Қарым-қатынас туралы ұғым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарым-қатынас туралы ұғым

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарым қатынас туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қарым-қатынас туралы ұғым

Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде, психология пәні бойынша «Қарым-қатынас туралы ұғым» деген тақырыпты өттім. Психология пәнінің жетекшісі Болтаева Алия Масакбаевна осы тақырып бойынша ауқымды көлемде ақпараттар берді. Болтаева Алия лекторымыз психология ғылымының кандидаты болғандықтан бұл тақырыпты қызықтырып, қарым-қатынастың жалпы не екенін, бұл сөздің түбінде не мағына беретінін, адамдар үшін және жеке, дара тұлға үшін бұл қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенімен қоса, өмірде қандай роль атқаратынына дейін нақтылап түсіндіріп берді.

Жалпы қарым-қатынас адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс. Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасуы деп лектор түсіндірді. Шынымен де, қарым-қатынас екі жақтың бір-бірімен араласып, танысып, білісуі. Сонымен қоса, тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Бұл күрделі процесстің адам өміріне алып келер жақсы әсері көп. Оларға жеке-жеке тоқталып өтсем:

  1. Адамды тұлға ретінде қалыптастырады

  2. Тұлғаға белгілі бір мінез-құлық белгілерін, қызығушылықтарын, әдеттерін, бейімділіктерін алуға көмектеседі

  3. Адамгершілік мінез-құлықтың нормалары мен формаларын игеруге ықпалын тигізеді

  4. Өмірдің мақсаттарын анықтауға және оларды жүзеге асыру құралдарын таңдауға мүмкіндік береді.

  5. Ақпарат, ой, сезім, рухани құндылықтармен алмасуды қамтиды.


Лектор сабақ барысында қарым-қатынасты 3 негізгі қызметке бөліп талдады:

1)ақпараттық-коммуникативтік

2)реттеуші-коммуникативтік

3)аффективті-коммуникативтік

Енді, әрқайсысына қысқаша тоқталсам, бірінші ақпараттық-коммуникативтік дегеніміз екі тұлғаның ақпарат алмасуы, бірін-бірі танып, көріп, білісуімен байланысты болады. Екіншісі, реттеуші-коммуникативтік қызметі әрбір тұлғаның жасап жатқан іс-әрекетін реттеу және бірлескен әрекеттірді ұйымдастыру дегенді білдіреді. Үшінші, аффективті-коммуникативтік қызмет тікелей адамның эмоционалдық аясымен байланысты. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты-өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл лекция тақырыбы әрбір студент үшін қызықты болды. Сабақ барысындағы талқылау жұмыстарының арқасында есте ұзаққа сақталып қалады. Лекция тақырыбына біз әртүрлі ғалымдардың еңбектерін қолдандық. Мыласға айтсам, Годфруа Ж. «Что такое психология», Джакупов С.М. «Введение в общую психологию» және Ильин Е.П. «Психология общения межличностных отношений» деген секілді кітаптар. Әрбір кітап өзінше көмегін көрсетті және бізге таныс емес ақпараттар берді. Жалпы, бұл лекция тақырыбы өте қызықты өтті және лекторымыз Болтаева Алия Масакбаевна керемет жеткізді деп айта аламын.


Журналистика факультетінің 1 курс студенті

Орындаған: Сабит С.

Оқытушы: Болтаева А.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2024
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі