400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарым-қатынас психологиясының студенттер өміріндегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада отандық ғылым саласына ұлттық білімнің қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін “басқару психологиясы пәнінің” студенттер өміріне әсері туралы оқи аласыздар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕР ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ


Отандық ғылым саласына ұлттық білімнің қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орасан зор үлесін қосып жүр. Ұлттық университетіміз әр студенттің заман талабына сай тұлғалық ерекшеліктерін дамытып, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауына мүдделі. ҚазҰУ-нің оқу жүйесінде көптеген пәндер бар, соның ішінде маңызды пәннің бірі психология оқытылады. Бұл пән басқа гумантиарлық мамандықтарға да оқытылады. Атап айтар болсақ психологияның бір бағыты ретінде басқару психологиясы ерекше мәнге ие.Осы орайда филология факультеті 1-курс магистранттарына міндетті дисциплина ретінде оқытылатын «Басқару психологиясы» пәнінде қазіргі таңда ең маңызды тақырыптарды қозғап, түрлі мәселелерді басын шалып, студенттерге қоғамдық ой қалыптастырып жүр. Оның ішінде тұлғаралық қарым-қатынастың студенттер өмірінде алар орны ерекше. Психология ғылымында қарым-қатынас өзекті мәселе болып табылады. Өйткені психология ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Сондай-аққарым-қатынасболашақмамантұлғасыныңқалыптасуыныңбір факторы екенібелгілі. Ол студенттердіңтоптықіс-әрекетініңреттеушісі және адамгершілік, эстетикалыққұндылықтарды, мінез-құлықтыңтоптықнормаларынқалыптастыруқұралыболыптабылады. Жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін олардың қарым-қатынастағы зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтау — өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қарым-қатынассыз топтың да, ұйымның да, қоғамның да болуы мүмкін еместігі мәлім. Өзара қарым-қатынас жасай алу – адамзаттың эволюция барысындағы басты жетістіктерінің бірі болып саналады. Дәл осы тақырып аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің 1 курс магистранттары Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызының «Басқару психологиясы» пәнінде ашық әңгіме-талқы жүргіздік. Ұйымдастырушылық мәнмәтінде қарым-қатынас ұжымның мүшелері арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттестіктің алуан түрлілігін біріктіреді. Алайда тұлғалық қарым-қатынас барысында «субъект—субъект» қатынасы, яғни адамдардың тұлғарарлық қатынасы ашылса, іскерлік қызмет барысында «субъект—объект» қатынасы бірінші орынға шығады, яғни заттай әлемге бағытталған адамның іс-әрекетін түрлендіреді, мұндағы қызмет өзіне негізінен операциялар, іс-әрекеттер мен қозғалысты біріктіреді, ал қарым-қатынас адамдардың ісі мен өзара қатынасына байланысты болады.

Іскерлік қатынастар екі топқа бөлінеді: оң және теріс (конструктивті және деструктивті). Біріншісіне әріптестік пен ынтымақтастық, ал екіншісіне - бәсекелестік пен бақталастық, сондай-ақ жанжалдық қарым – қатынастар жатады. Іскерлік қарым-қатынастар тұрақты, олар байланыс үшін міндетті, олар объективті-мақсатты және функционалды-рөлдік сипатқа ие. Іскерлік қарым-қатынастар дәстүрлі, жағдайлық, эмоционалды және зорлық-зомбылық сипатында шектеулерге ие. Бұл қатынастарды көбінесе формальды немесе ресми деп атайды, өйткені жоғарыда аталғандардан басқа, өзгелерге тән сипаты бар және оларға кіретін адамдардың жеке және психологиялық жай-кҥйіне тәуелді емес, рөлдер мен маскалардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Қорытындылай келе, психологияны оқуда кез келген студент болашақ мамандығына қарамастан адам әрекетімен қылықтарын талдауға, тұлғаның мінез ерекшеліктерін және қабілетін, темпераментін және басқа да тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға, қоғамдағы, ұжымдағы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы әлеуметтік психологиялық құбылыстарды және т.б. ашуда психологиялық ойлануды үйренуі қажет. Бұл тұрғыда «Басқару психологиясының» беретін пайдасы зор.

 


Жубаназарова Н.С.

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Сайлинова Қ.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жалпы және қолданбалы психология

кафедрасының аға оқытушысы


Ахтай Ж.М.

ҚазҰУ 1-курс магистранты


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.11.2023
266
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі