400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ даласының билері

Материал туралы қысқаша түсінік
цеунгрпысчм
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ даласының билері» атты конференцияның өткізілу барысы:

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа халқымыздың өткені туралы мағлұмат беру арқылы елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.Қазақ билері туралы түсінік, ұғым қалыптастыру.

Жүрісі: Ел ішіндегі жер дауы мен жесір дауын, халықтың мұқтажына орай өзге де дау-дамайларды қазақ билері оңды шешіп отырды. «Сөз атасы Майқы би» демекші, қазақ тарихындағы алғашқы билердің бірі Майқы заманынан басталған билер жалғастығы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің төрелігіне дейін ұласып, олар туралы ел аузында талай әңгіме қалды.

Қазақ қоғамында ертеден-ақ билер соты деп аталатын ел басқарудың тамаша демократиялық жүйесі қалыптасқанын баршамыз білемізМысалы, 1710-11 жылдары қазақ-ойрат шабуылы кезінде қанды қырғын ұрыстан кейін бейбітшілік жолмен бітімге келу үшін екі жақ бір-біріне мәмілегер-елшілік жібермек болады. Осы жолы қазақтан Қазыбек би елшілікке барады. Өз кезегінде сөз алған Қазыбек: «Біз, қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз... Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!», - дегенде, жоңғар қонтайшысы сөзге тоқтап, бітімге келген екен. Билердің дипломатиялық қызметі, міне, осы. «Жауластырмақ – жаушыдан, елдестірмек – елшіден», «Елшісіне қарап елін таны» деген аталы сөз осындайда айтылса керек. .. Билердің сол кездегі негізгі рөлі – заңгерлік және бітімгерлік. Себебі ел арасындағы даулар билер талқысына салынғанда, бір би айыптаушы, екіншісі ақтаушы, үшіншісі төреші болып, бірігіп шешкен. Сондықтан, бүгінгі заманның прокуроры мен адвокаты да, судьясы да би болған.

Бүгінгі конференцияға қатысушы қонақтармен таныс болыныздар

  1. Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Қ.Ахметов

Жүргізуші:  Конференцияның ашылуы. Мектеп директоры

Жүргізуші: . Би – дау-жанжалды шешетін, кесімді төрелік айтатын, әділ үкім шығаратын адам. Қазақ қоғамында билерді сайлау, тағайындау немесе бекіту деген түсінік болмаған. Би қызметін жалғастыру атадан балаға мұра болып та қалмаған. Биді халық таңдаған. Халық бидің табиғат берген шешендік, сөзуарлық, ақыл-парасат, қызыл тілде ешкімге дес бермес қасиеттеріне қарап, «Дала заңының» негізгі қағидалары мен нормаларын білуі, өзіне дейінгі атақты билердің үлгілі сөзінен нәр алуына аса назар аударған. Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруде баяндамашыларымыз өз баяндамалары арқылы кең түрде мағлұматтар бергелі отыр.

Баяндама . «Билер кеңесінің құндылықтарын жаңғыртудағы сот құқықтық реформалардың мақсаты»

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Қ.Ахметов

Баяндама .«Қазақ билер соты» 

Баяндама «-----------------------------------------------------------------------------» 

------------------------------------------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------


Жүргізуші: Конференцияның соңы концерттік бағдарламаға ұласады. Тамашалауға шақырамыз. Тарихи қойылым: 

Ән:

Жүргізуші: «

Жүргізуші:  Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақ даласының билері» атты конференция өзінің нақтылаған жоспары бойынша тағылымдық шараларын өткізіп, сіздерге таныстырып өтті. Халқымыздың тарихын зерделеу арқылы өздеріңізге шамшырақ болар мағлұмат алды деп есептеймін.Еңсесі биік еліміз дүниежүзі елдерімен терезесі тең тәуелсіз ел болып, жылдан жылға дами берсін. Сау- саламатта болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі