БАЯНДАМА
Қасым
АМАНЖОЛОВ – майдангер жазушы,
қазақтың ірі ақыны туралы «ҚАЛАМ МЕН ҚАРУДЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН»
тақырыбында жасаған баяндамамды сіздерге
ұсынамын. Бұл
өмірде артында жақсы ісі,
өрелі өнегесі, сүбелі сөзі қалса, онда олар туралы «Жақсының аты
өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген қанатты қағида еш уақытта
өзінің мән—мазмұнын жоғалтқан емес. Міне, осындай қасиетке ие,
ұлтымыздың бір туар ұлағатты ұлы, қазақ поэзиясының өкілі,
халқымыздың дарынды ақыны, аузын ашса жүрегінен ақтарылып, әр
сөзінің жалыны бет шарпып тұратын, қазақ халқының маңдайына біткен
дара тұлғасы Қасым Аманжоловтың өмірден өткеніне биылғы жылы 110
жыл. Қасым Аманжолов 1911 жылы қараша айының 10 жұлдызында қазіргі
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында дүние
есігін ашқан. Ата-анасынан жастай жетім қалып, ағасының қолында
өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын
ашады. Одан соң, 1924 жылы, ағасыҚасымды Семей қаласындағы
интернатқа орналастырады. Қасым мұнда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп,
одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930
жылдан бастап журналистика саласында – «Лениншіл жас» Республикалық
жастар газетінің редакциясында жұмыс істейді. 1931 жылы
Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ,
денсаулығына байланысты және түскен оқуы өзіне
ұнамағандықтан, бірер жылдан кейін елге
оралады. Елге келгеннен кейін, Орал қаласында «Екпінді құрылыс»
деген газетке қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері
осы газетте жарық көреді. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте
жарық көреді. Елінде жүріп, 1933 жылы Отан алдындағы борышын өтеп,
әскерге барып қайтады Осы
орайда Ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығы
арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал
жасау мақсатында мектеп кітапханасында
«Қалам мен қаруды қатар ұстаған»
тақырыбында оқушыларға көрме
ұйымдастырдым.
Көрменің мақсаты -
ақынның шығармашылығын
дәріптеу, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын
өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге
ықпал ету. Қазақтың көрнекті ақыны, «Тереңде тұнып
жатқан дауыл» жырдың иесі Қасым Аманжоловтың мерейтойына орай
ақынның қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, жыр
көшіндегі ұлы Абайдың ізімен қазақ жырын тезге салған, өртке тиген
дауылдай өлеңін бөбегіндей әлдилеп өткен ақын артына өшпес мұра
қалдырғанын айтып, Алдаспан ақынның
туғанына 110 жыл толуына орай оқушыларды ақынның
шығармашылығына құрметпен қарауды үйрету, әрі ақынның өлеңдерін
жаттау арқылы ұлтымыздың әдебиетінің біртуар өкілдерінің еңбегін
бағалауға баулу еді. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп,
тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай
білуге үйрету, отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді
қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қасымның арынды ақын
ретінде қалыптасуына Орал қаласының тигізген әсері зор. Осы өңірде
жүріп өлең алғашқы алаулаған махаббат туралы, жалынды жастық
жайындағы жырларын дүниеге әкелді. 1935 жылы Оралдың театр
группасын ұйымдастырады. Әншілік, әртістік өнерге бейім, бірсыпыра
музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын, ақкөңіл, жайдарлы жүзді «Ерке
Қасымның» театрда қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты,
қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа біткен таланты да
осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы
тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді. Ол жас
кезінен осылайша ел көзіне түсіп, аға буын өкілдерінің, қатарлас
қаламгерлердің ыстық ықыласына бөленеді. Бұл поэзияның тәрбиелік
күші де көбінесе осы жағында. Қасым халықтың жанына үңіліп, оның
шаттығына бірге шаттанады, мұңына бірге мұңаяды. Қасым поэзиясы
домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған қоңыр күйге ұқсайды. Бұл
күйден көңілінің санасы барлар әр қашан да мол ләззат, нәр алып,
кең тыныс табады. Қаншама тыңдасаң да жалықтырмайтын өміршіл күй
бұл! Сезіміңді тереңдетіп, мейіріміңді молайтып, қиялыңа қанат
бітіретін, жаныңды шабыттандыратын Қасым поэзиясы жаңарған өмірге
жан жақты жараса бермек — деп, Қасым ақынның ерекше жан
екені. Ақын – ой перзенті. Ол адам,
қоғам өміріндегі өзін толғантқан нендей жайларды, ішкі жан
дүниесін, көңіл-күйін, сырлы сезім толқынын ақтармай қала алмайды.
Сөйтіп, оның қуанышы да, мұң- шері де, жетпеген ой-арманы, өкініші
де поэзиясына түсіп отырады. Қасым өлеңдерінде шынайы
достықты, адамгершілікті ту етеді. Ол барша адам баласын
зұлымдықтан бойын аулақ ұстап, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге
шақырады.Қасым Аманжоловтың
шығармашылық өмірбаянында Ұлы Отан соғысы жылдары өте ерекше орын
алған. Ол 1941 жылы армия қатарына шақырылған. Соғыс кезінде Қиыр
Шығыста біраз уақыт қызмет етіп, кейін майданға ауыстырылады. Содан
соғыс аяқталғанға дейін «қанды-қырғын мен қып-қызыл өрттің ішінде»
болады. Ақынның ең керемет өлеңдері майданда болған кезінде
жазылған. Намыскер, өжет, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан
аямай атқарады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ
сапар, Қазақстандық ақжарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын
жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде «Сарыарқа», «Орал»,
«Байкал», «Өтіп бара жатырмын» тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол
кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері
дүниеге келді. Ақын рухының қуатты серпілісі майдан жырларына
ұласып, мазмұн, тақырып, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа
тауып, биік белестерден көрінді. «Елге хат», «Ұлы күтіс»,
«Подполковник Әлпинге», «Ғалиғажауап», «Сен фашиссің, мен
қазақпын», «Дариға, сол қыз» сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен
әйгілі «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы – соның айғағы. Осы
мағлұматтар туралы оқушылар тереңірек оқып, түсініп, зерделеп
білді. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев айтқандай даланың
дауылпаз ақыны Қасым Аманжолов біз сияқты зиялы да білімді
ұрпақтары тұрғанда ешқашан да ұмтылмақ емес? Сол айтқандай, біз де
ақын шығармашылығын дәріптей бермекпіз.
Қорытындылай келе, Қасым
Аманжолов 1955 жылы өмірден озды. Ол дүние салғаннан кейін оның
шығармаларының үш томдығы жарық көрді. 1958 жылы Мәскеуде ақынның
таңдаулы өлеңдері мен шығармалар жинағы жарық көрді. Қасым өзінің
аққан жұлдыздай жарқ етіп өткен қысқа ғұмырында халқына, туған жері
мен еліне баға жетпес мұраларын қалдырып кетті. Ақын өмірін,
шығармашылығын дәріптеп, өткізген сабақтарым туралы жасаған
баяндамамды қорытындылай келе, бәріңізді ұлтымыздың алдаспан ақыны
Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойын еске алу үшін аталып, өтіп
жатқан іс-шаралардың мазмұндылығын арттыра беруге
шақырамын.