Қауіпсіздік ережелері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қауіпсіздік ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік ережелері 1 сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережелері

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Білімділік:Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.

Дамытушылық: ой-өрісін, дүниетанымын дамыту;

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, презентация түрінде көрсету.

Сабақтың өтілу формасы: ұжымдық.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.

ә) оқушыларды түгендеу


ІІ. Өткенді пысықтау, жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Өрт қауіпсіздігі.

Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану;2. Пештің ақаулығы; 3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғаш затты салқындатады

Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді.
ҮЙДЕГІ ӨРТ

        Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:

1.     Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.

2.     Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.

3.     Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.

4.     Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.

5.     Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.

6.     Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.

7.     Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.

 Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,

жиідемалу, жүрекайналуы, сананыжоғалту.  

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.

Сіздің әрекетіңіз:

1.      Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.

2.      Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.

3.      Өрттенжаныптұрғанзаттардыалмаңыз, өйткеніолөрттіңтаралудыңсебепкеріболады.

4.      Өрттішетіненбастапортағақарайсөндірукерек.

     IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

  1. Өрт дегеніміз не?

  2. Өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?

  3. Өрттің алдын алу шаралары.

  4. Өрт сөндіру құралдары.


V. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.

Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.

Құрметті оқушылар, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінемін. Өрттен сақ болыңыздар !!!

Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)


1. Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
(Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Жүрген жерiн жалмайды,

Тастан басқа қалмайды.   (От)


Жердiң әрiн жейдi,

Жолда кезiккеннiң,

Аямай бәрiн жейдi.

Бұл қандай алпауыт?

Айта ғой, дәл тауып?   (Өрт)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2019
1630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі