Материалдар / Қазақ хандығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Хандықтың құрылуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2021
787
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т үркістан облысы. Жетісай ауданы.

Жетісай қаласы

20 Т.Рыскулов жалпы орта мектебі коммуналдык мемлекетттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі

Нұсқабаева Шынар Артыккызы.

Қазақ хандығының құрылуы

Жоспары

  1. Кіріспе

  2. Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен факторлар

  3. Қазақ хандығының құрылу

  4. Қорытынды

  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

XIV-XV ғасырларда Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспимен Аралға, Караталдан Сырдарияға ,Тянь Шаньнан Қаратауға дейінгі ұлан байтақ территорияны мекендеген. Сол кездегі қоныстанған тайпалар негізінен үйсін, қаңлы қоңырат қыпшақ, найман, крей, маңғыт тағы басқа тайпалар еді. Сол кездегі экономикалық әлеуметтік жаға ятқа тоқталар болсақ, Ақ Орда хандағында, оның орнын басқан Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан хандықтарының этникалық құрамын жаңа мен атап кеткен тайпалар одағы құраған.

XV ғасырда қалыптасқан саяси тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті. Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысатын аймақтар да айқын көріне бастады. Шаруашылықтың түрлі саласынды өзара байланыстар нығая түсті, қолайлы жағдайлар қалыптасты. Тілі, материялдық және рухани мәдениеті жағынан ұқсас тайпалардың өзара қарым қатынасы орнады. Қазақ халқы өз жеріне көз алартып, зорлық зомбылық жасаушыларға қарсы ұзақ, әрі табанды күрес жүргізді. Дегенмен, қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді. Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған, үздіксіз жүргізілген соғыстар, рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыс мұндағы халықтардың бірігіп, нығаюын тежеп отырады. Дәл осы кезде іс жүзінде бір текті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды. Бұл міндеттерді орындау үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды. Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін (хандығын) құрудың алғышарттары еді. Керей мен Жәнібек сұлтандардың бұл процеске тигізген әсері орасан. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру негізгі міндетіне айналды. Ол үшін Шыңғыс хан ұрпақтарымен күресуі ру ақсақалдары мен, қатардағы малшылар, егіншілер , әр түрлі әлеуметтік топтардың да мүддесіне тура келді. Бұл жағдай тайпалардың өз мемлекетін құруға деген құштарлығын арттыра түсті.

Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен факторлар

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарының бірі сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі ірі мем лекет арасындағы, Әбілқайыр хандығы 1428-1468 жылдары (көшпелі өзбек мемлекеті) мен Моғолстан хандығының ішкі және сыртқы жағдайындағы саяси оқиғалар болды. XV ғасырда Әбілқайыр хандығы (көшпелі өзбек мемлекеті) мен Моғолстан хандығының күш қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті. XV ғасырдың 40-50 жылдарының өзінде ақ КЕрей мен Жәнібек сұлтандардың айналасына қазақ тайпалары мен этникалық топтары шоғырлана бастаған еді. Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен алғы шарттардың бірі XV ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз жүргізілген соғыстар мен шайқастармен ішкі саяси бытыраңқылық пен феодалдық қырқысуларды күшеюі болатын. Тоқтаусыз жүргізілген соғыстар мен шайқастармен ішкі саяси бытыраңқылық пен феодалдық қырқысулардың салдарынан қазақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылына көшіп қонуға кері әсерін тигізді. Көшпелі тайпалар жайлауы мен қыстауына уақытылы көшіп қона алмады. Бұл жағдай ауыл шщаруашылығына орасан зор зардабын тигізді. XV ғасырдың басында жайылымдық жерлер іздеген ойрат тайпалары Әбілқайыр хандығына шабуыл жасайды. Бұл соғыста Әбілқайыр хандығы жеңіліс тауып, көп шығыенға ұшырады. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін төмендетті. Осыдан кейін Әбілқайыр қан Қазақстанның оңтүстігіндегі, өз билігін мойындамағандарды жазалай бастады. Елде қатаң тәртіп орнады. Ойрат ойранынан кейінгі алауыздық пен ашу ыза сұлтандар мен Бұқара халықтың гнаразылығын бұрынғыдан да өршіте түсті. Қазақ хандығын құру үшін, бұл таптырмас мүмкіндік болатын.

Қазақ хандығының құрылуы

Әбілқайыр ханның озбырлығына қарсы наразылық күреске шыққан қазақ тайпаларының басын қосып, олардың көсеміне айналды. Қарсылық көрсеткен қалаң қазақ тайпаларын бастап, Жетісуға Моғолстан жеріне қоныс аудырды. Қазақтардың қоныс ауларуы әдеттегіше көшу болған жоқ. Мұның өзі Қазақ тайпаларының Әбілқайырдың адам төзгісіз езгісіне, қайта қайта өсіп отырған алым салықтарына сол сияқты озбырлығына жасаған қарсылығы еді. Осы оқиға арқылы Керей мен Жәнібек сұлтандар бытыраңқы қазақ тайпаларынң бірігуіне алғашқы нық қадамды жасады. Моғолстан ханы Есен-бұға КЕрей, Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алады. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тікті. 1465-1466 жылдары Қазақ хандығы құрылды.

Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болған Керей, Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды. Бірақ сол кездегі орныққан тәртіпке сай, Хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілетін.Сондықтан хан тағына Керей отырып билік тізгінін қолына алды. Ақылшысы, тірегі Жәнібек сұлтан болды7

Жәнібек хан-Барақ ханның бел баласы, ал Керей хан болса- Барақ ханның ағасыБолат сұлтанның баласы.Яғни екеуі немере туыс еді.

Қорытынды

Қорыта келе Керей мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Хандық құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынтасын жүзеге асырды. Бар жоғы екі жүз мыңдай ғана адаммен көшіп келіп Моғолстан ханы Есен бұға ханнан қолдау тауып, негізі қаланған «Қазақ хандығыны» өркенден, күш қуаты, территориясы, әлеуметтік жағыныан нығайып үлкен хандыққа айналу сол кезден ақ көрініс тапқан еді. Көшпелі қазақ тайпаларының отырықшы егіншілігі дамыған аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған Сыр бойындағы қалалар мен сауда, экономикалық қарым катынас орната бастады.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығындағы ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартысты тоқтатты. Адам өліміне, өріс бұзылуына әкеліп соқтыратын тайпааралық қақтығыстарға тиым салынды. Ел ішінде тыныштық орнап, берек бірлік кең өріс алды. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайыламдарын ретке келуіне ықпал етті. Сөйтіп Қазақ хандығының іргесі бекіп, күш қуаты мен беделі артты

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1.  АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ:(елтанымдық және тілтанымдық жинақ).

  2. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2001

  3. Даутбаев М. Қазақ шежіресі. — Шымкент: ЖК «Байтасов Б.С.» баспасы, 2012. — 96 б.

  4. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. — Бірінші кітап. — Алматы: Өнер, — 304 б.

  5. Сағынғалиева Б. Тəуке хан тұсындағы Қазақ хандығы // Қазақ тарихы. — 2010. — № 5 (104). — 58–60-б.

  6. Назарбаев Н. Жетісу далаларында көшіп-қонып жүрген... // Қазақ тарихы. — 2006. — № 2. — 5–6-б.

  7. Əбжанов Х. Қазақ мемлекеттігі тарихын дəуірлеу ұстанымдары // Ел. — № 46 (71). — 2006. — 16 қараша. — 3-б.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!