Қашықтықтан түсірілген кескіндерді талдау, өңдеу барысында компьютерлік технологияны қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтықтан түсірілген кескіндерді талдау, өңдеу барысында компьютерлік технологияны қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Персоналды компьютерлердің қарқынды дамуы бүгінде PENTIUM-IV маркасымен белгілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтықтан түсірілген кескіндерді талдау, өңдеу барысында компьютерлік технологияны қолдану


Компьютерлік технологияның жедел дамып келе жатқаны белгілі. Қашықтықтан түсірілген кескіндерді өңдеу және талдау барысында компьютерлік технология кеңінен қолданылады. Персоналды компьютерлердің қарқынды дамуы бүгінде PENTIUM-IV маркасымен белгілі. Бұл компьютердің пайда болуындағы негізгі жетістік оның архитектурасының анықтығы, кейбір тетіктерін ғана өзгерту арқылы әрдайым жаңартылып отыратындығы. Мониторлардың рұқсат ету қабілеті, қашықтықтан түсірілген кескіндерді өңдеуде үлкен роль атқарады. Қазіргі уақытта 800-600 нүктеден дейін және 1280-1024 нүктеге дейін және одан жоғары тәртіппен жұмыс істейтін видеостандарттар қатары бар.

Жұмыстық стансалар. Бұл осы салада қолданылатын ең қуатты компьютерлер болып табылады. Олар желілік қондырғылармен және бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Қазіргі заманның жұмыстық стансалары жоғары мүмкіндігі бар монитор, оперативті есте сақтау бөлімі өте үлкен, көп мақсатты операциялық жүйе, қуатты пиктографиялық құралдары бар интерфейспен қамтамасыз етілген компьютерлермен

жабдықталуы міндетті.

Шалғайдағы қондырғылар. Шалғайдағы қондырғылар есептегіш кешендер конфигурациясымен қамтамасыз етілуі шарт. Сканерлейтін қондырғылардың болуы қажет. Дайын кескіндерді қағаз бетіне түсіретін әр түрлі қондырғылар және жылдам әрі жоғары сапалы лазерлі принтерлер қолданылады.

Бағдарламамен қамтамасыз ету. Әр түрлі бағдарламалардың интерпретациясы негізінде құрылған компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етеді. Интеграцияланған пакеттер мен операциялық қабықшаларды қолданушы өз еркіне қарай қолданылады. Операциялық қабықшалардың келесі заттары болуы қажет:

  • Файлдарды басқару (көшіру, орын ауыстыру, атын өзгерту, өшіру және т.б.);

  • Каталогтарды басқару (каталогтарды өшіру, салыстыру, жинақтау және т.б.);

  • Файлдың ішіндегі материалды көшіру мүмкіндігі;

  • Қолданушы үшін мәзір құрастыру;

  • Текстерді редакциялау, түзетулер енгізу.

Графикалық пакеттер. Тақырыптық картографиялау мәселелерін шешу мақсатында персоналды компьютерлерді маңызды бағдарламалармен қамтамасыз етудің негізгі бағыты ақпараттарды график, диаграмма, суреттер түрінде кескіндеу. Қорытынды материал дисплей экранына және қатты қағазға көшірме түрінде шығарылады. Қазіргі заманғы графикалық пакеттер түрлі түсті қосымша эскизден дайын кескінге дейін жасауға мүмкіндік алады.

Берілістер базасын басқару жүйесі (БББЖ). Есептегіш техниканың дамуы, берілістер базасының белгілі заңдылықтары негізінде тәуелсіз бағдарламалар көмегімен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Есептегіш техника ақпараттарды модельдеуді орындайды. БББЖ ақпараттарды өңдеу, сақтау, бақылау және түрлендіруді жүзеге асырады.

Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ). Қоршаған ортаның жағдайын картографиялау сияқты қолданбалы есептерді шешу үшін талғамы әр түрлі бағдарламаларды интеграциялауды қамтамасыз етеді.

Индикациялық әдіс. Белгіленген бір нысанның физикалық, морфологиялық, фитоценотикалық және флористикалық белгілеріне қарап жағдайын анықтау. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жай-күйін қолданбалы бағдарламалар көмегімен анықтап отыру. Қоршаған ортаның жағдайын анықталған нормалардың көрсеткіштеріне қарай бағалау қызметін атқарады. Нормалар арнайы техникалық құжаттарда көрсетіледі. Уытты заттардың ШРК-на қарай мониторинг жасалады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2018
338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі