Материалдар / Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. "6 саны мен цифры, жасалуы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. "6 саны мен цифры, жасалуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. "6 саны мен цифры, жасалуы" Мақсаты: БМ: 6 саны және цифрымен таныстыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіру; заттарды санауға машықтандыру, ДМ: заттардың биіктігіне және еніне қарай салыстыруға, тура және кері санау қабілеттерін жетілдіру, балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін дамыту ТМ: ұқыптылыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
193
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 11.01.22 Тәрбиеші: Қажыкенова Д.Р.

Білім беру саласы/ бөлімі: Таным / Математика

Сабақтың тақырыбы: «6 саны және цифры, жасалуы»

Мақсаты: БМ: 6 саны және цифрымен таныстыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіру; заттарды санауға машықтандыру,

ДМ: заттардың биіктігіне және еніне қарай салыстыруға, тура және кері санау қабілеттерін жетілдіру, балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін дамыту

ТМ: ұқыптылыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, ойын.

Көрнекіліктер: демонстрациялық және үлестірмелі материалдар



Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотива -циялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық,

Балалар шаттық шеңберін орындайды..

Ұймдастырушы – ізденушілік кезең

1-тапсырма. Д/о: «Цифрды ата және көршісін тап»

- Балалар, қазір бір бала тақтаға шығып кез-келген бір цифрды таңдайды, сендер сол цифрды алдарыңдағы цифрлардың арасынан тауып атайсыңдар. Бір бала сол цифрдың көрші сандарын тауып атайды.

- 2 цифрына сәйкес келетін суретті тап, көрсет, ата. Т.с.с.

2- тапсырма. Д/о: «Қай цифр жетпейді?»

- Алдарыңдағы цифрларды тақтадағыдай етіп орналастырыңдар. Енді көзімізді жұмайық. Қай цифр жоғалып кетті? Атаймыз! Айналамыздан 1 рет кездесіп тұрған затты атаңдаршы. Екі рет. т.с.с Енді бір бала 4-ке дейін санайды. Келесі бала 5-ке дейін санайды.

3- тапсырма. Д/о: «Тура және кері санаймыз»

- Алдымызда тұрған жолақшаның жоғарғысына солдан оңға қарай тура санай отырып, 1-6-ға дейінгі сандарды орналастырып шығайық. Тақтаға бір бала шығады. Бәріміз бірге орындаймыз. Бәріміз тынышталамыз, тыңдаймыз, дұрыс санай ма екен, егер қателесіп жатса көмектесеміз. Бір бала 1-6-ға дейін тура санап шығады. Барлығы кезектесіп, жеке-жеке санайды.

- Алдымызда тұрған жолақшаның төменгісіне солдан оңға қарай кері санай отырып, 6-1-ге дейінгі сандарды орналасытармыз. Тақтаға бір бала шығады. Бәріміз бірге орындаймыз. Бәріміз тынышталамыз, тыңдаймыз, дұрыс санай ма екен, бір бала 6-1-ге дейін кері санап шығады. Барлығы кезектесіп, жеке-жеке санайды.

Сергіту жаттығуы: Белiмiздi жазайық.

Ал, балалар, тұрайық. Оңға-оңға түзу тұр

Алақанды ұрайық Солға-солға түзу тұр

Оңға қарай иiлiп Жоғары-төмен қарайық

Солға қарай иiлiп Қолымызды созайық

Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызға күш жинап

Бойымызды созайық Бiр шынығып алайық.

4- тапсырма. «Реттік санаймыз»

- Балалар реттік қалай санаушы едік? Бәріміз бірге еске түсірейік.

- Енді алдарыңда тұрған жолақшаның жоғарғысына реттік санап отырып 6 тиін орналастырамыз.

- Бір бала тақтаға шығып жасайды, қалғанымыз бірге жасаймыз.Мына тиін нешінші тұр? Келесі баладан сұралады.

- Енді бұл тиіндерге бір-бір саңырауқұлақтан берейік. Мына саңырауқұлақты нешінші тиінге береміз? Ең алдымен қай тиін тұр? Келесі саңырауқұлақты нешінші тиінге береміз. Т.с.с.

5-тапсырма. «6 санымен ж/е цифрымен танысамыз!»

- Мына суретте неше үй бар?

- Мына суретте неше орындық бар?

- Бұлардың санын тауып көрсетіңдерші! Яғни, мынау 6 цифры. Жоғарыдан төмен қарай иіліп дөңгелек құрайды.

- Қане, ауада 6 санын жазайық. Сұқ саусағымызбен 6 цифрының бойымен жоғарыдан төмен қарай иіліп дөңгелек сызамыз. Тағы бір рет қайталаймыз.

«6 саны қалай жасалады?»

5 саны қалай жасалатынын еске түсірейікші. Неше текшеге неше текшені қосар едік? Енді:

- Менің қолымда неше текше бар, санайықшы!

- Оған тағы 1 текшені қостық, неше текше болды? Санаймыз

- Оны қайдан білдіңдер? Қай санға 1-ді қостық?

- Ал енді алдарыңда тұрған геометриялық денелердің көмегімен 6 санын жасап көрейікші.

- 6 санын қалай жасай алады екенбіз? Жаңағы текшелер сияқты 5 үшбұрышқа + 1 қоса аламыз.

- Керемет, қайталайық. Сонымен 6 санын қалай жасауға болады екен?

- Айтыңдаршы, 6 санында неше бірлік бар екен? Санайық!

6-тапсырма. Заттарды биіктігіне және еніне қарай салыстыру.

- Мына жолақшаларды биіктігіне қарай орналастырып көрейікші. Аласа, биігірек, биіктеу, биік, өте биік.

- Балалар, мына суретке қараңдаршы, ағаштар қалай ерекшеленіп тұр екен? Мына ағаштың биіктігі қандай? Ал мына ағаштыкі ше?

Дұрыс, бұл – биік, ал мынау аласа екен.

- Енді келесі жолақшаларды орналастырайық: жіңішке, жуандау, жуанырақ, жуан, өте жуан.

- Балалар, мына суретке қараңдаршы, кітаптар қалай ерекшеленіп тұр екен? Мына кітаптың ені қандай? Ал мына кітаптыкі ше?

Дұрыс, бұл – жуан, ал мынау жіңішке екен.


Тапсырмалаларды орындайды.





Сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.




Балалар сұрақтарға жауап береді.





Сергіту сәтін бірге қимылмен жасайды





Тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.



Жолақшамен жұмыс жасайды



6 санын ауада жазады


6 цифрын тани біледі




6 санының жасалуын біледі




Сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.

Рефлексия

- Бір бүгін қандай цифрмен таныстық? Ауада жазайық!

- 6 санын қалай жасауымызға болады екен? 5+1

Әр баланы мадақтайды және үстелдің үстін реттеуді сұрайды.

Сабақты қорытындылайды;

Күтілетін нәтиже:

біледі: 6 саны мен цифрын, 6 санының жасалуын;

игереді: 6 санының дұрыс жазылуын;

меңгереді: 6 цифрын тануды, көп цифрлардың арасынан табуды


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!