Материалдар / «ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын қашықтықта оқыту кезінде қолданатын әдіс-тәсілдер туралы айтылады. Оқушылардың оқу дағдыларын қалай дамытуға, тиімді оқу технологиялар мен әдістері туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2022
437
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Вебинар

«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ»



Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бокеева Динара Дусупбековна











Өскемен қаласы

2021 жыл 14 сәуір

Қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының  әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады. 

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:  

  • ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер);  

  • ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.  

Қашықтан оқыту екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады – синхронды және асинхронды оқыту. 

  

Синхронды және асинхронды оқытудың айырмашылығы неде? 

Қашықтан оқыту түрлерінің сипаттамаларымен танысыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. 

Синхронды оқыту мысалдары: Сабақты ZOOM, Teams, Google Meet арқылы жүргізу.  

Асинхронды оқыту мысалдары: Тапсырмаларды электронды пошта, мессенджер, Kundelik.kz арқылы жіберу. Тапсырмаларды оқыту платформаларына (Google Classroom) орналастыру. Онлайн оқулықтар. 

МҮМКІНДІКТЕРІ 

СИНХРОНДЫ ОҚЫТУ 

+ мұғалімнің жедел кері байланыс  беру мүмкіндігі – оқушыларда қиындық туғызған мәселелер бойынша бірден түсініктеме беруге болады;  

+ топтық өзара әрекеттестікте оқуды ұйымдастыру;  

+ өзара қарым-қатынаста және бірлесе оқу дағдыларын дамыту;  

+ оқушыларды өзара қарым-қатынас орнату арқылы оқуға ынталандыру.    

АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

+ оқу кестесі мен тәртібінің икемділігі (оқуды басқа сабақтармен қатар жүзеге асыру мүмкіндігі); 

+ оқу бағдарламасын өзіне ыңғайлы қарқынмен меңгеру мүмкіндігі;  

+ оқу материалдарының кез келген уақытта қолжетімді болуы;  

+ өзін-өзі ұйымдастыру және өз бетінше оқу дағдыларын дамыту.  

ШЕКТЕУЛЕР МЕН КЕДЕРГІЛЕР 

СИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

- оқу кестесі мен тәртібін, оқу қарқынын қадағалау қажеттігі; 

- бірқатар оқушыларға мұғалімнің жеке көңіл бөлуі қажет болған жағдайда басқа оқушылар күтуге мәжбүр болады; 

- оқытудың тиімді болуы мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты болады;  

- сабақ кезінде техникалық байланыстың сапасына жоғары талаптар қойылады. 

АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

- сабақ материалын түсінбеген жағдайда мұғалімнен жедел кері байланыс алудың мүмкін болмауы; 

- материалды меңгеру барысында мұғаліммен тікелей қарым-қатынаста үйренуді қажет ететін дағдыларды (мысалы, музыкалық аспапта ойнау, шет тілін үйренуде дыбыстарды дұрыс айтуды үйрену және т.б.) дамытудағы кедергілер; 

- білім алушылардың өз бетінше оқу дағдыларына жоғары талаптар қойылады. 

Қашықтан оқытуға қатысушылардың рөлдері  

Ойлануға арналған сұрақ: Онлайн оқу кезінде мұғалімнің және оқушылардың қызметінде қандай өзгерістер болады?   

Қашықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушылар бір-бірінен біршама қашықтықта орналасып, оқыту үдерісі пошта, теледидар, платформалардың  және АКТ құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Осыған орай білім беру үдерісіне қатысушылардың атқаратын қызметі де бірқатар өзгерістерге ұшырайды.   

  

   Қашықтан оқыту сабақтарын жоспарлау  

Қашықтан оқытудағы білім беру үдерісін жоспарлауда оның үш маңызды құрамдас бөліктері ескерілуі тиіс:   

Оқу біздің өміріміздің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан балаларды оқуға қызықтыру жолдарын қарастырғанда, білім беру мақсаттарын көздеумен қатар, оқушылардың тұлға ретіндегі қажеттіліктерін де ескеру қажет. 

Сіз оқушы білім беру үдерісіндегі басты тұлға болып табылатынымен келісетін шығарсыз? Сондықтан әрбір баланың жеке психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктерін, оның оқып-үйрену деңгейін ескеру қажет.   

Өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз: 

  • Мен өз оқушыларымды жақсы білемін бе?

  • Олар қай кезде қызығушылықпен оқиды?

  • Олардың оқуына не көмектеседі?

  • Оқуға не кедергі келтіреді? 

  • Әрбір оқушының білім алуы үшін қандай жағдайлары бар?  

Егер Сіз бұл сұрақтарға жауап бере алатын болсаңыз, сабақты жоспарлау үдерісі тиімді оқу мақсаттарын анықтауға және анағұрлым тиімді тапсырмаларды, әдістер мен тәсілдерді, оқыту құралдарын қамтуға, саралап оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

Саралап оқыту туралы  

Қашықтан оқыту үшін оқушыларды өз бағыт-бағдарын айқындай отырып, оқуға ынталандырудың маңызы зор (бұл туралы келесі модульде қарастырылады). 

  • Сіздің пікіріңізше, оқушының өз бетінше әрекет ету дағдыларын  қалыптастыруға не ықпал етеді? 

  • "Бұған әртүрлі деңгейлі және түрлі форматтағы мұқият ойластырылып, нақты нұсқаулармен қамтамасыз етілген тапсырмалар оң ықпал етеді" деген пікірді қолдайсыз ба?  

Оқытуды саралай отырып, келесі аспектілерді қамтамасыз ету маңызды:  

  1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. 

  2. Оқушыларды осы ерекшеліктеріне қарай топтастыру.  

  3. Топтағы оқу үдерісінің вариативтілігі .  

Саралау түрін айқындай отырып, оқушылардың әрқайсысына қолдау көрсетіп, оқудың барынша табысты болуын қамтамасыз ететін тәсілді таңдаймыз.  

Жоспарлау үдерісі  

  1. Мазмұны 

 Қашықтан оқыту сабағын (оқу сыныбындағы сабақ сияқты) сабақ мақсаттарын тұжырымдаудан бастаймыз. Бұл үшін оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасап, оқушылар сабақта қол жеткізуі тиіс мақсаттарды таңдаймыз, сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ мақсаттарын әзірлейміз. Сараланған сабақ мақсаттарын белгілеуге болады, бұл әрбір оқушының оқу тиімділігін барынша арттыру үшін сабақта жұптық, топтық немесе жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Барлық оқушылар үшін ортақ бір мақсат ұсынуға болады, мұндай жағдайда бұл мақсатқа барлық оқушылар табысты жете ала ма, бұл үшін бір ресурсты немесе әртүрлі ресурстарды, оқу тәсілдерін пайдалана ала ма, әлде қосымша қолдау көрсету арқылы қол жеткізе ала ма - осы мәселелерді ойластыру аса маңызды. 

Сабақтың мақсаты барлық оқушылар үшін қажетті білім көлемін қамтамасыз ететінін және сабақ аясында белгіленген оқу мақсаттарына жетуге ықпал ететінін назарда ұстаңыз. Әрбір оқушының осы оқу мақсатына жетуіне және өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен өзінің қол жеткен табыстарын көрсете білуіне көмектесу аса маңызды.  

Оқушылардың басым бөлігіне және (немесе) кейбір оқушыларға арналған сабақ мақсаттарын ұсына отырып, біз саралап оқытуды қолданамыз және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісіне қатыстырамыз. 

Сабақтың мақсатын тұжырымдау үшін қолданылатын етістіктер оқушының білім алу нәтижесінде жүзеге асыратын нақты іс-әрекеттерін баяндауы тиіс екендігін есте ұстау керек. Яғни мақсаттар нақты және өлшемді болуы тиіс. Сонымен қатар жүзеге асырылған оқыту дәлелдері қандай болатынын да ойластыру қажет, бұл оқушылардың жазбаша немесе ауызша жауаптары, құрастырылған модельдер, суреттер және т.б. болуы мүмкін. 

 

 Сабақтың басталуы ұйымдастыру мәселелерін қамтиды (байланысты тексеру – дұрыс көрінуі және естілуі, ережелер туралы келісіп алу – микрофонды ажырату және қосу ережелері, экранды көрсету, сұрақ қою мүмкіндігі). 

Сабақтың ең көлемді бөлігі болып табылатын негізгі бөлімінде белгіленген оқу мақсаттарына жету қарастырылады. Осы мақсатта мұғалім материалдарды түсіндіреді және экраннан көрсетеді, оқушыларға тапсырмаларды орындатып, олардың өзара әрекеттестікте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді (мысалы, жұпқа және топтарға бірігіп жұмыс істеу, интерактивті тақтаны қолдану және т.б.). 

Сабақтың қорытынды бөлімі материалды бекітуді немесе жинақтап қорыту мен рефлексияны қамтиды. Сіз интербелсенді сауалнама немесе тест өткізе аласыз, орындалған тапсырмаларға түсініктеме бере аласыз. Оқушыларға алдын ала келісілген бағалау критерийлерін және/немесе дескрипторларды қолдана отырып, өзінің оқуына талдау жасауды және бағалауды, оқудағы келесі қадамдарын жоспарлауды немесе тақырыпқа қатысты өз бетінше орындайтын жұмысқа қатысты іс-әрекеттерді таңдауды ұсына аласыз.  

   

2. Ұйымдастыру 

 Оқу материалдарын мұқият таңдағаннан кейін, оқушылардың оларды қалай меңгеретінін айқындау қажет. Оқушылардың таңдалған материалдардың қайсысын өз бетінше меңгере алатынын, ал қайсысын мұғаліммен бірге қарастыратынын анықтау қажет. Осыған сәйкес сабақты синхронды форматта өткізу барысында қандай әдіс-тәсілдерді, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын қолдануға болатынын шешеміз.

Асинхронды оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?

Бұл жерде оқушылардың тек білімді меңгеретінін немесе білімді де, дағдыларды да меңгеретінін айқын түсіну маңызды. Сонымен қатар оқушылардың таңдалған оқу мақсаттары бойынша қандай тәжірибесі бар екенін  бағалай білу қажет. Барлық оқушылар өз бетінше оқу материалымен жұмыс істеп, өздігінен меңгере ала ма? Егер өз бетінше меңгере алмайтын болса, қай оқушыға қандай қолдау қажет болады? Оқушының дағдыларын дамытуға не көмектеседі – жаттығулар жиынтығын орындау ма немесе сыныптастарымен бірлесіп жоба бойынша үй тапсырмасын орындау ма? Яғни нақты сынып үшін және әрбір оқушы үшін оқу мақсаттарының күрделілік деңгейін айқындау қажет. 

Қолданылып жүрген әдістер мен тәсілдер бойынша:  

Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс

Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде мұғалімнің материалға түсініктеме беруі суреттер/сызбалар/тәжірибелер арқылы бекітіледі және «орташа» деңгейлі оқушыға бағдарланады.  

Қашықтан оқытуға нені алуға болады:

Таныстырылым арқылы көрсету үшін суреттерді, сызбалар мен модельдерді,  скринкаст және қысқа бейнероликтерді пайдаланып, оқушыларға оларды таныстыруды немесе түсініктеме беруді ұсынуға болады. 

Проблемалық оқыту

Мұғалім – оқушылардың ойлануына бағыт-бағдар беретін жетекші. Оқушылардың жаттап оқуына мүмкіндік берілмейді, ал білім алу ойын түрінде немесе оқу іс-әрекеттері арқылы меңгеріледі. 

Қашықтан оқытуға нені алуға болады:

Оқушылардың алдына белгілі бір оқу міндеттері қойылады, бұл міндеттерді шешу үшін оқушылар қолжетімді ресурстарды пайдаланып, қажетті ақпаратты өздері таба алады. 

*Кейбір оқушыларға қажетті ресурстар қолжетімсіз болған жағдайда олардың жұмысын қалай ұйымдастыруға болады? 

Бағдарламаланған оқыту

Мұғалім тапсырма бөліктерінің жүйелі түрде орындалуын ұйымдастырады. Меңгерілген жаңа білім тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіледі, содан кейін тексеріліп, бағаланады.  

Қашықтан оқытуға нені алуға болады:

Бөлім бойынша оқу мақсаттарын модульдерге бөлу, уақытты үнемдеу және өлшемдеу мақсатында оқытуды алдын ала жазып алынған бағдарламалар (Bilimland, ЯУчебник, электронды оқулықтар) арқылы жүзеге асыру. 

Өзара әрекеттестік түріне қарай  

Офлайн оқыту (аудиториялық, сыныптық-сабақтық жүйе)

Оқу бөлмесіндегі белсенді өзара әрекеттестік ортасы және оқушылардың жауабын бірден білу, жедел кері байланыс алу мүмкіндігі. 

Қашықтан оқытуға нені алуға болады: 

Қашықтан оқытуға нені алуға болады: 

Дербестендірілген оқуды ұйымдастыру үшін (саралап оқытуды ескере отырып) әртүрлі форматтағы (таныстырылымдар, бейнероликтер, мәтіндік материалдар) оқу материалдарын ұсына отырып, оқу нәтижелерін оқушының да, мұғалімнің де тексере алу мүмкіндігі (мысалы, Гугл Класс немесе Teams қолдану). Ашық курстар бар оқу платформаларына сілтемелер ұсыну.  

Оқу қызметін ұйымдастыру түрлері (ОҚҰТ) бойынша

Дәстүрлі сыныптық-сабақтық оқыту жүйесінде фронталды, топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері қолданылады.   

Қашықтан оқытуға нені алуға болады: 

Синхронды оқытуда ZOOM сессияларын немесе Teams командаларын, WһatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы топтық қоңырау шалуды қолдана отырып, топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыруға болады. Қажет болған жағдайда жеке оқу бағыттарын ойластырып, жоғарыда аталған құралдарды қолдана отырып, оқушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсету. 

Асинхронды оқытуда оқушыларға жұптарға немесе топтарға бірігіп жоба жұмыстарын орындап, оның ақпараттары мен нәтижелерімен мессенджер чаттарында, бірлесіп қолданылатын құжаттарда, интерактивті тақталарда өзара бөлісуді ұсыну. 

Сабақ мақсаттары айқындалып, оқу материалдары іріктеліп, қандай оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдемелерін қолданатыныңыз шешілгеннен кейін, оқушыларға материалдар мен тапсырма түрлері қандай форматта ұсынылатынын ойластыру қажет. 

                                                  ФОРМАТТАРЫ 

Іріктеп алынған оқу материалын қашықтан оқыту үшін қолайлы форматтарға айналдыруға болады.  

Құрметті ұстаз, оқушыларға оқу материалдарын практикалық белсенділікті қамтамасыз ететін тапсырмалар арқылы меңгеруді ұсыну аса маңызды. Бұл оқушылардың оқу үдерісіне белсенді  қатысуына және қажетті білімді меңгеруіне немесе дағдыларды дамытуына мүмкіндік береді. Онлайн оқытуда мұндай тапсырмалар практикалық жаттығу деп аталады.  

ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ  














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!