Материалдар / Қаз тарихы ҰБТ тесті

Қаз тарихы ҰБТ тесті

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2024
84
0 рет жүктелген
1350 ₸ 1500 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

55 – нұсқа

  1. Ортағасырлық авторлардың айтуынша, алғашқы қазақ хандары туының саны

А) жеті В) үш С) бес D) тоғыз

  1. Тәуке ханнан кейін Орта жүзде саяси билігін нығайта бастады:

А) Жолбарыс, Барақ

В) Әбілқайыр, Нұралы

С) Сәмеке, Күшік

Д) Абылай, Әбілмәмбет

  1. Бірілген Түргеш қағанатына қатысты деректерді бір-бірімен сәйкестендіріңіз:

1

Түргеш қағанатының негізін қалаған қаған

А

VIII ғ. басы

2

Арабтар «Сүзеген» деп атаған Түргештерді күшейіткен қаған

В

Суяб

3

Түргеш қағанатының билеушілері

С

Үшілік

4

Түргештердің алғашқы астанасы

Д

Сұлу

5

Түргеш қағанаты құрылған кез

Е

Үшлік, Сұлу

А) 1-С; 2-Д; 3-Е; 4-В; 5-А В) 1-А; 2-В; 3-Д; 4-А; 5-Е С) 1-В; 2-А; 3-Д; 4-Е; 5-С

Д) 1-Д; 2-С; 3-Е; 4-В; 5-А

  1. Ресейге қарсы көтерілістің нәтижесіз екенін түсініп, келісімге келіп Торғай облысындағы Ырғыз уездік бастығының көмекшісі болған:

А) Арынғазы Әбілғазыұлы

В) Есет Көтібарұлы

С) Тентек төре

Д) Жоламан Тіленшіұлы

  1. 60-70 жылдары гидрогеология және гидрофизика саласында жемісті еңбек еткен академик-ғалым:

А) У.М.Ахмедсафин. В) Е.А.Бөкетов. С) М.А. Айтқожин. Д) Қ.Сәтбаев

  1. 1951 жылдың 18 қазан айында Семей полигонында сыналды

A) уран бомбасы B) сутегi бомбасы C) бутан бомбасы D)химиялық қару

  1. Қазақстан жеріндегі тұрғындар негізгі бөлігінің 4000 жыл бойы автохтонды түрде өлкені тұрақты мекендеп келгенін дәлелдеген антрополог, академик

A) К.Ақышев B) Ш.Шөкин C) О.Смағұлов D) Қ.Сәтбаев

  1. «Сайрам – ақ қаланың аты, оны Испиджаб атайды» деп көрсеткен

A) Мұхаммед Хайдар Дулати B) Жүсіп Баласағұни C) Сүлеймен Бақырғани

D) Махмұт Қашғари

  1. Абылай ханды халықтың мүддесіне қайшы келетін жағымсыз іс-әрекеттен сақтандырып, «Жоңғарды жеңген сен емес, халық» деп ескерту айтып, сабырға шақырды

A) Бұқар жырау B) Үмбетей C) Тәттіқара D) Әйтеке би

  1. Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан табылған алтын тәті тиесілі:

А) Сарматтарға В) Ғұндарға С)Үйсіндерге Д) Сақтарға

1-мәнмәтін: Түрік қағанатының құрылуы

«Теле ру-тайпаларымен Бумын қағанның қол астына біріккен түркілер сол кезде өздері тәуелді болып отырған жужандарға қарсы шықты.

