Материалдар / «Қазақ халқының қолөнері» 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ халқының қолөнері» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсінік хат Бұл бағдарлама оқушыларды еңбекке,түрлі өнер бұйымдарын жасауға,ой-өрісін,шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып,бар затты ұқсата білуге,сол заттың қадір-қасиетін білуге,күнделікті өмірде қолдана білуге көмектеседі. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі-сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
674
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісемін Бекітемін

Білім,дене шынықтыру Мектеп директоры

және спорт бөлімінің басшысы К.Р.Нуриева____________

Ш.Н.Мустафинов_________________




« » тамыз 2017 жыл « » тамыз 2017 жыл





«Пантелеймоновка негізгі мектебі» КММ

Тандау курсының тақырыбы:

«Қазақ халқының қолөнері» 4 сынып

2017-2018 оқу жылы









Мұғалім: Г.М. Усенова



Түсінік хат

Бұл бағдарлама оқушыларды еңбекке,түрлі өнер бұйымдарын жасауға,ой-өрісін,шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып,бар затты ұқсата білуге,сол заттың қадір-қасиетін білуге,күнделікті өмірде қолдана білуге көмектеседі. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі-сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы кезінде балалардан алдын болжай білуді, жинақталуды, уақытты ұтымды пайдалануды, іскерлік қатынасты талап етеді. Балалар көп уақытын компьютерде өткізеді де табиғатпен аз қарым-қатынаста болады. Сол себепті де елгезек, ықыласты болудан қалып барады, сондықтан да мектепте жеке шығармашылық қабілеті тәжірибелік қана емес, рухани дамуы қажет.
Үйірмедегі сабақ еңбек және эстетикалық тәрбиеге тәрбиелей отырып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларына қажетті қолданбалы өнердің ең бастылары – қағазбен, табиғи және қалдық материалдармен және матамен жұмыстар бұл кең тараған сәндік-қолданбалы өнер болып табылады.
Қажетті құралдардың қарапайымдылығы, қажетті құралдардың қолжетімділігі, жұмыс істеуге жағдайдың барлығы оқушылардың сәндік—қолданбалы өнермен айналысуға көп мүмкіндік береді. Үйірменің теориялық бөлімі өткізілетін тақырыптың қысқаша түсінігі және қалай жұмыс істеу керектігін түсінідіріп берсе, ал практикалық сабақ бірнеше тапсырмалардан тұрады. Бастапқы кезеңде материалды өңдеу жұмысын меңгереді.
Балаларда бастаған істі соңына дейін аяқтай білуді үйретуге, қарапайым еңбек тәртібін сақтауға, қажетті материалдарды үнемді және ұқыпты пайдалануға, құрал-жабдықтарды пайдалану және оларды сақтауға тәрбиелеу қажет. Үйірме жұмысында ең негізгі көңіл аударатын басты мәселе ол еңбек қауіпсіздігі және санитарлық гигиенаны сақтау.








Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Бағдарламаның міндеті:

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу.  Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

 Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

 Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу,  үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан  бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен  қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның  адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.



Күнтізбелік жоспар

Өтілетін  тақырыбы

Барлық сағаты

Осының ішінде

Өткізілетін күні

Теориялық жағы

Тәжірибелік жағы

 1

2

3

4

5


1.

Техникалық еңбек  кіріспе ұйымдастыру жұмыстары. Технологиялық мәліметтер. Үйірменің мақсаты, маңызы, қолданылуы, әдіс-тәсіл жұмыс түрлері. Қажеттілік материал әзірлеу, жұмыс орны ережелерімен таныстыру.

1




2

Көркем еңбек. Қолданбалы еңбек.

1




3

Шеберлер, туынды жұмыстарымен, еңбектерімен таныстыру, ұлттық безендіру, бедерлер көркемдік өнер бейнелерді киіндіру картон қағаз, түрлі материалдардан.

1




4

Тігіс, жапсыру, есу әдіс-тәсілдері ұлттық қуыршақ үлгісімен жасау.

