Материалдар / "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" дидактикалық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілері мен осы мамандықты оқып жатқан студенттерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2019
1718
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Мектепке дейінгі

балалардың қарапайым математикалық

түсініктерін қалыптастыру»


пәні бойынша сабаққа арналған ойындар мен

тапсырмалар


Мамандық «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту »






















Қостанай 2019 жыл

Мектепке жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық

түсініктерін қалыптастыру пән әдістемесі бойынша практикалық сабаққа арналған тапсырмалар.

Мектепке дейінгі ең негізгі іс-әрекеті – ойын.Оқытып –үйрету барысында олар біртендеп ойын іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады.Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру,тиянақтау және бекіту,қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланылып жүрген дидиктикалық ойындар өте көп.Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарын туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың (негізінен 7 жасарлар) жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді.Сондықтан белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой елігінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін және оны пайдалану әдістемесін ұсынып отыр.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдың жиынтығын алдын- ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы керек.Мәселен ойынды жарыс турінде өткізу, аралық және ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды карточкаларды, т.б. әртүрлі шартты белгілерді; кеспе цифрлар мен таңбаларды, жұлдызшыларды және т.б.

заттарды пайдалану. Сонымен бірге ойын түрін түрлеріндегі көрнекі құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп тұру керектігін ескерген жөн.

Мектепке дейінгі баланы математиканы оқытуда логикалық жаттығулар мен есептер.

Мектепке дейінгі жаста баланың ойлауын дамытуда әртүрлі қарапайым есептермен жаттығулар пайдаланады. Бұл есептер де салынбаған пішінді табу, белгілер мен санды табу.

31-сурет артық фигараны тап.

32-суреттегі 5 бұрыш және 4 бұрышты тап.

33-бос торға қандай санды қою керек.

5-6 жасар бала мен жұмйс істегенде логикалық жаттығулармен ойындар баланың ақыл-ой әрекетін, яғни салыстыру белгісі бойынша жалпылау, сананы мақсаттылыққа үйретеді.

Қалыптастыру жаттығуларын орындау.

«Матрëшкалар» 34-сурет.

  1. Екі бірдей затты тап.

Бірдей зат түсі, көлемі пішіні бойынша.

3.Бұл жерде қандай фигура артық, сұрақ белгісі арқылы тұрған жерде.

4. Салыстыру фигураны орнына қою.

Балалардың шығармашылығымен орындалған математикалық тапсырмалар.

1-тапсырма.

3-қатар тұрған шарлардан соңғы қатарда қандай шар жетіспейді? 1-сурет.

2-тапсырма.3-қатар тұрған жолаушылардан қандай жолаушы жетіспейді?

3-қатар үйлердің ішімен қандай үй жетіспейді? 3-сурет.


Ойлауды дамытатын жаттығулар.

Мақсаты: /сөйлеудің оперативті дамуын зерттеу./

1 жаттығу. Мына сөйлемдерді салыстыру үшін,мына сөздер беріледі:

1/ шыбын-көбелек 2/ үй-үйшік 3/стол – стулья 4/кітап-дәптер 5/су-сүт

6/пианино-скрипка 7/қала-ауыл

Осы жөнінде балаға шыбынның не екенін білесің бе? Деп сұрақ қойылады. Оларды салыстыр:

Баланың жауабына анализ жасалады.Неше сөзге жауап бергенін қарастырады. Қай сұрақ балаға оңай болса соны біледі.Бала барлығына дұрыс жауап беру керек.

2 жаттығу 5у7

/ойлаудың жылдамдығын дамыту/

Балаға мына ойынды ойнауды ұсынасың. Сөздің басын мен айтам,сен оны одан әрі жалғастырасың.

Барлығы 10 буын.

1/бал 2/тер 3/ бе 4/ қа 6/қас 7/ал 8/ ой 9/кү 10/ да

Егер бала тез, оңай жауап берсе сол буыннан сөз құрауды айтады.

Мысалы, по-кой,по-лет. Дұрыс жауапты қадағалап, уақытты белгілеп ойлау жылдамдығын қарау қажет.

3 жаттығу.

Дайын картинаны көрсетеміз. Балаға осы картинаны көрсетіңіз,оның дұрыс орналасуын айтуы керек. Егер балаға бұл тапсырма қиын болса? Онда оңайынан бастаңыз. Өз ойыңыздан жаттығу ойлап айтыңыз. Ол жаттығу баланың ойын кеңейту керек.

4 жаттығу.

Кубик қолданылады. Балаға әр түрлі қиын жаттығулар ұсынылады. Мұны аз уақыт ішінде орындайды.

1 тапсырма. Кез келген кубикті жина немесе бір түсті 3 квадратты жинау керек.

2 тапсырма. Кубиктердің ішінен екеуін алып кейін 2 бір түстегі квадратты жинау керек.

3 тапсырма. Бір түстегі квадрат кубиктердің барлығын жинау керек.

4 тапсырма. Белгілі 1 түстегі барлық квадрат кубиктерді тез арада жинақтау керек.

5 тапсырма. Барлық кубиктерді жинап, оның үстіне толықтыру енгізу керек.

6 тапсырма. Бір түстегі 2 бөлімдегі кубиктарды жинау керек.

7 тапсырма. Бір түстегі 2 бөлімдегі кубикті жинап,оған қосымша бір түстегі 3 кубикті жинау керек.

8 тапсырма. Барлық кубикті жинап 2 бөлімге түсі бойынша орналастыру керек.

9 тапсырма. Бір түстегі бірнеше бөліктегі кубикті толық жинау.Егер бала тапсырманы толық орындаса? Оның ойлау жылдамдығы өте жоғары.





Қарапайым түсініктер тақырыбына арналған дидактикалық ойындар.


Мұнда: заттарды санау, әртүрлі белгілеріне (түсі, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру және кеңістікте орналасу қалпын анықтау;

уақыт аралығы жайында түсінік беру;

санау барысында << нешінші ?>> сұрағына жауап беру арқылы санның реттік сипаттамасын аңғарту.

Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу; геометриялық фигураларды танып-білу және ажырату жайында алғашқы мағлұматтар беру; ұзындықты өлшеудің мән-мағынасын ашу сияқты мәселелерді оқытып -үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды.

Олардың қатарында:<<Түс және пішін>>, <<Қанша?>>,<<Сәулетші>>,<<Біз нешеуміз?>>,<<Таныс фигураларды ата>>,<<Жеміс жинау>>,<<Жылдам ойлан>>,<<Жалғасып тап>>,<<Телефон>>,<<Дүкен>>,<<Ойыншықтар>>,<<Байқағыш бала>>,<<Жыл он екі ай>>,<<Аяқта>>,<<Қатесін тап>>,<<Стқырлы сандар>,<<Тізбек>,<<Не байқадың?>>,<<Қателеспе!>>,<<Бағдаршам>>,<<Сиқырлы қоржын>>,<<Ойнайықта ойлайық>>,<<Ханым дат>>,<<Эстафета>>,<<Бағыт>>,<<Кім қай партада отыр?>>,<<Қай уақыт, сағат неше?>>,<<Жеті күн>>,<<Көңілді санамақтар>> - ойындары бар.

Жеміс жинау.

Дидактикалық мақсаты.Заттарды санауға және оларды екі тобын салыстыруға ,өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.

Қажетті құрал жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері.

Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп,үш себетке жинайды. Бірінші себетке – алма, екінші себетке – алмұрт, үшінші себетке- әр түрлі жемістер теріледі.Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары хормен салыстырады.Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады.

Мысалы:<<Себеттегі алмалар нешеу?>>Себеттегі алмұрттар ше?

Бірінші себеттен бір алма , ал екіншісінен бір алмұрт алып қой.Осылайша әрі қарай жалғастыр.Себетте алмұрт қалды ма? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды,алма ше? Деген сұрақтар қоя отырып,ойынды әрі қарай жалғастыр.

Поезд құрастыру.

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңестікте орналасуы жайында түсініктер беру,орналасу қалыптарын салыстыру.

Қажетті құрал жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар.

Ойын мазмұны. Бес бала тақтаға шақырылады. Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейінше? Ең сонында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім тұр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесіншісі вагондардың арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық.Сонда неше вагон қалады?Тағы да 5 бала шақырылып, олар да поезд құрастырыады.Поездың қайсысы ұзын, қайсыс қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру уүшін не істеу керек? Деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді.Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады.







Кім жылдам.

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету.Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: бұрын, кейін, әуелі, алдымен, сонан кейін.

Қажетті құрал – жабдықтар.Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар,т.б. заттар.

Ойын мазмұны. Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орай түрліше ұйымдастыруға болады.

Мысалы: Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай,(кемитіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкінене дейін орналастырып шығамыз. Осыған керісінше де болуы мүмкін. Ал, пирамида құрастыру санаумен қарбалас орындалады.

Балаларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. «үй құрастыру» ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету.

Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналыстыра отырып, олардың қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен, сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

Нені, қайда қою керек?

(Салыстыруға)

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету.Геометриялық фигураларды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру.

Қажетті құрал – жабдықтар. Түрлі геометриялық фигуралар.Магнитті тақта.

Ойын мазмұны. Тақтаға оқушы шақырылады.Түстері, өлшемдері, пішіндері әртүрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немесе фланелографта орналастыруы керек.

Мысалы: көк дөңгелек қызыл дөңгелектің сол жағына, ал жасыл дөңгелек қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі кіші дөңгелектің арасында, қызыл дөңгелектен жоғары үлкен сары шаршы, қызыл дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын.Тапсырма орындалғаннан кейін, заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады.


Нені қайда қою керек?

(Заттардың кеңістіктегі орны)

Дидактикалық мақсаты.Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны жайындағы түсініктер қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар. Геометриялық фигуралар.Жылжымалы сөрелер.

Ойын мазмұны. Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады. Мұғалімнің басшылығымен төмендегідей тапсырмалар орындалуы тиіс. Жоғарғы сөреге қызыл дөңгелекті, оның астына төменгі сөреге жасыл дөңгелекті; қызыл дөңгелектің оң жағына – көк шаршыны(квадрат), ал сол жағына – жасыл үшбұрышты, жасыл дөңгелектің оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына жасыл шаршыны (квадрат) қой.

Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат қойдың? – деген сұрақтар қоя отырып,ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

Көру диктанты.

Дидактикалық мақсаты.Балалардың көз зердесін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар. Геометриялық фигуралар.

Ойын мазмұны. Мұғалім оқушылар зейінін өзіне аударып, геометриялық фигуралар туралы пысықтау жұмысын жүргізеді. Тақта алдына геометриялық фигуралардан сурет құрастырылады. Балаларға мұқият қарап, есте сақтауларына уақыт беріледі. Енді құрастырылған суретті жасырып, жауып қояды.

Енді оқушылардан не бейнеленгені, қандай фигураларды құрағандығы жөнінде сұралады.Осыдан кейін еске түсіре отырып, өздері қайтадан салады.Орналастыру кезінде сәйкес терминдер қолданылып,еске түсіріледі.

Тапсырманың дұрыстығы тексеріліп, алғыр бала мараптталады.


Көршілерін ата.

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал-жабдықтар.Әртүрлі заттық суреттер.

Ойын мазмұны. Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап тұрады.Олардың әрқайсысының оң жақтағы, сол жақтағы, ортадағы, яғни арасындағы тұрған оқушының есімдері анықталады.Енді бағытын өзгертіп, терезеге қарап тұрады да, алдындағы жұмыс орындалады. Олар орындарына отырады да, біреуінің оң жақтағы, сол жақтағы, алдындағы, артындағы көршілері анықталады.Осыған ұқса жұмысты заттың суреттерімен де орындауға болады.

Толықтыр.

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы түсінік.

Қажетті құрал-жабдықтар. Магнитті тақта, жылжымалы қалталар, ракета, ұшақ, тікұшақ, құс, көбелектің суреттері.

Ойын мазмұны. Магнитті тақтаға немесе фланелографқа геометриялық фигуралар, жоғарадан төмен қарай ракета (зымыран), ұшақ, тікұшақ, құс, көбелектің суреттері орналастырылады да мұғаламнің бастаған сөйлемін жалғастыру, яғни толықтыру ұсынылады.

Мысала : аспанда ең биікте ... ұшып барады. ... төменірек ... ұшып жүр.

Не жасырдық ?

Дидактикалық мақсаты. Заттың белгілері (түрі, түсі, пішіні, өлшемі) туралы түсінкітерді тиянақтау.

Қажетті құрал –жабдықтар. Геометриялық фигуралар, жылжымалы сөре. Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мәселен: сөреге қызыл (үлкен), сары (үлкен),жасыл(кіші), көк (кіші), дөңгелектер қатарынан қойылады. Қызыл үлкен дөңгелек , сары үлкен дөңгелектің сол жағында немесе оның алдында, ал кіші жасыл дөңгелек сары үлкен дөңгелектің оң жағында немесе оның артында , ал сары үлкен дөңгелек қызыл үлкен дөңгелек пен жасыл кіші дөңгелек арасында орналасқанын балаларға аңғартқан жөн. Енді оқушылыр көздерін жұмады, сол кезде мұғалім бір фигураны жасырады. Сол фигураның орнын, түр-түсін оқушылар анықтап және айтып береді. Әрі қарай оны өз орнына қойып, тағы басқа біреуін жасырып, ойынды жалғастыруға болады.

Таныс фигураларды ата.

Дидактикалық мақсаты. Оқушылардың сан тізбегі, « артық», «кем» және геометриялық фигуралар туралы алған түсініктерін бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар. Көрнекі кесте түрінде әр түрлі геометриялық фигуралардан дайындалған поезд тізбегінің және желкенді қайықтың суреттері.

Ойын мазмұны. Оқушыларды жетекші сұрақтар арқылы әңгімеге тарта отырып, фигураларды атату. Оларды әр суреттегі түстеріне қарай салыстыра отырып, санату. Сондай-ақ алдымен «дөңгелектерді», сонан кейін «төртбұрыштарды», ең соңында «үшбұрыштарды» санату. Геометриялық фигуралардың кез-келген екі тобын салыстыру.

Мысалы: Төртбұрыштар нешеу? Дөңгелектер ше? Дөңгелектердің үшбұрыштардан нешеуі артық? Үшбұрыштардың дөңгелектерден қаншасы кем? Әр сурет бойынша тағы да басқадай сұрақтар қоя отырып, ойынды жалғастыруға болады.

Қанша.

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға үйрету. Салыстыру арқылы «артық», «кем», «сонша» деген математикалық термин сөздердің түсінігін қалыптастыру.

Қажетті құрал –жабдықтар. Үлестірмелі санау материалдары.

Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылыры тегіс қамтылады. Мұғалімнің сыныпта қанша терезе, қанша есік, қанша гүл бар?- деген сұрақтарының әрқайсысына бірнешеоқушы жауап береді.

Қалғандары оқушы жауаптарын бақылап отырады. Оқушылар сынып ішіндегі аталған заттардың санына сәйкес сонша санау материалдарын (таяқша, үшбұрыш, фишка, т.б.) алдарына қояды.

Мұғалім жауаптарының дұрыстығын санату арқылы тексереді. Сыныптағы заттарды салыстыру жұмысын жүргізуге болады.

Мысала: терезе мен есікті, гүлдер саны мен гүл қойғыштар санын және т.б.


Байқағыш бала.

Дидактикалық мақсаты. «Қанша», «Қанша болса сонша» түсініктерін қалыптастыру. Санау дағдыларын бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар. 0-10 аралығындағы сандар жазылған карточкалар ,анау материалдары.

Ойын мазмұны. Ойынға балалар тегіс қатысады. Мұғалім санауға арналған заттар топтамасын көрсетеді.

Мысалы: 5-саны дөңгелекке, 6-үшбұрышқа, 4-қайыққа, 7-алмаға сәйкес екен дейік, т.с.с. Оқушылар байқап тұрып, заттар санына сәйкес нөмірлі карточканы көрсетеді. Ойые барысында қанша? неше? қанша болса, сонша декге бола ма? қанша артық? қанша кем? – сұрақтарына тиісті жауап беріледі.


«Қателеспе!»

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Заттың пішінін және түсін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар. Әр түсті көрнекі етіп жасалған жемістердің , көкөністердің суреттері. Оқушылардың дайындаған әртүрлі белгі карточкалары.

Ойын мазмұны. Мұғалім белгілі бір түсті заттың суретін көрсетеді.Көрсетілген заттарды қалталы ұяшыққа салып санатады. Оқушылырға «Қателспе» -деген ескрту жасала отырып, ойын желісі тездете жүргізіледі.

Мысалы: алманың суреті көрсетіледі. Оқушылар қызыл дөңгелек көрсетеді. Ал көрсетілген заттар қалталы ұяшыққа жинала береді. Заттар саналады, өсу және кему ретімен санату жұмысы жүргізіледі. Түсті дөңгелектерді салыстыра отырып, әр түрлі дөңгелекшілердің санын анықтайды.


«Бағдаршам».


Дидактикалық мақсаты. Түстер туралы, жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру.

Қажетті құрал-жабдықтар. Әр түсті ( қызыл,жасыл,сары) дөңгелектер немесе текшелер (кубиктер).

Ойын мазмұны. Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім бағдаршам туралы әңгіме өткізіп, әр түстің атқаратын қызметін, орнын анықтайды. Оқушыларға текшелер не дөңгелектер «таратылып» беріледі.

Оқытушы «Тоқта» дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді ( текшені), «Дайындал» дегенде «сары» дөңгелекті (текшені), «Жүр!» дегенде жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді.Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге болады.