Түркілер 552 жылы Бумын қағанның басшылығымен жужандарды тас-талқан етіп жеңді. Бұл соғысқа түркілердің жужандардың қол астынан шығу жолындағы талаптары себеп болды. Олардың арасында аса қуатты ашина тайпалары да бар еді. Жужандарды соғысқа арандатпақ түркілер өз көсемдеріне жужандардың қағаны Анахуанның қызын әйелдікке беруін сұрайды. Бұл өтініш Анахуанның намысына тиді. Жужандар әскерлеріне қажетті темір балқытып беріп, алым-салықтарын үзбей төлеп келген түркілердің бұрын мұндай пиғыл ойларына да келмейтін. Бірақ түркілердің жолы болып, жеңіске жетті. Тұтқиылдан шабуыл жасаған Бумын қаған дұшпандарын тас-талқан етті. Анахуан өзін-өзі өлтірді, ал жужандардың мұрагері көрші елге қашып кетті...»

  1. Картаны және мәнмәтінді пайдалана отырып Түрік қағанатын құруда жетекші рөл атқарған тайпаны анықтаңыз:

А) Ашидэ В) Ашина С) Теле Д) Юэчжи

  1. Мәнмәтінді пайдаланып түріктердің Ұлы Даланың қожасына айналуына әсер еткен жағдайды анықтаңыз:

А) Қытайлардың жеңілуі В)Жужандардың жеңілуі С) Моңғолдардың жеңілуі

Д) Ұйғырлардың жеңілуі

  1. Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірде түркілердің үстемдігін орнатқан билеуші:

А) Бумын В) Мұқан С) Иштеми Д) Қапаған

  1. Мәнмәтінді пайдаланып түріктердің атын әлемге жайған кәсіпті анықтаңыз:

А) Темір өндіру В) Мал өсіру С) Егіншілік Д) Сауда-саттық

  1. 552 жылы жужандарды жеңген соң Түрік қағанатының билеушісі болған, қағанаттың негізін қалаған қаған:

А) Анахуан В) Мүқан С) Иштеми Д) Бумын

2-мәнмәтін: Бесеудің хаты

БК (б) П Өлкелiк комитетiне және Голощекин жолдасқа:

...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз. Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда... Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...

... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс? Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?

Ғабит МҮСІРЕПОВ

Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ

Мансұр ҒАТАУЛИН

Емберген АЛТЫНБЕКОВ

Қадыр ҚУАНЫШЕВ

  1. 1927 жылғы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қабылданған съезд:

А) БК (б) П-ның XIV съезінде В) БК (б) П-ның XV съезінде С) БК (б) П-ның XVI съезінде

Д) БК (б) П-ның XVII съезінде

  1. Жергілікті халықтың ашаршылыққа ұшырауына алып келген саясат:

А) «Қайта құру» В) «Тоқырау» С) Индустрияландыру» Д) «Ұжымдастыру»

  1. 1932 жылы БК (б) П-ның өлкелік комитетіне аштық, оның ауыр зардаптыры туралы қазақ зиялылары жолдаған хат:

А) «Үшеудің хаты» В) «Бесеудің хаты» С) «Сталинге хат» Д) «Ленинге хат»

  1. Мәнмәтінді пайдаланып ұжымдастыру қарсаңындағы Қазақстандағы мал басының санын анықтаңыз:

А) 15 млн В) 20,5 млн С) 30 млн Д) 40 млн

  1. Ғабит Мүсірепов, Мұташ Дәулетқалиев, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков,

Қадыр Қуанышев ашық хатты жазды:

А) Ф.Голощекинге В) И.Сталинге С) М.Кагановичке Д) В.Молотовқа



56 – нұсқа

  1. Мүрдені шалқысынан жатқызып жерлейтін тастан құрастылған кесенелерінің болуымен ерекшеленетін қола дәуірі мәдениеті:

А) Алакөл мәдениеті В) Беғазы-Дәндібай мәдениеті С) Сарғары мәдениеті Д) Сапаллин мәдениеті

  1. Сапаллин мәдениеті мәдениеті жататын аумақ:

А) Оңтүстік Қазақстан В) Қырғызстан С) Орталық Қазастан Д) Өзбекстан

  1. КОКП XX cъезінен кейін «жылымық» кезінде ақталған зиялылар:

А) А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров В) М.Дулатов, М.Шоқай С) Б.Майлин,С.Сейфуллин

Д) Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердіұлы

  1. М.Х.Дулатидің, Бабырдың, Ибн рузбиханның еңбектерінде жоғары баға берілген Қазақ ханы:

А)Қасым В) Бұрындық С) Есім Д) Абылай

  1. Қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында орналасқан бүкілхалықтық құрылтай өткен жер:

А) Қарақұм В) Майтөбе С) Қазығұрт Д) Ордабасы

  1. Қазақ АКСР-і астанасының Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі:

А) 1925 жылы В) 1929 жылы С) 1936 жылы Д) 1998 жылы

  1. Торғайдағы көтеріліс кезінде арнайы құрылған мергендер бөлімін басқарған:

А) Т. Бокин В) Ұ.Саурықов С) Кейкі батыр Д) Б. Әшекеев

  1. Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстандағы саяси қудалау шараларының бірі:

А) «Дәрігерлер ісі» В) Ленинград ісі» С) «Алматы ісі» Д) «Бекмаханов ісі»

  1. Қабырғалары бөренелермен құрастырылған үлкен жартылай жер үйлерде тұрған мәдениет өкілдері:

А) Петров В) Ұйық С) Алакөл Д) Сынтасты

  1. Теміржолдарды салынған жылдармен сәйкестендіріңіз:

1

Түркістан-Сібір темір жолы

А

1939 жылы

2

Петропавл-Көкшетау жолы

В

1940 жылы

3

Қарағанды-Жезқазған жолы

С

1927 жылы

4

Ақмола-Қарағанды жолы

Д

1927-1930 жылдары

А) 1-Д; 2-С; 3-В; 4-А. В) 1-А; 2-В; 3-Д; 4-С. С) 1-С; 2-Д; 3-А; 4-В. Д) 1-В; 2-А; 3-С; 4-Д.

1-мәнмәтін: Оғыз мемлекеті

IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз

мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі

бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы

жазады. Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді

жеңеді. Оғыз мемлекеті Еуразия тарихында маңызды рөл атқарды. Олар ______ жылы Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандалды.... _______жылы Оғыз билеушісі Киев князы

Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын жеңді. Бұл Оғыз мемлекетінің саяси жағынан күшеуіне ықпал етті. Белсенді сыртқы саясаттың нәтижесінде оғыздар оңтүстікте Мауараннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. X ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі аймақ Оғыз даласы аталды.

Н.С.Бакина, Н.Т.Жанақова, Қ.Қ.Сүлейменова, Қазақстан тарихы. 6 сынып. –Алматы «Атамұра»: 2018.

  1. Мәнмәтінді пайдаланып, X ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі дейінгі аймақтың атауын анықтаңыз:

А) Қыпшақ даласы. В) Ұлы дала С) Оғыз даласы Д) Қимақ даласы

  1. Оғыздар Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандалды:

А) 840 жылы В) 965 жылы С) 985 жылы Д) 1041 жылы

  1. Оғыз билеушісі Киев князы Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын жеңді:

А) 840 жылы В) 965 жылы С) 980 жылы Д) 985 жылы

  1. Мәнмәтінді және өз біліміңді пайдаланып берілген оқиғаларды ретімен орналастырыңыз:

1. Оғыз мемелекеті Хорезмді жаулап алды.

2. Оғыздар Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандалды

3. Оғыз билеушісі Киев князы Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын жеңді

4. Оғыздар Жетісуды тастап, Сырдария бойы аумағына қоныс аударды.

А) 4, 2, 3, 1; В) 1, 3, 2, 4 ; С) 2, 4, 3, 1; Д) 3,1, 2, 4.

  1. Мәнмәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, Оғыз мемлекетіне қатысты дұрыс деректі анықтаңыз:

I. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған.

II. 965 жылы Оғыз билеушісі Киев князы Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын жеңді

III. X ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі аймақ Оғыз даласы аталды.

IV. Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Сырдария мен Амудария аралығындағы печенегтерді

жеңеді.

А) I, II; В) II, III; С) III, IV; Д) I,III.

2-мәнмәтін: Қыпшақтардың саяси қарым-қатынастары

«1065 жылы селжұқ билеушiсi Алып Арслан Маңғыстауда жақсы бекiнiс қамалы бар қыпшақтарға қарсы жорыққа шықты. Қыпшақтарды бағындырған соң, селжұқ сұлтаны Жент пен Сауран қалаларына аттанды. Осы әскери қимылдар нәтижесiнде қыпшақ тайпаларының бiр бөлiгi уақытша Хорасан селжұқтарына тәуелдi болды. Шайқастар барысында қыпшақтар оғыз-селжұқ тайпасы алқа-бұлақты тұтқынға алса керек. Махмұд Қашқаридың айтуынша, олар жаратқанның көмегiмен босанып шығады. ХI ғасырдың соңғы ширегiнде Маңғыстауда және Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билiк жүргiзiп, оғыз және түркi тайпаларының жекелеген топтары оларға саяси тәуелдi болды. 1096 жылы “құдiреттi” хан бастаған қыпшақ бiрлестiгiнiң тайпалары Хорезмге жорық жасады. Бiрақ Хорезм шахтарының қорғаушысы селжұқтар оларды Маңғыстауға қайта оралуға мәжбүр еттi. Махмұд Қашқаридың деректерiне қарағанда, қыпшақтардың әскери-көшпелi билеушiлерi Қарахан әулетi билеушiлерiмен күрделi саяси қарым-қатынаста болған тәрiздi. Қарахандар Қыпшақ ұлысының шығыс шекарасына жорықтар жасаған, ал өз кезегiнде кимектер Ертiс жағасынан Жетiсудағы түркi мұсылмандарының иелiгiне шапқыншылық жүргiздi. ХI ғасырдың соңы мен ХII ғасырдың басында Сырдарияның төменгi ағысында Жент, Жаңакент және тағы басқа қалалар қыпшақ иелiгiнде болды. Алайда ХII ғасырдың бiрiншi жартысында бұл аймақты қайткен күнде де басып алуға тырысқан Орта Азия елдерi мұсылман әулеттерi мен қыпшақ хандары арасында ұзаққа созылған күрес жүрдi».

  1. Мәтінде сипатталған Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі:

А) VII-VIII ғғ. В) VIII-X ғғ. С) IX-X ғғ. Д) XІ-XІІI ғғ.

  1. Мәнмәтінді қолданып, Қыпшақтармен шиеленісті қатынаста болған елдерді анықтаңыз:

А) Керей, Түргеш В) Түрік, Түргеш С) Селжұқ, Қарахан Д) Қарлұқ, Оғыз

  1. Мәнмәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, Қыпшақ хандығының өмір сүруін тоқтатқан жағдайды анықтаңыз:

А) Монғол шапқыншылығы В) Ойрат шапқыншылығы С) Араб шапқыншылығы

Д) Жоңғар шапқыншылығы

  1. Мәнмәтінді талдай отырып, ХII ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Қыпшақ хандығымен қақтығысқа түскен елді анықтаңыз:

А) Моңғол В) Хорезм С) Қарлұқ Д) Византия

  1. Мәнмәтінді және тарихи біліміңізді пайдаланып, дұрыс дәйекті (-терді) анықтаңыз:

1. Еуропада қыпшақтарды «половецтер» деп атады; 2. Қыпшақтардың түп негізі ойраттар болған;

3. Қыпшақ хандары елбөрілі тайпасынан шыққан; 4. Оғыз жері XІ ғ. Қыпшақ хандығына өтті.

А) 3,4 В) 2,4 С) 1,3 Д) 1,2





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

55

Д

С

А

В

А

А

С

Д

А

С

С

В

В

А

Д

В

Д

В

Д

А

56

В

Д

С

А

Д

В

С

Д

С

А

С

В

Д

А

Д

Д

С

А

В

А















Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!