Қарағай ағашы 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарағай ағашы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарағай ағашы 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:___________

Пәні: Биология

Сыныбы: 6

Мұғалім: Сыгаева Арайлым Жалелқызы

Тақырып: §40. Қарағай және оның тұқым арқылы көбеюі
Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қарағай және оның көбеюін мысалға алып, қылқанжапырақтылар жөнінде толық мәлімет беру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың интерактивті тақта арқылы видеоматериал, слайд,

 көрсету арқылы ой өрісін дамыту.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға,  Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: слайд, таратпа карталар, қарағайдың бүрлері, суреттер

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 2.мин

  2. Үй тапсырмасын тексеру – 15.мин

  3. Жаңа сабақ – 20.мин

  4. Бекіту – 5.мин

  5. Үйге тапсырма беру – 2.мин

  6. Бағалау – 1.мин

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу
II. Үй тапсырмасы:

  • Тұқым мен спораның айырмашылығы қандай?

  • Тұқымды өсімдіктер қандай бөлімдерден тұрады?

  • Ашықтұқымды деген не?

  • Жабықтұқымды өсімдікке мысал келтір

  • Сүрек деген не?

  • Ашықтұқымды өсімдіктерді неге «қылқанжапырақтылар» деп атайды?

  • Сабағын қалай атаймыз?

  • Дің қандай бөлімдерден тұрады?

  • Қылқанжапырақты өсімдіктерді ата

  • «бірүйлі», «екіүйлі» дегенді қалай түсінеміз?

  • Кәдімгі аршаның ерекшелігін айтып бер. Неліктен оны «бүржидек» деп атайды?

III. Жаңа сабақ:

Жер шарында 700-ге жуық қылқанжапырақты өсімдіктер бар, солардың 100-ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді екен.

Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік. Бірүйлі деген не еді?

Кәдімгі қарағай жарық сүйгіш өсімдік, тік өсетін діңінің биіктігі 20-40 метрге жетіп, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы алқапта өсетіндерінің діңі жуан, бойы сәл аласа болып келеді. – Неліктен?

Құмда, тау беткейінде, тереӊге кететін кіндік тамырдан өзге жанама тамырлар шығады. Ұзын жанама тамырлардан ұсақ тамыршаларға тармақталады. Осы ұсақ тамыршаларда микориза (гр. «микос»-саңырауқұлақ, «риза»-тамыр) түзіледі. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтан органикалық затты сіңіруге көмектеседі. Селбесу деген не?

Діңі: қабық, сүрек және нашар білінетін өзегінен тұрады.

Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады.

Қарағайдың бұтағында әртүрлі бүрлер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Көктемде үлкендігі 5мм-ден аспайтын қызғылт түсті аналық бүрлер және сары түсті аталық бүрлер өсіп шығады. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі – тұқымдық деп аталады. Екеуі бір-бірімен тұтасып кетеді. Тұқымдық қабыршақта 2 тұқымбүршік түзіледі. Аталық бүрлер жас өркеннің бойында тығыз топтаса орналасады. Аталық бүрлердің қабыршағының төменгі жағында тозаң түзілетін 2 тозаңқапшықтары бар. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан, желмен алысқа ұшып таралады.

Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық болып жетіледі. Желмен ұшып келген тозаңдар аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. Жабылған қабыршақтардың сырты шайырмен желімделеді. Жұмыртқа жасушасы болмағандықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды.

  • Жұмыртқажасуша деген не? ( аналық жыныс мүшесінде дамиын аналық жыныстық жасуша).

Аналық бүрдің көлемі ұлғайып жасыл түске ауысады. Тұқымбүршікте эндосперм – қоректендіруші ұлпа пайда болады. Сөйтіп онда жұмыртқажасушасы пайда болады, оған кемінде 1жыл уақыт кетеді. Аталық және аналық жасушалардың қосылуынан зигота түзіледі. Зиготадан ұрық дамиды. Ұрық эндосперм есебінен қоретенеді. Тұқым аналық бүрде түзіледі. Тұқым ұрықтан, эндоспермнен және тұқым қауызынан тұрады.

Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр енді қоңыр түске ауысады. Бүрлің ұзындығы 4-6 см-ге жеткен кезде ол пісіп жетіліп, қабыршақтарын ашады. Ашылған қабыршақтардан тұқым анық көрінеді.

Емдік қасиеті

Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай - ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.

Қазақстанда
Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың солтүстік - шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі.

IV. Бекіту:

  • Қарағай ашық далада және қалың орманда қалай өседі? (дәптерге жазу)

  • Тамыры қай типке жатады?

  • Микориза деген не?

VI. Бағалау:
VII. Үйге тапсырма
: §40. Қарағай және оның тұқым арқылы көбеюі, 96-суретті салу, канспект жазу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
1521
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі