Материалдар / "Қарбыздың пайдасы" ғылыми жоба тақырыбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қарбыздың пайдасы" ғылыми жоба тақырыбы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қарбыздың пайдасы " тақырыбында ұсынылған ғылыми жоба.Бастауыш сынып оқушысына сай әзірленген және презентациясы дайын. Әріптестерге көмек ретінде ұсынамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
110
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

42 Нұрлан Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп



Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қарбыздың пайдасы»

Picture 2




Бағыты: химия, биология

Автор: Серік Нұрислам Нұрболатұлы

Ғылыми жетекшісі:Жұмаш Зүльфия Аманбайқызы












2024-2025 оқу жылы





Мазмұны:


І Кіріспе....................................................................................................5

ІІ Негізгі бөлім

2.1.Қарбыз жемісі.........................................................................................6

2.2.Қарбыздың құрамы және пайдасы........................................................7

2.3.Қарбыздың шипалық қасиеті.................................................................9

ПРАКТИКА

Қарбыз шырынының жасалу жолы,пайдасы мен зияны.........................12

ІІІ Қорытынды.............................................................................13

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................14


























2«и»-сынып оқушысы Серік Нұрисламның «Қарбыздың пайдасы» атты ғылыми зерттеу жұмысына


Пікір

Ғылыми зерттеу жұмысында 2«и»-сынып оқушысы Серік Нұрислам адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қарбыз жайлы мәліметтер жинау, өсіру, бақылап танысып, әртүрлі жолдарын зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың жазу барысын Жапонияда өсірілетін қарбыздың түрін, басқада сары, қара қарбыздардың қарапайымдылығына қарамастан, олардан бетке маска жасауға болатындығы жайынды жалпы оның қаншама таңқаларлық сырларын біліп ерекшеліктерін сипаттап жазған. Бүгінгі таңда қолданыста жүрген көкөніс жайлы таныстыру, қызығушылығын арттыру оны тек алға жетеледі.

Серік Нұрисламның бұл зерттеу жұмысын дүниетану, зерттеу негіздері сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады. Өз зертеу жұмысында түрлі әдебиеттерді ізденімпаздықпен пайдалана білген.Зертеу жұмысы баланың жас ерешекшелігіне лайық.




Жетекшісі:

42 Н.Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Жұмаш Зүльфия Аманбайқызы





Аңдатпа


Зерттеудің мақсаты: қарбызға сипаттама беріп, оның пайдалы жақтарын іздеу және талдау.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қарбыз туралы әдебиет көздерімен танысу;

  • Қарбыздың пайдалы жақтарын қарастыру және талдау;

  • Алынған нәтижелерге қорытынды жасау.


Болжам:Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр.

Қарбыздың құрамындағы адам ағзасына қажетті заттар көп екенін және адамдар үшін оның пайдалы екенін дәлелдеу.


Тақырыптың өзектілігі:қарбыз – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады. Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр.

Қарбыздың емдік, адам ағзасына пайдалы жақтарын қарастырып, Адам баласының өмірінде құрманың алатын орнын көрсету. Құрманың діни әдебиетте қалай бейнеленгенін анықтау.


Зерттеу нысаны:қарбыз жемісі

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: сараптау, ой қорыту, жалпылау мен салыстыру, жинақтау және талда

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді дүниетану, биология, өлкетану сабақтары мен тәрбие сағаттарда қолдануға болады.








Аннотация

Ғылыми жобада оқушы жан-жақты зерттеулер жүргізді. Ұсынылған ғылыми жобада оқушы тақырып бойынша жан-жақты іздеу және дереккөзге негізделген зерттеулер жүргізді. Іздеу барысында Интернеттің ашық деректеріне сүйене отырып, дәлелдер келтірді және т.б. теориялық бөлімнің мәліметтеріне сүйене отырып, практикалық талдау жүргізді. Ғылыми жобаның мақсаттарынан құралған міндеттер бойынша жұмыстар жүргізілді, талдау және зерттеу жұмыстары дәлелді тәжірибеге толы.

Abstract

In the scientific project, the student conducted comprehensive research. In the proposed scientific project, the student conducted a comprehensive search on the topic and research based on sources. During the search, the student provided evidence based on open Internet data, etc. Conducted a practical analysis based on the data of the theoretical section. Work was carried out on tasks made up of the goals of the scientific project, analysis and research work are permeated with evidence-based practice.

Аннотация

В научном пpоекте учащийcя пpовел вcеcтоpонние иccледования. В пpедлагаемом научном пpоекте учащийcя пpовел вcеcтоpонний поиcк по теме и иccледования на оcнове иcточников. В ходе поиcка учащийcя пpиводил доказательcтва, опиpаяcь на откpытые данные интеpнета и дp. Пpовел пpактичеcкий анализ, опиpаяcь на данные теоpетичеcкого pаздела. Были пpоведены pаботы по задачам, cоcтавленным из целей научного пpоекта, анализ и иccледовательcкая pабота пpонизаны доказательной пpактикой.











І. Кіріспе

Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі.

Қарбыздың ең үлкен жидек екенін бәрі біледі. Алайда ботаниктер әлі күнге дейін бұл тұжырыммен келіспейді. Қарбызды асқабақ тұқымдасына жататындықтан жалған жидек деп те атайды. Оңтүстік Африка – қарбыздардың отаны болып саналады. Қарбыздың байырғы түрлері қазіргі заманғы бәрімізге таныс қызыл жемістерге көп ұқсамайды. Сондай-ақ, перғауындардың қабірінде тұқымдардың табылуы және оның қабырғаларында қарбыз суретінің салынуы ежелгі Египетте өскеніне дәлел бола алады. Мұнда, тіпті, қарбызды Египеттің жауынгер-құдайы жаратты деген де аңыз бар екен. Римдіктер болса қарбыздарды жеп, тұздап, одан қайнатылған шәрбат жасаған. Қарбыз бүкіл әлемде, көбінесе Қытай, Үндістан, Иран, Түркия, Өзбекстанда тараған. Кейбір елдерде жыл сайын қарбыз фестивалдері өткізіледі. Тіпті Ресей, Украина, Аустралия мен АҚШ-та ескерткіштері де бар екен. Ал Қазақстан өсіру жағынан Қытай көш бастаған қарбыз өндіруші мемлекеттердің алғашқы он бестігінің ішіне кіреді. Аталған жидек еліміздің жылы аймақтарында, әсіресе, қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш, Жетісай, Шардара елдімекендерінде, Алматы, Жамбыл облыстарында мол өсіріледі. Бұл бағыт батыс елдерінде жоғары дамыған. Сонымен қатар көптеген фильмнің дыбыс режиссерлері соққылардың, лақтырылған тастар мен басқа да дауыстарды алу үшін қарбызды тиімді әдіс ретінде қолданған. 

Осы жобаға қойылған мақсат, қарбызға сипаттама беріп, оның пайдалы жақтарын іздеу және талдау.

Тақырыптың өзектілігі, қарбыз – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады. Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр.

Қарбыздың емдік, адам ағзасына пайдалы жақтарын қарастырып, адам баласының өмірінде қарбыздың алатын орнын көрсету.

Жобаның болжамы, ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр.

Қарбыздың құрамындағы адам ағзасына қажетті заттар көп екенін және адамдар үшін оның пайдалы екенін дәлелдеу

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Қарбыз жемісі

Жалпы, қарбыздың аналығы мен аталығы болатыны белгілі. Аталығына қарағанда, аналығы дәмдірек келеді. Өкінішке қарай, өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан әсіресе, балаларға берген кезде абай болған жөн. Ең нитраттар жиналатын зиянды бөлігі болып қабығына жақын тұрған жұмсағы саналады, сондықтан балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды. 2-3 жастағы балалар үшін 100 грамы жеткілікті болса, 3-6 жастағылар үшін 150-ден асырмау керек.
Сонымен, оның адам денсаулығына пайдасына тоқталатын болса, адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ ол сілтіге бай. Осының барлығы оны несеп жолдары үшін өте пайдалы қылады. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. қаназдықты емдеуде де жақсы көмекші.
Picture 6



2.2. Қарбыздың құрамы және пайдасы

Қарбыздың сөлі мен қызыл еті – несеп және өт айдауда аса пайдалы. Оның етінде фруктоза, азотты заттар, жасұнық, темірдің минералды тұздары, В1, В2, С және РР дәрумендері, каротин бар. Қарбызды буынның ұстамалы және қабыну ауруларын, жүрек-қан тамырларын емдеуде қолданады. Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, гастрит ауыруын да емдеп шығуға болады. Пісіп-толған қарбыздың құрамында 2,5-12% қант, ал дәнінде 25-30 % май болады. Қарбыздың бір үзімінде 48 калорий бар.

Қарбыз – өте жақсы тағам және дертке дауа болар дәрі. Олар геморой, бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары ауруларына, әсіресе тас немесе құм жиналып қалған жағдайда ем бола алады. Ұмытпаңыз, бұл жемістерді шамадан тыс жеу – денсаулығыңыз үшін өте қауіпті.

Қарбыздың құрамында

Әбден піскен қарбыз жемісі өте дәмді. Тек уақыт өткен сайын оның бұл тәтті дәмі жоғала бастайды. Қарбыздың құрамында орташа есеппен, су – 95 пайыз, қант – 7 пайызға жуық, кейбір сорттарында 12-14 пайызға дейін болады. Сондай-ақ, қарбыз жемісінде көмірсутегі де көп мөлшерде, мұнан басқа жемісте 1,5 пайызға дейін ұлпа өзектері мен гемицеллюлозалар, А, В, С, РР дәрумендері, фруктоза, азотты заттар, темірдің минералды тұздары, каротин бар. Дәнінде 25-30 пайыз мөлшерде май кездеседі.Қарбыз жемісін негізінен, жаңа піскен күйінде мынандай тағамдар жасауға пайдаланады: қарбыз балын, кондитер өнімдерін, цукаттар, кәмпиттер жасау үшін және тұздалған қарбыз дайындауға, құрамында майы көп (кейбір сорттарында 50 пайызға дейін) қарбыз дәнінен жоғары сапалық тағамдық май алу үшін. Қарбыздарға қолайлы жағдай жасай отырып, оны қоймаларда, қораларда, гараждың астындағы картоп сақтайтын орында (погребте) қаңтар айына дейін сақтап, жаңа жылда мерекелік дастарханға қоюға болады.

Төменде қарбызға қатысты бірнеше қызықты фактіге тоқталамыз.

1. Қарбыздың құрамында жаңа піскен қызанаққа қарағанда ликопин көп.

Ликопин антиоксидант ретінде маңызды: ол рак және жүрек-тамыр ауруларының алдын алуы мүмкін. Зерттеулерге қарағанда, қарбыздың құрамындағы антиоксиданттарды анағұрлым ұзақ уақыт сақтау керек болса, оны бөлме температурасында сақтау керек.

2. Қарбыздың шырыны бұлшық еттердегі ауруларға көмектеседі.

Жаттығудан кейін қарбыз шырынын ішіңіз, ол бұлшық еттегі ауруларды басуға көмектеседі. Өйткені, қарбыз шырынының құрамында цитруллин - адам организмі үшін өте маңызды амин қышқылы болады. Қарбыз шырынының антиоксидантты қасиеттері бұлшық ет ақуыздарын көбейтуге мүмкіндік береді.  3. Қарбыз қабығы мен дәнінің пайдалы қасиеттері

Қарбыздың жаңа аршылған қабығы бас ауруға бірден бір ем. Ал қарбыздың кепкен қабығынан несеп жолдарының түрлі ауруларына қайнатпа, тұнбалар жасайды. Сондықтан қарбыздың қабығын тастамаңыздар – көріп отырғандарыңыздай, олар да сізге пайдалы бола алады. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

4. Қарбыз шөлді қандырады.

 Қарбыз — дәмді ас. Жейсің әрі суын ішесің. Қарбыздың көп бөлігін су құрайды. Көп адам қарбызды оның тәттілігінен шөлді басуға пайдаланбайды, алайда оның құрамында түрлі газдалған сусындар мен жемісті шырындарға қарағанда қант болмайды.

5. Қарбыздардың сары түстісі де болады.

Бәрі біле бермесі анық, бізге балалық шағымыздан белгілі қызыл қарбыздан басқа іші ақшыл-сары түсті қарбыздар бар. Сырты бірегей қызыл түсті, ал дәмі сәл тәттірек. Ресейде сары қарбыздарды Астраханда өсіреді. Егер сіз жазғы рационыңызды түрлендіргіңіз келсе, міндетті түрде сары қарбызды жеп көріңіз.

