Баяндама
тақырыбы:
«2020-2021 оқу жылында
мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру және мектептегі,
мектептен тыс мекемелердегі үйірмелерге оқушылардың
қатысуы»
Мақсаты:
Қоғамда өзіндік орны бар,
бәсекеге қабілетті, жан-жақты, өз ісін жауапкершілікпен атқара
білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
*
жасөспірімдердің бойындағы
өнерлерін дамыту;
-
оқушыларды жан-жақты
жетілдіру;
-
оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
-
қоғамда өмір сүруге
бейімдеу;
-
мектепішілік іс-шараларға
белсене қатысу;
Баланы тәрбиелеу үздіксіз
процесс. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау
қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам
бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды
етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам,
ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш
жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған жүйелі жұмыстар -
олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз
етеді.
-
мектепте жүргізілетін әрбір шараны оқушы
қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның
басты мақсаты саналуы тиіс.
-
Оқушымен атқаратын жұмыстарды тиімді ұйымдастыру,
оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы
жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен
шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру
барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая
түсуде
Біріншіден, оқудан
тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты
дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан
тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке
әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат
құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық
іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда
әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді
қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде
балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір
практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы
нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек
қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен
бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу,
еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара
ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының
орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің
қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық
пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір
салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол
жеткізуге ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде
уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның
формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын
таңдауда ерікті болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы
оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте,
сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері,
демалыстарында) ұйымдастырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының
әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа
әдістермен толықтырылады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі
формасын үш топқа бөлуге болады:
1) мектеп өмірімен
басқару және өзін -өзі басқару формалары (жиналыстар, класс
жетекшісінің сабақтары,);
2) тану фомалары
(экскурсиялар, журналдар, газеттер);
3) көңілді формалары
(кештер, дебат, диспут, шеберлік
сағаттары).
Оқушылардың танымдық
қабілетін дамыту жолдары
Шығармашылық бағыттағы
үйірмелер
|
-
2020-2021 оқу жылының 1-ші
жартыжылдығында оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында
кітапхана, мұражай, оқушылар шығармашылық сарайымен тығыз
байланыста жұмыс жасалды. Сонымен қатар, мектепішілік әртүрлі
іс-шараларға , спорттық үйірмелерге оқушылар белсене
қатысуда.
Мектепішілік және мектептен
тыс үйірмелерге тоқталатын болсам, жалпы 2020 оқу жылының басында
барлық сынып жетекшілерден қашықтан оқушылардың үйірмеге қатысуы
туралы ақпарат алынды. Сол ақпарат бойынша, жалпы 463 оқушы
қашықтықтан және барып үйірмелерге қатысады. Мектепішілік және
мектептен тыс оқушылардың үйірмеге қатысуы, 71% көрсетіп тұр. Бұл
жерде ескеретін жай, ол жалпы 463 оқушының арасында 1 оқушы бірнеше
үйірмеге қатысады.
Мектептен тыс және
мектепішілік(1-11 сынып):
Пәндік
|
76
|
Спорттық
|
41
|
Шығармашылық
|
93
|
Домбыра
|
45
|
Би
|
19
|
Көркем
сөз
|
24
|
Вокал
|
24
|
Хор
|
48
|
Волейбол
ұл
|
24
|
Волейбол
қыз
|
24
|
Футбол кіші
топ
|
13
|
Футбол үлкен
топ
|
10
|
Тоғызқұмалақ
|
9
|
Баскетбол
|
13
|
|
Барлығы :
463
|
|
Кітапхана
Мұражай
Мектептен тыс мекемелермен
байланыс.
Оқушылар шығармашылық
сарайы
Саябақтар,
театр
Мектептен тыс аталған
мекемелермен қашықтықтан байланыс орнатылды. Оқушылар шығармашылық
сарайының ұйымдастыруымен өткізілген әртүрлі іс-шараларға,
байқауларға оқушылар белсене қатысып, марапатталды. Сонымен қатар,
кітапхана және мұражаймен де тығыз байланыста жұмыс
жасалуда.
Оралхан Бөкей кітапханасымен
жұмыс:
-
«Ұлттық валюта күні» (теңге
сарайымен онлайн кездесу)
-
«Ежелгі қазақтан – психолог
болмаған» (10 а, 10б сынып оқушылары қатысты
онлайн)
-
«Түсіністік татулық- тірегі»
тақырыбында ШҚО Дін істері басқармиасының маманы Дулат Жақияновпен
онлайн кездесу
Оқушылар шығармашылық
сарайымен жұмыс:
-
Рухани жаңғыру «Бір күндік
мұражайға саяхаттау» қашықтықтан ойынға 5,6 сынып
оқушылары
-
«Сәлем салу этикасы және киім
үлгілер эстетикасы» тәрбиелік іс-шапралар
-
«Туған тіл- тірлігімнің
айғағы» сайыс
-
«Ел боламын десең бесігіңді
түзе» сайыс
-
«Мың бір мақал, жүз бір
жұмбақ» интерактивті викторина
Мұражаймен байланыс
жұмысы:
КММ «Шығыс Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық
мұражай-қорығы»
Тақырып: Қазақтың тұрғын үйі,
киіз үйдің ішкі безендірілуі, қазақтың ұлттық
ойындары
Мақсаты: өз халқының тарихына қызығушылықты ояту,
халық қолданбалы өнерінің мысалын қолдана отырып эстетикалық
талғамға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде кезекші сынып
оқушыларымен апталық
өткізілді.
Сонымен, оқушылардың бос
уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен
шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс
жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу
шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп,
нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Оқушылардың
бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш
клубтары және әр - түрлі конкурстар, фестивальдар, флешмоб
ұйымдастырылды.
Сөзімді қорыта келгенде
айтарым, жүйелі, сатылы жұмыс жасай алсақ, күтер нәтижеміз
шексіз.
Ұсыныс: Қашықтықтан
оқушылардың үйірмелерге , секцияларға қатысуы туралы ақпаратты және
өзгерістердің уақытылы өткізілуі класс жетекшілерге жүктелсін.
Жауапты.Класс жетекшілер
Шешім: Қашықтықтан оқушылардың
үйірмелерге, секцияларға қатысу жағдайы оқушылардың күн режімін
сақтай отырып жүзеге асырылсын. Жауапты. Педагог-ұйымдастырушы
Сахитова У Д. Қадағалау және бақылау директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Отарбаева М.М.
Шығыс Қазақстан облысы білім
басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы
№1 орта мектебі» КММ
Педагогикалық
кеңес
Баяндама
тақырыбы:
«Қашықтықтан оқыту
жүйесінде мектеп
оқушыларының үйірмелерге
қатысуы, бос уақытын ұйымдастыру
жағдайы»
Баяндамашы:
Педагог-ұйымдастырушы Сахитова У.Д
2020-2021 оқу
жылдары