Материалдар / Қарахан баба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарахан баба

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ елінің ескерткіштерге бай екенің көрсетеді.Қазақ жерінде тарихи ескерткіштер көп соның бірі Қарахан баба.Біз осы ескерткіштердің құндылығын жоғалтпай жастарға насихаттап отырсақ ұллтық құндылығымызды жоғалтпаймыз және патриот азамматар саны көбейеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
681
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №29 Ю.Гагарин атындағы орта мектебі»КММ

480016, тараз қаласы. Б.Прманов көшесі,№138 тел: 464938,taraz_29@mail.ru















ҒЫЛЫМИ ЖОБА







Тақырыбы:

 Аулие-Ата біз білмеген сырлары







Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саясат маршруттары

Секция: Өлке тану

Орындаған: Уазханов Бексұлтан 10 сынып оқушысы

Жетекшісі: Шүленбаев Рахат Құрманаліұлы

















Тараз 2020-2021 оқу жылы



Мазмұны:





Кіріспе ...................................................................................................................6

Зерттеу бөлім:

1.1.Қарахан аулиеті.....................................................................................8

1.2. Қарахан мемлекетін қалаушы............................................................11

1.3. Аулие ата біз білмеген сыры..............................................................13

1.4. Тұран Елінің  патшасы Сары Оғлан Қараханның өсиеті................16

Қорытынды...........................................................................................................23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................24

Зерттеу күнделігі..................................................................................................25

Қосымшалар









































Аннотация

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты – Аулие-Ата елінің мәдени, тарихи потенциялы қаншалықты биік екенін және сол арқылы біз білмеген сырларын ашып көрсету.

Осы тақырыпты таңдаған себебім, Тараз қаласының қақ ортасындағы

Аулие-Ата Қарахан атымен белгілі билеушінің мазары осы кесене ішінде кім жатқандығы өте маңызды, талай зерттеушілерді толғандырғандығы сөзсіз.Бұл қазіргі кезде өзекті, өте кұрделі мәселе.

Бұл тақырыптың өзектілігіне келетін болсақ, Аулие-Атаның біз білмеген сырларын қазақ еліне көрсету. Ең бастысы ұлттық құндылығымыз және тарихи жетістігіміз паш ету.

Жұмыстың құрлымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделеді және ғылыми жобаның мақсаты мен негізгі мәселелері анықталады, зерттеу нысаны мен мәселені зерттеу әдістемесі көрсетіледі

Бірінші бөлімде Тараз қаласы туралы қысқаша мәліметтер қарастырылады және маңызы ашылады. Екіші бөлімде Аулие-Ата мен Қараханның байланысы жөнінде айтылады Үшінші бөлімде Қарахан мен Айша бибіні таныстырмақшы едім

Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі Аулие-Ата мен Қараханның көп жылдық тарихы, ашылмаған жаңа тың деректерге қол жеткізуге болады.

Ғылыми жобада нормативтік және заң шығарушылық құжаттар, мақалалар, кітапхана құжаттарын қолдандым. Соңында келтірілген қосымшалар зерттеу жұмысының барысын көрсетеді.






















Абстракт



Основная цель научного проекта-показать, насколько высок культурный, исторический потенциал страны Аулие-Ата и тем самым раскрыть тайны, о которых мы не знали.

Причина, по которой я выбрал эту тему, в самом центре города Тараз

Могилы правителя, известного под именем Аулие-Ата Карахан, очень важно, кто находится внутри этого мавзолея, что, несомненно, волновало многих исследователей.Это очень серьезная проблема, актуальная в настоящее время.

Что касается актуальности этой темы, то показать казахам тайны Аулие-Ат, о которых мы не знали. Главное-показать свои национальные ценности и исторические достижения.

Структура работы состоит из введения, трех глав, заключения, использованной литературы и приложений.

Во введении обосновывается актуальность темы и определяются цель и основные проблемы научного проекта, указывается объект исследования и методика исследования проблемы

В первом разделе рассматриваются краткие сведения о городе Тараз и раскрывается его значение. Во второй части рассказывается о связях Аулие-Ата и Карахана в третьей части я хотел бы представить Карахана и Айшу Биби

Теоретико-методологическая основа работы-многолетняя история Аулие-Ата и Карахана, доступ к нераскрытым новым источникам.

В научном проекте использованы нормативные и законодательные документы, статьи, библиотечные документы. Приложения, приведенные в конце, отражают ход исследовательской работы.

















Abstraction



The main goal of the research project is to show how high the cultural and historical potential of the Aulie-ATA country is and thus reveal secrets that we did not know about.

The reason I chose this theme is in the heart of Taraz city

Graves of the ruler known as Aulie-ATA Karakhan, it is very important who is inside this mausoleum, which undoubtedly worried many researchers.This is a very serious problem that is currently relevant.

As for the relevance of this topic, show the Kazakhs the secrets of Aulie-At, which we did not know about. The main thing is to show your national values and historical achievements.

The structure of the work consists of an introduction, three chapters, conclusion, references and appendices.

In the introduction relevance of the topic and determine the purpose and main issues of research project, specify the object of study and research technique problems

The first section provides brief information about the city of Taraz and reveals its significance. The second part tells about the relations of Aulie-ATA and Karakhan in the third part I would like to introduce Karakhan and Aisha Bibi

The theoretical and methodological basis of the work is the long-term history of Aulie-ATA and Karakhan, access to undisclosed new sources.

The research project uses normative and legislative documents, articles, and library documents. The appendices given at the end reflect the progress of the research work.




















«Тараз – өткен мен бүгінгі күннің

арасын жалғастырушы киелі де

қасиетті желі, мәңгіліктің

бейне нышаны»

Н.Ә.Назарбаев.







КІРІСПЕ

Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласына келіп рухани жаңғырдық десек болады. Қаланың тарихымен, нысандарымен танысып, білім көкжиегімді кеңейттім, рухани, мәдени азық алдым. Тараздың әлі де ашылмаған сыры көп

Қалалардың да адамдар секілді жастары болады. Олар ежелгі, жаңа, жас болып ерекшеленеді. Ежелгі қалалардың біріне Тараз қаласы жатады. Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен қалған: Талас, Тараз, Яны-Тараз, Наманган-Көше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл. Қаланың 2000 жылдық тарихы тікелей осы аттармен байланысты. Сол кезеңді қысқаша шолып өтейік.
Көптеген жылдар бойы ғалымдар Тараздың құрылған жылы жайында пікірталаста болды. Архелогиялық жазбаларға жүгінсек бұл қалаға халық б.э. 1 ғасырында қоныстана бастаған. Ірі ғалымдардың бірі, шығыстанушы В.В.Бартольд Тараз қаласы б.э.д. салынған деген. Өкінішке орай жазбалардың аздығынан Тараз туралы толық мәлімет жоқ. Дегенмен, архелогиялық қазбалардың деректеріне жүгіне отырып, біздің ежелгі қаламыздың қай жылы кіммен соғылғанын білуге болады

Әулие-ата күмбезі – 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкентишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қасбеті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұхарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Әулие-ата күмбезі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қасбеті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.
Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар бар. Сондағы аңызға құлақ асайық.
Ежелде Қарахан атты батыр болған деседі. Ол Айша бибіге ғашық болады. Бірақ Айша бибінің әкесі мен Қарахан батыр бір-біріне жау болатын. Бір күндерде Қарахан Айша бибінің әкесінің ауылын шауып, Айша бибіні алып қашпақшы болады. Қарахан Айша бибіні алып қашып бара жатқанда әкесі жендеттерін жіберіп екеуін өлтіртпек болады.
Елінен ұзатылып Қараханмен бірге қашып бара жатқан Айша бала кезінен өскен жері Аса өзеніне бір шомылмақ бо­лып суға түседі. Осы кезде қыздың әкесі жіберген жендеттер Айшаның сәукелесіне жылан салып жібереді. Суға шомылып көңілі шаттанған Айша сәукелесін киген кезде жылан шағып, есінен танып, әлсірей бастайды. Осы сәтте Қарахан есінен танған Айшаны көтеріп алып, молдаға апарып, неке қиғыздырады.
Сол Айша бибінің қайтыс болған жеріне мазар тұрғызып, қасына өзі де бір орын қалдыртады.

Міне осылайша Тараз қаласына қатысты көптеген деректерден қаланың сол кездегі бейнесін анық көреміз





























І.Зерттеу БӨЛІМ

1.1 Қарахан аулиеті


Қарахандар әулетi 10-ғасырдың орта шенiнде қалыптасты. 12-ғасырдың басында ыдырай бастады. Олардың территориясы қазiргi Шинжаң өлкесi мен Жетiсу өңiрiн және Мауараннахрды (қос өзен аралығын) қамтыды. Қарахандар елiнiң екi орталығы болды. Оның бiрi Шу өзенi бойындағы Баласағұн қаласында, ендi бiрi Қашқар қаласында едi.

Қарахандар әулетiнiң шығу тегi мен бастапқы кезеңi жөнiнде нақтылы жазба дерек жоқтың қасы. Бұл туралы тарихшылар арасында алуан түрлi пiкiрлер айтылған. Олардың едәуiр бөлегi қарахандар әулетiнiң тегi ұйғырлар арасынан шыққан десе, ендi бiр бөлегi қарлықтар арасынан шықкан дейдi. Кейбiрi қарахандар хандығын ұйғырлар мен қарлықтар бiрлесiп құрған десе, тағы бiрi яғмалар мен шығылдар бiрлесiп құрған дейдi. Қарахандар әулетi бұрынғы түрiктiң ашына тайпасынан шыққан деушiлер де бар. Сөйтiп, қарахандар әулетiнiң шығу тегi туралы жоғарыдағыдай бес түрлi пiкiр айтылып келедi. Бұлардың бәрi қарахан мемлекетiн билеген әулеттiң шығу тегi туралы пiкiрлер. Қарахандар әулетi билеген мемлекеттегi халықтың этникалық құрамы едәуiр күрделi едi. Бұл ұлан-байтақ өңiрдi Гың Шымын «Қараханилар тарихына шолу», Шинжаң коғамдық ғылымы, 2-сан, 1982 ж қамтыған елде жоғарыда айтылған ұйғыр, қарлық, яғма. шығыл тайпаларынан басқа да көптеген тайпалар болды. Қараханилар мемлекетiнiң құрамына кiрген бiзге мәлiм тай­палар: үйсiндер, қаңлылар, дулұлар (дулаттар), телi, қыр-ғыз, қыпшақ, арғұ (арғын), яғма, оғыздар (ақшар), букриз. салғыр, бектелi, баяндұз, балт және баскалар. Демек, қараханилар мемлекетiнiң негiзгi халқы: ұйғыр, қазақ, қыр-ғыз, өзбек, оғыз ұлттары едi. Қарахандар мемлекетiнiң құра-мында түркi тiлдес халықтарымен қатар иран тiлдес ха-лықтар да болған. Оның қарамағындағы ұлыстар мен ха-лықтардың әрқайсысы өзiне тән өңiрлердеЧэаз баяғы қал-пында тiршiлiк өткiзiп отыра берген, қарахандар әулетi оларды жергiлiктi басшылар арқылы билеген.

Қарахандар әулетiнiң бастапқы кезеңi жөнiнде Совет Одағындағы зерттеушiлер көбiнесе Бартольдтiң пiкiрiн не-гiзге алады. Олардың айтуынша: «840-жылы қарлық бастау-, шысы, Исфинджапты билеушi Бiлге Қул Қадыр хан қаған атағын қабылдап, жоғарғы өкiметтi -алуға қақысы барын мәлiмдедi. Нак сол жылы саманилер Исфинджапты ба-ғындырды. Бiлге Қүл Қадыр хан өлгеннен кейiн қағанат-тағы билiк ушiн күресте оның., екi баласы суырылып шықты. Базыр Арслан хан Баласағунды, ал Оғұлшақ Қа­дыр хан Таразды билей бастады./Таразды Саманид Исмаил Ибн Ахмед басып алғаннан кейiн (893-жылы) Огұлшақ аз уакытқа Қашқарға баруға мәжбүр болса керек. Одан 904-жылы ол Саманилер иелiгiне шабуыл жасады. Оғұлшақтың немере iнiсi Сатұқ Боғыра ханды (915—955) Қарахан әулетiнiң негiзiн салушы деп есептейдi^Исламдi қабылдап, саманилердiң қолдауын. пайдалана отырып, Сатуқ Боғыра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқан-дады. Сөйтiп Тараз бен Қашқарды бағындырды. 942-жылы ол Баласағұнды билеушiнi құлатып, өзiн жоғарғы қаған деп жарияладыгҚарахантяемлекетiнiң тарихы осыуақыттан басталды. Жұңго жылнамаларының осы дәуiрге тән жаз-баларында бұл iрi оқиға женiнде нақтылы дерек кездес-пейдi.

Қарахан билеушiлерi 10-ғасырдың ақырғы он жылын-да Мауараннахрды билеген саманиларға карсы соғыс жорығына аттанды. 990-жылы Хасен (һарун) Боiъiра хан бастаған қарахан әскерлерi Исфинджапты, 992-жылы сама-нилардың астанасы Бухараны алды. 999-жылы қарахан би­леушiсi Насыр Ибн Эли Мауараннахрға қайта жөрық бастады, 1005-жылы Мауараннахр бiржолата қарахандар-дыц қолына өттi. Бүрынгы саманилар патшалығына қарас-тi,; жер мен елдi қарахандар мен ғазнаулилар бөлiсiп аллы. Олардың арасындағы бөлiстiң шекарасы Амудария болды.

Қарахандар әулетiнiң алғашқы мезгiлiнен бастап мемле-кегтiк жоғарғы билеушiсiнiң қурметтi атағы «Арслан және Богра» (Бура) деп екiге айрылды. Зерттеушiлер-дii; айтуынша, Арслан ханның атағын шыгылдардьiк билеушiсi, ал Боғра ханның атағын яғма көсемi алды. Тегiнде -Арслан шығылдардың, ал Боғра яғмалардың кө-семi болса керек1. Әйгiлi ғалым Притсактың айтуынша, Арслан қарахан ең жоғарғы басты билеушi есептелген. Оның астанасы Баласағұнда болған, ал Боғыра қарахан қосшы билеушi есептелген, оның астанасы алғашында Таразда, одан соң Қашқар қаласында болған. Арслан Қарахан өлсе, оның орнына Боғыра қарахан отырып, Арслан Қарахан атағын алатын болған. Қарахандар әулетiнiң жоғарғы билеушiсi саналған Арс­лан хан Сулеймен (Шафар Ад-Даула) 1042-жылы өзiне Қашқар мен Баласағунды алып қалып, басқа қалалар мен аймақтарды балалары мен туыстарына улестiрген. Бул жайтты араб тарихшысы Ибн Әл-Асыр былай баяндайды: «Баласағунның және түрiктер елiнiң патшасы Шараф Ад-Даула болды. Бул оларға (аға-iнi, балаларына және басқа өзiне бағынышты туыстарына) қалаларды бөлiп бердi, әзi-нiң туысы Арслан тегiнге көптеген түрiк қалаларын бердi. Боғыра ханға Тараз бен Исфинджапты бердi, ағасы- Тока ханға Ферғананы түгелдей бердi. Баласы Эли тегiнге Бұха-раны, Самарқанды және басқаларын бердi, өзi Қашкар мен Баласағұнды қанағат тұтты». 10-ғасырдың ақырында қарақандар әулетi екi топқа жiк-телiп, Эли Арслан ханның ұрпақтары мен Хасен (һарұң) Боғыра ханның ұрпақтары бiрi-бiрiмен қырқысып келген едi. 11-ғасырдың қырқыншы жылдарында бұл одан арман ұлғайып, ақырында Қарахан мемлекетi дербес екi қаған-дыққа — Шығыс қағандығы және Батые қағандығына бө-лiндi. Шығыс қағандықтың территориясы Жетiсу еңiрi мен Қашқар, Хотан аймақтарын және Ферғананың бiр ба-легiн қамтыды. Оның жерiнiң шығыс солтүстiк шекарасы Күшардың оңтүстiгiне жеттi. Шығыс қағандықтың астанасы Шу езенi бойындағы Ба-ласағұн қаласының қасындағы Құзордада болды. Боғыра хандығының саяси орталығы Қашқар қаласында едi.

Қарахандар әулетiнiң өқiмет билiгi ұшiн күрескен iшкi тартыс өте-мөте Шығыс қағандықта шиеленiсе түстi. 1056-жылы Яған тегiн Мұхаммед Боғыра хан өзiнiң ағасы Арслан ханның иелiгiне шабуыл жасап, оны кұйреттi, бiрақ ұзамай өзi де қаскөйлiкке тап болып, у берiп өлтiрiлдi. Бү-дан соң үкiмет билiгi Боғыра ханың баласы Ибраһимнiң қо-лына өттi; Ол да ұзақ дәурен сүре алмады, Барыс Ханды билеген Инал тегiнге қарсы соғыста қаза тапты. Бұл оқиiа-дан кейiн Қадырхан Жүсiптiң балалары: Тоғұрыл хан мен Боғыра хан һарұн Шығыс қағандықты он бес жыл (1059—1074) биледi. Олардың тұсында Ферғана өңiрi Шығыс қағандыққа бiрiктiрiлдi, ал екi қағандықтың шекара-сы Сырдария өзенiнiң бойымен өттi. Ендi өкiмет билегi Осы кезде мейлiнше кушейген Селжұқ мемлекетi қара-хандарға хауiп төндiрдi. Селжұк сұлтаны Мәлiк-шах (1072—1092) жер қайыскан әскерiн бастап 1089-жылы қарахандар мемлекетiнiң батыс қағандығының территория-сына шапқыншылық жасап, қағандықтың астанасы Самар­қант қаласын жаулап алды, одан соң Үркент кала-сына келдi. Оларды тойтаруға шарасыз қалған Боғыра хан өзiн Мәлiк шахқа тәуелдi бодан деп мойындауга мажбур болды. Сөйтiп, Қарахан мемлекетi Селжуқ сул-тандарына тәуелдi болды. Бiрақ Селжуқ султандары Қара­хан елiн тiкелей меңгерген жоқ, тек қараханилар әулетi му-шелерiнен өздерiне қолайлы хандарды тағайындаумен сана шектелдi. Нақ осы кезде Тоғұрыл Қашкар қаласын қоршап, Богыра хан һарунды тутқынга алды, бiрақ Атбашты иеле-нушi Яқұптың арага тусуi арқасында һарун тутқыннан боса-тылды. Мәлiк Шах Яқұппен келiсiм жасап, Ұзкенттен кеттi.

Қарахандар әулетi Орта Азия өңiрiндеғi iрi феодалдык. мемлекет болды, қарахандардың ең жоғары билеушiсi хақан деп аталды. Қарахандар әулетi өздерiн «тәбғач>> хан деп атаған. Тәбғач Жұңго деғен сөз, қарахан елi-нiң хандары «Арслан хан» және ‘«Боғыра хан» деп атал­ды. Қарахандар қоластындағы ұлестiк жерлердi билеуiмi iлек хандар қағанның жер-жердегi өкiл әкiмдерi едi. Бұлар қағанның туыстары болатын. Жоғары лауазымдардың бiр турi теғiн (Арслан тегiн, Боғыра тегiн) деп атаЛ/ш. Бұлардын тыс, ұга, еркiн (Кул еркiн), сағұн (кун сағұн) атағын алған билеушiлер болды. Хан сарайында (қаршыларда) ханға ең жақын адам уәзiрлер едi. Бүқiл елдiң әскери, әкiмшiлiқ және шаруашы-лық жұмыстарын басқаратын лауазым иелерi бұғұрұш, абғұ, түксин сияқты ұш жүйеге жiктелдi. Хан сарайындағы тапұқшылардың (мәнсаптыларддiң) белгiлi штаты болды. Мұндай мәнсаптар: субаш (әскери қолбасы), бекұлұғха-жип (бас кеңесшi), ялауач (елшiсi), батыкчы (хатщы)’, қабих баш (сарай күзетiнiң бастыгы), хорұқчьГЧесiк қорушы), ағчы (қазынашы), аспаз, тағы басқалар болды. Қарахан мемлеқетiнде қалалар мен қыстақтарда мехтарлар, әкiмдер, райыстар болды. Пошташылардың бастығы — саһип-барида, алым-салық жинаушы бастықтар мұстауфа деп iлды./

|Тарихта 200 жылдай өмiр сүрген қараханилар мем-лекетi территоригясының бiр қанаты қазақ халқы қо-ныстанған жердiң ұлан-байтақ өңiрiн қамтыды, бұл дәуiрде қазақтар қараханилар мемлекетiнiң құрамындағы халық-тардың бiрi болды. Бұл қазақ халқының саяси, шаруа-шылық және мәдени өмiрiне, дiни нанымына және этникалық бiрiгуiне терең ықпал жасады, қазақ халқының құралуына елеулi рөл атқарды.



1.2. Қарахан мемлекетін қалаушы

Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты коныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатүқ Боғрахан (915-955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен Баласағүнды иеленді. Кейін бұл еңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.

X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті Саманилер мемлекеті феодалдық талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!