қарым – қатынасқа арналған
Психологиялық тренинг.
Мақсаты : Оқушылардың бір – бірімен
қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа , достыққа ,
шындыққа , тәрбиелікке үйрету .
Жоспары
:
1 Сәлемдесу . Менің
тренингтік
есімім визитка
.
2 Қыздыру жаттығуы .
Себет .
3 Мен өсіп келемін
.
4
Өтініш
5
Шарады
6 Ұқсастық
шегі
7 Мен саған сенемін
!
8
Ассоциация
9
Пульс
10 Ашық
айтсам
Керекті
құралдар :
Визитка , музыка , А 4
қағаз беттері , кішкентай доп .
Тренингті жүргізушіге
ұсыныс :
-
Топтың жұмыс істеуін
бақылап , орындалуын қатаң қадағалау .
-
Жаттығуды түсіндіру ,
сабақ инструкциясымен таныстыру .
-
Топтың эмоционалдық
күйін бақылау , керек жағдайда психалогиялық көмек көрсету
.
-
Қорытынды жасау
.
Қатысушылар : 8 – сынып
оқушылары .
Топтағы қатысушыларға
төменгі тренингтік ережені оқып, түсіндіру.(мүмкіндік болса
плакатқа немесе слайдқа шығарып іліп қою )
1.Топтын толық
қатысуы.
2.Қатысушылардың жақсы,тату
қарым-қатынастары.
3.Қарым-қатынастарың
әділ, ашық болуы.
4.Белсенді
қатысу.
5.Осы жерде айтылғандар,топтың сыртына
шығарылмайды.
1-жаттығу.
Сәлумдесу. Менің тренингтік
есімім.
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады,
қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, өздерінің тренигтік есімін
визиткаға жазып қояды.Әр оқушы есімін әртүрлі
интонациямен айтып өзін таныстырады .
2-жаттығу.
"Мен өсіп келемін
"
Қатысушылар шеңбер
бойымен отырады . Бүгіліп отырып , қолымен басын бүркеді .
Жүргізуші 7 ге дейін санау барысында , қатысушылар кішкентай
кезінен осы күнге дейін өсу деңгейіне жету қажет
.
3- жаттығу "Өтініш
"
Өз еркімен шығатын 2
қатысушы яғни өтінушілер қажет және бір адам заттарды оларға
ұсынушы . Яғни бұл жерде кім заттарды өтініп немесе комплимент айту
арқылы көп зат жинау қажет .
4-
жаттығу "
Шарады
"
Бір оқушы ортаға шығып ,
мимика жест арқылы зат немесе қандай да бір жағдайдағы адам
бейнесін жануарды бейнелейді . Бірінші болып шешкен адам ортаға
шығып ары қарай жалғастырады.
5-
жаттығу . "
Ұқсастық шегі ."
Шарты : Қатысушылар
жұптасып отырады , А 4 қағаз беті және қалам қажет . Жанындағы
жұбына қарап , ұқсастықты тауып , " Біздің ұқсастығымыз ." деп А 4
қағаз бетіне жазады . Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі .
Жаттығуды орындағаннан кейін , жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын
оқып ,өз ойларын айтады .
6 -
жаттығу ."
Мен
саған сенемін ."
Шарты : Қатысушылар жұп
құрып , бір – бірінің көздеріне қарап отырады . Алғашында ыңғайсыз
сезінеді , содан кейін өз ойларын кезектесіп , мынадай сөзден
бастап айтады , мысалы : Мен саған сенемін . Өйткені , сен жақсы
адамсың . Осы кезде музыка ойнап тұру қажет .
7-
жаттығу .
" Ассоциация"
Оқушылар бір – бірінің
неге ұқсайтынын айту қажет . Мумкін жануарға әдемі гүлге құсқа
ұқсатып айту қажет .
8-
жаттығу " Пульс
ойыны"
Дөңгеленіп отырамыз .
Қатысушылар бір – бірінің қолынан ұстайды . Бір ойыншы ортаға
шығады . Жүргізуші " басталды " деген белгі бергенде ойыншылар
кезекпен қолдарын қысады . Ортадағы ойыншы пульстың қайда кетіп
бара жатқанын табу қажет . Жүргізуші "тоқта "деген белгі
береді .
9-
жаттығу "Ашық айтсам
."
Төмендегі сұрақтар
бойынша , бланк беріледі . Осы жаттығу сұрақтарына жауап беру қажет
және өтілген тренингтік сабаққа қорытынды жасалады
.
Сабақтың жүргізілген
күні -----------------------------
Менің тренингтік есімім
--------------------------------
Тренинг барысында мен не
түсіндім ----------------
Бәрінен маған мына
жаттығу ұнады -----------------
Мен еркін бола алмадым
-------------------------------
Жүргізушіге мынадай
ескерту -------------------------
Қолы
---------------------