Қашықтан оқыту – заман
талабы
Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып,
қашықтан оқытудың алғы шарттары Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан
-2030» стратегиялық бағдарламасында айқын
көрсетілген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде
жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық
технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін
пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім
жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші —
адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс.
Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін
қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа
коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және
электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту
әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт
талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық
оқыту кеңінен қолданылуда.
Инновация – бұл
жаңалықтардың таралуы және
құрылуы.
Қашықтықтан оқыту – адамның
білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын
үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың
негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға
мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең
виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл.
Синхрондық өзара іс-қимыл оқушы мен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты
қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе
бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара
іс-қимыл оқушы мен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған
жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы
байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың
көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы
ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық)
– қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті
шарттары.
Мұғалімдердің алдын – ала
дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық
қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі
жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз
үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. Қашықтан оқыту бұл
мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын
қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын
өзгертеді.
Білімнің қайнар көзі оқулықта. Кітапханалар, оқу
кітаптарының жетіспеушілігінен оқушылардың білімдері толық
жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа
ақпараттық технологияларымен жобалау әдістемесі
жасалуда.
Оқушылар қашықтан оқу арқылы
өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану
мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын
іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық
жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының
шығармашылық потенциалының дамуына әсер
етеді.
Артықшылығы:
1. Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Қашықтан
оқытылатын оқушы, тоқсан төңірегінде материалды меңгеруге қашан және қай
уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады. Өзіне жеке оқу кестесін
құрастырады. Мемлекетіміздегі білім беру мекемелері
оқушылардың оқуын ұзақ уақытқа кейінге қалдыруға және
қайтадан білім алуына ақы төлеусіз оралу мүмкіндігін
береді.
2. Өз қалауыңыз бойынша білім алу
мүмкіндігі
Білімалушыларға қатарластарымнан артта қаламын
деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді
зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре
аласыз, оқытушымен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге
белгілі тақырыптарды өткізіп жібере
аласыз.
3. Кез-келген жерде білім алу
мүмкіндігі
Оқушылар үйден шықпай-ақ,
әлемнің кез-келген жерінде оқи алады.
Оқытуды бастау үшін сізде Интернетке қосылған
компьютер болуы керек. Күн сайын оқу ордасына бару қажеттілігінің
болмауы.
4. Оқудың жоғары
нәтижелері
Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек,
қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем
түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтықтан білім алушы оқу
материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте
сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал білімді практикада, жұмыста
бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді. Сонымен қатар, оқу
үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оны қызықты ете
түседі.
5. Мобильділік
Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әр түрлі
жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. Электрондық
пошта арқылы тәрбиешімен кеңесу кейде жеке немесе сырттай
кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ
болады.
Кемшілігі:
1.
Қашықтан оқыту біздің елімізде кең
таралып
жатыр
әйтседе толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу
орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және
программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы
жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің
тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында
жетіспеушілік бар, нормативті-құқықтандыру, экономикалық және
финанстық сұрақтар, Интернет бағасының
жоғарлығы.
2.
Әрине, оқу орындарының компьютерлік базасы әрі
қарай толықтырылады, жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы
бар құралдарды толық пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша
қолдануға тырысу керек.
Қорыта келе айтарым – оқу процесінде ақпараттық
коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық
жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып
табылады.