Мұғалім «Жасыл» түсті көрсеткенде оқушылар орындарынан тұрып жүрген қимыл көрсетеді, «Сары» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды. «Қызыл» түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады. Осы қимылды бірнеше рет қайталап, ойынды жалғастыруға болады.






Ойыншықтар дүкені.

Дидактикалық мақсаты. Заттарды түр-түсіне қарай ажыратуға , санауға үйрету, ретімен орналастыру, салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар. Жылжымалы сөре. Әртүрлі қуыршақтар және тағы да басқа ойыншық түрлері.

Ойын мазмұны. Сөреге машина, ұшақ түрлері және әр түсті қуыршақтар және тағы басқа ойыншықтар қойылады.Осы ойыншықтардың ішінен оқушы өзіне ұнағанын сатып алсын. Сатып алу үшін оқушы өзінің білетін бір шумақ өлеңін , тақпағын пайдаланады. Алған затының (қуыршақ болса) түсін атайды және оны басқа қуыршақпен салыстырады. Ол қуыршақтың келесі сабаққа керек болатындығы ескріліп, олар қайтадансөреге біртіндеп қойылады. Ең үлкенін немесе ең кішісінен бастап түстері аталады, хормен саналады. Өсу және кему ретімен саналады және оны күтіп ұстаулары керектігі ескертіледі.

Не байқадың?

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға, түр-түсін анықтай, ажырата білуге дағдыландыру. Көз зердесні қалыптастыру.

Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім ойынға түрлі-түсті қарындашты, фламастерді пайдаланады.Қарындаштарды көрсете отырып, олардың түр-түсін анықтатады.

  • Мынау қандай қарындаш (фламастер)?

  • Нешеу?

Алынған қарындаштарды алдымен жеке оқушы санайды, кейін дұрыстап барлық оқушы хормен санап шығады.Бір сәт оқушылар көздерін жұмады. Мұғілім не өзгергенін сұрайды.

  • Қараңдар, не өзгерді?

  • Қарындаштар бесеу, біреуі жоқ.

  • Қандай қарындаш жоқ?

Осылайша біртіндеп қандай және неше қарындаштың жоқ екендігін анықтау арқылы ойын жалғасады.

Түс және пішін.

Дидактикалық мақсаты. Қарапайым рет саны түсініктерін

(бірінші, екінші, басында, ортасында), қалыптастыру, түстерді ажырату, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін кеңейте түсу.

Қажетті құрал-жабдықтар. Көрнекті етіп жасалған түстері әртүрлі геометриялық фигуралар : (текше), дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш. Осындай , бірақ кішіректеу геометриялық фигуралар жиынтығы бейнеленген. Қатты қағаздан дайындалған лото тақтасы (топ санына байланысты).

Ойын мазмұны. Ойынды тпоқа бөліп санатуға болады. Лото тақтасы үлестіріледі.Мұғалімнің көрсеткен геометриялық фигурасын топтың өкілі түсіне, пішініне сәйкес тауып, атын атайды да, лото тақтасындағы сәйкес фигураны жабады.

Мысалы: «бұл көк түсті үшбұрыш менде» деп лото тақтасынан үшбұрышты тауып, басады. Ойын осылайша жалғасады. Қай топтың лото тақтасы бұрын толса, сол топ жеңімпаз аталады. Мұғалім ойын соңында лотадағы фигуралардың түсін, пішінін атын атата отырып, санатады. Осылайша ойын жалғасады. Ойынның ұзақтығын мұғалім белгілейді.








Қызықты тапсырмалар.


1.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

2.Аулада тұрғын әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны – он болды.Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл,велосипед тұр?

3.Самат, Қанат,Маратты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады?

4.Жанұядағы 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар.Жанұяда қанша бала бар?

5.Айгүл мен Нұргүл апалы-сіңілі.Айгүл менің 8 ағам бар дейді.Нұргүл де менің 2 ағам бар деді.Олардың жанұясында неше бала бар?

6.Азамат пен Еркештің фамилиялары Болатов, Әміров.Әрқайсысының фамилиясы қалай?

7.Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы неше балық болды?

8.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр.Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?

9.Балалар сурет сабағына түсті карандаштар және бояу әкелулері керек еді.

1) Асқар бояу ғанғ әкелді;

2) Ернар түсті карндаш та, бояу да әкелген жоқ;

3) Айнұр түсті карандаш және бояу әкелген.Сабаққа кімді дайын деп айтуға болады?

10.Үй тышқанының неше құлағы бар?

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!