Материалдар / Қауіпсіз автобус
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қауіпсіз автобус

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп тасымалын ұйымдастыруда кездесетін қиындықтарды көрсету барысында маңызды мақала деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2021
376
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Мичурин «мектеп – бөбекжай - балабақша» кешені» КММ бойынша 2020-2021 оқу жылында 19 – 29 қаңтар аралығында республикалық акция «Қауіпсіз мектеп автобусы»атты іс- шаралардың өтілуі туралы мәлімет.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 143- тармағын жүзеге асыру мақсатында мектеп тасымалдауын ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» онкүндігін өткізу (2021 жылғы 19 -29 қаңтар аралығы) туралы облыстық білім беру бөлімінің 20.01.2021-ғы № 3-15-3/193-И шығыс хаты 20.01.2021-ғы № 392 кіріс хатын басшылыққа ала отырып Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Мичурин «мектеп – бөбекжай - балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде онкүндік жоспарлы түрде жүргізіліп, қорытындыланды.

Онкүндіктің мақсаты пандемия кезеңінде қауіпсіз тасымалдау мен санитарлық ережелердің сақталуын екере отырып, балаларды мектепке және үйге дейін қауіпсіз және жайлы жеткізуді қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қызметін құқық қорғау органдарымен бірлесіп жандандыру, сондай-ақ балаларды ата-аналар қоғамдастығын, ҮЕҰ және т. б. тасымалдауды ұйымдастыру сапасын бақылауға тарту.

Акция аясында Мичурин «мектеп – бөбекжай - балабақша» кешенінде келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

Алдымен автокөліктердің техникалық жай – күйі, жарамдылығы, балаларды тасымалдауда автбустардың уақтылы техникалық тексерістен өтуі, жүргізушілердің сапалық құрамы ескерілді. Автокөлік 2020 жылдың 7 қыркүйек айында техникалық тексерістен өткізілді. Келесі техникалық тексерістен 2021 жылдың ақпан айында өтеді. УАЗ 22069 033L256BE номерлі автокөлігі 2008 жылы шыққан, мектепке 2016 жылдан бастап пайдалануға берілді. УАЗ 22069 033L256BE нөмірлі автокөлігі қазіргі уақытта кезекші сыныптардағы 53 баланы тасымалдауға қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда автокөлік күрделі жөндеуден өтуді қажет етеді. Сонымен қатар, жүргізушілердің сапалық құрамы ескерілді. Жолда жүре алу ережесі, мінез – құлқы, тәртібі, тиісті санаттарының болуы және балалармен, ата-аналармен қарым – қатынасы ескерілді. Жүргізушісі Сембиев Дайыр Саткесович 1960 жылы туылған, еңбек өтілі 40 жыл бойы тасымал автокөліктерімен қызмет атқарып келеді. Автобус жүргізіп келе жатқанына 20 жылдан аса уақыт өтті. Ата-аналармен де қарым – қатынастары қалыпты, елді мекендегі балалардың мекен –жайлары, әлеуметтік тұрмысын танып – біліп келе жатқан тәжірбиелі жүргізуші.

Мектепке кірме жолдардың да қауіпсіздігі басты назарда болды. Аумақтың жарық, еш кедергісіз, балаларға арналған тұрақтардың болуы, бөгде автокөліктердің болмауы маңыздылығы ескерілді. Мектеп маңында балалар мен жүргіншілер үшін «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісінің болуы, арнайы жолақты өткелдердің болуы,балаларды тасымалдайтын автокөліктің «Абайлаңыз балалар!» деген арнайы жазулары жаңартылып, реттелді. Балалар тасымалы кезінде жол көлік оқиғаларын болдырмау, сонымен қатар, автобуста отырған кездегі болмаса жүріп келе жатқан кездегі тәртіпті қадағалау, балаларды түсіріп, мінгізген кезде жүргізушінің арнайы дыбыстық сигнал берілуі мұқият қадағаланды.

Осы орайда оқушылар арасында да тәрбие бағыты бойынша келеңсіз жайттардың алдын алу барысында «тәрбиелеу профилактикасы» оздырылды.

1-11 сыныптарда жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралард таратылып жол қозғалысы ережелерін түсіндіру қауіпсіздік сабақтарын өткізу дәстүрлі және онлайн түрінде жүзеге асырылды.

«Сақтық артық етпейді» тақырыбында жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша  сынып жетекшілері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акция шеңберінде мектеп оқушыларына жол қозғалысы ережелерін түсіндіру мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша онлайн сабақтар өткізуге сынып жетекшілер белсенді атсалысты. 1-4 сынып оқушылары арасында оздырылған суреттер байқауы және ата -аналарының бірлесе орындауы арқылы жүзеге асырылды. Төменгі буын оқушыларының жолда жүрген кезде білу керек қағидаларды мектепте сынып сағаттарынан, үйде ата – аналарының үнемі үйретуімен, қадағалауымен есте сақтауға «Жарқын бол» сурет байқауы ұйымдастырылды. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырылған сурет байқауына 2 – 3 сынып оқушылары белсенді қатыса білді.

Жол қозғалысы ережелері туралы әлеуметтік роликтерді көрсету арқылы онлайн ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын өткізу 5 – 7 сыныптар аралығында өткізілді. «Жолда жүрудің 7 ережесі», «Айналайын, абайла...», «Соблюдая ПДД – не окажешься в беде» атты бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға жол белгілерінің қажеттілігі, қызметі қандай, жол белгілерін есте сақтаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді. Бейнероликтер оқушыларға көшеде дұрыс жүруіне, қоғамдық орындарда жол белгілерін дұрыс пайдалана білуге жақсы бағыт берді

Жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін орындау мәселелері бойынша онлайн режимінде сауалнама жүргізудің басты мақсаты оқушыларды жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту атсалысу.

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздік дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. «Балаларға жол ережесін үйретейік!» ата - аналарға ақыл – кеңес беру мақсатында мектеп жанындағы балабақшада және мектеп алды даярлық топтарында ата – аналар жиналыстары өткізіліп, дәрістер оқылды.

«Жол ережесін білейік, аман - есен журейік...» атты 1 – 11 сыныптар арасында көңілді флешмобтар ұйымдастырылды. Мақсаты жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету, оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Сыныптар қызығушылықпен қатысып, әсіресе «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері ұйымдастырып, өткізуде белсенділік көрсетті.

Мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектеп ұстаздарынан, кіші қызметкерлерден кезекшілік шараларын ұйымдастырды. Кезекшілер 2020 – 2021 оқу жылының қыркүйек айында бекітілген мектепішілік №243 бұйрыққа қосымша негізінде жүзеге асырылып, екі мезгіл тасымал уақытында балаларды үйлеріне апарып салады. Акция барысында өткізілген Қамқоршылық Кеңес отырысында мектеп директоры А.А.Кенжебаева ата-аналардан тасымал уақытында кездесетін қиындықтарды (автобустардың сынып қалуы, ауа – райының қолайсыздығы т.б) бірлесе жеңіп, мектептен тыс ата- аналардан кезекшілік ұйымдастыруға өтініш білдірді. Ата –аналар көмек қолдарын созуға уәде беріп, балаларды тасымалдап оқытуда көрсетіп жатқан барлық көмектер үшін мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді. Әсіресе, МАД және 1 сыныптар үшін ата-аналардан өз келісімдерімен арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылып, мектепішілік бұйрықпен бекітілді.

Сонымен қатар, мектепішілік тасымал жұмыстарын ұйымдастыру барысында құрылған әкімшілік топ тасымал уақыты барысында екі күн қатарынан рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд мақсаты: тасымал барысында оқушылардың қауіпсіздік ережесін қаншалықты меңгергенін, кестеге сай тасымал уақытының тұрақтылығы, оқушылардың автобустағы тәртібі, көлік жүргізушісінің және тасымал барысында тағайындалған жауапты кезекшілердің атқаратын жұмыстары да бақыланды. Автокөлік дәл уақытында кестеге сай қозғалды. Оқушыларды кезекші мұғалім тізім бойынша тексеріп отырғызды. Баратын бағыты Зеленое – 13 км, Октябрьское -17км құрайды.

Қазіргі таңда бала саны 80 оқушыны құрайды. Кезекші сыныпта 53 оқушы тасымалданылып отыр. Бала санының көптігінен мектеп УАЗ автокөлігі күніне 8 айналым жасайды.

Рейд барысында шалғайда орналасқан ауыл балаларын ата-аналарының шығарып салу және қарсылап алу жұмыстарының қаншалықты алға қойылғаны да тексерілді. Өйткені балалар автобустан түскеннен кейін үйлері шалғайда орналасқан отбасы балалары да бар. Байқағанымыздай барлық ата-ана мектептен қайтқан балаларын бірдей қарсылай бермейді екен. Әсіресе, бастауыш сыныптары үшін ата-аналардың қарсылап алуы маңызды екенін ескеруі керек.

Балаларын күтіп алған ата-аналар да мектеп әкімшілігіне балаларының жақсы білім мен тәрбие алуына бар жағдайды жасап отырғанына алғыстарын білдіріп жатты. Сонымен қатар,балаларына көңіл бөліп, олардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан осындай игілікті шаралардың өткізілуіне ризашылықтарын білдірді.


Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылы

Мичурин «мектеп – бөбекжай – балабақша» кешені» КММ

әлеуметтік педагог Ж.Е.Мұқамбетқалиева

Picture 19 Picture 5

Picture 9

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!