Материалдар / Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы:Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі. Жас мамандарға көмек ретінде, сабақта қолдануға блады.Оқушылар,Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды;Қасым ханның ішкі және сыртық саясатын талдайды:Қасым ханның жүргізген саясатына баға береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2022
782
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

1-сабақ


Білім беру ұйымының атауы

Көкшетау қаласы №12 ЖББОМ

Бөлім:

6.4 Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы

Педагогтің аты-жөні:

Нуркенова Маия Еламановна

Күні:


Сыныбы:6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі.

Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Сабақтың мақсаты:

қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтап, Қасым ханның ішкі және сыртқы саясатын талдайды

Тарихи ойлау дағдысы

Тарихи концепт

Тарихи талдау және түсіндіру

маңыздылық

Бағалау критерийлері

-Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды;

-Қасым ханның ішкі және сыртық саясатын талдайды;

-Қасым ханның жүргізген саясатына баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Жоғарғы деңгей

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут





Ұйымдастыру кезеңі:

5 мин.














Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Топтастыру –«Билеттер арқылы» оқушылар топқа бөлініп отырады.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


БЫМ: Ой шақыру

Суретке қарап оқушыларға сұрақтар қойылады:

1.Суретте не көріп тұрсыздар?

2. Суреттердің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?

3.Қалай ойласыздар сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?


Сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты таныстырылады

Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады.















Оқушылар

өз жауаптарын ұсынады















«Жарайсыңдар!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Суреттер (касса,вагон,билеттер);











https://fsd.kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_552908caac7ee/img_user_file_552908caac7ee_14.jpg

https://qunduzkz.files.wordpress.com/2020/01/arb.png














Сабақтың ортасы.

30 мин.




Тапсырма№1: №1 қосымшадағы деректі және оқулықтағы ақпаратты негізге ала отырып, «Көршіңмен бөліс» әдісі арқылы Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтаңыздар (топтық жұмыс)

Топтар бір-бірлеріне тақырыпты постер арқылы таныстырып, түсіндіреді









Тапсырма№2: №2 қосымшадағы дерек негізінде SWOT талдау әдісі арқылы Қасым ханның ішкі және сыртқы саясатын талдаңыздар (жұптық жұмыс):

Күшті жағы


Әлсіз жағы


Қаупі


Мүмкіндіктері


Қорытынды:


ЕББҚ оқушы 2 тапсырманың екі пунктін жұбының көмегімен орындайды. Сонымен қатар мұғалімде кестенің мықты және әлсіз жағын анықтауға көмек беріп, баламен бірге жұмыс жасайды.

ЕББҚ оқушысы жұмысқа қабілеттілігі төмен



Тапсырма№3: Алған біліміңізді пайдаланып, яғни №1 және 2 қосымшадағы ақпараттарға сүйене отырып, «БФЕ» (барлық факторларды ескеру) әдісі бойынша Қасым ханның жүргізген саясатына баға беріңіздер (жеке жұмыс)

Ол үшін төменде берілген сұраққа жауап беріңіз

Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? Өз жауабыңызды негіздеу үшін дереккөзден нақты екі мысал келтіріңіз

1.___________________________________

2.___________________________________

Берер бағаңыз_______________________

Дескриптор:

-Қасым ханның билік құрған уақытын анықтайды

-жүргізген саясатын анықтайды

-мемлекетті нығайту үшін заң жинағын жасағанын анықтайды




Дескриптор:

-күшті жағына 2 дәлел келтіреді

-әлсіз жағына 2 дәлел келтіреді

-қаупіне 2 факті жазады

-мүмкіндіктеріне 2 дәлел жазып талдайды

-қорытынды ойларын жазады.



Дескриптор:

-сұраққа жауап беру үшін 1 делел келтіреді

-сұраққа жауап беру үшін 2 дәлел келтіреді

-баға береді

ЕББҚ оқушы тапсырманы жазбаша мұғалімнің көмегімен орындайды.