2.3.Қарбыздың шипалық қасиеті

Қарбыз өте дәмді, өте шипалы дақыл. Қазір қарбыз науқанының бел ортасынан асқан кезеңі. Жаз бойы қарбыз жей алғандардың денсаулығы да жақсарып, бойларына ерекше күш-қуат жиналған шағы осынау қыркүйек, қазан айлары. Қарбыз (қауын да) негізінен, көтеу (геморой), бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары ауруларына, әсіресе, бүйрек, бауырға құм жиналып қалғанында оған жақсы ем. Алайда қарбызды осындай дертіме шипа болсын деп, мөлшерден тыс көп жеп қойсаңыз ол ағзаңызға өте зиянды. Осыны есте ұстаңыз.

Қарбыз жеп, денсаулығыңызды түзегіңіз келсе, ең бірінші, оның піскенін дұрыс таңдай біліңіз. Жалпы, піскен қарбыздың бүйірінде сарғыш дақтары болады. Және де жақсы пісіп, жетілген қарбыздың қабығы да жалтырап тұрады, сыртынан саусақпен немесе алақанмен ұрып қалғанда таза әрі анық дыбыс естілуге тиісті. Егерде қатаң дыбыс шығарса, оның әлі де пісе қоймағаны. Ең жақсысы, қарбыздың піскен, піспегенін білу үшін сатушыға тілік кесіп көрсетуді талап ету. Сонда сатып алғалы тұрған өніміздің қандай екенін өз көзіңізбен көресіз.

Қарбызбен бүйректі тазарту. Бұл емді жаздың соңындағы қарбыз маусымында жасаған жөн. Өйткені, ол кезде қарбыз да, оның түрлері де көп. Қарбызбен бүйректі былайша тазартады: бір апта бойы қарбыз бен қара нанды ғана жейді, басқа тағамдарды араластырмайды. Осы ем-дәм әрі тамақ, әрі сусын орнына жүретін емдік әдіс. Бір апта қарбыз жеген соң ыстық ванна қабылдап, сол су ішінде отырып, үсті-үстіне мұздай қарбызды жеу қажет. Осынау емді бүйрек белсенділігі артатын сағат 17-21 аралығында немесе түнгі сағат 2-3 аралығында жасайды. Ыстық ванна мен мұздай қарбыз зәрді қуалайды, сөйтіп, бүйректегі құм мен тасты сыртқа айдап шығарады. Мұны «пышақсыз операция (отау)» деп те атайды.Жүрегі ауыратын адамдар ыстық ванна, суық қарбыз емін қолданғанда корвалол, валидол дәрісін, мүсәтір спиртін жанына дайындап қоюға тиісті. Себебі, сол ем кезінде жүрегі қысып, ауыра қалса, әлгі дәрі-дәрмектерді қолданып, ауруын жеңілдете алады. Қарбызбен бүйректі тазарту емінің алғашқы аптасы өз нәтижесін бермесе, араға екі апта уақыт салып, емді қайта жалғастыру керек.

Қуық қабынғанда. Қарбызды жейді. Өйткені, ол күшті зәр айдағыш. Және ол қуықтағы тасты да ерітеді. Қарбыз сөлі арқылы қуықтағы жұқпалы вирусты сыртқа айдап шығуға болады.

Күйіктегі қытайдың қарбыз емі. Ашытылған қарбыз шырынымен жоғары дәрежедегі күйіктің залал-зардабын қайтаруға болады, - деп жазып кеткен қытайдың ежелгі халық емшілері. Бұл ем әсіресе, күйіктің үшінші дәрежелісін емдеуге кеңінен пайдаланылады. Оның емдік шарасының жасалу тәртібі мынандай: Ең алдымен күйікті салқын физиологиялық ерітіндімен жуып алады, сосын күйген жерге бірнеше рет қарбыз шырынына малынған таңғышты байлап, ауыстырып отырады.Қарбыз шырыны былай дайындалады: піскен қарбыздың жұмсақ еті мен сөлін таза шыны банкаға құйып, жақсылап араластырады. Кейін аузын мықтап бекітіп тастап, бөлме температурасында 3-4 ай сақтап қояды. Сосын шырынды сүзіп алады. Сол шырын біраз тұрған соң қышқылданады. Дәмі солай қышқылданғанында оған таңғышты батырып алып, күйген жерге басады. Осы емнің жәрдемімен бірінші, екінші дәрежедегі күйіктерді 8-9 күнде, үшінші дәрежедегі күйікті 18-21 күнде жазып, айықтыруға болады. Мұндай шипалық ашытылған қарбыз шырынын халық емшілері алдын-ала дайындап қояды.

Қарбыздың адам денсау­лығына пайдасы көп. Сондай-ақ, жү­рек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға да өте пайдалы, себебі, қарбыз адам бойындағы хо­лестеринді шығарады.Тағы бір ерекшелігі сол, қарбыздың шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бірақ ол сіл­тіге бай. Ал бұл не­сеп жолдары үшін өте пайдалы екен. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қа­бынуы кезінде қарбызды көбірек пай­даланған жөн. Мамандар кү­ніне қарбыздың кем дегенде екі келісін жеуді ұсынады. Бұл қа­наздықты емдеуге жақсы көмектеседі. Қарбызды жегенде тез тойып кеткендей әсер аламыз. Алайда оның құнарлылығы өте төмен, жүз грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Бірақ тәбетті төмендету үшін арықтағысы келетін жандарға таптырмас құрал бола алады. Бетті күтіп-әрлеуде де қарбызды қолдануға болады. Халық арасында қарбыздың жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайтынын білеміз. Жұмсағын мыжып, бетке жағып оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет біраз жасарып қалады.

























Практикалық бөлім.

Қарбыз шырынын дайындау жұмысы

Picture 210 Picture 206 Picture 212

Үй жағдайында қарбыз шырынын қалай дайындауға болады?

Қарбызды қабығынан айырып, жұмсағын бірнеше кесектерге турап, шырын сыққыштан (блендер) өткізу қажет. Сонымен қатар прессті де пайдалануға болады. Қарбызды дәкеге орап, қолмен сығуға да болады, бірақ бұл біраз күш жұмсауды талап етеді. Мұндай шырынды тоңазытқышта да сақтауға болмайды, сондықтан тағы біраз уақыт жұмсап, қарбыздың қою шырынын (нардек) жасаған дұрыс.

Нардек дегеніміз – қарбыз шырынынан жасалатын бал десек те болады.

Қарбыз шырынының зияны мен қолдануға болмайтын жағдайлар

Қарбыз шырынының да өзге азық-түліктер сияқты қолдануға болмайтын жағдайлары болады. Оны панкреатит, сусамыр, ішек түйілуі немесе несеп тоқтамау сынды диагноздары бар адамдарға тұтынуға болмайды.

Қарбыз шырынын өндіру өнеркәсібі әлі күнге дейін дамымаса да оны өз бетіңше дайындауға болады. Есесіне шырын отбасы мүшелерін пайдалы дәрумендермен қамтамасыз етеді.

Қасықпен барлық жұмсағын шығарып, оны төгіп тастайды. Бұдан кейін піскен қарбыздың жұмсағын қайнатып, дәке елеуіш пен сүзгіден өткізеді. Шараның ішінде жиналған шырынды сүзгіш арқылы сүзіп алады да, буланған шырын дайындалады. Сүзгіден өткізілген буланған шырынды тағы да отқа қойып, қоңыр түсті қою балға айналғанша қайнатады. Қар




Қорытынды

Жұмыс барысында мен қарбыздар, олардың сорттары және пайдалы қасиеттері туралы көптеген қызықты нәрселерді білдім.Мен қарбыздың өсіп-жетілуінің барлық кезеңінде бақылау жасауды үйрендім. Мен осы тәжірибе арқылы қарбыздың пісетін уақыты мен өнімін тексердім. Мен қарбыздан жасалған тағамдарға арналған ең ерекше рецепттерді тауып, қолданып көрдім.

Жалпы, қарбыз – жай сергітетін су емес, маңызды аминқышқылдарының, антиоксиданттардың, витаминдер мен минералдардың көзі. Оның калориясы мен майы аз, бірақ талшықтары бар. Бұл жидектер косметологияда бұрыннан қолданылған, қазір олардың қасиеттерін дәрігерлер белсенді түрде зерттеп жатыр. Қарбызды қалыпты мөлшерде тұтынған кезде жүрек-тамыр және ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді, сонымен қатар ол көптеген созылмалы аурулардың дамуын болдырмауға көмектеседі.
























ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Шаңырақ: Үй – тұрмыстық энциклопедиясы.

Алматы қ. 1990ж.

  1. Брокгаузер және Эфронның энциклопедиялық сөздік

Москеу 2009ж.

  1. Дәрілік өсімдіктер қазіргі энциклопедиясы. Лавренов В.К.

Москеу 2009ж.

  1. http://ru Wikipedia.org/wiki/ - кәдімгі қарбыз








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!