Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Ораз Жандосов атындағы орта мектеп интернат
КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Кошакаева Айгуль Альмишовна
«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ
АРДАҚТЫ»
1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік
бағдарламаның сценарийі
Мақсаты: үлкенді сыйлау,қарттарымызды
қадірлеу,немерелерінің оларға деген сый-сыяпатын ән-билерімен
жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:презентациялар,гүлдер,шарлар,ақ
дастархан.
Күні:28.09.2018.
(Фанфар. Жүргізушілер
ортада)
1-жүргізуші: Армысыз ауылымның
асылдары,
Жайналсын көңілдердің жасыл
бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең
мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты
аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай
құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты
балалар.
1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін
арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі
сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы!
Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар
мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын
қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен
арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел
сыйлаған.
1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік
қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын,
ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола
білген ауыл қарттарының орны ерекше.
2-жүргізуші: Олай болса, әр халықтың
бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап
тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың
сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ
асу.
1-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы
дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей
теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына
бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай
отырып «Қарттарын қадірлеген ел
ардақты» атты кешімізге қош келдіңіздер
дегім келеді. (пауза). Кешімізді бастамас бұрын сөз
кезегін мектеп директорының тәрбие
ісінің меңгерушіс Алтынхан Семетайқызына
береміз.
2-жүргізуші:
Алдында ақыл берер қария
ғой,
Жақсылар
жақсылыққа жария ғой.
Жастарға
ол парасатты кеңес берер,
Сөзге бай ағып тұрған дария
ғой.
Ауылымыздың ардагері
______________________________________ сөз кезегін
береміз.
Хор : «Сағындым
әже».
1-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі
ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік
қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше
«Мен атам мен әжемнің
жалғасымын» бөліміне құлақ
түрелік. (презентация)
1-жүргізуші: Той деп бүгін шашу
шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Сыныбымыздың биші қыздарын
сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға
шақырайық!
(«Қазақ биі». 3 сынып
оқушылары)
2-жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім,
ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім
қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы
Ана!
1-жүргізуші: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл
тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын
жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді,
ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге
жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет
айтады.
«Ата – әже» әні.
Орындайтын: Ерасыл
1-жүргізуші: Тұра-тұршы есейгенде
ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек, ақ
әже-ау?!
Өзің бірге көре алмасаң
қызығын.
Сіздердің
құрметтеріңізге «Әке ана»
әнін қабыл алыңыздар! Мирас пен
Иляс
1-жүргізуші: Қарттарды құрметтейтін,
олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын,
әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды
қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не
қайыр?!
2-жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен
сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын
ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен
шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ
көрегендігі.
Хор: «Аяулы әже»
караоке
1-жүргізуші: Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр
кезде де бақытты.
(Тақпақтарға кезек
беру)
«Әуенді тап»
ойыны
1-жүргізуші:
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету –
ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Сіздердің өмірлік
тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз
үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды
өсірдіңіздер.
2-жүргізуші:
Сіздерсіздер бүгінгі
ұлықпандар,
Мың
жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар
тарих, қазына, ел қазығы,
Ей,
адамзат, осыны ұмытпаңдар!
«Ұстаз ана»
әні
1-жүргізуші: Абырой амандығың арта
берсін,
Бақ дәулет қызығымен қатар
берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата
берсін.
«Әже туралы» (Ерке Есмаханның
әуенімен)
2-жүргізуші: Тыныштық елімізге бере
берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман
болып,
Қызығын бейбіт өмір көре
берсін.
1-жүргізуші:
Алатаудай кейпі биік
қашанда,
Таң
сызылып, күлер нұр шашарда
Бата бер деп бар адамдар жаяр
қол,
Бір
биіктен бір биікке асарда.
Сіздерден бата берулеріңізді
сұраймыз! (Бата).
1-жүргізуші:
Бүгінгі «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
атты кешіміз осымен
аяқталды.
2-жүргізуші:
Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп
рақмет!
2-бөлім.Ақ дастархан.
Тексерген:
ДТІЖО А.С
Сарсембаева
Бастауыш сынып мұғалімі:
Кошакаева А.А