Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қауіпсіздік туралы ата аналар жиналысы
5–9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
5 САБАҚ
«Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері
Мақсаты: Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру
Міндеттері:
1. Интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру.
2. Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Қарым-қатынас, сананың прогреске ашықтығы, өзара сыйластық, денсаулық мәдениеті, позитивті ерік.
Жоспар
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Интернет және жасөспірімнің желідегі белсенділік формалары. Жасөспірімнің интернетті пайдалануының негізгі мәселелерін, салдары мен мүмкіндіктерін талқылау.
2. Кибербуллинг туралы әлеуметтік бейнероликті көріп, талқылау.
3. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар әзірлеу.
III. Қорытынды. Тұжырымдама жасау.
Күтілетін нәтиже:
- интернет желісін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері, интернетті пайдалану кезіндегі ықтимал қауіптер, желілік қауіптерден қорғану жолдары туралы ата-аналардың білім деңгейін арттыру.
- интернетті жауапкершілікпен, этика нормаларына сәйкес және қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру.
- айналадағы адамдармен әртүрлі жағдайда ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру:топта жұмыс істей білу, келісе білу, даулы/жанжалды жағдайдан шығудың жолын табу.
Құрал-жабдықтар: презентация, бейнероликтер, бағандар, маркерлер, А3 және А4 парақтары, қаламдар.
Жұмыс форматы: тренинг элементтерімен сабақ.
Әдістері: пікірталас, миға шабуыл.
Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.
Шартты белгілер
|
Жұпта жұмыс істеу |
|
Миға шабуыл |
|
Шағын дәріс |
|
Жеке тапсырма |
|
Топтық жұмыс |
|
Пікірталас |
|
Презентация |
|
Ойын |
Уақыты |
Мазмұны |
Ресурстар |
||||||||||
5 мин. |
Құрметті курска қатысушылар, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағына қош келдіңіздер!
С Спикер сәлемдесу жаттығуларының ережелерін түсіндіреді. «Қазір сіздер мен берген белгі бойынша аудиторияны аралайсыздар, (белгі – қол шапалақтау) бір-біріне өте тез "сәлем" берулеріңіз керек. Мен сіздергеге әр жолы жаңа серіктес пен "сәлемдесу" форматын белгілеп отырамын. Спикер "күлімсіреу", "шынтақпен сәлемдесу", "бір алақанмен шапалақтау", "қол алысу" белгілерін береді. Спикер ата-аналардың жұмысы үшін алғыс айтады. Ойын аяқталғаннан кейін және жұмысқа позитивті көзқарас қалыптастырғаннан кейін, спикер жұмыс ережелерін есте сақтауды ұсынады (қажет болған жағдайда). Бүгін біз интернеттің балаларымыздың дамуына қалай әсер ететіні, проблемалары, белгілері, интернетке тәуелділіктің салдары және балаларға көмек көрсету жолдары туралы сөйлесетін боламыз. |
4-слайд Топтағы жұмыс ережелері жүйелі түрде бұзылған кезде қайталанады (кешігу, белсенділіктің болмауы және т. б.) Слайдта интернетте отырған адам бейнеленген (әр түрлі әлеуметтік желілер. сайттар және т. б.) |
||||||||||
5 мин. |
С Талқылаудан кейін спикер барлық жауаптарды қорытындылайды, топ интернеттің пайдасымен қатар, зияны да бар деген тұжырымға келеді. Төмендегі кестені көрсете отырып, презентацияны слайдпен жалпылауға болады. 1- кесте
|
5-слайд
1-кестені толықтыруға болады |
||||||||||
5 мин.
10 мин
5 мин
5 мин |
Спикер топқа "Сіздер балаларыңыздың интернетте не істейтінін білесіздер ме бе?" деген сұрақ қойып белсенді түрде пікір алмасуды сұрайды. (Жауап беру үшін ақпарат іздеуге, әуен тыңдауға, видеолар көруге, чаттарда сөйлесуге және т.б. болады). Сонымен, біз балалар мен жасөспірімдер интернетте ересектерге тән іс-әрекет жасайтынына тоқталдық. Біздің балалар мен жасөспірімдер киберкеңістікпен байланысты барлық жаңа технологияларды сәтті меңгеріп, желіде байланысып, араласады, интернетте оқиды және жұмыс істейді, көңіл көтереді және зерттейді. Әрине, интернеттің пайдасы өте көп, бірақ интернет зиян келтіретін кездер де болады. Спикер ата-аналарға жұмыстары үшін алғыс айтады.
Т
Интернетте балалар үшін қандай
қауіптер бар екенін және кибербуллингті қандай белгілер бойынша
анықтауға болатындығын білу үшін спикер қатысушыларды "бірінші,
екінші" қағидат бойынша "онлайн", "офлайн" деп 2 топқа бөлінуді
ұсынады. "Онлайн" тобы интернетте қандай қауіп-қатер түрлері бар екенін талқылап, флипчартқа (тақта, парақтар және т.б.) жазып, өз жұмысын қорғауға дайындалуы керек. (Топтың жауаптарында зиянды бағдарламалар (вирустар), ақпаратты ұрлау, хакерлік шабуылдар, қаржылық алаяқтық, спам, бағдарламаның бұзылуы, құмар ойындар, әдепсіз мазмұнды ақпарат және т. б. сияқты ұғымдар болуы мүмкін).
"
Кейін спикер әңгіме түрінде ақпарат және презентациямен шағын дәрісте бөліседі: Ақпараттың сан алуандығына қарамастан, интернет желісі әрбір жасөспірім тап болуы мүмкін көптеген қауіптерге толы. Бұл қауіптерге бала сыртқы келбетіне, жеке тұлғасына, ақыл-ой және кәсіби деректеріне қарамастан ұшырауы мүмкін. Заманауи балаларды Screenager немесе digital kids деп атауда, себебі олар гаджеттерден (телефон, планшет және басқа) мүлдем қол үзбейді. Бұл үрдісті дерт деп атауға да болмайды, себебі бұл кибертәуелділік секілді жаппай қолданыстағы дүние.
Қазіргі ата-аналар балаларының
физикалық, психикалық, интеллектуалды денсаулығына қамқорлық жасауы
керек, өйткені интернетте балалардың нәзік психикасына әсер ететін
көптеген қауіп-қатер бар. Интернеттегі қауіптер екі түрге бөлінеді:
механикалық факторға және адамға
байланысты.
Спикерге арналған тақырып бойынша қосымша ақпарат Жасөспірімдерде интернетке тәуелділіктің 5 түрі бар: * шексіз веб-серфинг – ақпарат іздеу мақсатында интернетті үнемі "саяхаттау". * виртуалды қарым-қатынас пен виртуалды танысуға тәуелділік, хат алмасудың үлкен көлемімен, чаттарға, форумдарға үнемі қатысумен, интернеттегі таныстар мен достардың тым көп болуымен сипатталады. * ойынға тәуелділік – бұл желілік ойындарға деген құмарлық. * интрузивті қаржылық қажеттілік – онлайн құмар ойындар ойнау, интернет-дүкендерде қажетсіз сатып алу. Интернетке тәуелділік баланың желіде болғысы келетіндігімен сипатталады, бұл отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, ұйықтауға, сабақ оқып, сабаққа қатысуға деген құлықсыздыққа әкеледі. Бала өзінің сыртқы келбетін бақылауды тоқтатады, компьютерден алшақтау болу туралы өтініштерге агрессивті жауап бере бастайды. Интернетке тәуелділік – бұл интернетті пайдаланудың мәжбүрлі қажеттілігі. Неліктен жасөспірім келесідей әрекетке барады?
СЕБЕПТЕРІ
ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ОТБАСЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ТӨМЕНДІГІ ДОСТАРЫНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ АТА-АНАЛАРДЫҢ МІНЕЗІ МЕН ӘРЕКЕТІ
Бала өз отбасында және оның жанындағы ересектерден жылы қарым-қатынас, қолдау және түсіністік таппаған кезде, ол мұның бәрін желіден іздейді. Жасөспірімдердің интернетте уақыт өткізуі бойынша жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, олар ең көп уақытты 59,6% әлеуметтік желілерде өткізеді екен, онда олар кибербуллинг жағдайларымен жиі кездеседі. Балалар білместіктен әртүрлі чаттарға, топтарға қосылуы мүмкін. Төменде жасөспірімдердің желідегі белсенділік диаграммасы берілген.
Ж Спикер «киберкеңістік», «киберқауіпсіздік», «кибершабуыл», «киберқудалау» ұғымдарымен таныс қатысушылардың қолдарын көтеруді сұрайды. Балалар мен жасөспірімдер желідегі ең осал топ болып табылады, сондықтан олар киберқудалауға көбірек ұшырайды. Интернеттегі қақтығыстар жағдайында балаларды қалай қорғауға және олардың жағдайын түсінуге болатындығын білу үшін спикер "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру арқылы сауалнама жүргізуді ұсынады. Қатысушылар қолдарын көтере алады немесе қанша оң жауап бар екенін есептей алады. Мәлімдемелер: 1. Сіз кейде интернет-тролльдерге тап болдыңыз ба? 2. Сіз фотосуреттеріңізге немесе бейнежазбаларыңызға жағымсыз пікір алдыңыз ба? 3. Сіз бір не бірнеше рет желідегі адамдардың қорлауына куә болдыңыз ба? 4. Бейтаныс адамдар сізге бірнеше рет қорлайтын хабарламалар жазды ма? 5. Кем дегенде бір рет қорқыту/бопсалау хаттарын алдыңыз ба? 6. Сіздің қатысуыңызбен күлкілі бейнежазбаларды сіздің келісіміңізсіз жарияланды ма? 7. Сізді ескертусіз және себепсіз тыйым салу тізіміне жіберді ме? 8. Сіз туралы жағымсыз қауесеттер тарады ма? 9. Сіз өзіңіздің таныстарыңызға құпия фотосуреттеріңізді жіберіп, кейінірек оны желіден көрдіңіз бе? 10. Интернетте сіздің атыңызбен жалған парақша ашылған кездер болды ма? 11. Сізді онлайн ойындарда қорлап, балағаттады ма? Спикер топқа:
Тақырыпқа қатысты әлеуметтік бейнежазбаны тамашалау
h
Кибербуллинг: нақты өмірдегі салдары.
Балаларға арналған кибербуллингтің ең көп таралған әсерлерінің бірі: Үлкен стресс–55% Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі– 45% Оқу үлгерімінің нашарлауы – 40% Депрессия – 40% Әлеуметтік белсенділіктің төмендеуі–35% Ұйқысыздық/ ұйқы проблемалары – 20%
Егер сіз балаңыздың мінез-құлқы мен күйінде осы белгілерді байқасаңыз, оған қауіпсіз орта құрып, кибершабуылдардан қорғануды, сондай-ақ желідегі қауіпсіз арақатынас сақтауды үйрету қажет.
Спикер интернетте әсер етудің
әртүрлі формалары туралы айтып береді, слайдта формалар бойынша
инфографика көрсетіледі Киберагрессия - (қорлау, балағаттау, айла-шарғы жасау, интернет желісінде қорқыту) – статистикаға сәйкес, әрбір бесінші жасөспірім үнемі қатысатын жағдай. Нақты және виртуалды шекаралардың бұлыңғырлығымен киберагрессия балалардың эмоционалды және психологиялық денсаулығына мектептегі нақты қорлаудан гөрі зиянды әсер етеді (және бір түрі екіншісіне жиі алмасады). Троллинг– бұл көбірек танылуға, жариялануға, дүрбелеңге қызығушылық танытатын жеке мүшелер мен анонимді пайдаланушыларда қолданатын әлеуметтік арандатудың немесе желілік қарым-қатынастағы қорлаудың бір түрі. Троллинг түрлері: жалпы арандату; қасақана арандату; мақсатты арандату; тапсырыс бойынша троллинг. Тролль түрлері: эмоционалды тролль; тролль-оффтопикт; әділеттілік үшін күресуші-тролль; спойлерге әуесқой тролль; бәрін білгіш тролльдер; "мағынасыз" тролльдер; "өзекті" тролльдер; қатыгез тролльдер. Хейтинг – бұл әлеуметтік белсенділіктің бір түрі. Хейтерлер әдетте интернетте зұлымдықпен мазақ ететін немесе басқаларды «қаралайтын» адамдар деп аталады. Зұлым пікірлер, біреуге бағытталған сыни және ауыр сөздер. Хейтингтің арқасында көптеген адам тіпті өздеріне атақ жасап алған. Кейбір хейтерлер өздерін сыншылар қатарына қосады, бірақ сынның кем дегенде қандай да бір жағымды тұсы болады. Хейтерлердің түрлері: "Шыншыл";" Ақ пальто";" Қарапайым Тролль","Шариков синдромы". Хейтерден қорғану үшін оның мінез-құлқының себебін білу керек. Бейтинг – басқа адамды қасақана тітіркендіру/ашуландыру Харассмент – қысымжәне жеке шекараны бұзу Маскерейдинг– онлайн харассмент жасау үшін жалған тұлға құру Аутинг– жеке немесе адамды қорлайтын ақпаратты, фотосуреттерді немесе бейнелерді онлайн жариялау Ростинг–жәбірленуші "сынғанша" онлайн режимінде топтық қорлау Киберсталкинг–жалған айыптау, жала жабу, жеке профильді ұрлау, бопсалау үшін ақпаратты пайдалану. Грифинг – ойын вандализмі. Ойыншылардың бірі басқа мүшелерге зиян келтіруден қанағат алған кезде: кейіпкерлерді өлтіру, ойындағы ресурстарға қол жеткізуді шектеу, ойын чатында қорлау.
С
Д Балалар қарапайым қызығушылықтың нәтижесінде желідегі алаяқтардың, агрессорлардың құрбаны болуы мүмкін, мысалы, бала сайтта отырып тез және оңай ақша табу мүмкіндіктері туралы жарнамаға тап болады (бұған жасөспірімдер ұшырайды). Бала бұл жағдайдың салдары мен әсеріне мән береместен, киберқылмыскерлердің заңсыз әрекеттеріне түсіп қалуы мұмкін. Баланың өміріндегі жағымсыз және қауіпті жағдайлардың алдын алу ересектердің міндеті болып табылады. Мәселен, қазақ халқының өскелең ұрпаққа кез келген ақпаратқа таңдамалы қарауға көмектесетін "Білмеген у ішеді" (надандық қауіпті), "Сақтансаң сақтайды", "Сырын білмеген аттының сыртынан жүр" секілді дана сөздері бар. - интернет арқылы ақша табудың заманауи тәсілдеріне қалай қарайсыз (блог жүргізу және т.б.)? (ата-аналардың жауаптары). Спикер дайын карточкаларды таратып, "келісемін" не "келіспеймін" қағидаты бойынша ақпаратқа қатысты өз пікірін беруін сұрайды. Спикер топпен бірге интернет тәуелділікктен құтылу мен алдын алу алгоритмін құрайды (жаднама деп атауға да болады, бұл интернеттегі мінез-құлық кодексі (ересектер мен балалар тарапынан қатаң сақталуы тиіс ережелер жиынтығы). Ережелерді қабылдағаннан кейін презентацияда төмендегі кеңестерді көрсетіп, қағазға басып шығарып, ата-аналарға жаднама түрінде беруге болады.
Бейнероликті көріп, талқылауhttps://youtu.be/ja7FgpyXQPw Спикер балаға қатысты өсиеттерді/кеңестерді экранға шығарады және оларды топқа оқиды.
ЕГЕР Бала үнемі сынға ұшырайтын болса – жек көруді үйренеді. Бала араздықта өмір сүреді – агрессивті болуды үйренеді. Бала сөгіс естіп өмір сүрсе –өмірде өзін кінәлауды үйренеді. Бала шыдамдылықта өссе – басқаларды түсінуді үйренеді. Баланы мақтаса – асыл болуды үйренеді. Бала қауіпсіздікте өссе – адамдарға сенуді үйренеді. Балаға қолдау көрсетілсе – өзін бағалауды үйренеді. Баланы үнемі мазақ етсе – жасқаншақ болып өседі. Бала түсіністік пен достықта өссе – осы дүниеде махаббат табуды үйренеді.
А Бұл сұрақтарды әр қатысушы өзі ойланып, қарастыруына мүмкіндік беруге болады.
Спикер сабақты қорытындылайды Балалар көбінесе ақпаратты ата-анасынан жасырады, өйткені олар ашу-ызамен, тыйым салудан және жанжалдан басқа ештеңе күтудің қажеті жоқ деп санайды. Тек шынайы мейірімді қарым-қатынас баланы нағыз қиындықтардан уақытында қорғауға мүмкіндік береді. Біз ата-ана ретінде отбасында қамқорлық пен өзін құнды және қажетті сезінетін бала желіде қарым-қатынас іздемейтінін есте ұстауымыз керек. Баланы интернеттегі қауіп-қатерлерден қорғаудан бөлек, кез-келген ата-ана оның да баласы желіде "қорлаушы" немесе "агрессор" болуы мүмкін екенін түсінуі керек. Егер бала түсінбеушілікте, сенімсіздікте, немқұрайлылықта өмір сүрсе, ол мұның бәрін басқа қоғамда көрсетеді, ал интернет – бұл мінез-құлық үшін оңтайлы және "қауіпсіз" алаң.
|
Гугл форматында ақпаратты еңгізіп, онлайн өткізуге болады.
Сабаққа карточкалар мен көрнекі материалдар қоса беріледі.
|
||||||||||
5 мин. |
"
|
Слайд 18 Смайликтер, лайк және дизлайктың суреті бар карточкалар. |

