Материалдар / «Қашықтықтан оқыту барысында тапсырма беру платформалары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қашықтықтан оқыту барысында тапсырма беру платформалары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы – оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімін жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл – басқарылмайтын үрдіс. Әйтседе, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді: Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін; Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру; Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2021
489
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ











Shape1



Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту барысында тапсырма беру платформалары»





















2020-2021 оқу жылы

Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен

азаматтарының білімімен өлшенеді”, –

Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаев



Елімізде тажал белгісі табылғанда, барлығымыздың абдырап қалғанымыз анық. Ертеңгі күнге қорқынышпен қарадық. Ел болып, бұл қиындықты да еңсеруге жақындап қалдық.

Осындай кезеңде Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың оңтайлы шешім қабылдап, ұстаздар мен ата-аналарға орайын келістіріп берді. Қазіргі таңда ұстаздарымыздың көбісі әр баламен жеке  жұмыс істеу үстінде. Оны анық аңғаруға да болады. Себебі мессенжермен түсінбей қалса, жекемізге де шығып жатады. Сондықтан қашықтықтан оқытуға үйреніп те қалдық.

Қашықтан оқыту (ҚО) – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беруде  қызмет көрсетудің маркетингтік көзқарастарын кеңінен қолданатын ғылыми-технологиялық революцияның жоғары технологиялық өнімі. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған  студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады.  Оқыту корпоративтік желіде, Интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Қашықтықтан оқыту ерекшеліктеріне тоқтала кетсем:

Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы – оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімін жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл – басқарылмайтын үрдіс.  Әйтседе, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:

Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;

Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;

Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;

Автоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;

Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, эксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.

Білім беруде ақпараттық технологияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:

Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;

Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;

Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;

Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларына оқу жоспары мен бағдарламалар мазмұндарының сәйкес келуі.

Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар – берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.

Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.

Осы тұста ұстаздар өз шәкірттеріне нәтижелі, сапалы білім бере отырып, өз тәжірибесін жаңашылдық негізде насихаттап, әрбір әдісін тиімді қолдануы шарт. Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті әрбір маман өзінің негізгі қызметінен қол үзбей  жаңа білім алу жолдарын қарастырады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың басты формасы – қашықтан оқыту. Қоғамның қажеттілігіне сай оқыту формасы да өзгерді. Қажеттілік – ғылыми жаңалықтардың қырағы жол сілтеушісі. Ендеше, қажеттілікке сай жұмысты жүйеге қою-біздің міндетіміз. Қазіргі таңда қашықтан оқытудың асинхронды  және синхронды әдісін пайдаланып отырмыз. Күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқаратын ролі зор. Оған әрі ауыр, әрі жауапкершілігі мықты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындауда, өз бетінше бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл кезеңде қашықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгендей, көңіл-күй, психологиялық қарым қатынас белең алады. Қашықтан оқытуда мұғалімдер өздері мынадай талаптарға сәйкес болуы шарт.

Мұғалім компьютерды жоғары деңгейде әрі сауатты пайдалана білумен қатар, ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдыланып, оқушымен сабақ жүргізуде ұйымдастырушы, кез-келген қиындықтан жол тауып кететін нағыз шебер болуы керек. Қашықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің  ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Білімге қойылатын талаптар да өзгереді. Оқыту мен оқу үрдісінде оқушының білімді өз бетінше ізденіп, ақпарат құралдарын жиі пайдалануға және түрлі платформаларды сауатты пайдалануға мүмкіндігін тудырады. Бұл жерде ақпараттық әдістер кеңінен пайдаланылады. Оқушының танымының дамуына, компьютерлік іскерлігінің артуына ықпалын тигізеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша үйренген теорияңды практикамен ұштастыра білу маңызды. Оқушы, мұғалім мен ата-ана үнін ескере отырып, мектептің дамуын жоспарлау, білімнің сапасын алға жылжыту, білім көшіне өзгеріс енгізу – заманның басты талабы. Жаңартылған білім беру курсында, оқушы бейнесінің үйлесімді ортасын қалыптастыра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым қатынас қалыптастыру, жеке және жұппен әрі топтық негізде жұмыла жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты және шығармашылықты қолдану, әріптестермен қолайлы орта жасау, оны тиімді жүзеге асыру үшін оқытудың әдіс-тәсілдерін курста оқи жүріп үйрендік. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдынала белгіленген критерийлердің (Р.Ю.Глейзер енгізген) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше деуге әбден болады. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды қамтиды.

Күнделікті сабақтың өн бойында жүретін бағалау қалыптастырушы бағалау. Бұл бағалаудың түрі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін байқатады, оқудағы қиындықтарды анықтауға, оқу бағдарламасындағы белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:

  • қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;

  • ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;

  • уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаныояту. Олай болатын болса, қазіргі таңда қашықтықтықтан оқыту барысында оқушыларымызды бағалау тиімді болды ма? Біріншіден мұғалім тарапынан әр баланың орындаған тапсырмасын көре отырып, жеке кері байланыс, түзетімдер енгізу кеңінен қолданылды деуге болады, себебі онлайн режимінде асинхронды қатынас жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз баланың қаншалықты білімді игерді немесе бойында құндылық пен қажетті дағдының қалыптасқаны диалогтық қатынаста көрініс табады.Оқушы өзінің әлі де түзетімдер енгізуді қажет ететін тұстарын, тез арада өзгертуге мүмкіндік алады. Бұдан шығатын қорытынды қалыптастырушы бағалаудың бірінші функциясының орындалғанын байқатады.

Сонымен қатар оқушыны алға жетелеу мақсатында үнемі сындарлы және тиімді пікір білдіру қажет немесе қолайлы жағдай туғызған жөн. Мысалы, онлайн режимінде отбасында оқушыға ата-ана тарапынан қолдау, мадақтау берілсе немесе мұғалім тарапынан позитивті көңіл-күй сыйлай отырып,ашық пікір айтылып, жазылып және тапсырманың орындалуына қажетті дәрежедегі уақыт берілсе… Нәтижесінде қалыптастырушы бағалаудың екінші функциясы, яғни оқушыны ынталандыру жүзеге асырылғандығы байқалады және оқушыда алға қарай жылжу көрсеткішін көруге болады.

Кезкелген адамзаттың бойында қандай да бір іс-әрекетке ынта болмаса, нәтиже болмайтындығы немесе сапасыз нәтиже болатындығы анық. Осы тұрғыда оқушыларымызда тапсырманы орындауда немесе жаңа білімді, дағдыны игеруде ынтасын оятуымыз қажет, яғни уәжін өсіре алуымыз қажет. Педагог оқушының ішкі уәжін өсіруге мұмкіндік беретіні белгілі. Яғни педагог әсер етуші сыртқы фактор ретінде десем, артық емес. Яғни мұғалім дайын білімді бермей, керісінше оқушы ізденетіндей білім беруі қажет. Айталық, онлайн режимі кезінде бала ақпараттық құралдарды қолдана отырып, берілген тапсырманы өз бетімен іздене отырып, жұмыс жасаса, оның сабаққа деген ішкі уәжі өсе бастайды. Сонымен қатар педагог сабақты тек қана қашықтықтан оқытудың ватсап желісін қолданып қоймай, бейнечат, zoom т.с.с.қатынас бағдарламаларын қолданып өтетін болса, оқушыда ынта, ізденіс пайда болады. Бұл қалыптастырушы бағалаудың үшінші функциясының орындалуының бір мысалы деуге болады. Осылайша бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады.

Неғұрлым оқушыға қолдау, жігерлендіру, тиімді ұсыныс беру, әдіс-тәсілдерді таңдай отырып, онлайн режимінде сабақ жүргізілсе, нәтиже болатыны сөзсіз.

Алайда уақыт өте келе оқудың барлық кезеңдерінде оқушылар сабақ барысында жеке жұмыс істеуге қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көп жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі қажет. Мұны орындаудың ең тиімді жолы жеке оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынып, тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсат қою болыптабылады.

Қорытындылай келе, жалпы бағалау үдерісінің кезеңдерін еске түсірсек. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талапетіледі:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жәнежоспарлау;

  • қалыптастырушыбағалауәдістерінтаңдау;

  • оқыту мен оқуүдерісініңбөлігіретіндеқалыптастырушыбағалаужүргізу;

  • қалыптастырушыбағалаунәтижелерінталдау;

  • керібайланысұсыну;

  • қалыптастырушыбағалаунәтижелерінталдаунегізіндеоқу мен оқытудытүзету.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері бақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Олай болса, қазіргі таңдағы сұраныс бойынша онлайн режиміндеде бұл талаптар орындалуы қажет.

Біздің қазақ халқы — батыр халық. Батырлықтың нәтижесінде әлемде болып жатқан індетті бірлесе жеңуге әрекет жасап, жан-жақты бағытта пайдалы әрекет жасауда. Соның бірі- оқушыларды қашықтықтан оқу жүйесінде білімдерін жетілдіру. Әрине, бұл орайда ұстаздар қауымының атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Елімізде жаңадан қалыптасып келе жатқан қашықтықтан оқыту негізінде  оқушылар мен ата-аналар үшін ең  тиімді  платформалар:  You Tube,  BilimLand,  WhatsApp желісі және Daryn Online.

Whatsapp желісі арқылы оқушылармен күнделікті тығыз байланыста отырамыз.   Күнделікті тапсырмаларды , тіпті You Tube каналы арқылы алатын видео сабақтарының сілтемесін осы Whatsapp желісі арқылы жіберіп отырамыз.

BilimLand – мектеп оқушыларына арналған онлайн білім беру порталы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектеп бағдарламасы бойынша жасалған 40 000-нан астам интерактивті сабақ бар. Тағы бір артықшылығы, мұғалімдерге арналған мыңнан аса көрнекі құрал ұсынады.

Қашықтықтан оқытудың да ұтымды тұстары кездесіп жатады. Яғни, ұстаздар мен оқушылар электрондық технологияларды игеріп, білім алу жолында дамып жетілуде.

Ұстаздарға білім беру жүйесіндегі жүктелген  жауапкершілік  ата-анаға жүктелуде. Жұмыстан босамайтын  ата-аналар әлемде тараған күрделі жағдайға  байланысты балаларына көңіл бөліп, бірге сабақтарына қарауда.

Сондай-ақ мектеп қабырғасындағы сабақ кестесіндей емес, тәуелділік жоқ, сабақ барысындағыдай 40 минутта сабақты аяқтап тастамаймыз. Тәулік бойына интернет желілері арқылы оқушылармен байланыста отырмыз.

Алайда, оқушылармен бетпе-бет отырып, дәстүрлі сабақ өтетінімізге жетпейтіні белгілі. Бәрі де уақытша екенін білеміз, ендеше қашықтықтан оқыту да уақытша. “Сабыр түбі-сары алтын” Сабырлық танытып, әр қадамымызды аңдап бассақ алда талай белестерді бағындыратын боламыз!

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мен мұғалім  алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосу

Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл – тіптен жаңа формат. «Балапан», «Ел Арна»,«Қазақстан» телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды. 

Екіншіден. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды орындауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.

2. Төтенше жағдай кезінде біз  қашықтықтан қалай оқытамыз. Платформаларды білу және тиімдісін пайдалану. Тапсырма қалай берілуі керек. Баланың жасына сай, шағын, бірақ қызығушылығын төмендететін өте жеңіл болмауы керек. Оқушыға қойылатын талаптар азайғанымен жауапкершілік төмендемеуі керек. Әр мұғалім өзінің шәкіртінгің әлеуметтік жағдайын және интелектуалдық деңгейін білуі шарт. Кейде оқушы шамасы келіп тұрған тапсырманың жартысын ғана орындап жібереді. Ондайға жол бермеуіміз керек. Сонда ғана білімнің сапасын жоғалтпаймыз. Бұл өте маңызды. Білімленд, Дарын онлайн, Опрig.kzkz платформаларындағы электронды мәліметтерді лайықтап беру. 

3. Нені ескеруіміз керек: Әр мұғалім оқушылардың ғана алдында тұрмағанын әрдайым естен шығармау керек. Өйткені әр тапсырманы оқушы ата-ана, туған туыстарымен бірге талқылайды. Соған байланысты мұғалім сабағын мұқият дайындауы керек. Кейбір жағдайда оқушыдан гөрі ата-аналардың абыржуы мен жоқтан кінә іздеуі орын алады. Сондықтан мұғалімнің ата-аналармен ынтымағы күшейіп, байланысы артуы керек. Оқушының үйінде жұмыс орны өзіне қолайлы жерде ұйымдастырылуы қажет. Оқушы үйінде жұмыс режімін сақтауы маңызды. Мысалы оқушы уақытымен оянып, уақытымен тамақтануы,бір пәннен тапсырманы орындап болғаннан соң 10 минутқа үзіліс жасауы, белсенді дем алуы сияқты қажеттіліктерді ата-аналары мұқият қадағалауы керек.  Ал танымдық телеарналарды жібермей қарау шарт.

4. Құрметті әріптестер, Сабағымыздың сапасын түсірмей, ертеңгі ел болашағы, оқушыларымыздың білімін табандылықпен арттыра берейік. Індеттен аман болу үшін үйде болайық. Назарларыңызға Рахмет.

Менің сабақты тиімді өткізу үшін көмекшілерім:

Daryn.online платформасы

Бастауыш сыныптар мектеп әдістемелік бірлестігі

Паралель мектептегі 4- сыныптар ұстаздар тобы

Bilimland

balapan

WhatsApp

opiq.kz

klass.kz



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!