Материалдар / ҚАШЫҚТАН ОҚИ ОТЫРЫП, ОҚУ ҮДЕРІСІ БАРЫСЫНДА ЦИФЫРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ САЛАЛАРЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАШЫҚТАН ОҚИ ОТЫРЫП, ОҚУ ҮДЕРІСІ БАРЫСЫНДА ЦИФЫРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ САЛАЛАРЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген короновирус ( COVID-19) пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 16-науырызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Жаппай карантин шараларының енгізілуі барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін қашықтан оқытуға алып келді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2022
317
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАШЫҚТАН ОҚИ ОТЫРЫП, ОҚУ ҮДЕРІСІ БАРЫСЫНДА ЦИФЫРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ САЛАЛАРЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ


Бекниязова Ляззат Амангелдиевна

«№2 жалпы білім беру орта мектебі» КММ, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы.


Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген короновирус ( COVID-19) пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 16-науырызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Жаппай карантин шараларының енгізілуі барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін қашықтан оқытуға алып келді.

Алдымен «қашықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсақ, қашықтан оқыту - адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізі атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қашықтан білім беру әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі әлемде пайда болды, бар және белсенді дамып келеді. Тек аудиторияда ғана емес, адамдарды алыстан басқара отырып, оқытуды ұйымдастыруға ұмтылу бұрыннан бар. Оның тарихына үңіліп көрелік. Алғашқы қашықтықтан білім беру курсының негізін салушы – Исаак Питман. Ол 1840 жылдан бастап пошта жөнелтімдері арқылы Біріккен Корольдіктегі студенттерді стенографиямен оқыта бастады. ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында Германияда ересек адамдарды тілге үйрететін «оқытатын хаттар» пайда болды. Оларды Густав Лангеншайдт жариялады. 1836 жылы Ұлыбританияда Лондон университеті ашылған тұста студенттердің қашықтықтан білім алатын мүмкіндігі болды. Австралияда 1914 жылы мектептен алыс тұратын кіші сынып оқушылары үшін сырттай мектеп ұйымдастырылды. Қазақстанда қашықтан оқыту технологиясы жоғары білім беру және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру саласында 2000 жылы ортасында қолданыла бастады. Қашықтан білім берудің тарихына көз жүгірте отырып, ғалам мен техниканың дамуына орай оның да қарыштап дамып келе жатқанын байқауға болады. 

Белең алған жағдайға байланысты біз бұл жүйемен бір-ақ сәтте бетпе –бет келдік.

Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда  мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, жаңа талапқа сай, инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Мұғалімге әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт. Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, аз уақытта жұмыс тобы құрылып, мамандар жаңа форматтағы білім жүйесінің моделін жасады. “Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Барлық мұғалімдер қысқа уақыт ішінде «қашықтан оқыту технологиясы » бойынша онлайн курстарда оқып, білімін жетілдірді және ол әлі де жалғасуда. ІV тоқсан бүкіл Қазақстан мектептері үшін қашықтан оқытылды. Ол кезде әрине кемшіліктері жоқ деп айта алмаймыз. Ұстаз тапсырмаларды беріп, оның орындалуын қарап, бағалап, кері байланыс жасап, қайтадан оқушыға жібереді. Оқушылар өз кезегінде сабақтарға қатысып, берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімге тексеруге жібереді. Бас кезінде айтарлықтай қиындықтар туындады, бірақ ұстаздар үнемі тығырықтан шығатын жол іздеп жүретін адамдар. Сабақ жоспарының тезисін құру арқылы тапсырмалар дайындап, оларды оқушыларға EDUkz , вацап арқылы жіберіп, кері байланыс орната алатын мүмкіндігіміз бар. «Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет,»- деген Министрдің айтқанын қолдап, расында, сапа төмендеп кетпесе екен деп уайымдаймыз. Барлық жер шарының тұрғындары осы індеттен тез жазылып, оқушылармен бетпе-бет жүздесуге асықпыз!

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Артықшылығы:

1.Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі.

2. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі

3. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

5. Оқудың жоғары нәтижелері

6. Мобильділік

Кемшіліктері:

1. Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.

2. Күшті мотивация қажет.

Қашықтан білім алушы барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.

3. Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз. 

Қашықтықтан оқыту кезінде балалардың бір-бірімен және оқытушылармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды. 

4. Практикалық білімнің болмауы

5. Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі

6. Шалғай өңірлердің қашықтығы

Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқ.

Қашықтықтан оқыту кез-келген уақытта және компьютер мен ғаламтор бар кез-келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Педагог пен білім алушы арасындағы диалог бейнеконференция, топтық чаттар, презентациялар, тесттер, бейнероликтер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сабақты қайта-қайта қарау мүмкіндігі арқасында жоғары тиімділікке қол жеткізіледі. Қашықтықтан оқыту ғылыми кітапханалардың электрондық ресурстарына(www.okulyk.kz,www.kitap.kz) кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Қашықтан оқыту барысында мұғалімдер түрлі ғаламтор платформаларын, Қазақстандық білім беру платформаларын қолдануда. Ал қашықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарнасы да ат салысып жатыр. Қашықтан оқыған кезде WhatsApp, электронды пошта және басқа да мессенджерлерді пайдалануға болады. Қандай ресурс ыңғайлы соны толығымен пайдалануға болады.

Олардан бөлек, шетелдік WhatsApp, Telegram мессенджерлері, Zoom видеоконференциясы, Microsoft Teams, Google Classroom платформалары қосымша қолданыста.

Оқудың алғашқы күні BilimLand онлайн платформалары қолданушылардың көптігінен істен шықты;

Zoom арқылы оқу кезінде байланысқа бөгде адам қосылып, порно бейнелерін көрсетуінің бірнеше дерегі тіркелді.

Бұдан бөлек, оқушылар мен ата-аналардың аталған платформаларға қосыла алмау мәселесі де өзекті болып отыр. Оған негізгі екі себеп бар:

интернет сапасы төмендігі;

оқушының платформаны қолдана білмеуі.

Осы орайда Informburo.kz қазақстандық бірқатар онлайн платформаны қолдану нұсқаулығын ұсынып отыр. Нәтижелі іс әректтің арқасында қазіргі кезде барлық оқушылар, ұстаздар, ата-аналар түсініп жұмыс атқарып келеді.

BilimLand- Электронды оқытудың әлемдік көшбасшыларының озық жетістіктеріне негізделген сандық білім беру платформасы. Бұл – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі барлық пәндерді қамтитын бірнеше мың электрондық сабақтардан, тренажерлардан, интерактивті жаттығулардан, оқыту және анимациялық фильмдер жиынтығынан тұратын заманауи білім беру контентінің ірі сандық кітапханасы.

Іmektep- Бұл оқыту кешені бастауыш мектеп бағдарламасына енген негізгі сегіз пəн бойынша толықтай анимацияланған сабақ үлгілерін ұсынады.

WhatsApp -Телефон арқылы сөйлесу, диалогтік қарым-қатынас, графикалық түрде жазылған әңгімелесу. Бұл жерде кез келген қатысушы саны болуы мүмкін, олар еркін «кіреді және шығады».

Zoom- Бейнеконференциялар, онлайн-кездесулер және оқушыларды қашықтан оқыту үшін пайдалануға болатын сервис.

Қашықтан оқытудың маңызды бөлімі – кері байланыс. Кері байланыс жүйесі - білім алушыларға білімдерін тексеруге, өз жұмысының нәтижелерін көруге, бағалауға және дұрыс түсінбеген материалдарын түзетуге ықпал жасайды.

Қашықтықтан оқытуды күрделі процесс деп санамауымыз қажет, қазіргі білім беру ресурстарының болуы материалды зерттеуді ұйымдастыруда және оның дамуын бақылауда мұғалімнің міндеттерін жеңілдетуге арналған. Тек дұрыс материалды таңдап, оқушылармен байланысын жоғалтпау өте маңызды, үнемі сізбен бірге екендігіңізді және сабақ беру сіздің ортақ міндетіңіз екенін айқындап отырыңыз.

Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, білімдерін онлайн жалғасыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.


Әдебиеттер тізімі:

1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

2. Журнал «Мектеп» № 11

3.. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2010 ж



«Автордың басқада жұмыстары»

https://www.youtube.com/watch?v=1q5FDj8sEEw



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!