Топтық бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.














Қ/Б: жапондық бағалау әдісі

1-дұрыс келсеміз;

2-Толықтырамыз, басқа көзқарасымыз бар;

3-біздің сұрағымыз бар.







Мұғалімнің ауызша кері байланысы

6-сынып оқулығы, «Мектеп»2019ж.(139-141бет).

Қосымша 1



























http://www.psu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=5558:aza-ty-ajsar-khany-asym-khan&catid=279:stati-sms&Itemid=687&lang=kaz



Сабақтың соңы

(5 мин)











Үйге тапсырма:

Рефлексия





Тапсырма№4:Қалыптастырушы бағалауға арналған. Тарихи диктант

1. Қасым хан тұсында Қазақ ханының қол астына ______ бойындағы бiрқатар

қалалар өттi.

2. Қасым хан тұсында қазақ жерінің аумағы батысында _______ арғы жағына

дейiн жетті.

3. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Қасым ханның қол астындағы халық саны

_____астам адам және әскері ____ мыңға дейін жауынгер болғандығын

жазды.

Қасым ханның заңдар жинағын мағлұмат алу.

Дескриптор:

-бірінші бос орындағы сөзді тауып жазады

-екінші бос орындағы сөзді тауып жазады

-үшінші бос орындағы сөзді тауып жазады

Бағдаршам әдісі арқылы




Қосымша 1


Қасым – Жәнiбек ханның ұлы. ХV ғасырдың соңы – ХVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы өмiрiнде Қасымның орны ерекше. Қасым Қазақ мемлекетiн нығайту кезеңінде билік етті.

«Даланың нағыз ұлы ретiнде үлкендi сыйлау дәстүрiн ұстанған Қасым сұлтан бастапқыда Бұрындық ханға барлық жағынан бағынды», –деп жазады Мұхаммед Хайдар. Қасым сұлтан деректерде алғашында Бұрындық ханның «белгiлi сұлтаны, атты әскер басшысының бiрi» ретiнде айтылады. Бұрындық хандық құрған соңғы жылдары

Мұхаммед Хайдардың айтуынша, Қасым өзiн Бұрындықтан алысырақ ұстауға тырысты. Себебi «жақын болып тиiстi құрмет көрсету дәстүрін сақтамаса, бұл ханға қарсылық бiлдiргендік едi, ал ол бағынуды қаламады». ХVI ғасырдың басына қарай Қасым «әлi хан лауазымын қабылдаған жоқ, бiрақ оның билiгiнің зор болғандығы соншалықты, ешкiм Бұрындық ханды есiне алмады».

1511 жылы қартайған Бұрындықты Самарқанға шығарып салғаннан кейiн ғана Қасым мемлекеттi басқару мiндетiн және хан лауазымын қолына алады. «Тарих-и-Рашидиде» айтылғандай,«Қасым хан Жошы ханнан кейiн ешкiм жете алмаған бүкiл Дештi Қыпшақтағы қуатты әмiршiге айналып, даңқы мен құдiретi артты». Сол уақыттан бастап ХIХ ғасырда хандық билiк жойылғанға дейiн Қазақ даласындағы билiк Жәнiбек ұрпақтарының қолында болды.

Қасым хан Сырдария бойындағы жерлерге жорық жасады. 1513 жылы қазақ әскерлерi Сайрамға келдi. Қала билеушiсi қаланы ұрыссыз бердi. Сәттi соғыс қимылдары мен көрші ел билеушілерінің өзара қырқыстарын тиімді пайдалану нәтижесiнде қазақ ханының қол астына Сырдария бойындағы бiрқатар қалалар өттi.

Қасым Қазақ хандығының Батыс Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы ықпалын күшейттi. Ол өзiнiң сыртқы саясатында Ноғай Ордасына зор мән берді. Маңғыт жұрты ол кезде ауыр дағдарысты бастан кештi. Мырзалар, рубасылары билiк үшiн өзара күрестi. Қасымның белсендi әрекеттерi ноғай мырзаларын Жайықтан ары Едiлге қарай алысқа көшiп кетуге мәжбүр еттi. Маңғыт жұрты ру-тайпаларының бiр бөлiгi қазақ хандарының қол астына өтті.

Қасым Қазақ хандығының аумағын батысында Жайықтың арғы бетіне дейiн жеткіздi. Қасым ханның моғол билеушiлерiмен қарым-қатынастары сәттi жүрді. Моғолстанның негізгі бөлігі Жетiсу Қазақ хандығының құрамына қосылды. Моғол хандары қазақ ханымен одақ құруға ұмтылды. Қасым хан кең-байтақ дала кеңiстiгiне өз үстемдiгiн орнатты. Хандықтың шегаралары Сырдарияның сол жағалауы мен Жетiсудың бiраз бөлiгiн қамтыды, солтүстiк-шығысында Ертiске дейiн жеттi. Деректерге сәйкес, Қазақ хандығы аумағын кеңейту мәселесiн Қасым хан қарулы күреспен де, саяси жолмен де шештi. Бұған Ресей мұрағаттарынан алынған дипломатиялық құжаттар дәлел бола алады. Қазақ хандығы бiртiндеп сол кездегi халықаралық қатынастарға тартылды. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы мен Мәскеу мемлекетi арасында алғашқы байланыстар орнатылды. Осы кезде қазақтар тұңғыш рет Батыс Еуропаға белгiлi болды. Қазақтар туралы деректер ХVI ғасырдың бірінші жартысындағы немiс дипломаты жазбаларында кездеседi.

Қасымның iшкi саясаты. Қасым хандық билiктi нығайтуда, салт-дәстүр мен заңдылықты сақтауда iрi табыстарға жетті. Қасым ханның қол астындағы халық саны Мұхаммед Хайдар деректерiне сәйкес, бiр миллион адамнан асты. Ол 300 мың адамға дейін қарулы жауынгер шығара алды.

Мемлекеттi нығайту үшiн Қасым заң шығарды. Қасым ханның заңдары халық жадында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен сақталып қалды. Бұл құқық жинағы бес негiзгi бөлiмнен тұрады:

1.Мүлiктiк заң. Оған жер, мал және мүлiк дауларын шешу ережелері ендi.
2.
Қылмыстық заң. Мұнда қылмыстық iстiң түрлерi мен оларға байланысты жазалар қарастырылды

3. Әскери заң. Дала тұрғындарының соғыс кезiнде әскер жасақтау
жөнiндегi мiндеткерліктері, әскери мiндет, жасақ құру қағидалары,
әскери олжаны бөлу тәртiбi айтылды.

4. Елшiлiк салт ережесi. Бұл бөлiмде халықаралық құқық, елшi
этикетi қарастырылды.

5. Жұртшылық заңы. Бұл бөлiм өзара көмекке, сондай-ақ мейрамдарды ұйымдастыру ережелерi мен сарай тәртібіне арналды.




Қосымша 2

Сыртқы саясаты. Қасым хан Сырдария бойындағы жерлерге жорық жасады. 1513 жылы қазақ әскерлерi Сайрамға келдi. Қала билеушiсi қаланы ұрыссыз бердi. Сәттi соғыс қимылдары мен көрші ел билеушілерінің өзара қырқыстарын тиімді пайдалану нәтижесiнде қазақ ханының қол астына Сырдария бойындағы бiрқатар қалалар өттi.

Қасым Қазақ хандығының Батыс Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы ықпалын күшейттi. Ол өзiнiң сыртқы саясатында Ноғай Ордасына зор мән берді. Маңғыт жұрты ол кезде ауыр дағдарысты бастан кештi. Мырзалар, рубасылары билiк үшiн өзара күрестi. Қасымның белсендi әрекеттерi ноғай мырзаларын Жайықтан ары Едiлге қарай алысқа көшiп кетуге мәжбүр еттi. Маңғыт жұрты ру-тайпаларының бiр бөлiгi қазақ хандарының қол астына өтті.

