400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сызу пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:


Сызу

Мұғалім:


Мерзімі:


15,16,17,18.01.2018

Сыныбы:

9 А,Ә,Б,В,Г

Тақырыбы:

Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу.

Мақсаты:

оқушыларға тіліктер жөнінде мағлұмат бере отырып, сызу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

Күтілетін нәтиже:

оқушылар тіліктер туралы мағлұмат алып, жаттығулар арқылы тетікбөлшектің тілігін орындай алады

Сабақтың әдісі:

Ауызша, көрнекілік, машықтық.

Пәнаралық байланыс:

Математика, бейнелеу өнері

Қажетті құрал-жабдықтар:

Сызғыш, қарындаш, циркуль, А4 форматы, транспортир, лекало,өшіргіш т.б

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

I.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады.

141-сурет

Оқушылар сабақ айтады.

III. Жаңа сабақты түсіндіру





































































IV.Практикалық жұмыс:




V.Қорытындылау







VI. Бағалау




VII. Үйге тапсырма

Тілік туралы түсінік
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп айтады. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан нәрселер кескінделіп көрсетіледі. Егер де заттың құрылымын түсінуге, қиюшы жазықтықтық ар жағында жатқан кескіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі. Тіліктерде материалдардың графикалық белгіленуін әр түрлі
МЕСТ 2. 306 - 68 бойынша алады. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан үзік сызықпен көрсетеді. Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2 - 3мм орналасулары тиіс.
Қима сызықтың бас жағында және аяқ жағында, ал егер керек болса – бұрылу белгілерінде, орыс алфавитінің бас әріпінің біреуін қайталап жазады. Әріптерді нұсқалардың жанынан және бұрылу белгілерінің сыртқы бұрышы жағынан жазады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызылады; мысалы А - А.
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді:
Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.
1. Горизонталь тілік деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
2. Вертикаль тіліктер - қиюшы жазықтық горизонталдь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасады. Вертикаль тілік фронталь тілік және профиль тілік болып екіге бөлінеді.
3. Көлбеу тілік - егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына қандай да болмасын бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады.

156 суреттегі тапсырманы орындау.Берілген сызбаны форматқа орындау

  1. 1. Тілік дегеніміз не?

  2. 2. Тіліктің неше түрі бар.Қандай?

3. Горизонталь, вертикаль, көлбеу тілік дегеніміз не?





158-сурет










































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі