Қымбатты ақылдың кенін
арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты
аналар!
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел
сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген
інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын
ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны
ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері
қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән
қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі
– үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық
ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей
теңіз болып келеді. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты
кешімізге хош келдіңіздер. Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы «Туған жер» әнімен
ашамыз. Орындайтындар: Айгерім және
Мөлдір
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын. Ән: «Қариялар азайып бара
жатыр» рындайтын
Есбол
Сахналық қойылым: «Әке мен бала» 8-сынып оқушылары
Ән: «Ана туралы жыр» орындайтын
Диана
Көркем
сөз: М. Мақатаев «Әкеге
арнау» орындайтын Қанибеков
Асылбек
Қазақ биі: орындайтындар
7-сынып қыздары
Сахналық қойылым:
«Карттар үйі»
Ән: «Әкелер»
орындайтын Сержан
Қарт адамдардың үйретуге де,
ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей
білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі
немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне
олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер
үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата –
анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке
деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр
кезде де
бақытты.
Арманым едің аңсаған
Әке сен бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуаныш әке сен маған
Ән: «Бақытты
балалық»
Орындайтын Салауат пен
Мирас
Абырой амандығың арта
берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы
оқушыларымызға бата берулеріңізді
сұраймыз.
Іс-шараны өткізудің
жоспары
1.Қайырымдылық концерттің
ашылуы
2.Концерттік
бағдарлама
3.Еркін
микрофон
(Қатысушы оқушылар шарадан
алған әсерлерімен
бөлісу)
|