Қасым Қазақ хандығының аумағын батысында Жайықтың арғы бетіне дейiн жеткіздi. Қасым ханның моғол билеушiлерiмен қарым-қатынастары сәттi жүрді. Моғолстанның негізгі бөлігі Жетiсу Қазақ хандығының құрамына қосылды. Моғол хандары қазақ ханымен одақ құруға ұмтылды. Қасым хан кең-байтақ дала кеңiстiгiне өз үстемдiгiн орнатты. Хандықтың шегаралары Сырдарияның сол жағалауы мен Жетiсудың бiраз бөлiгiн қамтыды, солтүстiк-шығысында Ертiске дейiн жеттi. Деректерге сәйкес, Қазақ хандығы аумағын кеңейту мәселесiн Қасым хан қарулы күреспен де, саяси жолмен де шештi. Бұған Ресей мұрағаттарынан алынған дипломатиялық құжаттар дәлел бола алады. Қазақ хандығы бiртiндеп сол кездегi халықаралық қатынастарға тартылды. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы мен Мәскеу мемлекетi арасында алғашқы байланыстар орнатылды. Осы кезде қазақтар тұңғыш рет Батыс Еуропаға белгiлi болды. Қазақтар туралы деректер ХVI ғасырдың бірінші жартысындағы немiс дипломаты жазбаларында кездеседi.

Ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар туралы Қасым хан таққа отырмай тұрып, Бұрындық ханды ешкім білмейтін. Бұрындық хан Керей ханның ұлы болса, Қасым хан Жәнібек ханның ұлы еді. Бұрындық хан Сарайшық қаласына қоныстанды. Қасым хан Бұрындық ханның сұлтаны қызметін атқарды. Оның ұлысы Моғолстан жақта орналасты. 1512 жылдың көктемінде Шайбан өзбектері Мауреннахрда билік құрды. Өзбектер Шаһибек ханның қол астында еді. Саид хан қыс кезінде көктемдегі жағдайды ойлады. Саид хан Ташкент қаласына қарайтын Ахангаранға жорық жасады. Мен ол жорықта ханның жанында болдым. Сол жорықтан Саид хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан Ташкентке Сүйініш ханға шабуыл жасады деген хабар келді. Саид хан тездетіп Ташкентке бет алды. Кендірлік асуына жеткенде, Қасым хан қайтып кеткені туралы хабар жетті. Саид хан осыдан кейін қазақтарға бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға тағы да қазақтарды көтеру болатын. Қасым хан жасы ұлғайғандықтан, Саид ханды қарсы ала алмайтынын айтып, кешірім сұрайды. Жошы әулиетінің жасы елу мен алпысқа толған отыз-қырық сұлтанды жіберіп, тізе бүгіп қарсы алсын деп бұйырады. Соның ішінде Жаныш хан мен Таныш хан жас жағынан Саид ханнан көп үлкен еді. Олар тізе бүккенде, хан орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі тізе бүккенде, хан орнына отырды. Олардың сәлемін қабылдады. Қасым хан Саид хан алдына келгенде, жылы жүздесіп, құрметтегені сондай хан өмірінің соңына дейін, оның кішіпейілдігін ұмытқан емес. Мұхаммед Хайдар Дулат. «Тарихи Рашиди».

Ұлы даналар сөзі

Т арихтағы көптеген адамдарды олар жайлы айтылған ой-пікірлерден оқып білеміз. Сол сияқты Қазақ хандарын тек қана қазақтар ғана емес, сонымен қатар басқа да адамдар жоғары бағалап, олар жайлы бірауыз пікір қалдырған. Ұлы даналардың ұлы сөздеріне тоқталар болсақ:

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!