Материалдар / "«Қаржылық есеп»пәні бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны әзірлеу және оқу үрдісіне енгізу жобасы" ғылыми жоба
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"«Қаржылық есеп»пәні бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны әзірлеу және оқу үрдісіне енгізу жобасы" ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қаржылық есеп»пәні бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны әзірлеу және оқу үрдісіне енгізу жобасы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
331
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қаржылық есеп»пәні бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны әзірлеу және оқу үрдісіне енгізу жобасыЖамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің экономика бөлімінің меңгерушісі Қуандыкова Нурипа Таласбаевна

Экономикалық пәндерді оқытуда инновациялық және модульдік технологияны қолдану- техникалық және кәсіби білім беру үдерісін жаңғыртудың қажетті құралы болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім құрылымы мен мазмұнын жаңарту мақсатында оқу үрдісінде білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын заманауи білім беру технологиялары, практикалық дағдыларын дамыту үшін модульдік бағдарламаларды енгізу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оқытудың модульдік технологиясы мамандарға қажетті арнайы білімдерді ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктілікті де дамытады. Кәсіптік білім экономикаға қажетті мамандықтар мен кәсіптерге, үнемі өзгеретін еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай жедел бейімделуі тиіс. Осы талаптарға нақты еңбек әрекеті үшін қажетті анықтамаларға, дағдыларға негізделетін оқыту, яғни құзыреттілікке негізделетін оқыту жауап береді. Мен 2011 жылдан бастап кәсіби білім беру процесін жаңғырту мақсатында құзыреттілікке негізделген модульдік оқу бағдарламасын тәжірибеге енгізу жолдарын қарастырып,«Қаржылық есеп» пәні бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны әзірлеп , оқу үрдісіне енгізу жобасын дайындадым.Жоба өзектілігі: Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім құрылымы мен мазмұнын жаңарту мақсатында оқу үрдісінде білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын заманауи білім беру технологиялары, практикалық дағдыларын дамыту үшін дуалдық жүйенің бағдарламасын дайындаудың негізі ретінде қолданумен қатар практикалық оқу жұмыстарын іске асыру мақсатында модульдік бағдарламаларды әзірлеу.Мақсаты:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ” атты Қазақстан халқына жолдауындағы мақсат-міндеттерін жүзеге асыру. Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде дуальді оқыту жүйесінің негізі болып табылатын модульдік оқу бағдарламасын тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру. Міндеттері:Техникалық және кәсіптік білім жүйесінде модульдік оқу бағдарламасын жүйелі дамыту; Құзыреттілікке негізделген модульдік әдістерді қолданып,оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Күтілетін нәтиже:Модульдік оқу бағдарламаларын дайындау және кәсіптер мен мамандықтарға енгізу;Практикалық оқу жұмыстарын іске асыру және озық тәжірибені тарату.Жоба 4 бөлімді қарастырады:І. Оқу модулін даярлау технологиясыІІ.«Қаржылық есеп»пәні бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны дайындау әдістемесіІІІ.Оқытудың модульдік технологиясы бойынша білімді бақылау рейтинг жүйесін енгізу ережесі.VІ. Құзыреттілікке негізделген модульдік оқу-әдістемелік кешендері «Қаржылық есеп» пәні бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарлама 5 модульді қарастырады. Модульдік бағдарламаларды қолдану барысында оқуға деген қызығушылық, білімді жүйелі бақылау, оқу уақытын үнемдеу, кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында 5 модуль бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік электронды оқу құралы дайындалды. Әрбір модуль бойынша:
  • М-1Видео лекциялар
  • М-1 Бухгалтерлік құжаттар
  • М-1 Есептер жинағы
  • М-1Нұсқаулық карта
  • М-1 Глоссарий
  • М-1 Сызбалар
  • М-1 Тесттер қарастырылған.
Әрбір оқыту модулі бойынша құжаттар жиынтығы әзірленді:
  • Модульдың спецификациясы
  • Модульдың мазмұны
  • Модуль бойынша басшылық
  • Бағалау жөніндегі құжаттар
  • Модульді іске асыру бойынша әдістемелік материалдар.
Осы модулді оқып болғаннан кейін білім алушылар «Бухгалтерлік және қаржылық есеп»туралы Заңымен, қаржылық есептің халықаралық және ұлттық стандарттарымен, бухгалтерлік есептің типтік жоспарларымен жұмыс жасауды, ұйымның мүлігін, есеп айырысуын міндеттемелері бойынша тексеруді, қорытынды шығару және шешім қабылдауды, ұйымның қаржылық статистикалық салалық және тағы басқа есептемелерді құрып, бақылауларды қамтамасыз ете алады. Модульдік бағдарлама «Қаржылық есеп» пәні бойынша білім алушылардың білімділігі, іскерлігі және дағдыларына негізделеді. Оқытудың модульдік технологиясы мамандарға қажетті арнайы білімдерді ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктілікті де дамытады. Модульдік оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында дидактикалық және көрнекті құралдар: плакаттар, оқу бейнефильмдері, электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар қолданылады. Модульдік бағдарлама білім берушінің оқу үрдісін белсенді етудің және білім алушылармен сабақтан тыс жұмыс жасаудың әр түрлі әдістерін қолдануды: оқытудың техникалық құралдарын,компьютерлер мен көрнекті құралдарды пайдалануды қарастырады . Менің педогогикалық консепциям «Экономикалық пәндерді оқытуда инновациялық және модульдік технологияны қолдану- білім беру үдерісін жаңғыртудың қажетті құралы» тақырыбына негізделген. Оқу үрдісінде модульдік технологияны негізге ала отырып, «Қаржылық есеп» пәнін оқыту сабағында білім алушылардың белсенділігін , пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында құзырлылыққа негізделген дәстүрлі емес сабақтар жүргізіп, сабақ барысында өндіріс жағдайларын бейнелеп, ойын элементтерін және инновациялық оқыту әдістерін қолданудамын. Модульдік бағдарламаларды қолдану барысында оқуға деген қызығушылық, білімді жүйелі бақылау, оқу уақытын үнемдеу, кәсіби дағдыларды дамыту міндеттері шешіледі және оқу материалын ұйымдастыру, оқу жұмысының түрлерінің бірізділігін таңдау, білімді игеру, дағдыларды жетілдіруге бағытталған оқыту әдістерін таңдау, оқыту құралдарын таңдау жүзеге асырылады және мамандарды даярлаудағы жоғары сапа, әсіресе практикалық дағдыларды игеруде өте тиімді . Жобада құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны дайындаудың және оқу үрдісіне енгізудің әдістемесі толық ашылды және кәсіптер мен басқа да мамандықтарға енгізу, яғни дуальдік жүйенің бағдарламасын дайындаудың негізі ретінде қолданумен қатар практикалық оқу жұмыстарын іске асыру мен озық тәжірибемді таратудың жолдары деп ойлаймын. 2014 жылдан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы мақсат-міндеттерін жүзеге асыру мақсатында біздің колледж дуальді оқыту жүйесін тәжірибеге енгізе бастады. Дуальдік жүйемен оқытудың жұмыс бағдарламалары осы жобада дайындалған құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны әзірлеу әдістемесін басшылыққа ала отырып , серіктестіктермен бірлесе әзірленді . Қорыта келгенде модульдік білім беру бағдарламасы–оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін, бағалау өлшем шарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені деп ойлаймын.



























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!