400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық ұжымды басқару және көшбасшылық"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық ұжымды басқару және көшбасшылық" әдістемелік мақала. Мектеп әкімшілігіне арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық ұжымды басқару және көшбасшылық"

Білім ұясындағы басшылық пен көшбасшылықты ұйымдастыру-әрбір көшбасшы мен басшы үшін үлкен жауапкершілік пен міндеттерді жүктейді.

Мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтарына жататын, ол оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру; бірігушілік жəне ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы. Мектеп құрылуында ең маңыздысы, оның ақпаратының ашықтылығы жəне қол жетімділігі. Яғни осы мектепте тиімсіз жағдай орын алып жатса жəне одан ұстаз хабардар болса, онда ол бұл мəселеге немқұрайлы қарамауы тиіс. Басшылықтың əрдайым есеп өткізуі, мектеп кеңесінің, ұжымның, ұстаздың, ата ананың белгілі бір мəселеге араласып, өз көз қарасын білдіруі, осы мектепте еркіндіктің бар екенін білдіреді. Педагогикалық жүйені басқаруды тек ықпал етумен ғана шектеп қоюға болмайды, мұнда ұйымдастырушылық, бірігіп басқару жəне өзін өзі басқара білуде маңызды рөл атқарады.

Басқарудағы толықтылық жəне жүйелілігі, педагогикалық процестің табиғатын түсіну басқару тиімділігін арттырады жəне осы түсіне білу ең бірінші мақсат болып табылады. Мектепті басқаруда оның бөліктерін көре алу аздық етеді, олардың арасындағы қатынастың пайда болуын жəне жоқ болуын анықтай білу тиіс.

Көшбасшының міндеттері:

-ұжымның ережеге жақын тәртібін (тілектестік, жауапкершілік, өзара нәтижелі еңбек) және ұжымның келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және қолдайды (мысалы, агрессиялық, бөлектену, тартысу) ;

-топтың әр мүшесіне баға бере отырып, бұйрықмен емес, сөзбен немесе дене қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға мәжбүр етеді;

Көш басқарушының екі полярлық түрін бөліп қарауға болады:

-іскер – мәселе шешуде өз қолына алатын және білімді, жан жақты
хабарлы;

-сезімтал лидер — ұжымның қөңіл-күйін реттеу функциясын қолына
алады.

Дәстүрлі оқытудан қашықтан оқыту жағдайына тез арада көшу әрбір білім беру мекемелерінің басшыларына «Басқару жүйесін оңтайлы ұйымдастыру» жүктемесі міндеттелді. Сондықтан "Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық ұжымды басқару және көшбасшылық" тақырыбындағы тәжірибеммен бөліскім келеді.

Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық ұжымды басқару және көшбасшылықтың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: жаңартылыған білім стандарты форматының ережелерін бсшылыққа ала отырып ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Міндеттері:

-оқушылардың техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыздығын ұйымдастыру;

-санитарлық-эпидемологиялық талаптарды сақтай отырып ашық есік күнін ұйымдастырып отыру;

-қашықтан оқыту барысында оқыту мен оқуға жетекшілік ету;

-мұғалім-оқушы-ата-ана қауымдастығына білім саясаты жағынан ақпараттандырып отыру, технологиялық-коммуникативті, ақпараттық технология жағынан қолдау көрсету;

-ата-аналар жиналысын, педагогтер жиналыстарын уақытылы ұйымдастып отыру;

-мұғалімдер мен оқушылардың жаңартылған онлайн білім платформасында жұмыс жасау жүйесін ұйымдастыру, басшылыққа алу;

-педагогтердің арнайы онлайн арқылы сабақ өтіп рейтінгісі жоғары білім платформаларында сабақ бейнематериалдарының оңтайлы жүктеп отыруын басшылыққа алу, ұйымдастыру;

Басшылық және көшбасшылық әрдайым уақытылы жиналыстар мен әдістемелік отырыстарды, сонымен қатар, шебер мамандардармен тәжірибе бөлісу мақсатында мастер-класстар мен вебинар сабақтарды, тренинг секілді педагогтердің шығармашылық қабілеттерін арттырп отыру мақсатында талапқа сәйкес онлайн форматта ұйымдастырып, өткізіп отырады.

Қашықтан оқыту кезінде мектепті басқару жұмыстарын ұйымдастырудың формалары

  • Басшылық.

Мақсаты: қашықтан оқыту барысында оқыту мен оқуға жетекшілік ету.

Міндеттері:

-мектеп әкімшілігі қашықтан оқуды жүзеге асыру механизмін айқындау, жоспарлау (АКТ деңгейі, қажетті ресурстардың қолжетімдігі);

-оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу;

-мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін жетілдіру (онлайн-конференция, вебинар)

-қашықтан оқыту мен оқу сапасын бағалау.

  • Қолдау

Мақсаты: Мұғалім-оқушы-ата-ана қауымдастығына технологиялық-коммуникативті, ақпараттық технология жағынан қолдау көрсету

Міндеттері:

-мұғалімдерге қашықтан оқуды жүзеге асыру механизмін түсіндіру (бейне-жазбалар, жадынамалар т.б.);

-арыз-шағымдар қабылдау-жауап беру (СаLL орталығы телефоны)

-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

-педагогтердіңоқулық құрал жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілуін басшылыққа алу, ұйымдастыру;

-санитарлық –эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы ашық есік күндерін ұйымдастырып отыру.

  • Бақылау

Мақсаты: Педагогтердің жүйелі онлайн сабақ ұйымдастырып өтуін бақылау, әдістемелік көмек көрсету

Міндеттері:

-педагогтердің уақытылы жүйелі сабақ ұйымдастырып , өтіп отыруын қадағалау

-рейтінгісі жоғары білім платформасында жүйелі жұмыс жүріп, сабақ өтілуін қадағалау

-ZOOM, “Білім ленд”, “Дарын онлайн” платформалары арқылы оқушылар мен ата-аналармен қарым ақатынас жасап, сабақ өтіп отыруын қадағалау

-күнделік кз арқылы мұғалімдердің уақытылы жсабақ жоспарларын толтырып отыруын қадағалау

-“Білім ленд”, “Дарын онлайн” платформаларында, “Ютуб” желілерінде өтілген сабақтарынын жүктеліп отыруын бағалап, мұғалімдердің жұмыс жасау рейтінгісі бойынша тиісті мұғалімдерді мадақтап отыру

  • Онлайн форматты жүйелі ұйымдастыру

Мақсаты: әр педагогтың медиа ортасы болу қажеттілігін қамтамасыз ету, жұмыс істеу

Онлайн жұмыс жасау платформалары: You Tube, Zoom, Daryn.online, BilimLand, WhatsApp

Онлайн форматты оқытуда жүйелі ұйымдастыру:

-мұғалмнің электронды кітапханасының болуы;

-қашықтықтан оқыту әдістерінің жан-жақтылығы;

-мұғалім сайтыны болуы;

-электронды журналдың уақытылы жүргізілуі; т.б.

Қорытынды

Қазіргі уақытпен таласа өзгеріп, дамып жатқан технологиялар мен компьютерлер әлемінде басшылық пен көшбасшылық бағытындағы жұмыстар әрқашан да заман талабына сай болуы тиіс. Жүйелі тиянақты жұмыс жасау арқылы ғана үлкен жемісті нәтижелерге қол жеткіземіз. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту жағдайында педагогикалық ұжымды басқару және көшбасшылықты дұрыс оңтайлы ұйымдастыру мынадай нәтижеге қол жекізетін анық

-ұжымның ережеге жақын тәртібі қалыптасады;

-ұжым ақпараттық-коммуникативті технологияларды оңтайлы қолданады;

-ұжымда еркіндік, жүйелілік жəне бірізділік қалыптасады;

-ұйымдастырушылық, бірігіп басқару жəне өзін өзі басқару жүйесі қалыптасады.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.08.2021
1087
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12