдары әлем бойынша қара зере майын май күйінде ішке қабылдаудың орнына , капсула күйінде ішкен әлдеқайда жақсы екенін алға тартамыз. Сондықтан әлем бойынша нарыққа қара зере майын желатинмен қапталған капсула күйінде көптеп шыға бастады. Желатинді қабықшасының арқасында өнім ұзақ мерзім бойы өзінің емдік қасиетін сақтайды, өйткені май оттектің әсер етуіне душар болмайды, яғни қышқылданбайды. Құйып сатылатын маймен салыстырғанда капсулалардың тағы бір ерекшелігі – мөлшерлеуінің дәлдігі, өйткені капсуланың ішінде өнімнің белгілі бір мөлшері ғана болады.

Желатинді капсуладағы қара зере майы – тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденген, өзінің қасиет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!