1




5

Тұрмыстық еңбек

1




6

Қолданбалы сәндік, көркем өнер, бұйым, әйнектен жапсырма және ыдыстарды мүсіндеу немесе қалыптау.

1




7

Ыдыстарды әр түрлі материалдан құрастырма жапсыру.

2




8

Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау.

1




9

Жануарлар, құстар, адам, жәндіктер түрлерін жасау, сызба тігу.

1




10

Жапсырмалау жұмысы..

2




11

Апликациялық қиылыстыру арқылы «Ертегілер елінде». Ма

1




12

Мата, былғары, фальга, өсімдік түрлерімен композициялау, көрініс жасау.

1




13

Былғарымен жұмыс.

2




14

Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, пішу, бояу.

1




15

Жұмыс жүргізу құрал-жабдықтармен таныстыру.

1




16

Әдіс-тәсілдерін меңгеру

1




17

Ою-өрнек жұмысы. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру.

2




18

Шығу тарихы.Қазіргі қолданыста ою-өрнек ерекшелігі, ою-өрнек сән үлгілерін жасау; (қалауынша) жұмыс )киіз үй, тұмарша).

1




19

Сәндік қолданбалы өнер

1




20

Көркем қолөнер элементтерінің қолданыста пайдалану технологиясы.

1




21

Тұмарша, қобдиша, қоржын бұйымдар жасау.

1




22

Адамгершілік тәрбиесіне саяхат. «Салауаттылық,жарқын болашақ», «Жаман әдет кесірі көп», ( Жол қауіпсіздік шарасымен танысайық»,

1




23

«Әдепті сөйлеу мәдениеті», «Отбасындағы тәрбие», «Мамандыққа саяхат».

1




24

Су моншақпен жұмыс.Моншақ туралы түсінік.

1




25

Қолданылуы су моншақпен бұйымдар бедерлеу,кестелеу.

1




26

Тоқыма өнері.

1




27

Тоқу өнері туралы түсінік беру, керекті құралдармен танысу.

1




28

Тоқылу әдіс-тәсілдерін технологиясын меңгеру, үйрену, жұмыс жүргізу

1





















Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:

  • ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды; 

  • қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;

  • қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;

  • жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;

  • құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;

  • түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;

  •  сурет сала білуі;

  • бұйымды эскизін орындай білуі;

  • ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;

  • шаблон үлгілерін дайындауды білуі;

  • технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;

  • үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.

Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;

  2. Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;

  3. Жіпті тістеп кесуге болмайды;

  4. Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;

  5.  Сынған инені жерге тастауға болмайды.

 

Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;

  2. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.

Желіммен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;

  2. Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;

  3. Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.



Күтілетін нәтеже.

 

 Бұл бағдарлама бүгінгі талаптарға сай қажетті көрнекіліктер мен жабдықталып іске қосылған кабинетте жүзеге асырылады.

Сонымен қатар дидактиқалық материалдар,суреттер, кітапшалар, слайдтар, бейне таспа қолданылады.

Қолөнер үйірмесі сабағынның негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады.

Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық  тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді

Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.

Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді.

Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан қолөнер үйірмесіне қатысушы оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.

Қолөнерге қызықтыру үшін кез-келген бұйым туындыларының жасалу құпия тарихын ашып көрсетейік, «Жас келсе іске» дегендей -

«Еңбек- ширатады,

Өмір - үйретеді».

«Білім - асыл қазыналы сандық,

Оны ашатын кілті - еңбек».

 











Пайдаланылған әдебиеттер

Ай сайын шығатын  «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.

Бас редактор Әбиева Фарида Бейбітқызы 2006, 2007, 2008, 2009.

Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси, әдеби- көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы. 2004, 2005, 2008, 2009 ж

Бас редактор: Баққожа Мұқағали.

Маргулан А.Х. Казахское народное  Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.

Шоқпарұлы .Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология











































Әдістемелік бірлестікте қаралды

Хаттама № 1 « » тамыз 2017 жыл

_________________Будукова Ф.Т.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!