Материалдар / Қарым қатынас психологиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қарым қатынас психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Университетте психология сабағын өту арқылы біз іскерлік қатынас адам өмірінің ең маңызды бөлігі жəне бөгде адамдармен қатынас жасаудың негізгі түрі екенің білген болатынбыз. Н.С. Тленчиеваның пікірінше,мұндай қатынастардың басты қағидаларының бірі болып этникалық нормалар есептеледі, онда адамның ой өрісі, пайымдауы, жақсылық пен жамандық, шындық пен ақиқатсыздық, дұрыстық немесе бұрыстық сияқты қылықтары беріледі.
Авторы:
05 Мамыр 2024
42
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұлғааралық қарым-қатынастағы сандық (цифрлық) технологиялар және іскерлік қарым-қатынас.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Алматы қаласында орналасқан Қазақстандағы ең ірі және беделді жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ Әл-Фараби 2016 жылы әлемнің үздік 250 университетінің қатарына енді. Сонымен қатар Әл-Фараби - әлемдегі ең озық технологиялық 50 университеттің бірі. Белгілі «GreatValueColleges» халықаралық ұйымының рейтингінде қазақстандық университет ТМД елдерінің ғана емес, сонымен қатар Шығыс және Орталық Еуропаның жалғыз өкілі болып табылады және Сингапур мен Жапониямен бірге бүкіл Азия континентін ұсынады. Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.

Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады.ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар.

Университетте психология сабағын өту арқылы біз іскерлік қатынас адам өмірінің ең маңызды бөлігі жəне бөгде адамдармен қатынас жасаудың негізгі түрі екенің білген болатынбыз. Н.С. Тленчиеваның пікірінше,мұндай қатынастардың басты қағидаларының бірі болып этникалық нормалар есептеледі, онда адамның ой өрісі, пайымдауы, жақсылық пен жамандық, шындық пен ақиқатсыздық, дұрыстық немесе бұрыстық сияқты қылықтары беріледі. Адамның моралдық нормаларды түсінуімен, оның мазмұнымен сипатталады, іскерлік қарым-қатынасты жеңіл немесе қиын немесе тіпті қиындатып алуымен байланысты болады. Н.С Тленчиеваның лекциялары байланыс немесе қатынас дегеніміз қоғамдық субъектілердің, əлеуметтік топтардың, халық немесе жеке тұлғалардың арасында ақпарат, тəжірибе, іс-əрекет қабілеттері мен нəтиже алмасуы жүретін өзара қатынас жасау үрдісі екенің көрсетті. Іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігі нақты бір іс-əрекет мақсатында немесе негізінде пайда болатын, қандайда бір өнім немесе іскерлік қажеттілікпен байланысты. Байланыстың басқа түрлері сияқты іскерлік коммуникацияның тарихи сипаты бар, ол қоғамның түрлі жүйесінде түрлі формада байқалады. Оның айырмашылығы іскерлік коммуникация басқа мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады. Лекция кезінде орындаған тапсырмалар іскерлік қарым-қатынастар сандық технологияларды қолдану мүмкіндігі арқасында, шекара, уақыт жəне кеңістік ұғымдарын шетке ысырып, жаһандану, жылдамдық, еркіндік, қолжетімділік ұғымдарын алға қойып, жаңа кибер іскер орталық құруда екенің көрсетті.

Қорытындылай келе ҚазҰУ-да психологияны оқу маңызды, өйткені психология сабағы адамдардың өмірінде және кәсіби мансапта өте маңызды рөл атқарады.Психология студенттерге адамның мінез-құлқын, ойлау процестерін және эмоцияларды түсінуге көмектеседі. Бұл білім арқылы ҚазҰУ студенттері өздерінің және басқа адамдардың іс-әрекеттерін түсініп, тиімді байланыс орната алады.Сонымен қатар, ҚазҰУ-да психологияның теориялық және практикалық білімдері студенттерге күрделі мәселелерді талдау және шешу үшін қажетті ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Демек ҚазҰУ-дағы психология өзінің психологиялық процестерін түсініп, өз мінез-құлықтарын реттей алатын жоғары білікті мамандарды дайындауда шешуші рөл атқарады.


Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс

магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.


Қадырбек Санжар

Құқықтану мамандығы 1 курс студенті


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!