Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қаратон мұнайының маңыздылығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
Болатова Дана
10-сынып оқушысы
Қаратон мұнайының маңыздылығы
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы
бар саяхат маршруттары
Секциясы: Өлкетану
Ғылыми жетекшісі:
Альжанова Роза
Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің
география кафедрасының меңгерушісі,
доцент
Секция жетекшісі:
Әділ Нұргүл
география пәні мұғалімі
Атырау
Абстракт
Зерттеудің мақсаты:
Туған жеріміздің қазынасы болған Қаратон мұнайын зерттеп, оны халыққа таныту, маңызды іс. Алға қойған мақсатымыз мұнай шикізатын жинақтап, жан – жақты талдап келер ұрпаққа жеткізу.
Гипотезасы:
Бұл жұмысты қолға алғанда Қаратон мұнайының ең алғаш атқылаған уақыттан бастап, қазіргі уақытқа дейін қалай алынуы және жыл сайын қанша мұнай алынатыны туралы деректер жинақталды.
Кезеңдері, зерттеу рәсімі:
-
Бұл жұмыстың алғашқы кезеңі Қаратон мұнайын зерттеп және бұл жерге еңбегі сіңген тұлғалармен танысып, сұхбаттасу арқылы бейнеклипке түсіру.
-
Қаратон мұнайының ашылуы, құрылымы жөнінде ақпарат жинақтау.
-
Мұнай өнімдерінінің негізгі шикізат көзін талдау
Эксперименттік әдістемесі:
Күнделікті география, химия пәндері сабағында пайдалану
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:
Қаратон мұнайын зерттеп жүру мақсатында, дамыған кен орындардың бірі ТШО компаниясының да өнімі туралы сұрастыру арқылы ондағы бір қызықты мәселені білдім. Яғни, ең бірінші мұнай ұңғымасын жібермес бұрын, олар жер бедерінің әр түрлі болу салдарынан мұнай құбырының ішкі бөлігін қарап шығатын аппарат ойлап тапқан. Ал бұл құрылғыны көп адамдар біле бермейтіні анық. Бұл жайт мен үшін бір үлкен жаңалық.
Abstract
The purpose of the study:
To the people him investigating oil of Karaton, at that was treasury our of Motherland, to show itself, important business. Smear my the aim, that put Forward, summarized petroleum raw material, soul - to deliver to the generation, that will discuss.
It work, when began, oil of Karaton beginning from that time, that did some shooting same first, to nowaday time as taken and annually taken how many by oils data were added up.
The Periods:
1.It first pore work investigated oil of Karaton to it to the place becoming acquainted by personalities, that was sucked in by labour, to meet through to drop on a video clip.
2.Karaton opened, on direction of structure information summarizes.
3.Basic source of raw materials Oil to discuss
Acceptance:
Daily geography, on lesson the articles of chemistry to use
Кіріспе
Атырау өңірі – байырғы тарихы, елбасынан өткен сұрапыл кезеңдері қонысы үшін қан төгіп, жан берген бүгінгі жедел өзгеріске толы, жаңа кезеңге жеткен аймақ. Қатаң табиғат, қуаң дала, құба шөлді. Атырау халқының көбінесе «қара алтын» кен орындарымен еңбек адамдары ат салысуда. Республика мұнай газ қорының мол шоғырланған өңірі. Атырауда 1999 жылы Қазақстан мұнайының 100 жылдығы аталып өтуіне байланысты осы шараның облыс экономикасымен мәдени тұрмыстық ахуалына ілгерінді ықпал еткендігі жаңа ғимараттар, сайраған тас жолдар салынғанын, ғылым-мәдениет ошақтары бой түзеп қалғанын өмірден көріп жүрміз.
Ежелден тоғыз жолдың торабында жатқан Каспий теңізі мен Атырау өңірі (Еділ-Жайық) алабы жер шарындағы өзге елдердің назарына тым ерте ілікті. Каспий теңізінің Солтүстік-Шығыс жағалауының табиғат ерекшеліктері туралы алғашқы ақиқатқа жақын құнды деректер б.з.б. 549-530 ж. Кир патшасының Орта Азиямен Қазақстан жеріне жасаған жорығы суреттелген ежелгі құжаттарда кездеседі.
Біздің аудан аумағында аса бай мұнай қоры барын академик И.М.Губкин жиырмасыншы ғасырдың сонау отызыншы жылдарының өзінде-ақ болжап кеткен.
Соғыс алды және кейінгі жылдар да көлемді химиялық-минералдық шикізат қорлары мұнай, газ көздері болып табылатын Доссор, Ескене, Қосшағыл, Құлсары мұнай кеніштерін пайдалануға берілді. Оларға жүргізілген геологиялық зерттеу олардың мұнай көздері Перьмның тұзды шөгінділігімен триас, юра, бор, палеоген жыныстарынан құралғандығын дәлелдейді. Мысалы, Құлсары мұнай алаңында мұнай заттарының шығыс жақ бордан перм топыраққа дейінгі шөгінділер де шоғырланған болса, Ескі Доссор, Ескене мұнайлы аудандарында шығыс қанаттың ортаңғы тұз күмбезді бетіндегі пермь триас, юра, бор ығысып ылық судан альбат горизонтында шоғырланған. Пермь триас мұнайы жеңіл күкіртті болып келеді. Сондай-ақ терістік Каспий, Еділ-Жайық аралық Ембі аймағаныңа шығуының дүние жүзілік маңызы бар.
Ембі мұнайының құрылысы Қаратоннан 1950 жылы салынып бітті. Бұның өзі Қаратонның онсызда арғы-бергі маңайға естіле бастаған мәртебесін көтере түсті. Бұның үстіне Тереңөзек кен орны ашылды. Теңіз қолтығына таяу алқапта қаптаған качалкалар бас шұлғып, мұнай тартты.
Қазақстандағы мұнай мен газ кеніштерін шетел инвесторларымен бірлесе игеру мақсатында ең алғаш Қаратонға «Теңізшевройл» компаниясы келген. Бұл корпорация 1993 жылы 6 сәуірде өз жұмысын бастады.
«Теңізшевройл»- Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және геологиялық барлаумен, мұнай қорларын қазбалаумен мұнай мен оның ілеспе өнімдерін өндірумен және сатумен шұғылданатын, қызметін қауіпсіздік техникасымен қоршаған ортаны қорғаудың ең жоғары әлемдік стандарттарына сай жүзеге асыратын кәсіпорын. Соның нәтижесінде, содан бері кезеңде әйгілі Теңіз кенішінен мұнай мен газ конденсатын үздіксіз млн тонна алуға қол жеткізді. Өндірілген мұнай көлемі 12,5 млн тоннаны құрады. Биылғы маусымда жаңа рекорттық көрсеткішке жетіп отыр. Яғни, Теңіз кенішінен тәулігіне 75 000 тонна мұнай өндіріледі. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы өнім өндіру көрсеткіші 50 пайызға өсті. ТШО- ның жыл аяғына дейін жоспарлы көрсеткіш бұданда көп млн тонна және алдағы уақытта ол көрсеткіштенде жоғары «қара алтын» өндіретініне толық сенімі бар.
Былтырғы жылы 3 млн тонна «қара алтын» құбырымен 5,3 млн тоннадан аса өнім темір жол арқылы тасымалданды. Биылғы шілдеде темір жол цистерналарымен өнім жіберу тәулігіне 22,700 тоннаға жетті.
Атақты техника ғылымының докторы, профессор С.Н. Ятаров былай депті - « Мен өз өмірімді мұнай мен газды зерттеуге арнап келемін. Шынын айту керек, маман ретінде бұрын- соңды мұндай күрделі әрі сыры беймәлім кен алаңын көрген емеспін. Кен орнынан алынатын көмірсутегі шикізаты өзінің құрамы жағынанда бірегей. Онда мұнай мен газдан басқа газ конденсаты және көп мөлшерде күкірт бар. Бұған дейін мұнай және газ өндірушілер мұндай шикізат алып көрген емес. Ал, оны игеру өте-өте қажет. Сол сияқты газ конденсатыда мұнай химиясы үшін аса қажет шикізаттың бірі. Алайда Теңіз алаңының әлі де біз білмес жұмбақтары көп»-деп профессор айтқан.
Негізгі бөлім
Қазақстанда жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 99 элемент табылған. 70 элементтің үлкен қоры барланған және 60 – тан астам элемент өндіріледі. 6000-ға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Соның ішінде мұнай мен табиғи газ кен орындары Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарын да орналасқан. Республикада 14 мұнай газ алабы мен 160 мұнай газ кен орындары барланған. Ірі кен орындары Теңіз, Прорва, Қаламқас, Қаражамбас, Өзен, Жетібай, Қарашығанақ т.б.
Мұнай – көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық. Оның түсі қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Өзіндік иісі бар. Жерде тұнбалық қабатында орналасады. Пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнай жанғанда қызуды көп береді. Ол күл қалдырмай, түгел жанып кетеді.
Білмейтін адам мұнайды жер астында көлкіп жатады деп ойлайды. Шынында олай емес. Мұнай жердің терең қабатындағы тау жыныстарының қуыстарына іркіліп жиналады. Оны өндіру үшін мұнайлы қабатқа дейін бұрғылау керек. Бұрғылаудан пайда болған жіңішке құдыққа құбыр салынады. Жоғарғы қабаттардың қысымы мен мұнай жылжып құбарға келеді. Бұл жерде оны қуатты сораппен тартып алады.
Қазіргі кезде мұнай біздің өмірімізде түпкілікті орыналады. Өндірілген мұнай құбыры арқылы мұнай өңдейтін заводқа жіберіледі.
Ол жерде мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде одан бензин, жермай және басқа түрлі бағалы заттар бөліп алынады. Мұнайдан ең алдымен жанатын газ, бензин және жермай бөлінеді. Ең таза бензин ұшаққа пайдаланылады. Автомашиналардың моторыда бензинмен жұмыс істейді. Жермай реактивті ұшақтарға, тракторға, үй тұрмысы қажетіне жұмсалды.
Мұнай қалдығының өзі де көп пайда келтіреді. Одан: парафин, жарықмай, гудрон өндіріледі. Парафиннен майшырақ жасалады. Жарықмай адамның беті-қолын жарылудан сақтайды. Гудрон сіңірілген темір жол табан ағашы шірімейді. Жер астына көмілетін электр сымы қабығына да гудрон сіңіріледі.[5]
Мұнай тарихы өте тереңде жатыр. Әлемдік зерттеушілердің пайымдауынша мұнай саласының алғашқы қадамы осыдан 150 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Алғашқы мұнай тамшысы АҚШ елінде табылған десек, көп кешікпей бұйығы ғана тіршілік кешіп жатқан Қазақ жерінде жаңа тіршілік басталды. Жылыой ауданының Қарашүңгіл деген жерінен Қазақ мұнайының алғашқы қарлығашы десем, осы өңірдегі алып кен алаңы Прорва- киелі мекен Ембі өңірінің жарқын келбеті. Тәуелсіз еліміздің экономикасын, әлеуметтік саласын дасытуға сүбелі үлесі бар мұнай кеніштерінің басым бөлігі еліміздің батыс өңірінде шоғырланған.Олардың арасында әрине, Прорва кен алаңының шоқтығы биік.
[5] Бақытжан Бозданұлы- « Теңіз және экология. Атырау-2008жыл
Жарты ғасырлық тарихқа бойламас бұрын, сәл артқа шегініс жасасам, Прорва атауының шығу төркініне назар аударсақ. Прорва атауы прорубь сөзінен шыққан. Ол ойық, жылым деген ұғымды білдіреді. 19-ғасырда бұл далада тіршіліктің нышаны да жоқ еді. Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, «Барсакелмес» атанған бұл өңірге патшалы Ресейге жақпағандар жер аударылылып, осында жеткізілетін. Аты айтып тұрғандай сұрықсыз осынау далаға аяқ басқандарға кері қайтц жоқ еді. Өлместің күйін кешкеш олар Каспий теңізінен балық аулап, күнелтісетін. Бұл бізге жеткен деректердің үзіндісі ғана.
Бірде каспий теңізінің суы шайып, бірде құрғап жататын, айңалана көз салсаң ұшқан қарғадан басқа еш нәрсе шалынбайтын осынау сұрықсық далаға тіршіліктің лебін әкеліп отыр.
Азамат соғысы жылдарында мұнай өндіру күрт төмендеп кетті. 1919 жылы өнім мөлшері 22,6%-ға дейін азайды. Ембінің мұнай өнеркәсібі тек Совет өкіметі жылдарында ғана шын мәнінде өркендеу жолына түсті.
Ембі мұнай кен орындары патшалы Ресей кезінде-ақ іске қосылғанымен Каспий маңында мұнайды көптеп өндіру 1930 жылдарда басталды. Ембі мұнай өзінің сапасы жағынан аса бағалы, өйткені онда қоспалар (күкірт, парафин, қарамай) аз. Оны өндегеннен кейін жоғары сапалы бензин алынады. Ембінің көне тарихын қозғасам: Бұл Теңіз кен орныныңда өзіндік даму жолы, қалыптасқан тарихы бар. Кеңес заманының геологтары өткен ғасырдың басында-ақ Каспий маңы ойпатында, атап айтқанда, Оңтүстік Ембі өңірінде мұнай мен газ өндірудің зор келешегі бар деген жорамал жасаған болатын. [12]
Геологиялық зерттеу жұмыстары 1930-шы жылдарда жүргізілгенімен, пайдаланылатын технологиялардың жетілмегені себепті, олар ұзақ уақыт бойы жүйесіз және нәтижесіз болып қала берді. Кеңес Одағының Үкіметі 1970-ші жылдардан бастап, энергетикалық қуаты мол бұл аймаққа назар аудара бастады. Қазақстанның байырғы кәсіпорны «Ембімұнай» басшылары Жолдасқали Досмұхамбетов, Бөлекбай Сағынғалиев және Мақаш Балғымбаев зерттеу деректерін КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігіне ұсынып, сонымен бірге Ембі ауданында ( қазіргі Жылыой) кен ауқымды барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы мәселе қойды. 1971 жылдың тамызында КСРО Мұнай өнеркәсібі министрі «Ембімұнай» бірлестігінің географиялық, іздеу және құрылыс жұмыстарын күшейту туралы жарлық шығарды. Арада үш жыл өткен соң геофизикалық зерттеудің нәтижесінде жоғары амплитудалық үш асу, 1976 жылға таман іздеу бұрғылауы үшін 30-дан астам нысана айқындалды.
Бұл күнде бүкіл әлемге мұнай мен газдың химия өнімдерінің өлкесі ретінде танымал Атырау өңірі салтанат құшағында. Бұны бүкіл дүние жүзі бүледі десемде болады. Ал мұнайлы Ембінің өз байлығын адамдар игілігіне пайдалануға бере бастағанына 80жыл болды.[14]
[12] «Қазақстан мұнайы» газеті [14] «Ембі»-аудандық газет. 1965-1980
Бүкіл еліміздің басына түскен үлкен сын Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау халқы да майданға барғаны соғысқа бармағаны тылда шынайы ерлікпен өткізді. Өндіріс орындары өнімдерін соғыс жағдайына ыңғайлап шығара бастады. Қаладағы механикалық зауыт майданға қажетті снаряд гильзасын, патрон, мұнай өндірісіне арнап бұйымдар шығарды.
Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1942 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан-мұнай» бірлестігінде майдан үшін мұнай өндіруді арттыру туралы қаулы қабылдады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнайлы Ембі мұнайшылары үшін 573 автомашина, 154 трактор, 120 металл кесетін станок, 60 бұрғылау қондырғысы, 240 мұнай айдау станогы бөлінді. Ембі мұнайшылары майдан талабын орындау үшін аз уақытта 83 жаңа скважина қазып, Есболат, Қошқар, Бекбике, Жолдыбай және басқа да кәсіпшіліктерді іске қосты. Мұнайшылар дүние жүзінде алғаш рет мұнай құйылған цистерналарды Теңіз арқылы тасымалдауды қолданды. Мұнай Атыраудан Астраханға жеткізілді. Аз уақыттын ішінде 505,5 мың тонна мұнай өнімдері тасылды.
1948 жылдан бастап жаңа мұнай кенорындарын іздеу Ембінің оңтүстік-шығыс бағытында болды, онда өндірістік кенорындары ашылды, яғни Мұнайлы, Қаратон, Көшкімбет, Терең-Өзек, Төлес, Тәжіғали, Қара-Арна сияқты.
Совет одағында мұнай шығатын орындар конфескеленгенге дейін Қаратон өңірінде Леманның, Стахеевтың, Нобелдің акционерлік қоғамдары үстемділік етіліп келген екен.
1908 жылы Қаратонда май беретін ұңғылардың саны көбейе түсті. Ағылшын өнеркәсіп мамандарының геологиялық ізденулерінің нәтижесі 1911-1917 жылдар аралығында одан әрі жалғаса берді. Ол табыссызда болмады. Оларға жалданып жұмыс жасаған қазақ жұмысшылары да бар еді. Солардың бірі кейін Ембіде атақты бұрғылау ісінің шебері болған Қарамендиев Шуаққали болатын.
Алғаш Қаратон кәсіпшілігіне бастық болып келген Степан Хамутовпен қатар Ленин орденді атақты бұрғышы Өтеулиев Бисенғали, Ержанов Боран сияқтыларды атап кеткеніміз орынды деп есептеймін. Ірілінген Қаратон өндірісін алғаш ұйымдастырушылардың қатарында Петр Михайлович Воробъев, өндіріс цехы меңгерушілері Молдағалиев Мұхан, Әжіғалиев Дүйсенғали секілді азаматты аталарымыз болған.
Қаратон өңірінде болған жер қойнауының сырластары мұнайшы-геологтар: Л.П. Авров, Г. Гамуллина, Бекжанов Марал, Аманбаев Ізбасар, Есқазиев Орынғазылардың еңбектері өз алдына бір төбе.
Бір кезде Қаратон мұнайы үшін аянбай тер төккен, табысымызды тасытуға елеулі үлес қосқан, бірақ қазір арамызда жоқ нарқасқа азаматтарды еске алу ардақты парызымыз. Мәселен, Айдыналиев Зияден, Сарсенов Дүйіс, Кемелов Аққуан, Мұхтаров Мұхит т.б.
Өмір ағып жатқан өзен секілді. Заман тоқтаусыз ілгері жылжиды. Дәуірмен бірге адамдарда арпалыспен жүріп алға басады, кейде еңбегің жанып көңілін қош болады,кейде қызметін көрінбей қарадай құлазисын. Оның үстіне нарық заманы туып, елді жұмыссыздық жайлап,еңбектегілер мен зейнеткерлердің онсыз да мардымсыз жалақысы мен зейнетақы дер кезінде берілмей жүйкені жұқартып жүргені тағы рас. Бүгінде ауылы азып-тозып, елі көшіп жатса да Қаратон өндірісі ел игілігіне мұнай беру мәселесін бір сәтке болса да осалсытқан емес.
1968 жылы Қаратон мұнай өндіру басқармасының бастығы болып Әбенов Ислам Смағұлұлы тағайындалды, ал бас инженер ол кезде Назаров Александр Иванович болатын.
Әбенов И.С. жоғары білімді, өндірістік тәжірибесі мол, ұйымдастыру қабілеті жеткілікті, талап қоя білетін және оның орындалуын сұрап отыратын іскер басшы екенің көрсетті. Исламның жоғарғы көрсетілген басшылық қасиеті мұнай өндіру участоктерін басқарманың мұнай өндіру жоспарын үнемі орындауға жұмылдырды. 1970 жылы біздің Қаратон мұнай басқармасы Прорва басқармасымен қосылып, бір мұнай басқармасы болып құрылымы өзгерді. Жаңа басқарманың бастығы Балжнов Құмар тағайындалды да, Әбенов Ислам бас инженер болды. Басқарманың партия комитетінің хатшысы Халықов Досқайыр, ал кәсіподақ комитетінің төрағасы Салықов Халел сайланды.[3]
Каспий теңізінің аймағындағы алғашқы мұнай 1870 жылы табылған. Қазіргі Каспий теңізі аумағы 4 мұнайлы газды аймаққа бөлінеді:
1.Оңтүстік Каспий мұнайлы газды алабы.
2. Терек-Каспий, Индол-Кубан алабы.
3. Үстірт-Арал және Маңғыстау алабы.
4. Солтүстік Каспий алабы.
Каспий теңізінің солтүстігінде Қазақстанға қарасты жерінде мұнай мен газ кен орнын іздеу мақсатында көмірсутекті пайдалы қазбалары барлау және өндіру ісіне маманданған бірнеше халықаралық ірі Аджип (Италия), Бритиш, БП, Мобил, Инпекс бірлес кен кәсіпорны Шелл, Тотал және филлипс мұнай және газ компанияларының концорциумы құрылды.
Теңіз – өте тереңде орналасқан үлкен кен орын. Тереңдігі-3810 м, ені-19 км, ұзындығы-21 км. Мұнай қабатының қалындығы-1,6 км. «Теңіз – ғажап алаң, құпиясы мол, мінезі жұмбақ» деседі. Рас сөз. Тіпті осындағы әр ұңғыманың өзіндік ерекшелігі бар.Тағы бір тарихи мезет. 6 сәуір 1991 жылы 18 сағат 8 минутта №8 ұңғымадан алғашқы өнім алынып, көптен күткен үміт ақталды.[13]
[3] Р.Хамитұлы «Қаратон туралы сөз» [13] Қазақстанның мұнай энциклопедиясы 1999-2005 ж
Жайықтың төменгі ағысымен сағасында мұнай өңдеу, химия, машина жасау, балық аулау және өңдеу өнеркәсібі шоғырланған. Бұл өңірдегі ауылшаруышылықтары ірі қара мал өсірумен суармалы егістікпен айналысады.
Оңтүстік Жем алабы негізінен мұнай өндіру, оны тасымалдау мен, етті-жүнді қой өсірумен шұғылданады.
Қазіргі кезде дүние жүзілік экономиканың отын, шикізат қорына деген қажеті артып отыр. Дәл осы жағдай шетел инвесторларының Қазақстан өнеркәсібінің мұнай тау-кен металлургия салаларына белсене араласуына себеп болды. Қазақстанның егемен мемлекеті ретінде қалыптасу кезеңінде мұнай газ саласына ірі инвестициялар салынуда. Бірнеше жылдардан бері Теңіз мұнай кенінде Американдық «Шеврон» компаниясы жұмыс істеуде. Соңғы жылдары Каспий теңізін оған құятын өзендер суымен ағып келген өндіріс қалдықтары қатты ластауда. Теңіз суының деңгейі соңғы жылдары көтеріліп Каспий маңы ойпатында орналасқан елді мекендерді (Қаламқас, Қаражамбас) су басу қаупі бар.
Теңіз мұнай кенішінің ақиқатын айтар болсақ, жер бетінде әлемге әйгілі Аляскадағы атышулы Прудкой-Бей, Ресейдің атын оздырған Түмендегі Самоотлоры, Бахрейндегі атағы алысқа кеткен Әуали кен орындарымен бәсекелесе алатын қазақ жеріндегі Теңіз-толағай кенет оянып кеткенде, алты құрлық алпауыттарының қапелімде абдырап қалғаны рас. Сол кезде Прудкой-Бей- «Мұнайы мен газы аса тереңде, тұз асты қабатында жатыр, жер қойнауында не деген жойқын қысым, ол әрі-беріден соң күкіртті сутегіге булығып, қауіптің ошағы боп көрінгендейме, бұл не ғажап!»-депті. Ал сол мұнайлы аймақтың бірі – Қаратон.
