5-Бөлім Өмір қауіпсіздігінің
негіздері.
Қауіп-қатерлерге байланысты
негізгі ұғымдар мен олардың жіктелуін, табиғи жағдайларда,
тұрмыста, көлікте,терроизм актісінің қаупі кезінде, криминогендік
жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау, жаппай зақымдану, улану, түрлі
жарақат алу кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету
негіздерін қамтиды.
Бұл бөлім
сендерге:
-
Жеке қаіпсіздікті қамтамасыз
ететін негізгі білім дағдыларыды
меңеруге
-
Зардап шеккендерге алғашқы
медициналық көмек көрсету ережесін
білуге
-
Таңдалан өмір салты денсаулық
пен саламат деңгейін қаншалықты анықтайтын
ұғынуға
-
Адамда қауіпсіз мінез-құлық
негіздерін қалыптастыру қажеттілігін
түсіндіруге.
-
Төтенше жағдайларда қауіпсіз
үріс-тұрыс ережелерін таңдай
алуға.
-
Қабылданатын
шешімдердің
Қауіп
– жалпы мемлекетке, қоғамға,
жеке адамға дене немесе моральдық рухани, мүліктік залал келтіру
ықтималдығын қарастыратын өмір сүру қауіпсіздігінің басты ұғымы.
Қауіп ықтимал салдарының көлемі мен ауқымына қарай жаһандық,
өңірлік,ұлттық,жергілікті,жеке болып
бөлінеді.
Көптеген авариялар мен
апаттарды талдау оларды орын луының басты себебі адамнан екендігін
көрсетеді. Қауіптерді мен тәуекелдердің басым бөлігі өз арамызда.
Адамдардың көпшілігі төтенше жағдайларда емес, әдеттегі тұрмыстық
жағдайларда; жолдарда, өрттерде, криманалдан, алкогольден,
суцидитен, тұрмыстық және өндірістік жарақаттану қайтыс
болады.
Қауіптің
белгілері-өмірге қатер төндіру,
денсаулыққа зиян келтіру ықтимадағы, экологиялық жүйелердің қаліпты
жұмыс істеуінің
бұзылуы.
Қауіпті қалыптастыру
көзі адамны өзі, оның еңбегі мен
қызметі , еңбегі мен қызметі еңбек құралдары, қоршаған орта,
адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын
құбылыстар мен үрдістер болып табылады. Шығу көзі бойынша барлық
қауіптер төрт топқа бөлінеді; табиғи, техногендік,
әлеуметтік-саяси,
аралас.
Табиғи
қауіптер-бұл өмір мен денсаулыққа
қауіп төндіру мүмкін табиғат нысандары, қар көшкіндері, дауылдар,
көктайғақ, күн және ғарыш сәулелері,иқауіпті жануарлар мен
өсімдіктер, жұқпалы аурулар және т.б.
жатады.
Техногендік
қауіптер – бұл көлік құралдарын,
көтергіш-көлік жабдықтарын, жарылыс қаупі бар заттар мен
материалдарды, электр энергиясын, химиялық заттарды, әртүрлі
сәулелену түрлерін және т.б. пайдалануға байланысты қауіптер-рухани
және мәдени деңгейдің төмендігі салдарынан туатын
қауіптер.Әлеуметтік-саяси қауіптер тұғындардың әлеуметтік жағдайы
мен мемлекеттің саяси қызметінің нәтижесінде
қалыптасады. Әлеуметтік
қауіптер – рухани және мәдени деңгейдің
төмендігі (Қаңғыбастық, жезөкшелік,маскүнемдік,темекі шегу)
салдарынан туатын қауіптер. Бұл қауіптердің негізгі себептері
тұрғындардың аз қамтылуы, материалдық және тұрмыстық жағдайының
нашарлығы, ереуілдер, этникалық нәсілдік немесе діни негіздегі
жанжалдар болып табылады. Саяси қауіптердің көздері ұлтаралық және
қарулы қақтығыстар, соғыстар болып
табылады.
Ең кең таралған
– аралас
қауіптер:
табиғи-техногендік.
Қауіптердің кез келген тобынан
қорғаудың негізгі шаралары: қауіптерді болырмау, оларды оқшаулау
және осы қауіпетрді рұқмат етілген шектерге дейін азайтуға
бағытталған ұйымдастыру – техникалық іс-шаралар
жүргізу.
Қауіпсіздік техникасы,
еңбекті және қоршаған ортаны
қорғау
Халықтың қауіпсіздік деңгейін
арттыру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып табылады, себебі ең
жоғарғы құндылық – адам , оның өмірі мен денсаулығы. Ешқандай
фактор қауіпсіздік ережелерін елемеуге және адамның өмірі мен
денсаулығының төніп тұрған қатерлерден ақталуға негіз бола
алмайды.
Қауіпсіздік
техникасы –
бұл жарақаттану және
қаза табуға әкелетін қауіпті өндірістік факторлардан адамды белгілі
бір ықтималдықпен қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және
техникалық тәсілдер мен құралдар
жүйесі .
Қауіпсіздік техникасының
негізгі міндеттеері – ықтималды қауіптер мен олардың көздерін
анықтау , қауіптері өндірістік факторларды сандық және сапалық
бағалау, сондай-ақ адамның қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
ету жөніндегі шаралар кешенін
әзірлеу.
Нақты қауіпсіздік қамтамасыз
етудің басты қағидаты алдын алу (профилактика) болып табылады. Бұл-
қауіптердің алдын алуға, тәуекелді жоюға немесе төмендетуге
бағытталған
іс-шаралар.
Қазақстан Республикасында
еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамалық-құқықтық
актілерге Конституция, Экологиялық және Еңбек туралы кодекстер
жатады.
Қоршаған ортаны қорғау-
қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге
де қызметтің қоршаған ортаға кері әсерін болдымауға, оның
зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шарарлар
жүйесі.
Елімізде табиғи ресурстарды
пайдалануға және қоршаған ортаға әсеріне байланысты шаруашылық және
өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау,
қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану және
өндіру саласындағы мәселер ел аумағының шегінде Экологиялық
кодекспен реттеледі.
Биосфераны қорғау жөніндегі
іс-шаралар мемлекеттік құжаттарда көрсетілген. Әрбір адам табиғи
байлықтарды сақтау, қорғау барлығымызға ортақ міндет, әрқайсымыз
үшін сөзсіз парыз болып табылатындығы айқын түсіну керек.
Биосфераны жою оңай, бірақ оны қалпына келтіру өте
қиын.
|