Материалдар / Қазақ халқының салт-дәстүрлері 10-сынып Жаратылыстану -математикалық бағыт

Қазақ халқының салт-дәстүрлері 10-сынып Жаратылыстану -математикалық бағыт

Материал туралы қысқаша түсінік
"Арман -ПВ" бойынша жасалған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
87
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары _______________Ж.М.Иманалиева


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

2-сабақ


Бөлім: «Көне күндерден жеткен жәдігерлер»

Мектеп: №201 МГ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бактыбаева Д.А

СЫНЫП: 10 «Б»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының салт -дәстүрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру.

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе

Бағалау критерийлері:

Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздерді анықтайды, мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. мәліметтерді талдай алады. Мәтіннен бұрыс жазылған 

сөздерді тауып, емле ережесі бойынша түзетіп, жазады.

Ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыра алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінде айтылған негізгі ойды анықтайды, «Блум түймедағы» тәсілі арқылы сұрақтар әзірлеп, оған жауап береді. Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: көтерілген мәселе бойынша «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы өз ойларыңды айтады

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал туғызады

Оқушыларға тақырыпты болжау суреттері көрсетіліп, сұрақтар қойылады

Қызығушылықты ояту

Балалар, қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? Суреттерді сөйлетіп көрейікші.

Қазақ киносындағы салт -дәстүрлердің насихатталуы туралы не білесің?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері анықталады.


Тыңдалым мәтінімен жұмыс жүргізіледі.

Мәтін 2 рет тыңдалады.


Сұрақтар үлгісі ұсынылады

  1. «Қыз Жібек» фильмі арқылы бүгінгі жастарға салт -дәстүрді насихатай аламыз ба?

  2. «Гаухартас» фильмі жас келіндердің болмысын бүгінгі қыздарымызға көрсете ала ма?

. Сабақтың тақырыбын анықтайды,өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады.

1-тапсырма.

«Бестармақ» тәсілі арқылы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері.» тақырыбы бойынша ойларын жазады.









2-тапсырма

Е.Шәкірұлының «Қазақ киносындағы салт-дәстүр» мақаласын мұқият тыңдап,тірек сөздерді анықтайды «Блум түймедағы» тәсілі арқылы қарапайым, анықтауыш, тәжірибелік, интерпретациялық, шығармашылық , бағалаушы сұрақтар дайындайды.





3-тапсырма.

Тыңдаған мәтін бойынша «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы өз ойларыңды айтады.

«Ақ қалпақ» - қажетті ақпаратты анықтайды.

«Сары қалпақ» - тақырыптың тиімділігін, маңыздылығын айтады.

«Қара қалпақ» -тақырып бойынша кемшіліктерді айтады.

«Қызыл қалпақ» - тақырып бойынша болжам жасайды.

«Жасыл қалпақ»- тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.

«Көк қалпақ» - сараптама жасайды.


Қалыптастырушы бағалау



Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап береді;

-Дәлелдер келтіреді;







Дескриптор:


-мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;

- өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады;



Слайд















Оқулық


159-бет.

Жеке жұмыс






«Жаудан дадаудан да қорықпаған қазақ едім, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген елден қорқам, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам, дәмді, дәстүрді сыйламайтын ұрпақтан қорқам»

Б.Момышұлының нақыл сөзіне ой тұжырым жасап,эссе жазуға нұсқау береді.


4-тапсырма.

Берілген клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, Б.Момышұлының пікірі туралы пайымдау эссесін жазады.

Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының мақтанышы, ержүрек батыр, өз ұлтының мәдениетін терең түсінген тұлға. Оның нақыл сөзі қазақ қоғамындағы рухани құндылықтардың маңыздылығын алға тартады.


Негізгі бөлім:


Ұлттық дәстүрлер мен олардың маңызы:

Бауыржан атамыздың "бесікке бөлемеген елден қорқам" деген сөзіне назар аударып, бесіктің қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызын сипаттау. Бесік тек физикалық зат емес, ол арқылы ұрпаққа тəрбие, құндылықтар беріледі. Бүгінде бұл дәстүрді ұстанудың маңызы неде және оның жойылуы қандай салдарларға әкелуі мүмкін?


Талдау: Бесіктің қазіргі қоғамдағы орны. Бесіктің болмауы ұлттық мәдениеттің әлсіреуі ме әлде жаңа заманға бейімделу ме?


Әжелер мен ертегі дәстүрі:

"Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам" деген сөзге ой жүгіртіп, қазақ отбасы институтындағы әженің рөлін талдау. Әженің ұрпақ тәрбиесіндегі орны, ертегі айту арқылы балаға ұлттық тәрбиені беру дәстүрінің маңызы.


Талдау: Әжелердің ұрпаққа мәдени және рухани білім беру рөлінің маңызы қандай? Қазіргі заманда бұл дәстүр неге жойылуда және оны қалпына келтіру үшін не істеуге болады?


Дәмді және дәстүрді сыйлау:

Момышұлының "дәмді, дәстүрді сыйламайтын ұрпақтан қорқам" деген сөзін талқылау. Ұлттық ас мәзірі мен дастарқан дәстүрі – қазақ мәдениетінің маңызды бөлігі. Дәм мен дәстүр ұрпаққа қалай беріледі және олардың жойылуы мәдениетті жоғалтуға әкелуі мүмкін бе?


Талдау: Дәм мен дәстүрге құрмет көрсетпеу қандай салдарға әкелуі мүмкін? Ұлттық тағамдар мен дастарқан басындағы дәстүрлердің қазіргі заманмен байланысы қалай көрінеді?


Қорытынды:


Бауыржан Момышұлының алаңдаушылығының бүгінгі қоғамда қаншалықты өзекті екенін қорытындылау.

Ұлттық құндылықтарды сақтап қалу мен оларды болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталу.

Қазіргі жастарды дәстүрге баулу үшін қандай шаралар қолдану қажет?

Мысалы:

Бауыржан атамыздың нақыл сөзі бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпайды. Ұлттық дәстүрлерді сақтау – ұлт болашағын сақтаудың кепілі. Сондықтан қазақтың салт-дәстүрлері мен құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әрбіріміздің міндетіміз.


Дескриптор:

-Эссе құрылымын сақтайды;

-Лесксикалық құрылымдарды сақтайды;

-Клише сөздерді қолданады.

























Кері байланыс. «Қоржын»


Қоржынның оң қалтасы: «Жетістіктер»

  • Оқушылардың немесе топтың тапсырма барысында жасаған оң жақтарын анықтау.

  • Олардың жұмысындағы күшті жақтары мен артықшылықтарын атау.

  • Бұл қалтаға оқушылардың жұмысындағы ерекше сәттер, шығармашылық идеялар, нақты дәлелдер немесе сауатты тұжырымдар жазылады.

Мысалы:

  • Эсседе Б.Момышұлының нақыл сөзі терең түсіндірілген.

  • Ұлттық құндылықтар мен қазіргі қоғам арасындағы байланысты жақсы талқылаған.

  • Құрылымы айқын және логикалық ой-тізбек сақталған.

Қоржынның сол қалтасы: «Жетілдіру қажет тұстар»

  • Оқушының жұмысындағы жақсартуды қажет ететін тұстарын көрсету.

  • Тапсырмада кеткен қателіктер, дәлелсіз пікірлер немесе жетпей қалған идеялар осы қалтаға жатады.

  • Оқушының келесі тапсырмада немесе жұмыста нені жақсартуы керектігін талқылау.

Мысалы:

  • Тарихи деректерді көбірек қолдану керек.

  • Кейбір пікірлер қосымша нақты дәлелдермен негізделмеген.

  • Қорытындысында тақырыпты тереңірек ашу қажет.


Үй тапсырмасы:16- бет. 5-тапсырма












Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!