Таразыға салғанда соғыстан кейінгі кезеңде Қаратон аймағы күні кешеге шейін бүкіл Ембі мұнай кәсіпшіліктері өндіретін «қара алтынның» үштен екі бөлігін (өндіретін) бір өзі өндіріп келді. Әу баста атпен өгізді көлік етіп, мысқалдап мұнай қалқыған елсіз мекен болатын. Енді ол алып машиналарды пайдаланып, электрлі автоматикаға көшкен, жылына 755640 тоннаға шейін мұнай өндіретін кен орнына айналып отыр. 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасырдың алғашқы жартысында Лепехин, Ричков, Гмелин, Гельмерсен сияқты атақты зерттеуші-саяхатшылар Ембі бойына келіп Қаратонғада тоқтаған. Олар өздігінен шығып жатқан мұнай орындарын көріп, бұл өлкенің мұнайға бай екені туралы алғашқы жазбаша деректен қалдырған. Қазір табиғат картасында Каспий маңы ойпаты деп аталатын (Тұран) бұл жердің климат жағдайы аса қолайсыз болған. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-300мм-ден аспаған.[6]
Қаратон жөніндегі атаудың шығуы тұрғысындағы аңыздардың ішінде түйіні бар бір пайымдау мынау. Ертеде Каспийдің солтүстік беткейінде Жем өзені мен қатарласып аққан Қаратон атты өзен болыпты. Теңіз суының бірте-бірте кейін шегінуі мен жағалауда соңғы жылдары әнші болып тұратын құм боранының әсерінен бұл өзеннің суы сарқылып өзекшеге айналыпты.
[6] Бақытжан Бозданұлы-«Теңіз қалай түледі.» Атырау-2000 жыл
Қазіргі Қаратон өңірін сол кезде көзбен көрген қарт ұрпақ өкілдерінің айтуына қарағанда, теңіздің терістік жағалауында Қаратон және басқада ірілі ұсақты өзекшелердің жағасында қыста қар астында кеуілжір қалың жынысқау жатып, жазда жасыл құрақ, үлдірікті бидайық жайқалып тұрған. Алқап тіршілігіне үлкен тапшылық еткен нәрсе ішімдік суы болған. Ауыз су қиыншылығынан құтылу үшін жергілікті ауылдар Қаратоннан 40-45 шақырым жердегі Қызылқұдық, Қарамола суларын ішкен. Кейде жазғы мезгілде жаңбыр суымен молайып тұщыған өзен мен дақ суларында пайдаланады. Қыстай ылғалды сайларды ой шұңқырларда іркілген сулар көктем келгенде сорлы, сабырлы батпаққа айналған. Бұл жерде де кәдімгі жанға жайлы, малға қолайлы мымыражай көктем басталып, сай алаптарына көкмайса шөп шығып, құстар: үйрек, қаз, қасқалдақ, шағала, т.б. үйірі мен ұшып кеп көлді базарлы мекен етіп жүрген.
Осы күнгі Қаратон жеріндегі жазғы ыстықпен бұрқыраған шаңды көріп көптеген адамдар біркезде осы жер табиғатының жасыл желекті болғанын иланбайды. Байлығын сорып, табиғатын бұзса, керемет шұрайлы өлкеңде осындайға қолайсыз жағдайға ұшырамай ма? Алайда мұның өзі қазіргі өмір сүріп жүрген ересек адамдардың көзі көріп жүрген шындық.
Қаратон мұнайының зерттелу мен табылуы жөнінде талас пікірлер өте көп. 1898 жылға шейін Ембі-Каспий серіктігі әдейі қаржы бөліп, Қаратон, Қарашүңгіл мұнай орындарында қарапайым қол станоктарымен тайыз бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, барлау жасады. 1899 жылдың басынан бастап Ембі-Каспий өнеркәсіп бірлестігінің билігі ірі кәсіпорын иесі Леманның қолына көшеді де, ол жеде-ғабыл жер асты зерттеу жұмысын қолға алады. Бейнетке белшеден батсада 1899 жылдың кірбің тартқан қоңыр күзі аяғында (қараша) Қарашүңгілде мұнай фонтаны атылды. Бұл Ембі-Каспий ауданынан ашылған ең тұңғыш мұнай фонтаны еді. Бұл оқиға көктен сұрағаны жерден табылғандай болып ауызын арандай ашып жүрген алпауыл кәсіп иесі Леманның құзғынын қоздыра түседі. Байлық көзінің ашылғанына қуанғаннан есі кеткен ол тез арада 4 ай өтпей жатып Қарашүңгілден 80 шақырым оңтүстікте жатқан Қаратон жеріне арнаулы мұнай зерттеу экспедициясын жібереді. Экспедицияның қажырлы жұмыс нәтижесінде 1900 жылдың өзінде Қаратонда 21 метр тереңдікте 13 шұңқыр қазып үлгереді. 1901 жылдың науырызында бұл өңірді жалға алу мерзімі бітеді де бұрғылау, барлау жұмыстары уақытша тоқтайды. 1902-1903 жылдардан басталған революциялық өрлеу бұл жұмыстарға ықпалын тигізді.
Жетпісінші жылдары геолог-мұнайшылардың жаңа кен аландарың ашудағы жұмысы жиі сынға ұшырады. Мамандар арасында екі ұдай пікір қалыптасты, бірі «Ембінің қойнауы құттан айырылды» десе, екіншілері «Жоқ, Ембінің берері алда, оның мүмкіндігі зор» деді. Күдікті үміт женді, облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 шақырым жерден Теңіз кен алаңы ашылып, ақ түйенің қарны жарылды.[7]
[7] Орынғазы Есқазиев. Төлеген Байзақов. Мағауия Шырдабаев- «Атышулы теңіз»
Теңіз кен алаңының ашылуы маман мұнайшылардың сонай отызыншы жылдардағы Каспий маңы ойпатындағы тұзасты кеніші шөгіндісінен көп мұнай алу мүмкіндігі барлығы жөніндегі идеяларының жүзеге асқандығының айқын айғағы еді.
1931 жылы И.М.Губкин Каспий маңы ойпатының мүмкіндігінің, оның болашағының молдығын насихаттаудан бір сәт тынбады. Ал мұнай саласына белгілі маман И.М. Губкин пайымдауынша, Жайық-Ембі бөлігіндегі мұнай тереңдігі артин дәуіріндегі (төменгі перм) ізбес тасымен сабақтасқан, яғни мұнай жырық, сынық жермен және тұз, қалдық жыныстар аралығымен көтерілді. Оның пікірінше, тұз күмбезіндегі мұнай «екінші тереңдікте де ал, нағыз мұнай артин қабатының төменгі шөгіндісінде болуы керек...» Осынау тұжырымның тиісті нәтижеге қол жеткізуіне сол кездегі техникалық жарақтандырылудың әлсіздігі мүмкіндік бермеді.
Ең бастысы – алғаш рет аудан жағдайын ескере отырып, бұрынғыдай көп ретте пайдаланылып келген тек тұз асты шөгіндісі жабындысын зерттеу үлгісін ғана емес, тұзасты кешенінң ішкі тектоникасын зерттеу де ұсынылды.
Сондай-ақ, аймақтық және жергілікті болжамға геологиялық белгі жасақталды. Бұның өзі Қаратон – Прорва карбонат аймағының болашағын анықтауға мүмкіндік береді.
Ембі ауданында геофизикалық, геологиялық барлау жұмыстарын кеңінен өрістету мәселесі пісіп-жетіле келе нақты тұжырымдар негізінде сол кездегі Одақтық мұнай өнеркәсібі министрлігіне алдына қойылады. Бұл жерде басты назар жұмыстың техникалық деңгейін арттыру қажеттігіне, алдымен сапалы жұмысқа мұрындық болатын қазіргі заманғы жабдықтармен қамтылған ұйымдарды тарту есебінен зерттеу қарқынын жеделдету керектігіне аударылды. Осынау ұлы істің басында мұнайлы өлкенің біртуар ұлдары жүргендігін ерекше ілтипатпен айтуға тиіспіз. Б.Сағынғалиев, Ж. Досмұхамбетов, С. Шақабаев, Т.Жұмағалиев, М.Балғымбаев және басқалардың Оңтүстік Ембі өңірінде жүргізген зерттеулері негізінде Қаратонның аймағы, болашығының молдығы дәлелденді.[1]
Мұнай көзі табылғаннан бері кәрі Ембі 130 млн тонна мұнай өндіріп мемлекет қазынасын толтырды. Тікелей мұнай өндірумен 21 кәсіпорын басқада қосымша жұмыстар мен 17 кәсіпорын айналысады. Барлығы 2000 мұнай ұңғысы болса, соның 1700-і өнім өндіреді 300 ұңғыны жер астына су айдау үшін пайдаланады. Себебі, жер астында су ілеспе газ сияқты шикізат көздері бар. Мұнай алғанда жер астының қысымы түсе береді демек мұнай қысымын түсірмеудің бір жолы – жер астына су айдау. Бұл мұнай саласындағы өте тиімді аса қажетті әдіс.
Ембіде болжам бойынша 530 млн тонна мұнай қоры бар деп зерттеген. Алғаш фонтан атқаннан бері алғанымыз 130 млн тонна мұнай, әліде жер қойнауында 450 млн тонна алынбаған мұнай қоры бар деген сөз. Оны өндіру техникалық қуатқа жаңа технологиялық әдістерге байланысты болады.
[1] М.Дияров. Атырау табиғаты және оны қорғау 8-бет
Атырау облысының мұнай-газ өнеркәсібін дамытудың бүгінгі ерекшелігі- Астрахань, Теңіз және болашақта Каспий ойпаттарындағы мұнай-газ орындарын игеру.
Теңіз мұнай кенішін игеру және пайдалану бірнеше экологиялық күрделі мәселелерді шешуді талап етеді. Оның ішінде басты мәселе экологиялық таза мұнай-газ өндіру және өндірілген газды тазарту.
Пайдаланар алдында мұнай скважинасы дайындалып, айналаны қоршаған ортаны зияндау зардабынан сақтау, технологиялық қондырғыны қондыру, инженерлік жүйені әзірлеу.
«Теңізшевройл» кәсіпорнының 2013-2015 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспары бойынша кемелі мәселе тікелей ел ішінде талқыға түсті. «Атырау облысы – біздің ортақ үйіміз, сол себепті де біз ортақ табысқа жетуге мүдделіміз. Ал, бүгінгі айтулы шараны мен облыс экономикасы үшін маңызды оқиға деп есептеймін»,-деді компанияның бас директоры Тим Миллер. Оның айтуынша, «Теңізшевройл» компаниясындағы жұмыстар қоршаған ортаны қорғауға кері әсер етпейді және экологияға негізделген қызметіде кез келген компанияның осы бағыттағы іс-әрекетінен көш ілгері.
Айқын болған жай, табиғат қорғау шараларына сәйкес кәсіпорын атмосфералық ауаны қорғау шаралары бойынша кешенді технологиялық желілер (КТЛ) зауытында көміртегінің тотығын, қышқыл газ, шикігаз жағуды қысқарту, ұңғымаларды сынау кезінде шығарындыларды азайту жобаларын назарға алып отыр. Бұның экологиялық жағынан ұтары бар, ол – көміртегі тотығы шығарындыларының жалпы көлемін 20 пайызға қысқарту, қышқыл газ жағу үрдісіне тосқауыл қою, ұңғымаларды сынау кезіндегі қалдықтарды зауыттарға жіберу.
Өмір сүріп отырған ортаны қорғау мәселесі сөз болған жерде мамандарда, жұртшылықта күкіртке қатысты жайлардан айналып өте алмайтыны белгілі. Бұл бағытта ТШО қоршаған ортаға мониторинг жүргізу станцияларын жаңғырту мақсатын көздейді, яғни ғылыми зерттеулерге өріс ашпақшы. Оның ішінде, әсіресе күкіртті ұзақ сақтаудың әне бір қауып сіз еместігін және экологиялық зиянсыз екендігін анықтауға көзжеткізетін далалық зерттеулердің маңызы ерекше.
Қоршаған табиғи ортаны қорғауда КСРО мемлекеттік табиғат қорғау комитетінің оңды қорытындысын алу кезінде төмендегі мәселелер қаралады:
1.Ауаны ластанудан сақтау
2. Жер беті және жер асты суларының ластанудан сақтау
3. Пайдаланылған жер участоктерд іқалыпқа келтіру.
4. Мұнай өндіру ауданының геодинамикалық жағдайын бағалау.
5. Алынған шикзатты тиімді және комплексті пайдалану.
6. Қоршаған ортаны қорғау
7. Қоршаған ортаны экологиялық-экономикалық жән еәлеуметтік сыйпаттау.[1]
[1] М.Дияров. Атырау табиғаты және оны қорғау 8-бет
Теңіз мұнай-газ кенішін тиімді пайдалану, оның экономиялық жағдайын жақсартуда таяуда ғана «Шеврон» коркорациясы басқармасымен бірлескен «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорын құруы шартына қол қойылды.
Экологиялық табиғи ортаны қорғау шараларын іске асыру өзінің нәтижесін беріп отыр. Бұл күндері мұнай кәсіпшіліктерінде атмосфералық ауаны зияндайтын газдар мен зиянды заттардың мөлшері ПДК-ден төмен. Ал өндірілген газдарды зиянсыз пайдалану 1991 жылы 62 пайыздан 1992 жылы 68,5 пайызға жеткізілді.
Сөйтіп Теңіз кенішінің экономикалық тұрғыдан тиімді игерілуі мен оның болашақ экологиялық зардапсыз жұмыс жасауына және қоршаған табиғи ортаны қорғау ісінде нақтылы да, күрделі де көлемді шаралар белгіленуде.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы зандарға енгізіліп жатырған өзгерістер де аз емес. Бірақ соның ішінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алудың тәртібі.
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, табиғат пайдаланушыға оның өтіміне сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінде белгіленген тәртіппен беріледі. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты 1 санат обьектілеріне қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органнан, 2,3,4 санат обьектілеріне- қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарынан алады. Табиғат пайдаланушылар үшін қоршаған ортаны қорғауда санаттағы обьектіге үш жылдан аспайтын, ал 2,3,4 санаттағы обьектілерге бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі
Кейде құдық қазған жерден су орнына өткір иісті қара қошқыл майлы сұйық зат шығатын болған. Алайда іштен жанатын двигательдер ойлап шығарылғанға дейін мұнайды қатты қажет сіну бола қойған жоқ. Ғалымдар мұнайдың көмірсутектерден күкірт, азот және оттектен тұратындығын анықтады.
Өткен ғасырдың соңында дәлірек айтсақ, 1899 жылы Қарашүңгіл алаңынан мұнай бұрқағы атып алашқа ауыз аштырғаны мәлім. Шетелдік алпауыттардыңда осы араға құмырсқадай үймелеген осы тұс.[5]
Қазақ мұнайының бастауы- Қарашүңгіл. Одан беріде бір ғасыр аунап кетті.
Қарашүңгілден №7 бұрғыны қазу кезінде 45-50 метрден кейін алғашқы мұнай бұрқағы атыпты. Одан алынған мұнай арбамен Ракөшке тасылған. Сол жерден алынған мазутты бұрғышылар отқа жағуға да пайдаланған. Сол бабалар тапқан мұнайтамшылары бүгінде теңізге айналып бір ғасыр бойы ел игілігіне қызмет етіп келеді. Бүгінде солардың санын саусақпен санап тауыса алмайсыз. Мысалы: Қосшағыл, Құлсары, Қаратон, Прорва, Мұнайлы, Тереңөзек, Төлес, Ақінген, Қисымбайт.б.. Бір үлкен теңіздін өзі неге тұрады
[5] Бақытжан Бозданұлы- « Теңіз және экология. Атырау-2008жыл
20-шы жылдары Атырау өлкесінде мұнай барлау жұмыстарын кеңінен жүргізді. Оған себеп болған Бешім Қызылбасұлы (1874-1933) деген қарапайым қазақтың геолог барлаушыларға көрсеткен бір торсық мұнай болатын. Бешімнің қуанышты хабарынан соң Қосшағыл алаңын 1927 жылы топограф Б.Н.Юркевич, 1929 жылы көрнекті геолог мұнайлы Ембінің игеруіне өлшеусіз үлес қосқан ғалым, кейіннен Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болғанПетр Яковлевич Авровтар геологиялық зерттеулер геолог Н.Н. Михаилов маршрутты гравитациялық түсірулер жүргізді. Бірақ қатал табиғи жағдай кен орнын тез игеруге мүмкіндік бермеді. Ол кезде құм төсінтілген тақтайдай жол жарамды көлік және жарқыраған электр қуаты болмады. Соған қарамастан геологтардың орасан зор күш жігерімен 1932 жылы іздеу жұмысы жандандырылды, алаң жете зерттелінді. 1932 жылғы қазан айының 21-інде 6-шы ұңғыдан 420 метр тереңдіктен тұңғыш мұнай бұрқағы атқылады. Аталмыш ұңғы тәулігіне 250 тонна мұнай беріп тұрды.
№1 Мартыши мұнай өндіру цехының алғашқы тіршілік қадамы Мартыши даласында 1967 жылдың күзінде ұшқан құс, жүгірген аң көзге шалынбайтын жерде мұнайшылар қоныстанып өндірісті бастаған. Ағаштан соқа, тіреу жасап қабырғасын қамыспен бітеп оны сылап дизельге «баспана» жасаған. Мартыши даласына орнаған тіршіліктің жүрек соғуын сол дизель бастады. Алғашқы күндері жұмысшылар мен мамандар далада отырып тамақтанып шоқалдыңығында жатып демалды. 1967 жылдың желтоқсан айында Мартыши мұнайы қазандарға құйыла бастады. 1968 жылыдың ақпан айында алғашқы мұнай эшалоны Гурьезтің мұнай өндеу завотына жеткізілгені тарихта қалды.
Теніз мұнайының қасиеттеріне және қабаттың өзіндік ерекшеліктеріне орай туындаған техникалық проблемаларды шешу үшін жаңа технологияларды қолдану қажет болды, ал ол кезде КСРО-да ондай мүмкіндік жоқ еді. Бірақ кеңес үкіметі мұнай мен газды өндеу үшін тоттануға берік жабдықты шетелден сатып алып, кен орнын қазу туралы шешім қабылдады. Жаңа зауыт салуға Венгриядан мамандар шақырылады. Бірақ көп ұзамай №37 ұңғымада болған апат кеңестік мұнай-газ өнеркәсібінің табиғи- геологиялық өзіндік сипаттамаларымен ерекшеленетін Теңіз кен орнын игеруге дайын еместігін көрсетті. №37 ұңғымада болған жағдай бірегей Теңіз кен орнын игеру үшін қосымша техникалық құралдар мен қаражат табу қажет екенін растады. Солай болғаны мен, кен орнын қазбалаудың қиын екеніне қарамастан, 1991 жылы Кеңес Одағы Теңіз кен орнында мұнайды өнеркәсіптік өндіруге кірісті. Деген мен мұнай-газ индустриясының бір ғасырдан астам тарихы бар, әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілерінің бірі болған КСРО-да Теңіз кен орнын игеру үшін тәжірибе мен құрал-қаражат тапшы болатын. Осыншама зор ауқымды және техникалық пара метрлері бойынша сирек кездесетін кен орнын қазбалау үшін сырттан тәжірибе мен қаржыландыруды тарту қажет екені айдан анық еді.[6],[11]
[6] Бақытжан Бозданұлы-«Теңіз қалай түледі.» Атырау-2000 жыл
[11] «Прорва перзенттері»-2013
Бұл жағдайда геологиялық деректер ібойынша Теңіз кен орнына ұқсас кен орындарын қазбалау тәжірибесі, қолында тиісті технологиялары бар және жобаға қажетті капиталын инвестициялауға әзір шетелдік компаниялармен бірігу жолымен ғана осындай қаржыландыруға және қажетті технологиялырға қолжеткізу мүмкін еді. Көп ұзамай мұндай компания табылды.
Осы басқа емес неге таңдау «Шевронға» түсті деген сауалға жауап берейін. Өзінің мұнай қоры жөнінен әлемдегі ең үлкен бес кеніштің бірі саналатын Теңіздің табиғаты шынында өте күрделі. Оның техника- экономикалық негіздемелері төңірегіндегі ой пішуле, даулы пікірлер көпке созылды. Кеніш мұнайының күкірті көп. Қабаттық қысымда өте жоғары. Ал, « Шеврон» мамандарыТеңіздің ауқымы мен ондағы қиындықтарды жақсы білді. Мұнда екі жылға жуық үлкен талдау жұмыстарын жүргізді. Ең бастысы, бай тәжірибе бар. Қысымыда, күкіртіде тура Теңіздегідей Солтүстік Америкадан газ өндіреді. Ол-ол ма, күкірті мол Мексика түбегінен судың астынан ауыр мұнай алып отыр. Бір ғажабы, әлемнің 90 елінде жұмыс істеп жатып, бірде-біреуінде жергілікті халықты ренжітпегені, Теңізде де сенімге ие болу үшін жергілікті халықтың ақсақалдарын, мамандарды өздері жұмыс істеп жатқан елдердегі жағдаймен таныстыруға жіберіп алады. Бұл- американдық фирма артықшылықтарының бір парасы ғана. Таңдау басқаға емес, неге «Шевронға» түскені енді түсінікті болар.
1993 жылдан көктемінде көптен күткен «Ғасыр келісімі» шартына қол қойылып, ол қазақ-американ бірлескен кәсіпорны-«Теңізшевройл» өмірге келгенін айдай әлемге паш етті. Әйгілі Теңіз кенішінен үздіксіз өндіруде. Аталған кеніш 1979 жылы ашылған. Бұл кеніштің тәуелсіз Қазақстан соның ішінде Атырау өңірі үшін маңызы ерекше. Өйткені, мұнда 3 млрд. Тонна мұнай және 1800 млрд. Текше метр ілеспе газ бар деген болжам жасалды.
Жылдар аунап түсіп, тарих қойнауына сүңгіп кетіп жатыр. Өткенге – салауат, жеткенге қанағат. Бұл компания әлемдік стандарттарына сай жүзеге асыратын кәсіпорын. Теңіз кенішінің өнімді қабаттарындағы 2033 жылдың сәуір айына дейінгі есеппен алынуға тиісті мұнай қоры 750 миллионнан 1,1 миллиард тонна (26 млрд. баррель), ал Королевкен алаңында 190 миллион тонна (1,5 млрдбаррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді. Теңіз коллекторының щеңбері едәуір, ені 19 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль) құрайтын аумақты алып жатыр.Іске асырыла бастаған жиырма жыл ішінде қазақстандық-американдық жоба Қазақстанның мұнай державасы ретінде зор келешегінің бар екенін дәлелдеді.
Өндірілетін мұнай қоры 750 миллионнан 1 миллиард 125 миллион тоннаға дейін бағаланатын әлемдегі ең тереңде жатқан алып кеніштердің бірі болып саналатын кен орнының өзіндік ерекшеліктеріне, яғни өнімді горизонттардың 4000 метрден астам тереңдікте жатуына болуына және күкірт сутектің жоғары шоғырланысына байланысты күрделі техникалық және технологиялық міндеттер
табысты шешілуде.
ТШО мұнайды Европа және Америка елдеріне шығарады. 2008 жылы өндірісті кеңейту жөніндегі аса ірі инновациялық жобаның ойдағыдай жүзеге асырылуы ТШО-ның әлемдегі озық мұнай компанияларының қатарына ене отырып, бүгігі таңда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы айқындаушы тұтқалардың бірі екендігін дәлелдеді.
ТШО-ның өнім өндіру оны өткізуде зор табысқа жетуіне іскер мамандардың үлесі зор. Қазір ТШО-да 55000-ға тарта тұрақты қызметкер бар. Бұлардың 71%-інАтырау облысы бойынша 50 млн. АҚШ долларына әлеуметтік және тұрмыстық бағыттағы бірнеше обьектілер бой көтерді. Әсіресе Теңіз кенішіне таяу жатқан аудан орталығы-Құлсары тұрғындарына баспана, аудандық аурухана, Атырау қаласында нан заводы диагностикалық орталық жылу қазандығы салынып, пайдалануға берілген. Өкпе ауруымен ауыратындарды жаңа әдіспен емдеу бағдарламасын енгізуде табысты болған. Атырау қаласындағы орталық көпірді жаңартуда 2 млн. доллар, көп қабатты үйлердің келбетін өзгертуге 2 млн. Доллар бөлінген.Табыс және пайдасы: жылына шамамен 40 миллиард доллар.
Атап айтар біржай, ТШО Атырау облысының Жылыой ауданындағы және Атырау қаласындағы мәдениет мекемелеріне, балалар үйлеріне, интернаттарға, қарттар үйлеріне, ауруханалар мен клиникаларға, мүгедектер ұйымдарына және тұрмыс деңгейі төмен адамдарға демеушілік көмек көрсетуді дәстүрге айналдырды.
Компания өзінің алдына ауқымды, әрі биік міндет қояды. «Теңізшевройл» табысының басты кепілі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен және Атырау облысы әкімдігі мен арадағы сенімді, тығыз серіктестік пен өзара ынтымақтастық болып табылады. Осынау табысты ынтымақтастықтың негізінде әр кез өзара сенім, нақ тыіс, сондай-ақ қазақ жерінде тұратын адамдарға қамқорлықты көздеген бірінші кезектегі міндет тұрды.
Әр кезеңнін өз несібесі бар. ТШО 2011-2013 жылдары қосымша 225 млн. АҚШ долларын канализация тазарту қондырғысы жобасымен сарқынды сулар қондырғыларын жаңғыртуды қоса алғанда, қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларға бөліп отыр. Нәтижесі көріне бастады. Соңғы уақытта Теңізде газдың алаулардағы қалыпты жұмыс жағдайында жағылуы тоқтатылды. ТШО Қазақстан Республикасы Үкіметі қойған міндетті айтылған мерзімде толықтай орындады.
Батыл шешім, батыл қадам керек! Әйтпесе, шикізатымызды шетелге сатып, оны қымбат бәске қайта сатып алу маңдайымызға мәңгі жазылмаған болар?! Шеттен қандай инвестор келседе, сол саланың өндеуші зауытын, кәсіпорын салғызу керек. Әмсе, жақын жылдарда осыған қолымыз жетсе, сұйық отын жөнінен жергілікті мұқтажды өтеп қана қоймай, оны экспортқа шығару арқылы республикамызды қуаттандыру дәрежесіне жетер едік.
Біз әуелден алыстан арбалауға, дайынды тұтынуға үйренген халықпыз ғой. Әйтпесе, жергілікті кенорындары жетерлік, алпыс-жетпіс жыл бойы құрал-жабдықтарды шеттен тасу мен болдық. Қаншама шығын?!
Мынау бес күн тірліктің қадірін білген Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман сияқты елдер тек мұнайдың арқасында гүлденіп отырғаны үнемі жадымызда жүрсе, несі мін?! Әлемдік деңгеймен қарағанда 170 мемлекеттің ішінен мұнай қоры жөнінен 12 орынға ие болып отырғанымызға да шүкіршілік дейік!
...Теңіздің қолтығы қуысында, қоңырлық пен шағырлы шағылдың уысында жатқан осынау өңірдің мұншалықты бітім-болмысы ерекше, жаратылысы бөлек болар ма?! Аруақ қонып, қыдыр дарыған соң киесі қорғап, жат көздің сұғынан жасырып, қымтап жатқанын да сан ғасырдың өрмек жүзі ауып кеткен ғой. Бағзы-бақидан-ақ ақындар бұл Батыс Қазақстан өлкесін«майлы қиян» деп бекерден-бекер жырға қосты дейсің бе?! «Каспий жерінің от шашқан тастарына» қайран қалған Кир мен Ескендір Зұлқарнайынның жер қайысқан қолдарында жалт қаратпады ма?! Көрегендікпен келешекті ме, көржерлік пен сақал сипаған шақ ызып беретін саудасын ба?! Сол бастаудың көзі ашылып, теңіз-телегейге айналған шарада екі жарымға сыр уақыт өтіпте кетіпті.
Жиырма бірінші ғасыр – қазақ мұнайының дәуірлеу кезеңі, оның ат байланар алтын қазығы- Теңіз мұнай кеніші.
Бұл жобаны екінін бірі біле білмейді.Ол жоба мұнай өңдеудің жаңа мүмкіндігі. Бұл Атыраудағы зауытты түбегейлі жаңғырту арқылы жүзеге асады.
Зауыттағы құрылыс, монтаж жұмыстары 2012-2015 жылдар аралығына жоспарланған. Жобаның құны қосымша құн салығын қоса алғанда 1 миллиард 679 миллион 892 мың 520 АҚШ долларын құрайды. Жүзеге асыру мерзімі 41 ай деп белгіленген бұл алып нысанның құрылысын 2015 жылы аяқтап, іске қосу көзделген.
Осы жоба бізге не береді? Бұл жобаның мақсаты-қайа өндеу проестерінің құуаттылығын және мұнайды қайта өндеу тереңдігін 87 пайызға арттыру, сондай ақ, шығарылатын өнімнің саны мен сұрыпталымен көбейту. Жоба сонымен қатар, ішкі нарықтағы жоғары октанды бензин мен авиаотын тапшылығын жоюды, зауыттың технологиялық ағындарының эксплуатациялық беріктігін нығайту көздейді. Сонымен қатар, мотор отындардың сапасын әлемдік деңгейге көтеру де жобаның маңызды бір бөлігі болмақ. Яғни,кешен жұмыс істеп кеткен жағдайда аталған өнімдерді шығару стандарты Еуро-5 деп аталады.
Жобаны жүзеге асыру кезінде тауарлы бензиндердің өндірісі Кедендік одақтың техникалық регламентінің талабы бойынша К-4, K-5 класына сәйкестендіріледі. Тауарлы өнімді өндіру көлемі де өзгереді.Мәселен, бензин өндірісі жылына 142 мың тоннадан 1745 мың тоннаға, дизель отыны 1221 мың тоннадан 1640 мың тоннаға, керосин өндірісі 38 мың тоннадан 244 мың тоннағы дейін ұлғаймақ. Зауыттың қуаттылығы жылына 5,5 миллион тонна екенін ескерген мамандар бұған толық мүмкіндік бар деген болжам жасады.
Әрине, жоғары сапалы бензинге қол жеткізуде тек қана коммерциялық мүдделер көзделген десек қателесеміз. Бұл жерде өнімнің қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аударылуда. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанның аумағында 2-экологиялық кезең стандарттарының талаптары енгізілді. Ал, 3-ші және 4-экологиялық кезең стандарттарының талаптарыфн 2014 жылдың қаңтары мен 2016 жылдың қаңтарнан бастап енгізу жоспарланған.
Бұл стандарт мұнай өндеу зауытындағы технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың тозуына байланысты енгізіліп отыр. Өйткені, тозған жабдықтар мұнайды терең өңдеуді жүргізуге және экорлогиялық кезең стандарттарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруге мүмкіндік бермейтінді. Сол себепті дүниежүзілік талаптар негізінде өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту мақсатында аталмыш зауыт қолдағы мұнай өндеу қондырғыларын қайта жаңарту мен жаңғыртуды межеледі.
Аталмыш кешен жұмысын бастаған кезде мұнайдан қалдық өнімдері бөлінетіні белгілі. Шикізаттық рөл атқаратын бұл өнімдердің қатарында мазут та бар. Бірақ, кешен жұмысы негізінен түрлі бензиндер, дизель отыны, сұйытылған газ секілді ашық мұнай өнімдерін алу мақсатында ауыр қалдықтарды ғана өндіруге бағытталған. Бұл өнімдер мазутқа қарағанда жоғары сұранысқа ие. Мамандардың айтуынша, кешен пайдалануға берілгеннен кейін мазут ең құны төмен өнім ретінде аз өндірілмек. Атап айтқанда, оны өндіру көлемі жылына 1780,76 мың тоннадан 193 мың тоннаға дейін төмендейді.
Сонымен қатар, компания басшылығы облыс экологтары мен жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, санитарлық қорғай аймағына маңыз беруде. Бұо рете ауаны ластайтын төгінділер мен эмиссияларды азайту бағытында табиғатты қорғау шараларын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістері де қарастырылып отыр. Атап айтқанда, атмосфераға зиянды заттардың өте аз мөлшерде шығуын қамтамасыз ететін оттықтарды қолдану, ауаның ластануын жоғары деңгейде анықтайтын сенімді жабдықтарды орнату және басқа да осы саладағы инновациялық технологияларды енгізу арқылы қоршаған ортаның бүлінбеуіне жағдай жасау көзделуде.
Атап өтетін жайт, мұнда ағынды суларды биологиялық тазарту қондырғысы жұмыс істейді және барлық төгінділердің мөлшері мемлекеттік органдар белгілеген нормативтерден аспайды,- дейді зауыт басшылығы.
Қазіргі уақытта кешеннің құрылыс алаңдарында монтаждау жұмыстары қызу жүргізілуде. Аталмыш жоба, түптеп келгенде, әлемдік экологиялық стандарттар талабына жауап беретін жоғары сапалы мұнай өнімдерін және отандық өндірісті дамытуға қажетті мұнай-химия шикізатын шығаруды мақсат тұтады. Кешен іске қосылғаннан кейін зауытта ашық мұнай өнімдерін өндіру 77 пайызға артып, 624 адам тұраұты жұмысқа орналастырылады деп болжануда.
Қазақстан Президенті де Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды өңдеу зауытында мұнайды қайта тереңдеп өңдеу кешенін салуды тездету жөнінде тапсырма беріп, «Атырау мұнай өңдеу зауыты 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамтамасыз етуі қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік- 1,7 миллион тоннаға деін, ал, дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстанды отынның осы түрлерімен қамтамасыз етеді» деген болатын. Сонымен бірге, ол бұл жобаның Қазақстанды үдемелі қарқынмен индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы щеңберінде жүзеге асып отырғанын және Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы қорытынды кезеңі болып табылатынын айтқан еді. Осыдан-ақ жобаның мемлекеттік маңызы қандай екені көрініп тұр.
Ал, өңір тұрғындарының жобаның әрі пайдалы, әрі қауіпсіз болғанын қалайтыны даусыз. Менің өзім соны қалаймын.
Қазақстан өзінің «Қара алтыны» мен әлемдегі қуатты елдер қатарынан көрінуге қадам басты. Енді жиырма бірінші ғасыр, Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қазақ мұнай-газ өнеркәсібінің қарыштап дүние жүзіне дамиды.
[13] Қазақстанның мұнай энциклопедиясы 1999-2005 ж.
Қорытынды
Ұлан-ғайыр қазақ даласында Атырау өңірінің өз орны, өз тарихы, өз өрнегі бар. Бүгінгі Қазақстанның болашағына көз жіберіп тағдырын таразыласақ, ел игілігінің қайнар көзі – мұнай, сол байлықты өндіруші Атырау халқы еске оралады. «Мұнайы бардың құдайы бар»-деп бекер айтпаған. Себебі, бұл- күпірлік сөз емес! Аға ұрпақ жетпіс жыл бойы тайыз кеніштердің тағдырын тартса, олардың ізін басқан қуатты толқын тұңғиық терең Теңіздің тас құрсағын иітіп жатыр.
Атыраудың кен байлығын игеру, бірнеше кәсіпорындардың салынуына байланысты көлемді жұмыстардың атқарылуы облыстың табиғатына қолайсыз экологиялық жағынан әсер етуде. Ол әсіресе соңғы кезде көбіне Теңіз мұнай газ өндіру теңіз кенішінің ашылуы, теңіз деңгейінің көтерілуі тарапынан болып отыр. Ауылшаруашылық жерін бүлдіру, өсімдіктердің өсіп, жануарлар дүниесінің дамуына зиянды зардаптарын тигізуде, су мен ауа бассейндеріне бірнеше мыңдаған тонна зиянды заттардың, оның ішінде күкіртті сутегі мен күкіртті ангидридтердің тарауына жол берілуде. Сондай-ақ теңіз суының жайылуы теңіз жағасының бағалы балықтар өсіретін 1800 га алаң соңғы жылдары істен шықты. Соны мен қатар істен шыққан және қуатты соғыс қаруын сынақтан өткізген жерлерді қайта қалпына келтіру сонау зардаптарын жоюдағы оралымсыздықтар экологиялық жағдайды шиеленістіре түсуде.
Мұны мен қатар жұртшылықтың экология мен табиғатты қорғау мәселелеріндегі сауаттылықтардың жеткіліксіздігі оның күрделілігі не мән беріп, оны шешудің жолдардың жете меңгермегені бұл салада көптеген үгіт – нәсихат жұмысын жүргізуді талап етулі.
Шын мәнінде табиғатты қорғау мәселесі бұқара жұртшылықтың төлісіне айналуы қажет. Осы мақсатта қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны жақсарту көптеген бірлестіктер мен қоғамдық орындар белсенд ітоптар мен табиғатқа жаны ашушылар қатарын көбейтуді керек етеді.
Сөйтіп, табиғат қорғау күресі бүкіл халықтық міндет болуға тиіс.
«Жері байдың- елі бай» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой.
«Асу-асу құм келсе, атан тартар бүгіліп.
Айыр қоспақ кез келсе мұрындығы қалар үзіліп»,- деген, бұлар сол 30-шы, 40-шы жылдардағы қиын қыстау кезеңде шалдығып талса да, шөгіп қалмай, арқалаған ел жүгін аман-есен абыроймен алып шыққандар. Сол үшін де біз оларға қарыздармыз.
Қазақстан 2050 стратегиясында Нұрсұлтан Назарбаев - «Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 млрд. Доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамтамасыз ету қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік-1,7 млн. тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 млн. тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстанды отынның осы түрлерімен қамтамасыз етеді.»-деп айтқан еді.
«Елу жылда-ел жаңа» дейді халқымыз. Ата-бабаларымыздың ерлігімен, елдігімен бірге жасасқан елу жылдық тарихқа үн қосу бүгінгі мұнайшылар үшін үлкен жауапкершілік. Бүгінгі іс-шарамыз ардагер- мұнайшыларға, қарапайым еңбек адамына көрсеткен құрметіміздің бір бөлшегі ғана деп түйіндейін. Өйткені, тарихты жасаушылар қашанда қарапайым еңбек адамдары. Ендеше, олардың өнегелі өмірі, ерлікке толы істері қашанда кейінгі біз, сіз сияқты жас ұрпаққа үлгі бор қала бермек.
Жер киесі жібермейді, өзіне тартады. Жақсы мағынасыда солай. Туған жердің тірегі – туған ұлдары. Ықылым заманнан бері бұл өлкеде қаншама ұрпақ алмасуда?! Аға ұрпақ дәстүріне адалдықтың шынайы көрінісін Теңіз төсіненде айқын көруге болады. Кешегі ұлы еңбектің топай көгі болған әке – әпкелеріміз туған жерінің көркеюі үшін бүкіл ғұмырын сарп етсе, бүгінде олардың орнын кейінгі толқын із басарлары басқан. Бағзы-бақидан-ақ ақындар бұл өлкені «майлы қиян» деп жырға қосқан болатын. Бұдан мыңдаған жыл бұрын Кир мен Александр Македонский «Каспий жерінің от шашқан тастарына» қайран қалған екен. Екі жарым ғасыр бұрын Әбілхайыр ханның қабылдауында болған ағылшын көпесі Гок жолшыбай Ембі өзені маңынан су емес, мұнайдың бұрқылдап бастауын көріпті. Біле білсек, мұнай отандық өнеркәсіптің маңызды саласы болып қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттің тәуелсіздік мәртебесінің нышанына жарқын болашаққа деген сенімінің тірегіне айналуда. Бүгінгі Атырау өмірдің қай саласы бойыншада жаңару, жаңғыру үстіндегі байтақ еліміз зор үміт күткен экономикалық қуаты орасан зор cол аймақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Дияров. Атырау табиғаты және оны қорғау 8-бет
2. Н.Р.Нұрғалиев « Ол кім, бұл не?» 321-322-беттер
3. Р.Хамитұлы «Қаратон туралы сөз»
4. Қаржау Оразбаев-«Теңіз ғаламаты.»
5. Бақытжан Бозданұлы- « Теңіз және экология. Атырау-2008жыл
6. Бақытжан Бозданұлы-«Теңіз қалай түледі.» Атырау-2000 жыл
7. Орынғазы Есқазиев. Төлеген Байзақов. Мағауия Шырдабаев- «Атышулы теңіз»
8. Мұнайлы өңір тынысы- жинақ
9. Мұнайлы мекен-Құлсары 2014 жыл
10. «Прорва-сүбелі кеніш» 2014-жинақтар.
11. «Прорва перзенттері»-2013
12. «Қазақстан мұнайы» газеті
13. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы 1999-2005 ж.
14. «Ембі»-аудандық газет. 1965-1980
15. Қазақтың мақал-мәтелдері.
16. «Атырау» -Облыстық қоғамдық-саяси газет-2014 жыл.