400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қардағы іздер (Саусақпен немесе қылқаламмен қоянның ізін салу)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қағазға қылқаламмен дақ түсіре білуді үйрету, бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; Жануарлардың қимыл- қозғалысын және іздерін қарға түсіріп жаттығу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тәрбиеші:Муканова Д.Д.

Күні: 10.01.2019ж.

Білім беру саласы: сурет салу

Өтпелі тақырып: «Қысқы қызықтар»

Тақырыбы: Қардағы іздер (Саусақпен немесе қылқаламмен қоянның ізін салу)

Мақсаты: Қағазға қылқаламмен дақ түсіре білуді үйрету, бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; Жануарлардың қимыл- қозғалысын және іздерін қарға түсіріп жаттығу;

Тәрбиелік: Табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Оқыту: Саусақ икемділіктерін, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру

Дамытушылық : Саусақтарының бұлшық еттерін дамыту

Сөздік жұмыс: Іздер, дақ түсіру сөздеріне түсініктеме беру

Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық материалдар, «Қыс көрінісі» суреті.

Ресурстармен қамтамасыз ету: ақ қағаз, қоңыр, көк түсті бояу (гуашь), қылқалам, ойыншық аңдар.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Негізгі бөлім. Балалар мен серуендеп жүріп қардағы адамдардың, ит- құстардың іздерін көрдім. Сендер серуендеп жүргенде қарға із түсіріп жүргендерін естеріңде ме?

1. Аюдың қорбаңдап, қоянның секіріп жүретінін, құстардың жем шоқып жегенін әңгімелеп беру.

2. Аюдың, адамның іздерін суреттен көрсету

3.  «Қимылды қайтала» жаттығуы

Мақсаты: қолдың, саусақтың  қимылдарының  үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы:

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген  «фигураны»  көрсетеді. (кейбір саусақтар  бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі  қимылдар). Балалар  сол қимылды  тура солай қайталау керек.

4.Қауіпсіздік ережесі: қылқаламды ұқыпты ұстау, жанындағы балаларға тигізбеу, ауызға салмау.

5. -Міне, сендердің алдарыңда ақ қағаз, сендер оны «қар жамылған дала» деп елестетіңдер.

Ал қарға ешқандай із түспеген, әлі ешкім де, еш нәрседе жүрмеген. Осы ақ қардың үстіне бояумен із түсіріп көрейік.

Енді мына қоянға көмектесейік, ол қарда қалай жүгіреді екен?

Ақ қағазға бояумен із түсіріп көрсетеді.

Бұл ненің ізіне ұқсайды? Балалар ойыншық аңдарды қағаз бетінде жүргізеді.

-Енді орнымызға отырып, қылқаламның ұшын қатты баспай, кішкене- кішкене дақтар түсіре отырып қоянның ізін қалай салуға болатынын, қағаз бетіне дақ түсірудің жолдарын көрсетеді.
Қоян секіріп- секіріп жүретіндіктен, арасын алшақ немесе жақын да орналстыруға болады.

Сергіту сәті: -Балалар, енді музыка әуенімен андардың қимыл- қозғалысын қайталап көрейікші.

Қорытынды: -Қыста қарда оның үстімен жүріп өткен адамдардың, аңдардың іздері қалады ма?

Қағазға қылқаммен дақ түсіре білгендері, бояумен ұқыпты жұмыс істегендері үшін балаларды мадақтау. Суреттерден көрме ұйымдастыру.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.01.2019
1942
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі