Материалдар / Қазақ халқының биі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ халқының биі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
558
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

)





«Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі









Қазақ халқының биі





















Музыка пәнінің мұғалімі: Л. Маханова





Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының биі

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық нақышын айқындайтын би өрнектерін үйрету. Би өнерінің сырларын ұғынуға, сұлулыққа, әдепті болуға үйрету.


Әдіс-тәсілдері: «Ұшақ ұшыру», «5 қадам»

«Кіріспе» бөлімі

«Жүректен-жүрекке» оқушылар бір-біріне өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сыныпты қазақтың ұлттық оюлары арқылы топқа бөлдім. Сыныпты «Жауқазын», « Жұлдыз» топтары деп екі топқа бөлінді.

Топ мүшелеріне топ ережесін құрдырып, бағалау парақшасын таратып бердім. Топ мүшелерінің есімдерін жазып, дұрыс жауап берген оқушылар тұсына смайликтер жабыстырылды.


«Ұшақ ұшыру» әдісі (үй тапсырмасын еске түсіру)


Негізгі бөлім:

Интербелсенді тақтадан «Би өнері» бейнеролик көрсетілді. Бейнебаян бойынша сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Қазақтың ұлттық би өнерін қалыптастырып, жоғарға деңгейге жеткізген ең алғашқы биші Шара Жиенқұлова. Қазіргі кезде Қазақстанда «салтанат», «Гүлдер», «Наз» сияқты әйгілі халық би ансамбльдері бар. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған. Ертедегі билер киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет-*әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген, «Қаражорға», «Қамажай», «Киіз басу», «Ортеке», «Аққу» билері. 19 ғасырда Рақымберді биші шөктірілген түйенің үстінде секіріп жүріп билеген.

Қазақтың ұлттық би өнері 30-жылдары бір сатыға көтерілді. 1912 жылы Алматы қаласында бір қазақтың дарынды биші қызы Шара дүниеге келді. Шара он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Өз жұмысын Шара Жиенқұлова 1940-1962 жылы Қазақ филармониясында жалғастырды. Шара Жиенқұлова театрда ғана емес, өз таңбасын кинода да қалдырған. 1938 жылы «Амангелді» фильімінде Балым рөлін сомдады. Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде қазақтың мың бұралған бишісі өзін-өзі сомдады.

Қазақ халқының ұлттық киімдері таныстырылды.

Суретпен жұмыс (қай ұлттың киімдері екенін табу.


Постермен жұмыс

Қазақтың ұлттық киімдері таныстырылды. Топтарға «Ерлер» және «Әйелдер» киімдерін бөліп постерге суреттерін жапсырып, қорғады.




Сегіту сәті: «Қаражорға» биіне қимыл жасау.


Музыка тыңдау ережелері


1.Музыканы тыңдағанда қолымызды

тіземіздің үстіне қоямыз.

2.Музыканы түсіну үшін оны басынан

аяғына дейін зейін қойып тыңдаймыз.

3. Музыканы тыңдап отырғанда басқаға

көңіл аудармау керек.

4. Әннің немесе күйдің атына, мазмұнына назар аудар.

Күй тыңдау: (Интербелсенді тақтадан күйдің бейнебаяны көрсетілді)

Н. Тілендиев «Ата толғауы» (шығу тарихымен таныстыру)


Қорытынды бөлім:

«5 қадам» кезеңінде топтар бір-біріне сұрақтар қойды. Жылдам жауап берген оқушыға смайликтер беріліп отырды.

1. Қай халықтардың билерін білесің?

2. Тұрмыстық би дегеніміз не?

3. Қандай әйгілі би ансамбльдерін білесің?

4. Ш. Жиенқұлова кім?


Үйге тапсырма:

Қазақтың эстрада жұлдыздары жайлы мәлімен жинау.

Бағалау.

20170105_092931.jpg 20170105_092949.jpg

Кері байланыс






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!