Материалдар / Қашықтықтан оқытудың білім беру мен сапасына әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтықтан оқытудың білім беру мен сапасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2021
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтықтан оқытудың білім беруді ұйымдастыру мен сапасына әсері


Жоспар

Кіріспе.

1.Қашықтықтан оқытудың білім берудегі ролі.

Негізгі бөлім.

1.Қашықтықтан оқыту технологиясындағы ұйымдастыру.

2.Сабақ үрдісіндегі тиімді жолдар.

3.Қашақтықтан оқытудағы қарама- қайшылық.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.


Қашықтықтан оқыту дегеніміз — оқытушы мен білім алушының, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту формасы.

Педагогтың міндеті оқытуды басқару, студент өз бетінше білім алады. Бір сөзбен айтқанда интернет желісі «виртуалды мұғалім» қызметін атқаруда.

Бұл оқыту формасы алғаш XVIII ғасырда АҚШ та пайда болған.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына қарамастан қамтамасыз ету.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:
1.Оқытуды жоспарлау

- мақсат пен міндеттерді қою;

- білім, тәжірибелерді беру;

2. Ұйымдастыру қызметі;

- сабақ басталғаннан соңына дейін назарда ұстау;

- білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру;
3. Оқу процесін бақылау.

- қажетті материалдарды тауып, оны талдау.

- оқу материалы, диагностикалық материал, көрнекілік құралдар қою.

- педагогтің түсіндіруі, пікірталас, тұжырым айту, кері байланыс, бағалау.
4. Жоғары мотивация мен танымдық біліктілік.
- тәртіптілік,

- мәселені шешуге бағыттылық,
- өзіндік қабілеттерін телебайланыста көрсете алуы.

Қашықтықтан оқуды ұйымдастырудың құрылымдық бөліктерін басты назарда ұстау керек. Оған Мазмұн (Жаңа білімді меңгеру), Оқушы жұмыстары ( CANVAS және ZOOM платформасы), Кешенді бағалау.

Мазмұн (Жаңа білімді меңгеру) кезінде CANVAS платформасы арқылы алдына ала мәтінді, бейне жазба сілтемесін, презентация дыбысты жазбамен жүктеледі. Сабақ кестесі бойынша ZOOM платформасында конференция сабақ өту барысында сабақты талдап, студенттермен әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар орындалып түсінбеген сұрақтарға тиісті жауаптар беріледі. Кешенді бағалау CANVAS платформасына жүктелген студент тапсырмалары мен ZOOM платформасында конференция сабақ өту барысында орындаған тапсырмаларының негізінде жинақталып қойылады.

Кешенді бағалауды ұйымдастыру үшін үйге берілген тапсырманы тиянақты түсіндіріп жіберу басты орында тұрады. Ол үшін жазбашадан көрі аудио дыбыспен жүктеу тиімдірек болып келеді. Білім алушылардың тапсырмаларын тексеру, қатемен жұмыс жасау, оларға тақырыпты меңгерудің тиімді жолдарын қарастыру үлкен еңбекті талап етеді.

Семестр бойы 2 курстармен дәстүрлі сабақ түрін өткіздім. Сабақ үрдісінің өн бойында кері байланысты қамтамасыз етіп отырамын. Оның дәлелін төмендегі сабақтан көруге болады .

Әр технологияның тиімді және тиімсіз тұстары болады. Сол сияқты қашықтықтан оқытудың да өзіндік +,- бар.

Артықшылығы:

1. АКТ мен құралдарды барынша қолдану;

2. Интерактивті әрекеттесу формалары;

3. Уақыт пен қаржыны үнемдеу;

4. Ыңғайлы уақытта оқу;

5.Территориялық шектеудің болмауы;

6. Денсаулық күйіне шектеу жоқ;

7. Ата-ана бақылауы;

8. Оқу еркіндігі;

9. Оқу материалының қол жетімділігі.

Кемшілігі:

1.Білім алушылар интернет желісіне толықтай қол жеткізе алмауы;

2.Білім алушылар компьютер, смартфонмен толық жабдықталмауы;

3. Интернет желісі жылдамдығының біркелкі таралмауы;

4.Білім алушылар мен педагог арасында тұрақты байланыстың орнамауы;

5.Барлық оқыту пәндерінің қашықтықтан оқытуға арналмағандығы;

6. Сапа стандарты мен әдістердің толық жүзеге асырылмауы;

7. Бейімділікті дамытудың әлсіреуі.

Қорыта келе айтарым: студенттің денсаулығын басты назарда ұстау, аудитория-дағы тыңдарманның қауқар-қарымына қарау, тыңдарманды жалықтырмау, тапсырманы топтағы мамандықтың мазмұнына қарай таңдау, кез –келген әдіс-тәсілдерді күштеп енгізуден аулақ болу.Әлеуметтік ортаға (педагог, студент, ата-ана) байланысты тапсырмаларды алу, тексеру барысында кері байланыс позитивті яғни жақсы тұстарын жаза келіп,пайдалы ұсыныстар жасаумен аяқталу керек.

Біз білімді қабылдаймыз: 10%- оқығанда, 20 % естігенде,30 % көргенде, 50 % көріп, естігенде,70 % басқалармен бірге талқылағанда, 80 % өзіміз сезінгенде, 95 % басқа біреуге үйреткенде.Ендеше педагог пен студенттердің онлайн сабақта отырып бір-бірінің эмоциясын көре алмауы,тұрақты бақылаудың жеткіліксіздігі, компьютерлік сауаттылықтарының жеткіліксіздігі,орындалған тапсырмаларады 100% студент орындағандығына көз жеткізе алмау нақты айтқанда көзбе-көз аудиторияда отырғанға жетпейтіндігін дәлелдеді.

Педагог бағыттаушы ғана емес, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне
мүмкіндік тудыратын ,тапсырмаларының дұрыс орындалуын қадағалайтын жетекші.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!