Материалдар / Қария ақылы-теңіз дария

Қария ақылы-теңіз дария

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
728
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Қария-ақылы теңіз дарияМақсаты:1.Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.  4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.Өтілу түрі: араласКөрнекілік: суреттер, слайд.Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.2.Мұғалімінің кіріспе сөзі:Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан — Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі.Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек.Аппақ шашың күн сайын қылаңдағанЗейнет емес бейнеттен арылмағанТәңірімдей табынып өтем мәңгіҚариялар өзіңді ел сыйлаған.Ой қозғау.- Балалар, бата деген не?- Батаны кім береді?-«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?3. «Ескірмейтін есті сөз» айдары бойынша ойын-жарыс өткізіледі.Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?1-бала: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.2-бала: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпеебебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.13-бала: Адамға ажал шақыратын мына ырымдар: Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан салмайды.Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.14-бала: Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі “таңғы тамақ тәңірден” деген сөз бар.15-бала: Дастарханды баспа, аттама.16-бала: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.Міне осындай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап,орындап жүруіміз қажет.

4. Енді біз «Мақал-мәтел» айту түрінде сайысып көрсек. (Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)

5. Қорытынды сөзҚұрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