Материалдар / Қазақ әдебиетіндегі жыраулар мен жыршылардың діни дастандарының тәрбиелік мәні. Діннің орны мен көрінісі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ әдебиетіндегі жыраулар мен жыршылардың діни дастандарының тәрбиелік мәні. Діннің орны мен көрінісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс Қазақ ауыз әдебиетіндегі діни дастандармен қиссалар мазмұны мен ерекшелігіне негізделген. Қазақ фольклоры мен дастандарын жазған бір қатар қазақ әдебиетінің қайнар бастауы болған ақын, жазушылардың шығармаларынан үзінді келтіре отырып, діни салттар өрісі мен даму тарихына шолу жасаған. Сондай-ақ,қазақ әдебиетінің дамуындағы Құран Кәрімнің әсері жайлы, қасиетті кітаптан бірнеше мысалдар келтіре отырып,айқындаған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2023
136
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




Тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі жыраулар мен жыршылардың діни дастандарының тәрбиелік мәні. Діннің орны мен көрінісі.









Мамандығы: Дінтану



Орындаған:: Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Дінтану” мамандығының 4 курс студенті Ботай Назерке

Мақала жетекшісі: “Дінтану және Мәдениеттану” кафедрасының аға оқытушысы Қаңтарбаева Жанна










Алматы 2022

Аннотация


Ғылыми жұмыс Қазақ ауыз әдебиетіндегі діни дастандармен қиссалар мазмұны мен ерекшелігіне негізделген. Қазақ фольклоры мен дастандарын жазған бір қатар қазақ әдебиетінің қайнар бастауы болған ақын, жазушылардың шығармаларынан үзінді келтіре отырып, діни салттар өрісі мен даму тарихына шолу жасаған. Сондай-ақ,қазақ әдебиетінің дамуындағы Құран Кәрімнің әсері жайлы, қасиетті кітаптан бірнеше мысалдар келтіре отырып,айқындаған.


Аннотация


Научная работа основана на специфике и содержании религиозных обрядов в казахской устной литературе. В ходе исследования были рассмотрены вопросы, касающиеся изучения казахского фольклора и саги, а также изучения истории развития и религиозных обрядов, цитирования произведений поэтов и писателей, ставших истоками казахской литературы.

Также приводится несколько примеров из священной книги, рассказывается о влиянии Корана на развитие казахской литературы.



Scientific work is based on the specifics and content of religious rites in the Kazakh oral literature. The study addressed issues related to the study of Kazakh folklore and saga, as well as the study of the history of development and religious rites, citing the works of poets and writers that became the origins of Kazakh literature.

Several examples from the holy book are also given, it is told about the influence of the Koran on the development of Kazakh literature.













Қазақ әдебиетіндегі жыраулар мен жыршылардың діни дастандарының тәрбиелік мәні. Діннің орны мен көрінісі.

Қазақ әдебиетінің тарихында Шығыс шайырларынан, діни кітаптардан нәр алған, онда баяндалатын тәлім-тәрбиелік, ахлақи мәселелерді ана тілінде қайта жырлауға тырысқан ақындарда аз болмаған.
Жыраулар мен жыршылардың бәрі де, алғашқы сөздерін “Алланың атымен” бастап, содан соң ғана негізгі тақырыпқа кіріскен. Қарахандықтар билігінен бері ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін өмір сүрген ақындардың жырлайтын басты тақырыптарының бірі - діни мазмұндағы шығармалар еді.
Әдебиеттанушы М.Мағауин қазақ әдебиеттану мен әдебиет тарихына қатысты ой-тұжырымы туралы: “Классикалық Шығыс әдебиетінде әрбір сөз Алла атынан басталатын. Бүкіл әлемге аян атақты дастандардың барлығында ең алдымен Хақ тағалаға мадақ айтылады. Содан соң жүз ныспылы, бір кейіпті пайғамбарға сыйыну шарт”, – деп жазғанындай, қолына қалам алған ақындар өлеңдерін “Бисмилләсіз” бастамайтын болған. [2].
Орта ғасырдан басталған осы үрдіс дүниеге келген шығармалардың басым бөлігінде көрініс берді. Түркі даласына сопылық ілімді таратқан Қ.А.Ясауидің өнегелі жыр-жолдары:
“Бисмилләһ” деп баяндайын хикмет айтып,
Талибтерге дүр мен жаухар шаштім, міне,
Риязатты қатты тартып, қанды жұтып,
Мен «Дәптер сани» сөзін аштым, міне. [3] - деген жолдармен бастаса, одан кейін Шәді төре Жәңгірұлы ақын да:
Жат еттім аузыма алып бисмилләні,
“Әррахманир-рахим-дүр” Ахад аты, – деп, “Харунның жер жұтқан оқиғасы” деген діни дастанын Алланың атымен жазған. Шәді ақынның өзі Исламның барлық шарттарын қамтитын шығармалары “Назым Сияр Шәриф”, “Назым Хайбар”, “Фиқһ Қайдан”, “Ахуал қиямет”, “Қисса Барсиса”, “Мұсаның “Тәуратты” алғаны” сияқты еңбектері қазақтың ислами әдебиетіндегі алар орны ерекше. [4]
Осылайша Ислам діні тараған кең байтақ мұсылман жұртында Алланың аты шайыр шығармасының “кіріспесіне” айналған. Себебі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың “Кез келген қайырлы істі бисмилләмен бастаңдар” деген өсиеті кейінгі үмметіне қатты әсер еткен десе де болады.
Қазақ әдебиеті тарихының X-XІ ғасырлардағы кезеңі «Ислам дәуіріндегі әдебиет» деп аталады. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын құрайтын ақындардың мұралары түрік халықтарына ортақ болғанымен, біздің төл әдебиетіміздің кейінгі дамуына жалғасқан исламдық дүниетанымның негіздері сол кезеңде қалыптасты. [5]
Орта ғасырда негізі қаланған ислами әдебиетті жүйелеуде ғалымдар төртке бөліп қарастырған: дәстүрлі ислами әдебиет, ислами астар алған әдебиет, сопылық әдебиет және сопылық астар алған әдебиет.
Түрік халықтары рухани мәдениетінің қалыптасу, даму тарихының көрнекті тұлғалары Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік”, Ахмет Ясауидің “Диуани хикмет”, Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман кітабы”, Ахмет Йүгнекидің “Ақиқат сыйы”, Бурхануддин Рабғұзидың “Қиссасул әнбия” (немесе кейде “Қиссасур Рабғұзи”), Сейф Сарайдың “Гулистан бит-түрки” сияқты Қарахандықтар билігі мен Алтын Орда тұсында дүниеге келген жәдігерлердің шығармалары - соның жарқын дәлелі. Бұл шығармалары қазақ поэзиясының исламдық-эстетикалық негіздері болып саналады. Ислам тарихына байланысты жырланған жыр-дастандар ұлттық әдебиетіміздің нағыз халық табиғатын танытатын маңызды шығармалар болып табылады.
Сан ғасырлар бойы халық көкірегінде жатталып, біздің дәуірімізге дейін жеткен Асан, Қазтуған, Досмамбет, Шал ақын, Шалкиіз (ХV-ХVІІІ ғ.ғ. ) жыраудан бастап, Шәді төре Жәңгірұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Кердері Әбубәкірге (ХІХ ғ.) дейін зар-заманда ұлттың ұрангерлері болып, ел ұйытқысына айналған ақын-жыраулар болған. Мысалы, Шал ақынның:
«Ат аспанда, нұр періште» деген сөз бар,
Құдайым жақсы десе, ұжмақ етер.
Қанағат, амандықтың қадірін біл,
Жастық өтіп, кәрілік бір күн жетер.
Нәпсің бір көкжал бөрідей,
Иманың бағлан қозыдай,
Егер тыю салмасаң, Иманынды жеп кетер.[6] – деген. Бұл атақты тұлғалар қазақ қоғамның рухани тәрбиесі, әдептілік, құқықтық, діни қағидаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру істеріне араласты. Түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет шеңберінен шығып, қоғамдық, әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, біртұтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой-ағымына айналды.
Хақ дінді шығармаларында жырлау арқылы бұл сенімнің қазақ даласына тарауына айтарлықтай дәрежеде өз септігін тигізді. Сол дәуірлерде өмір сүрген ақындардың шығармаларында Құран аяттары мен пайғамбар хадистері жиі қолданылған. Осы тұрғыдан алғанда Ислам түркілік әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты деуге болады. Осындай әдеби шығармаларды айтпағанның өзінде, дәстүрлі діннің негізгі қағидаларын ашып көрсететін Құран мен хадис құпияларынан сыр шертетін әрі танымдық тұрғыда жазылған еңбектер де жеткілікті.
Сонымен, Ислам діні негізінде пайда болған сопылық VІІІ ғасырда өмірге келе отырып, қазірге дейін қазақ поэзиясына өзіндік әсерін тигізіп келеді. Сыр бойындағы ақын-жырауларының сопылық поэзиясына әсері болған. Сондықтан олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрініс беріп отырған. Мәселен, оны Әбубәкір Кердерінің төмендегі өлең жолдарынан байқай аламыз:
Сопылық деген - ауыр жол,
Пендеге зарар етпеген.
Ұстап жүрсең тәуір жол.
Сопылықты іздесең,
Дүние қуып кетпеген...
Оқыған көп ғалым бол.
Аллаға ғашық дос болған,
Атқан оққа төзгендей,
Шайтанменен қас болған,
Қара тастан қалың бол. [7] - деген екен. Осыған ұқсас өлең тармақтары бірнеше ақын-жырау шығармаларында кездеседі. Әрине, жырауларының барлығы бірдей сопылық жолда болған, пірге қол беріп, зікір салған деп айта алмаймыз. Бірақ та олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрінісі байқалады. «Сыр сүлейлері» деп аталатын сыр бойы ақын-жырауларының бірі болған Қарасақал Ерімбеттің:
Әуелі сұра, тілім медет Хақтан,
Талайлар медет тілеп жәрдем тапқан.
Сен кімге Хақтан өзге сиынасың,
Халық еткен бұл әлемді бар мен жоқтан – деп жырлаған. Ерімбет - Ислам дінін жақсы түсініп талдайтын, халыққа Құранды насихаттай білетін, ахун дәрежесіндегі болған сопы. Сондай-ақ «Атымтай Жомарт», «Садуақас Сахи», «Ақтам сахаба» қисса-дастандарын жазып, сақилықты насихаттаған екен
.





















Пайдаланылған әдебиеттер:


1 1. Ғашықтық дастандар (Бозжігіт, Сәйфүлмәлік, Таһир-Зуһра, Жүсіп-Зылиха, Ләйлә-Мәжнүн) Құрастырушы Ү.Субханбердиева. Қазақстан Республикасының ұлттық Ғылым Академиясы. М.О.әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Алматы. «Ғылым» 1994ж.

2. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Мәлік Ғабдуллин. Қазақтың мемлекеттің оқу-педагогика баспасы. Алматы. 1958ж.

3. Қазақ әдебиетінің тарихы. І-том. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Алматы. 1948ж.

4. Құран Кәрім, қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. Сауд Арабия. Мәдине. 1991ж

5. Соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны. Али Хіммет Берки. Осман Кескіоғлұ. Анкара. 1997ж.

6. Сияри Нәби. (Хазірет Пайғамбар ғалайһіссәләмның өмірбаяны). Ғұсман Кескі ұғлы. Анкара. 1995ж.

7. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. Қазақ-Кувейт университеті. Шымкент, 2001ж.

8. Қазақ Совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері. Нысанбек Төреқұлов. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы. Алматы, 1979 жыл. 9. М.О.Әуезов, Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. Алматы, «Ғылым», 1967ж.

10. «Ғашық – наме», Шығыс халықтарының желісіне құрылған қазақ дастандары. «Жазушы» баспасы, Алматы-1976.
















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!