Материалдар / Қашықтықтан оқытудың тиімді технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтықтан оқытудың тиімді технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдері және колледж мұғалімдеріне, студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
516
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т.Амандосов атындағы орта мектеп











Тақырыбы: «Қашықтықтан оқытудың тиімді

технологиясы»






Калниязова Жангуль Бектаскызы


















Атырау, 2020-2021 оқу жылы





Қашықтықтан оқытудың тиімді технологиясы


Қазақ халқының белгілі ақыны М.Жұмабаев: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде қаламақ. Ел тағдыры мектебінің құрылысына байланысты нәрсе... Мектебімізді сау,таза берік һәм жанымызға қабысатын негізде құра білсек, келешегіміз үшін серттесуге болады» дегені өз мәнін ешқашан жоймақ емес. Өміршең ғажап сөз емес пе?!

Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен іскерлік дәрежесіне байланысты.Ендеше әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің де болашағы білім мен тәрбиенің алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да, талантты ұрпағы. Білімді, рухы мықты, жан дүниесі бай, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастырып, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын ұстаз екені аян. Олай болса, жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу,шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация дәрежесіне жеткізу-біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»-делінген. [1]

Сондықтан қазіргі қашықтан оқыту жағдайында балаға білімді игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түсем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда сабақтың көптеген типі мен әр түрлі технологиялары біздерге белгілі. Соның ішінде қазақ тілі сабағында АКТ- ны қолдану өте маңызды, өйткені ол оқушылардың білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Ақпараттық технологияларды қазақ тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады.Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі, түрлі оқыту платформалары; электронды оқулықты қолдану болып табылады. Ал оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өткізіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. АКТ — топтағы оқушылардың оқыту үшін құнды құрал. Бұл жаңа материалды өте қызықты түсіндіруге көмектеседі. Жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістіктерге  жетуге болады. [2, 12б.]

1-сурет


Жоғарыда көрсетіген платформалар бүгінгі қашықтан оқыту жағдайында ХІХ ғасыр мұғалімнің бірден-бір көмекшісі болып отыр. Бұрын интернетте білім саласындағы қазақ тілді контент өте аз болды. Өзімізге қажет қазақ тілді материалдарды біздер орыс тіліде немесе ағылшын тілінде тауып жүрдік, қазақ тілінде болса да сапасы, аударылу сауаттылығы жағынан ақсап тұратын. Online Mektep жобасының аясында түсірілген сабақтардың бәрі Youtube платформасына салынды. Іздеген адам кез келген уақытта қарай алады.

Пандемия жағдайында барлық оқушының ноутбук, компьютермен қамтамасыз етілмегені белгілі. Көпшілігі қарапайым смартфондармен оқып келеді. Әлемде интернет трафиктерінің барлығы смартфондар арқылы тексерілетіндіктен GOOGGLE FORMS-тың бұл орайда артықшылығы көп.

Қашықтан оқуда кеңінен таралған платформа бұл әрине, Zoom. Оқу мақсатына жетіп, білім алушылардың сапасын көтеруде маңызы зор.

Дәстүрлі сабақта интербелсенді тақтаны қолдансақ, қашықтық жағдайда Zoom, Jamboard, Padlet онлайн тақталарын қолдануға мүмкіншілік бар. Сонымен қатар сабақты бекітуде, блиц-тест тапсырмаларына Quiziz, Triventy қосымшаларын қолдануға болады. Бір жағы оқушыға ойын түрінде жауап беріп тақырып туралы білімін бекітуге, және шыққан қорытындымен бірден танысуға мүмкіндік береді.

АКТ арқылы арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізгеніме тоқталайын .

Өз іс – тәжірибемде сабақ үрдісінде мынадай айғақтарға сүйенемін :

1. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

2. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.

3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

4. АКТ арқылы оқушының жеке тұлғасын дамыту.

Сонымен қатар, сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.

АКТ – ны қолдану арқылы сабақты түрлендіруге болады.

Сабақта АКТ – ны қолданудың келесі түрлері бар:

1) Мультимедиялық құралдармен жұмыс істеу. Бұл тәсіл сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді: иллюстрация, аудио, бейнематериал арқылы.

2) Компьтерлік презентация қолданумен өткізілетін сабақтар.(Бұған жаңа материалды түсіндіру, қорыту, жинақтау сабағы, дәріс-сабағы, ғылыми конференция сабағы, т.б. сабақтар кіреді).

3) Жоба қорғау сабақтары (оқушылардың шығармашылық потенциалын іске асыру тәсілі).

4) Компьютерлік қадағалаумен өткізілетін сабақтар сабақтың әр түрлі кезеңінде оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді.

АКТ қолданудың бір түрі – презентациямен жұмыс істеу болып келеді. Яғни, презентация – бұл слайд түрінде берілген материал: кесте, сызба, бейнематериалдар.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
. тақырыпты оқып үйретеді;

дұрыс сөйлеуге;

ережелерді сызбалар арқылы түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Интерактивті тақтаға аудио таспадағы өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады.

Интерактивті тақтаны орыс топтарында қазақ тілі сабақтарында көру, есте сақтау диктанттары, мазмұндама, шығарма жұмыстарының жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.

Ендігі кезекте өзім қашықтан оқыту форматында қазақ тілі сабағында қолданған технологиялар және әдіс-тәсілдермен бөлісейін.

Ақпараттар түрлі жолмен беріледі: 5-сыныпта қашықтан өткізілген «Көлік және жол белгілері бөлімі» бойынша «Жол белгілерін білеміз бе?» тақырыбын түсіндіруде түрлі әдіс тәсілдер мен АКТның мынадай түрлерін пайдаландым.

ZOOM платформасының интерактивті тақтасы

GOOLE FORMS сабақты бекітуге блиц тест беруде

Jamboard тақтасы

POWER POINT бағдарламасы

І. Сабақтың тақырыбына шығу: Жаңа сабақ тақырыбына шығу үшін «Ойлан, тап» әдісі арқыры жұмбақты пайдаландым (жұмбақты оқушылар шешіп, сабақтың тақырыбын болжайды);

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе: Оқушылар тақырыпты болжаған соң, тақырыпты одан әрі аша түсу үшін «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар беріп талдатамын.

III. ZOOM платформасының тақтасымен жұмыс:  «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушылар жол белгілері туралы ақпарат тыңдап, негізгі және қосымша ақпартты анықтайды. Жұптық жұмыста тақта бетіне жол белгілерінің суреттері көрсетіліп, ескерту және тыйым салу белгілеріне оқушылар топтастырады.

2-сурет

макалага скрин.png

IV.  Топтық жұмыс. «Еркін микрофон» әдісі. Сынып үш топқа бөлініп, әр топқа онлайн тақтада түрлі жұмыстар беріледі. 1-топқа төмендегі сурет беріліп, сол бойынша мәтін құрайды.


3-сурет

Объект 5

2-топ берілген мәтін бойынша сұрақтар құрса, 3-топқа тірек сөздер беріліп, сол бойынша әңгіме құрастырады.

V. Оқушылардың бірін бірі бағалауы. «Бағалау парақшасы» әдісі арқылы оқушылар онлайн тақтада бірін бірі «+ -» таңбасы арқылы бағалайды.

4-сурет

макалага .png

VI. Сабақты бекіту. Сабақты бекітуде google формада блиц тест беріледі. https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdF6HXyHYAidyf2PakMuwUet3ZvMGawXwC6iqd6oIhSSfiOzA/viewform?usp=sf_link оқушылар тестке жауап беріп, бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.

VII. Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі арқылы алынады. Оқушылар онлайн тақтада бағдаршам түстерін көрсету арқылы сабаққа кері байланыс береді.

АКТ-ны қазақ тілі сабағына енгізгенде мынадай нәтижелерді көруге болады:

  1. Пәнге деген қызығушылық, сабақта оқушылардың өз бетімен жұмыстануының артуы.

  2. Оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауы.

  3. Оқу үрдісіне әр оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

  4. Оқушылардың танымдық шығармашылық деңгейін арттыру.

Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын, танымдылығын дамытады.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағында ақпараттық коммуникативті технологиялар оқушының жаңа ақпаратты меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруда, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізеді.

 



























Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Білім туралы заң. Алматы, 2007 ж.

2. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен  жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж

3. Аюбаева Т. Ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде. Қазақстан мектебі 2008, № 11,50 б

4. М.Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж.

5. Г.Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!