400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қауіпсіз ғаламтор"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты оқушылардың білімдерін нығайту.Оқушылардың ғаламтор туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, ғаламтор желісіндегі дұрыс және бұрыс ақпараттарды анықтай алудың жолдарын көрсету.;
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қ. Сәтпаев атындағы орта мектеп» КММ









Shape1



Сынып: 4 В сынып

Өткізген: _________________________________
























2021-202 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты оқушылардың білімдерін  нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың ғаламтор туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, ғаламтор желісіндегі дұрыс және бұрыс ақпараттарды анықтай алудың жолдарын көрсету.;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сыныптастарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты видео https://www.youtube.com/watch?v=4NbBJW7-x-4

Сабақтың түрі:  түсіндіру /пікірталас/

Сабақтың барысы:


Шаттық шеңбері (оқушылармен амандасып, жақсы көңіл-күй тілеу)


Мұғалім сөзі:

Ғаламтор бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Ғаламторті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.


Оқушылармен жұмыс:


Сұрақ- жауап.

—  ғаламтор пайдаланып көрдіңдер ме?

Пікірталас

—   ғаламтор балалар үшін қауіпсіз дегенге келісесіндер  ме?



«Дұрыс – бұрыс» ойынын өткізу.

Ғаламтор туралы деректер экран бетінде көрсетіледі.

  1. Ғаламтор арқылы өзіңе керекті мәлімет таба аласың.

  2. Ғаламтор желісі балаларға қауіп төндірмейді.

  3. Егер 50000 теңге женімпазы деген хабарлар алсам, мен ұтысты ала аламын.

  4. Ғаламтор арқылы ақпарат алмаса аламын

Жауптары:

  1. Ғаламтор арқылы өзіңізге керекті мәлімет таба аласыз (дұрыс)

  2. Ғаламтор желісі балаларға қауіп төндірмейді.(бұрыс)

  3. Егер 50000 теңге женімпазы деген хабарлар алсам, мен ұтысты ала аламын. (бұрыс)

  4. Ғаламтор арқылы ақпарат алмаса аламын (дұрыс)





Қорытынды:


« Алтын қағида »  ережесін сен есіңе сақтап ал!


  • Мекенжай, телефон нөмірі, аты, мектеп орналасқан жері, ата-анасының аты-жөні сияқты жеке ақпаратты ешқашан желіде көрсетпеңіз

  • Ата-анаңызға желіде ыңғайсыздық тудыратын кез келген нәрсені кездестіргенде, әрқашан хабарлаңыз

  • Ешқашан, ешбір жағдайда ата-анасының рұқсатынсыз онлайн хат жазысқан виртуалды танысыңызбен бетпе-бет кездесуге келіспеңіз. Егер жиналыс шынымен болса, ол қоғамдық жерде болуы керек және ата-анасы әрқашан баламен бірге болуы керек.

  • Желідегі достарыңызға мекен-жай, телефон нөмірі немесе фотосуреттер сияқты жеке материалды ешқашан ата-анаға хабарламай жібермеңіз.

  • Ғаламторға тәуелді болма!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2022
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі