Тақырыбы:
«Қарттарым – асыл қазынам!»
Мақсаты:
1.
Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсетуге тәрбиелеу;
2. Оқушылар бойында
адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық, кішіпейілділік
қасиеттерін ояту;
Барысы:
1. «Қарттар күнінің» шығу
тарихына тоқталу.
Бұл мерекенің шығу тарихына
тоқталар болсақ, осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1990 жылы желтоқсан
айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық
қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ
ғасырда пайда болды. Алғашқыда Қарттар күні Еуропада, кейін
Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде
аталып өтіліп келеді.
Қарттар күнін атап өтудегі
басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты
қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға
материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін
көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің
түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар
өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек
көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан
арнайы жәрдемақылар тағайындалады.
Қазіргі кезде біздің
мемлекетімізде қарттарға барынша көңіл аударып, үкімет тарапынан
жан - жақты қамқорлық жасалуда. Бүгінгі күні Қазақстан
Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас
жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін
(мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі,
асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы
мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және
әлеуметтік көмек беруді қамтиды.
2. Бейнеролик
тамашалау.
«Қарттарым
– асыл қазынам»
https://youtu.be/NI4voovAOzY
3.
Қарттар туралы мақал-мәтел айту
Ауылыңда қария
болса,
Жазып қойған хатпен тең.
Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
Ақылды қария – ағып жатқан дария.
Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Көп жасаған қария
-
Ақылы теңіз
дария.
Қариясы бардың-қазынасы бар.
Ата салты
ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн
бармақты.
4.
Пікірлесу
1. «Қариялар – ақылды
дариялар» деп, оларға құрмет көрсету керектігін «ұрандатып» айтып
жатамыз. Алайда, қазіргі қоғам қарттарды өз дәрежесінде құрметтеп
жүр ме?
2. Бүгінде көп адамдар
өздерінің өмірге келуіне себепкер болған әке-шешесін қарттар үйіне
апарып тастайды. Осы дұрыс па, әлде бұрыс па?
Неліктен?
3. Қарттарға қандай құрмет
көрсетіліп, қамқорлық жасалуы керек? Нақты мысалдар келтіріп, өз
ойларыңмен бөліссеңдер.
4.
Қарттарға сендер қандай көмек көрсете аласыңдар?
5.
Өздерің ата-әжелеріңнің ақылын тыңдап, өсиет сөздерін ойға
тоқисыңдар ма?
6. Бата дегеніміз
не?
5.
Қорытынды
Өмір оты ерте өшірілмесе, адам
баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы,
жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын
зерделеп, алдын болжауға тырысады. Қарттар – кісіліктің
төресі.
Қазақтың басқа халықтардан
айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны, ол үшін көзсіз
көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлы ұлттық
қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы
борышын
өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік
деңгейде қолдау тауып,
зейнеткерлерге жағдай жасау
Президентіміздің жыл сайынғы халыққа
жолдауында арнайы қаралып,
оларға қамкорлық көрсету ел экономикасының өсімімен қатар өсіп
келеді.
Қазақтар – «Төріңнен қарт
кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың
бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата
дәстүріміз.
Кім де кімнің үйінде қартайып
отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы»
болса, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса,
қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні
құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Қарттарды қадірлей
білейік, қамқорлық көрсете білейік! Қарттарымыз аман-сау
жүрсін!